400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Тақырыбы

Әрекеттесуші заттардың массаларының қатынасы.Құрам тұрақтылық заңы

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

8.2.3.4 эксперимент жүзінде әрекеттесетін заттардың арақатынасын анықтау

8.2.3.5 реакцияға қатысқан әрбір заттың формуласын жазу арқылы химиялық реакцияның схемасын құрау

8.2.3.6 зат массасының сақталу заңына сүйеніп, реакция теңдеулерін теңестіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару әдісін түсіндіріп, есептің негізгі типін шешуге әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, алгоритмдерді қолдануды үйрету..

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Химиялық теңдеулер бойынша есеп шығару дағдыларын дамытып, тереңдете түсу, ой-әрекетін ұйымдастыру.

.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Химиялық формула.Валенттілік.Зат құрамының тұрақтылық заңын мысалдар арқылы түсінеді

Кім зерттеп ашқанын баяндау мағынасы мен мәні жайлы оқушыларға терең білім беру

Тілдік құзіреттілік


Оқушылар: … (істей) алады.   Есепті шығару үшін реакцияға түсетін заттардың қайсысы толық әрекеттесетінін және қайсысы артық берілгенін анықтай алады,   осыдан ары қарай есептеулер толық жұмсалған зат бойынша жүргізеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:   реакция теңдеуі, m, ν. V, пропорция

Сыныптағы диалог (жазылым) үшін пайдалы тілдік бірліктер   сабақ мазмұны бойынша алгоритм құрайды, есепті шығарады, талқылайды

Талқылауға арналған тармақтар: 

 есептің мазмұны, берілгені, берілген және теориялық мәндер,  артық алынған затты анықтайды, толық реакцияға түскен зат бойынша    есептейді

Сіз неліктен  ......   екенін айта аласыз ба?   Сандық есепті шығару үшін химиялық реакция теңдеуін қатесіз жазу керектігі ескеріледі

Жазылым бойынша ұсыныстар:  Алгоритм бойынша  есепті жазып шығара алады

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Элемент, қоспа және қосылыс.

№1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру»

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Ұйымдастыру:  1.  Жақсы ахуал қалыптастырылады.

 Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

2. Топқа біріктіріледі  (алдынғы сабақта біріктірілді)

 3. Сабақтың тақырыбын табады

4. сабақ мақсатын бірлесіп анықтайды.


Жіпте жайылған фотосреттерді алып, түріне сай топтарға бөлінеді.




(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут


Химиялық қосылыстың формуласын құру.


Реті

Орындалу реті

Формула құру

1

Элементтердің таңбаларын жазу.

P O

2

Элементтердің валенттігін көрсету

5 2

3

Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу

5*2=10

4

Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу

10/5=2 10/2=5

5

Элементтердің индекстерін жазу

P2 O5

6

Қосылыстың формуласын жазу

P2O5


Атомдар бір-бірімен белгілі қатынаста қосылады. Әр атомның валенттігі оның екінші атомының қаншасын қосып алатындығын көрсетеді. Егер А және В атомдары І валентті болса, олардың биэлементтік қосылыстарындағы арақатынасы 1:1. Оған АВ типті мынандай заттар мысал бола алады HCl, KBr, NaCl. Ал А элементі І валентті болса, онда олардың өзара қосылыстарынан АВ2 типті молекула түзіледі, мысалы: H2O, H2S, MgCl2. Сондай-ақ ІІІ валентті А элементі мен І валентті В элементтерінің түзетін қосылысы АВ3 типтес болып шығады, мысалы: Al2O3, B2O3, Al2S3. Осылайша биэлементті қосылыстардағы атомдардың әрқайсысының валенттігін біле отырып түзілетін қосылыстардың формулаларын өрнекетей беруге болар еді. Заттың формуласындағы атомдардың өзара қатынастарын ескере отырып,олардың массалық мөлшерін де есептеп шығаруға болады. Мысалы, 7 г темір мен 4г күкірттің өзара дәлме-дәл әрекеттесіп, темір сульфидін FeS түзілуін қарастырайық. 4г күкірт пен 7 г темірді әрекеттестіруіміздің себебін анықтайық, яғни олар түгелдей әрекеттесуі үшін m(Fe): m(S) = 7:4 қатынасын неге алдық?

Заттың формуласы FeS темірдің бір атомына күкірттің бір атомы сай келетінін көрсетеді. Осыған орай темір мен күкірттің атомдық массаларын ескере отырып, былайша жаза аламыз:

m(Fe) : m(S) = 56 м.а.б. : 32 м.а.б. = 56г : 32г = 7г : 4г

немесе Аr(Fe) : Аr(S) = 56 : 32 = 7 : 4.

Демек, 7г темірдегі атомдар саны мен 4г күкірттегі атомдар саны өзара тең, сондықтан олардың массалық қатынастары 7:4 болған кезде ғана қалдықсыз түгелдей әрекеттеседі. Ал темірдің массалық мөлшері 7г-нан асып кетсе, оның атомдар саны күкірттің атомдар санынан артып кетеді де, біразы әрекеттеспей артылып қалады. Ондай жағдайда химиялық реакцияның соңында FeS-пен бірге Fe қоса жүреді. Мұндай қоспадағы бос темірді магнитпен тартып бөліп шығарып, таза темір сульфидін (FeS) қалдыруңа болады.Бастапқы заттардың салыстырмалы мөлшері қандай болғанына қарамастан қосылатын атомдар саны өзгермейді. Ендеше химиялық реакцияның нәтижесінде алынған жаңа заттың құрамы да әрдайым бірдей болып келеді. ХІХ ғасырдың басында фанцуз ғалымы Ж. Пруст ашқан құрам тұрақтылық заңының тұжырымдамасы да осыны көрсетеді.Дәперлерімізге мына анықтаманы жазып алайық: «Әрбір күрделі заттың алынуы тәсіліне қарамастан құрамы тұрақты болады» Алыну тәсілдеріне қарамастан әрбір химиялық молекулалық қосылыстың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

Су молекуласын мынадай тәсілдермен алуға болады:

2H2 + O2 = 2H2O

NaOH + HCl = NaCl + H2O

Cu(OH)2 = CuO + H2O

CH4 + 2O2 = CO2 + 2H2O

Бірақ қандай жолмен алса да, су молекуласы сапалық құрамы жағынан сутек пен оттектен, сандық құрамы жағынан екі атом сутектен және бір атом оттектен тұрады. Қандай жолмен алынса да су молекуласының құрамында 11,2% сутек, 88,8% оттек болады. Құрам тұрақтылық заңның жаңашыл тұжырымы:Кездесетін жері мен алыну тәсіліне қарамастан әрбір молекулалы құрылысты таза заттың сандық және сапалық құрамы тұрақты болады.

Құрам тұрақтылық заңы берілген қосылыстың немесе жеке молекуланың макроскопиялық сандық құрамын анықтау үшін қолданылады. Бұл заңды қосылыстың молекулалық формуласын, сандық құрамын анықтау үшін де пайдаланамыз. Технологиялық процесте Құрам тұрақтылық заңын қолдану арқылы бастапқы реагенттерді ысырапсыз қолданады және өнімді ластанудан қорғайды.

1- тапсырма

Бейметалдар 

1-топ     S

2-топ    P

3-топ    N 

әр элементке генетикалық байланыс құрыңдар

2-тапсырма GLX құралы және интдикатор ласмус көмегімен   күрделі заттардың ортасын анықтайды. 

3-тапсырма  есепті қарастырвп толық түсіндіреді

 Есеп. Массасы  20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда қанша мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі?

Шешуі: 
1. Екі затты қосқанда жүретін химиялық реакцияның теңдеуін және есептеуге қажетті заттардың мөлшерлерін жазамыз: 
1)    CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2↓
2)        ν, моль                              1             2                                 1
           М, г/моль                         160         40                                98
           m, г                                   160         80                                98

          ν=  ; ν(CuSO4) =  = 0,125 моль                  ν(NaOH) =0.2 моль 

3) Eсептің шартында беріліп тұрған екі заттың мөлшерлерін салыстырамыз: 
ν(CuSO4) < ν(NaOH)
4) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалады. Олай болса, реакция мыс сульфаты бойынша жүреді. Реакция өнімінің зат мөлшері де соған тең болады.
5) Зат мөлшері бойынша түзілген тұнба  мыс (II) гидроксидінің массасын табамыз: 
m(Cu(OH)2) = ν(Cu(OH)2) * М(Cu(OH)2) = 0,1 моль * 98 г/моль = 9,8 г.
Жауабы: 9,8 г.
  4-тапсырма  Есеп шығару алгоритмін құрады.  

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің алгоритмін ойлап, ұсыныңыздар.

·         А).Неліктен реакцияға қатысатын бірнеше заттың салмағы берілген кезде есептеу толық жұмсалған зат бойынша жүргізіледі?

Алгоритм    салыстырылады
1.    Есептің шартын қысқаша өрнектеу.
2.    Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.
3.    Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып. Теңдіктің астына жазу.
4.    Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.
5.    Қай заттың артық берілгенін табу.
6.    Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.
7.    Есептің жауабын жазу.



-есеп. Массасы 20 г мыс сульфаты бар ерітіндісін массасы 8 г натрий гидроксидінің ерітіндісімен араластырғанда қанша мыс гидроксидінің тұнбасы түзіледі?

Шешуі:

1. Екі затты қосқанда жүретін химиялық реакцияның теңдеуін және есептеуге қажетті заттардың мөлшерлерін жазамыз:

1) CuSO4 + 2NaOH = Na2SO4 + Cu(OH)2↓

2) ν, моль 1 2 1

М, г/моль 160 40 98

m, г 160 80 98


ν = ; ν (CuSO4) = = 0,125 моль ν (NaOH) = моль

3) Eсептің шартында беріліп тұрған екі заттың мөлшерлерін салыстырамыз:

ν (CuSO4) < ν (NaOH)

4) Реакция барысында зат мөлшері аз зат толық жұмсалады. Олай болса, реакция мыс сульфаты бойынша жүреді. Реакция өнімінің зат мөлшері де соған тең болады.

5) Зат мөлшері бойынша түзілген тұнба мыс (II) гидроксидінің массасын табамыз:

m(Cu(OH)2) = ν(Cu(OH)2) * М(Cu(OH)2) = 0,1 моль * 98 г/моль = 9,8 г.

Жауабы: 9,8 г.

2-есеп. Темір (II) сульфидін алу үшін 28 г темір мен 22,4 г күкірт қосылды. Алынған заттардың қайсысы толық әрекеттеседі? Қай зат артық қалады және артық заттың массасы қандай? Темір (II) сульфидінің неше грамы түзілетінін табыңдар.

Шешуі:

  1. Реакцияның теңдеуін жазамыз:

Fe + S = FeS

Теңдеу бойынша 1 моль темір мен 1 моль күкіртпен әрекеттесіп, 1 моль темір (II) сульфидін түзеді, яғни

ν (Fe) + ν (S) = ν (FeS)

  1. Бастапқы заттардың моль сандарын табамыз:

ν (Fe) = ;

ν (S) = ;

ν (Fe) < ν (S), яғни күкірт артық алынған.

  1. Күкірттің артық мөлшерін:

νарт. (S) = 0,7 – 0,5 = 0,2 моль

және реакцияға түспеген күкірттің массасын анықтаймыз.

m арт. (S) = νарт. (S) * М (S) = 0,2 моль * 32 г/моль = 6,4 г.

  1. Реакция нәтижесінде түзілген өнімнің мөлшері реакцияға жеткіліксіз алынған бастапқы зат мөлшерімен анықталады, яғни

ν (FeS) = ν (Fe) = 0,5 моль.

Темір (II) сульфидінің массасын есептейміз:

m (FeS) = ν (FeS) * M (FeS) = 0,5 моль * 88г/моль 44 г.

Жауабы: m арт. (S) = 6,4 г; m (FeS) = 44 г.

3-есеп. 2 л азот пен 4 л сутек әрекеттескенде (қ.ж.) түзілетін аммиактың көлемін табыңдар.

Шешуі:

  1. N2 + 3H2 = 2NH3

ν 1 3 2

  1. ν = ; ν (N2) = ; ν(H2) = ;

  2. 3 моль H2 әрекеттескенде 2 моль NH3 түзілсе, есептің шарты бойынша:

0,178 моль H2 ——— х моль NH3 түзіледі.

ν (NH3) = 2*

V = ν * VM өрнегін пайдаланып, түзілген аммиактың көлемін табамыз:

V(NH3) = 0,119 моль * 22,4 л/моль = 2,66 л.

4-есеп. Құрамында 7,4 г кальций гидроксиді бар ерітінді арқылы 1,8 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы жіберілді. Түзілген тұнбаның массасын табыңдар.

Шешуі:

  1. Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3↓ + H2O (1)

ν (CO2) > ν [Ca(OH)2] артық болса, онда ол тұнбадағы кальций карбонатымен әрекеттесіп еритін тұз – кальций гидрокарбонатын түзеді:

CaCO3 + CO2 + H2O = Са(НСО3)2 (2)

  1. Бастапқы заттардың мөлшерлерін есептейміз:

ν[Ca(OH)2] =


ν(CO2) =

ν [Ca(OH)2] > ν(CO2), реакция (1) теңдеу бойынша жүреді. түзілген CaCO3 мөлшері реакцияға жеткіліксіз алынған заттың мөлшерімен анықталады:

ν [Ca(OH)2] = ν(CO2) = 0,08 моль.

  1. Түзілген тұнбаның массасы:

m (CaCO3) = 0,08 моль * 100г/моль = 8 г.

Жауабы: m (CaCO3) = 8 г.

5-есеп. Құрамында 2,67 г алюминий хлориді бар ерітіндіге құрамында 2,8 г натрий гидроксиді бар сілті ерітіндісі қосылды. Түзілген алюминий гидроксидінің зат мөлшерін есептеңдер.

Шешуі:

  1. AICI3 + 3NaOH = AI(OH)3 + 3 NaCI (1)

  2. Реакгенттердің зат мөлшерлерін анықтаймыз:

ν (AICI3) =

ν (NaOH) =

  1. Түзілген AI(OH)3 зат мөлшері:

ν [AI(OH)3] = ν (AICI3) = 0,02 моль.

  1. Алюминий гидроксидін түзуге жұмсалған NaOH-тың мөлшерін табамыз. 1-теідеу бойынша:

1 моль AICI3-пен 3 моль NaOH әрекеттессе

0,02 моль AICI3 ——— х моль NaOH әрекеттеседі.

х = 0,02 * 3 = 0,06 моль NaOH.

  1. Яғни NaOH артық мөлшерде берілген. Оның 1-реакциядан артылатын мөлшерін табамыз:

νарт.(NaOH) = 0,07 моль – 0,06 моль = 0,01 моль.

  1. AI(OH)3 екідайлы болғандықтан, NaOH артық мөлшерінде AI(OH)3 ериді. Теңдеуді ықшамдап аламыз:

AI(OH)3 + NaOH = NaAIO2 + 2H2O (2)

2-теңдеу б/ша реакцияға түсіп, еритін AI(OH)3 зат мөлшері:

ν2 [AI(OH)3] = νарт.(NaOH) = 0,01 моль.

  1. 1-реакция теңдеуі б/ша түзілген 0,02 моль AI(OH)3-тің 0,01 молі 2-реакция б/ша еріп кетеді. Ал қалған AI(OH)3 мөлшері:

ν3 [AI(OH)3] = ν1 [AI(OH)3] = ν2 [AI(OH)3] = 0,02 моль – 0,01 моль = 0,01 моль.

Жауабы: ν3 [AI(OH)3] = 0,01 моль.




«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут

1-топ .Құрамында 16 г мыс(ІІ) сульфаты бар ерітіндіге 12 г темір үгіндісі қосылды. Осы кезде неше грамм мыс бөлінгенін және қай зат артық қалғанын табыңдар.

2-топ . Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі

3-топ.104 гр барий хлоридімен 24,5 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілген тұнбаның салмағы қанша, қай зат қанша артық қалды?

қосымша тапсырма.21,2  грамм натрий карбонатына 4,9 грамм күкірт қышқылы бар ерітіндіні құйғанда түзілген газдың салмағын, көлемін және зат мөлшерін анықтаңыз. Реакцияға толық түспеген заттың артық салмағы қанша? «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.



«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Бағдаршам» әдісі

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі