жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
сабақ жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: «З» дыбысы және әрпі
Мақсаты:
Білімділік: З дыбысымен таныстыру, З дыбысына қатыстырып сөздер ойлатып талдауға үйрету. Жазу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: З дыбысымен танысу сюжетті сурет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Зымыран,зырылдауық, кеспе әріптер, жұмыс дәптері.
Үштұғырлық компонент: Зымыран-ракета-roket, бұзау-теленок-calf.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Мұғалім іс- әрекеті |
Бала іс- әрекеті |
Ұйымдастыру түрлері |
Мотивациялық- қозғаушы кезең
№1 тапсырма |
Шаттық шеңбері: Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз Партамызға отырып, Жаңа білім алуға, Алға қадам аттаймыз. Сыйқырлы әріптер. Өткен әріп көрсетіледі.Балалар сол әріпті айта отырып,сөй айтады сол әріпке байланысты,айтқан сөздерін буынға бөледі. -Дұрыс айтасындар балалар |
-Көрсетілген әріптерді айтады |
Топ бойынша |
Ұйымдастырушы- ізденуші кезең
№2 тапсырма
№ 3 тапсырма
№4 тапсырма
№5 тапсырма
|
Тақтаға зымыранның,бұзаудыңзырылдауықтың,зебра, қарбыз,суретін көрсету. -Осы сөздердің барлығында қандай дыбыс жиі естіледі? -Дұрыс айтасындар балалар. -Бүгін біз «З» дыбысымен танысамыз. -Балалар осы сөздердін қай жерінде «З» дыбысы кездеседі? -Ал «Бұзау» деген сөзде З дыбысы бар ма? -Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр. -Енді осы З дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар? -З дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келеді ме? -Олай болса З дыбысы қандай дыбыс? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба? -Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгілейді? Кеспе әрпін көрсетіп, текшемен белгілеу.
-Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
-З дыбысына келетін сөздерді буынға бөлгізіп айтқызу. -Зымыран деген сөзді буынға бөлейік, кәне, шынтақтарыңды үстел үстіне тіреп, саусақтарыңды айқастырыңдар да, айқасқан саусақтарыңды иектеріңнің астына қойыңдар да бәріміз бірге буынға бөлейік. Зы-мы-ран -Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді? -Олай болса қыз сөзінде неше буын бар екен? -З дыбысы қай буында тұр? -Бұзау сөзінде дәл осындай буынға бөлейік -Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді? -З дыбысы қай буында тұр? -Олай болса З дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен. -Міне, балалар біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен, яғни дауыссыз З дыбысымен таныстық. Тәрбиеші жазып көрсетеді. Қарындашпен ауада жазып көрсету. Неше элементтен тұратынын санау. Балалар З әрпі қоршаған ортада неге ұқайд? Дәптермен жұмыс 1.З-дан басталатын сөздерге дыбыстық талдау жасатып, ондағы З дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. 2.Жазу жұмысы. Үлгі бойынша З дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
Торкөздегі «З» дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Торкөздегі «Оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды. Сөйлем құрайды. Сергіту сәті: Ұзын қанат инелік Инеліке тимелік Ұшақты біз жасадық, Инеліктен үйреніп Зу-зу-зу,зу-зу-зу. З дыбысынан басталатын балалардың аттарын атату.
Жұмбақ шешкізу: Ләззатта ба, Жанатта жоқ. Азатта бар, Қанатта жоқ. Дидактикалық ойын: «Екінші буыным қайда?» Шарты: Зымыранның суретін көрсетіп, «Зы»- дейді, балалар «мыран» дейді. Бұзаудың суретін көрсетіп «Бұ»- дейді, балалар «зау» дейді. |
-Балалар суреттің атын атайды
-З дыбысы
-Басында кездеседі
-Иә бар,ортасында
-З дыбысын айтуда еріндеріміз бір- біріне тимейді.
-жоқ
-Дауыссыз
- Оларды қызыл текшелермен белгілейді.
-Көк текшемен белгілейді
-Зы-мы-ран
-Үш
-Үш
-Бірінші буында тұр
-Зымыран
-Бір
-Екінші буында тұр
-2 элементтен тұрады.
-3 санына
-Барлығы хормен қайталап оқиды.
-Дәптерге З дыбысын үлгі бойынша жазады.
-Тәрбиешімен бірге қайталайды
-Зарина,Зинура,Зейнеп,Зейне,Зейін.
-З дыбысы
-З дыбысы |
Жеке- жеке
жеке- жеке
жеке- жеке
Жеке- жеке
Жеке- жеке
Жеке- жеке
Жеке- жеке
Топ бойынша
|
Рефлекция кезеңі |
-Біз қандай дыбыспен таныстық? -З дыбысына байланысты қандай сөз білесің? -З дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі? -Балаларды жеке- жеке мадақтау |
-З дыбысы
-Балапан, банан т.б
-Басында, ортасында, аяғында |
Топ бойынша |
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Әріп пен дыбысты ажыратуды біледі.
Меңгеруі: Дыбыстық талдау жасауды меңгере білуі, сұраққа толық жауап бере білуі.
Жасай алуы: Достарының жауабына, ойына, өз көзқарасын еркін білдіре алуы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген