|
«Екі
өтірік, бір шындық»
әдісі
-Ертеде адамдар Жерді
төртбұрыш тәріздес деп ойлаған. (ө)
-Біздің ғаламшарымыз Жер деп
аталады. (ш)
-Ғарыштан қарағанда Жер өте
кішкентай,қызғылт және сопақша тәріздес көрінеді.
(ө)
Ұжымдық
жұмыс
Суретпен
жұмыс
Жер
Жердің ғарыштан түсірілген
фотосуретіне қара.
— Фотосуреттен не көріп
тұрсыңдар?
— Жерді тұтастай көруге бола ма?
(Жоқ.)
— Неліктен? (Ол үлкен, бір фото
арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін
емес.)
— Осыншама үлкен Жерді
жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте
алмаймыз ғой?
Біздің ғаламшарымыз-Жер.Ол өте
үлкен!
Біз оны қалай кішірейте
аламыз?
Модель-бұл табиғи нысанның
кішірейтілген үлгісі.
Ойыншықтар
-Бөлмеде қандай заттардың
моделін көріп тұрсың?
-Оларды атай аласың
ба?
Топпен
жұмыс
Зерттейік.
Ермексаздан заттардың моделін
қалай жасауға болады?
1-топ: Тау мен адамның
бейнесін жасау
2-топ: Қайық пен адамның
бейнесін жасау
3-топ: Ағаш пен адамның
бейнесін жасау
Глобуспен
танысу Глобус-Жердің
моделі.
Жұппен
жұмыс
Глобустан көк түспен боялған
жерлерді тап.
Сол жерлерге көгілдір түсті
жапсырма түймелерді бекіт.
Глобустан қоңыр,сары түспен
боялған жерлерді тап,
Сол жерлерге қоңыр немесе сары
түсті жапсырма түймелерді бекіт.
Адамдар өмір сүре алатын
жерлерді көрсет.Неге олай ойлайсың?
Есте
сақта!
Глобуста көк түспен су,сары
және жасыл түспен құрлық көрсетілген.
«Сен білесің бе?»
айдары
Ең алғаш Фернан Магеллан Жерді
айналып шығып,Жердің шар тәріздес екенін
дәлелдеген.
Дәптермен
жұмыс Зат
моделі.
Оқушылар кез келген екі заттың
суретін салады Глобус
Глобус салынған суретті
қажетті түстермен бояу.
|