400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалімнің аты-жөні: Күні:

СЫНЫП: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көрсетілім №1 «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе»


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.2.3.4 эксперимент жүзінде әрекеттесетін заттардың арақатынасын анықтау

8.2.3.5 реакцияға қатысқан әрбір заттың формуласын жазу арқылы химиялық реакцияның схемасын құрау

8.2.3.6 зат массасының сақталу заңына сүйеніп, реакция теңдеулерін теңестіру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Зат массасының сақталу заңы туралы, реагенттер мен өнімдер туралы білімдерін жетілдіреді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Сыныптағы өзара әрекеттестік нәтижесінде пәнге деген қызығушылық, ізденімпаздық , тиянақтылық дағдысы қалыптасады.

Бағалаукритерийі

Бағалаукритерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Ж4. Мәліметтерді жинақтау

Зат массасының сақталу заңын түсінетін болады, химиялық реакция теңдеулерін құру

№ 1


Тәжірибе бойынша тапсырма құрастырады;

1



Тапсырманы орындау

1






Тілдік құзіреттілік

Тірек, білім мен біліктер: Құрам тұрақтылық заңы, зат массасы, қоспалар, химиялық қосылыстар, химиялық реакция заттың салыстырмалы молекулалық массасын, зат массасын есептеу, химиялық қосылыстардың формуласын құрастыра білу.


Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Физика мен математика

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы.

Алдыңғы оқу

Теңдеулер құру

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)



Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.








«Аялы алақан»

Тренинг.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Мағынаны ажырату «Дайындал. Назар сал. Оқыңдар» (постер жасау) Тақырып бойынша мәтін үлестіріп, өзара оқыту әдісі қолданылады.

(20- минут)

І-топ: Зат массасының сақталу заңы.

ІІ-топ: М. В. Ломоносовтың химияға қосқан үлесі.

ІІІ-топ:Зат массасының сақталу заңын атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіру.






Оқулық,

мәтіндер.



Ортасы

10 минут







Қолдану

Зат массасының сақталу заңын дұрыс түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатымен оқушыларды жаңа ұғымды қабылдауға дайындау. Ол үшін оқушыларға көп сұрақтар қойылады.

  1. Қоспа мен химиялық қосылыстың айырмашылығы неде?

  2. Заттың химиялық формуласының маңызы мен қажеттігі неде?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың өзара пікір алысуына көмектесе отырып, жаңа материалды қабылдауға қажетті ұғымдарды естеріне түсіру.

а) Алыну әдісіне қарамастан химиялық қосылыстардың құрамы тұрақты;

ә) Химиялық реакция кезінде атомдар сақталады.

б) Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдер бастапқы алынған зат құрамындағы атомдардан құралады деген қорытындыға келу.

Осы қорытындыларға сүйене отырып, химияның негізгі заңдарының бірі – зат массасының сақталу заңын түсіндіремін. Сабақ мақсатымен таныстырамын.

1.Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?

Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық қағидасына сай 7 г темір, 4 г күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г-ға тең болады. (КК) Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.

Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Неге?

Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық реакцияның жүріп жатқанын айтамын.Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама- қайшылықты М.В.Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.

Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық .

Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.

Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі.

Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.

Мысалы: 12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді.Қанша грамм темір реакцияға қатысты?

Берілгені: m(FeS) = 33г Шешуі: 33г – 12г = 21г Жауабы: m(Fe) = 21г

m(S) = 12г

Т/к: m(Fe) = ?

)Ойтолғаныс-деңгейлік тапсырма (А,В,С деңгейлі баламен жұмыс. 10-минут.

А. 1.Мына химиялық элементтердің таңбаларын жаз? (алюминий,кальций,фосфор,кремний,хлор)

2.Валенттілік бойынша химиялық формулалар құрастыр.

NaO, CO, PH, HS, ALO

3 .Элементтердің валенттіліктерін ескеріп теңдеуді аяқта.

Na+CI2→ AI+S→ Zn+HCI→

В. 1.Валенттілік бойынша химиялық формулалар құрастыру.KO SO ,NH, FeO, MnO

2 .Элементтердің валенттіліктерін ескеріп теңдеуді аяқта

K+CI2→ Fe+S→ AI+HCI→

С. Мына реакция теңдеуін ереже бойынша аяқта:

Сu+ О2 =

Сu+ Cl2 =

  1. Реагенттердің формуласын жаз:

  2. Өнімнің формуласы:

  3. Химиялық теңдеуді теңестіру:


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

  1. Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек?

  2. Массасы 56г магний сульфидін алу үшін 32г күкірт жұмсалды. Ал магнийдің қанша грамы жұмсалады?

Сабақ соңында оқушыларға қойылатын бекіту сұрақтары:

  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

  2. Зат массасының сақталу заңының анықтамасын айт.

  3. Реакция нәтижесінде зат массасының сақталатынынқалай дәлелдеуге болады?


"Таңда да таста" әдісі

Бағалау


5 минут

Кері байланыс

3 минут

«Жетістік» баспалдағы.


Рефлексия

Бүгінгі сабақ қандай пәнмен байланысты болды?

Қандай қосымша жаңа сөздермен таныстыңыз?

Сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Сабаққа бір ұсыныс.

Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі