400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі 1.2.сандармен амалдар орындау -

Мектеп: «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

Күні:15.11.18

Мұғалімнің аты-жөні:

Абраимова Нургул Сеитжапаровна

Тақырып: Сәндік-қолданбалы көркемөнер

Санның квадраты мен кубы

Сынып: 3«А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 * санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар үшін:

санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсінеді;

Бірқатар оқушылар үшін:

санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептейді.

Кейбір оқушылар үшін:

Санның квадраты мен кубының құрамын табу үшін, санды өрнектің мәнін бірнеше амал арқылы табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология: санның кубы – куб- тhe cube of number; санның квадраты- квадрат- the quadrate of number

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  • Бірдей екі, үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның квадраты мен кубын ұсына аласыз ба?

  • Бірдей екі, үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның квадраты мен кубын қалай есептеңіздер?

  • Қалай ойлайсың санның квадраты мен кубын жазу үшін не үшін жоғарғы индексті ойлап тапты?

Жазу:

Санның квадратын, кубын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бірдей көбейткіштердің туындылары, санның квадраты, көбейту компоненттері

Пәнаралық байланыс:

Көркем еңбек, дүниетану.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3 минут




Ынталандыру. Топқа бөліну. «Күн түсті» ойыны арқылы топқа бөлініп отырады.

-Күн түсті, күн түсті есімі А мен Қ дыбысынан басталатындарға түсті./Ақерке, Аружан, Алдияр, Алинур,Құралай/

-Күн түсті, күн түсті есімі Ә мен Е дыбысынанбасталатындарға түсті. /Әли, Әмір, Әмина,Елдос,Нұрсұлтан/

- Күн түсті, күн түсті қос Шалқар мен Нұртілеу,Тоғыжанға түсті.

- Балалар, орнымыздан тұрамыз. Ең әдемі, әсем сөзді білесіңдер ме? Ол қандай сөз?

–Сәлеметсіздер ме? –деген сөз.

-Балалар, бүгін сендерге дайындап әкелген сабағым сендерге ұнаса мен өз ісімнің шебері боламын. Менімен бірге жұмыс жасайтын өздерің математиктер боласыңдар. Жай математик емес мықты, атақты математик боласыңдар. Келісесіңдер ме? Ендеше іштеріңнен «Мен мықты математикпін», «Мен ақылдымын», «Мен тапқырмын» «Біз сізге көмектесеміз» деп айтамыз. Ал мен сендерге көмектесемін.




2-слайд















3-7

Белсендіру. А) «Жүгірме диктант» әдісі

62= ...... 23= ...... 52=....... 93= ......... 103=.......... 33 = ...........

13= ......... 42= ........... 72= ......... 83 .........

В)

(Т.) "Сәйкестендір" әдісі бойынша заттардың қандай материалдан жасалғанын анықтайды.

23=8-киіз, 33=27- тері, 43=64-ағаш, 53=125-сазбалшық;

Бағалау критерйі:

  • Санның кубы мен квадратын анықтай аламын;

Анықтама үшін:

Сәндік-қолданбалы көркемөнер (латынша deco — сәндеймін) — бейнелеу өнерінің бір түрі, шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларын қамтиды, көркемдік қызметтер мен пайдалы және көркем қызметтерімен көркемөнерлік бұйымдар жасауға бағытталған. Жинақталған термин, өнердің кеңейтілген екі туындысын біріктіреді: сәндік және қолданбалы. Әсем өнерлер жасағаннан басқа, эстетикалық ләззат алуға және таза өнерге арналған көптеген сәндік-қолданбалы шығармашылықтың туындылары күнделікті өмірде тәжірибелік қолданыста болуы мүмкін.

Сәндік-қолданбалы өнердің туындылары бірнеше суреттемеге сәйкес келеді: эстетикалық сапасы бар; көркемөнерлік әсер алу үшін жасалған; тұрмыс пен интерьерді безендіруге қызмет етеді [1]. Бұндай туындылар: көйлектік және сәндік маталар, кілемдер, жиһаз, көркемөнерлік әйнек, фарфор, фаянс, зергерлік және басқа да көркемөнерлік бұйымдар.
Академиялық әдебиетте XIX ғасырдың екінші жартысынан сәндік-қолданбалы өнердің салаларына жіктеу бекітілді материалына қарай (металл, 
керамика, тоқыма, ағаш), жасалу жолына қарай (ою, көркем сурет, кесте, нәл, құйма, шекіме (соғу), интарсия ) және заттарды қолдану қызметтеріне байланысты (жиһаз, ойыншықтар) болып жіктелді. Бұл жіктеу сындарды-технологиялық бастама сәндік-қолданбалы өнер және оның тура өндіріспен байланысты. [Власов В. Г. Бейнелеу өнерінің жаңа энциклопедиялықсөздігі: В 10 т. - СПб.: Азбука-Классика. - Т. 3., 2005. - С. 379-383, 384-391.]


3-слайд

«Қазақстанның сәндік-қолданбалы көркемөнері» http://yandex.kz





































6-10


(Т.)"Эстафета"әдісі бойынша

бір таңбалы сандардың квадраттары мен кубтарын жылдам есептеу және амалдарды орындауды ұсыну.Бұл тапсырманы уақытқа орындауға беруге болады. Оқушыларды 2 топқа бөліп орындату.1 -оқушы орындап болып,2-оқушыға береді,2-оқушы 3-оқушыға т.с.с. тапсырма аяқталғанша орындату. Тапсырманың саны үш топқа бірдей болу керек.

32+28 92-32 72+110

62+42 62-30 32+92


Бағалау критерийі: Санның квадраты мен кубының құрамын табу үшін, санды өрнектің мәнін бірнеше амал арқылы таба алады.

"Шапалақ соғу"арқылы бағалау

Үш топ орындап болған соң жұмыстары тексеріліп,шапалақ соғу арқылы бағаланады. Қай топтың

жұмысы толық орындалса, сол топқа ұзақ шапалақ соғылады.

Тапсырма жазылған қағаз

6-слайд

1 мин

Сергіту сәті


12-34




Бұрынғы өткен материалмен жұмыс./Екінші қайтара топ құру/

(Т.Ж) №2. 1-2 топ:

Есепті талдау:

Барлығы қанша кәдесый?

Қанша бөлігін безендірді? бөлігін қалай табамыз?

Әлі қанша киіз үй безендіреді?

Шарты:

Әзірледі-18к.

Безендірді-?,

Қалды-?

Шешуі:

18-18:3=12(к.)

Жауабы: әлі 12 киіз үйді безендіру қажет


3-топ: «Эйлер-Венн диаграммасы»

Куб пен квадраттың құсастығы мен айырмашылығы.

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар тұрған бойы еңкейіп,шапалақ соғады, бірбе-бірте бойларын көтереді,шапалақты да бірте-бірте үдетіп соғып, ең соңында дүркін-дүркін соғады. (Т


«Конверттегі хат»

Амалдарды орында:

36: 6 + (590-530)

9:3+5* (68-64)

1000- (67+33) : 1

Дәптер, оқулық.


Киіз үй суреті

7-слайд










14-15-слайд













16-слайд



35-36

Үй жұмысын түсіндіру.




37-40



Рефлексия.

«Ақылды үкілер» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

«Мен үшін не қызықты болды?»,

«Мен нені үйрендім?»,

«Не қиын болды?»

.

Сурет «Үкілер»

Қосымша

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


«Эйлер-Венн диаграммасы» диаграммасын құрады.

«Өздерін өздері бағалайды»: Шеңберді бөлшектерге бөліп, сары,қызыл, жасыл түспен құсмұрын қойып отырады.

Мұғалім ауызша мадақтамалар арқылы бағалайды.

Сергіту сәтін жасау, партада дұрыс отыруларын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия
















Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




«Жүгірме диктант»

62=36










































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі