Ұйымдастырылған
оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім
саласы:
Шығармашылық
Бөлімі:
Мүсіндеу
Тақырыбы:
Күшік
Мақсаты:1.
Жануар бейнесін мүсіндеу іскерлігін
қалыптастыру.
2.Қол
қимыл әрекетінің үйлесімділігін, ойлау
қабілетін,шығармашылық
қабілетін,көркемдік ойлауын дамыту.
3.Үй
жануарларына қамқор болуға,жақсы көруге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер,
құрал – жабдықтар: күшіктің
суреті, ойыншық күшік, мульттоптама,ермексаз,
таяқша,сулгі, улгі сурет.
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбер.
Армысың
алтын күн
Армысын
көк аспан Шеңберде тұрып барі
бірге айтады.
Армысын
Жер Ана
Армысын
достарым.
Балалар
сендер итті, күшікті жақсы көресіңдер
ме?
Олай
болса баріміз экранға қарайықшы.
Ит
туралы мульфильмнен үзінді көреді. Осы
мультфиль арқылы «Ит – адамның досы»,
«Ит жеті қазынаның бірі » екенің
түсіндіру.
Тосын
сәт. Жылаған дауыс естіледі.Көңілсіз
күшік кіреді. Өзі әбден жылаған.
Күшіктен
неге жылағаның сұрайықшы?
Күшік
өзінің жалғыз екенің достарының жоқ
екенің айтады.
Балалар
біз күшікке көмектесеміз бе? Балалар
қуана келіседі.
Ол
үшін біз күшікке көп достар ермексаздан
мүсіндеп берейік.
Балалар
келіседі.
Негізгі
бөлім.
Балалар
ол үшін бәріміз орнымызға отырайық.
Ең
бірінші қауіпсіздік пен тазалық ережесін
еске түсірейік.(сұрақ – жауап арқылы)
Енді
балалар мына үлгі суретке қарайық.
Мүсіндеу ретімен таныстыру.
Ең
бірінші үлкен кесекті алып жұмсартып,
денесін үлкен сопақша пішін етіп
келтіреміз.
Кішірек
кесекті алып, алақанға салып сопақша
етіп басын жасаймыз.
Төрт
кесекті алып,есіп төрт аяғын келтіреміз.
Сергіту
сәті.
Аяқтарын
кескіш құрал көмегімен бірдейлейміз
де, дене мүшесңне орналастырамыз.
Көзін
моншақтан жасаймыз.
Аузын
сызып, әдемілейміз.
Тұмсығын
жасау үшін басын таяқшамен денесіне
орналастырамыз.
Құйрығын
жасау үшін кішкене кесекті есіп, артқы
жағына орналастырамыз.
Міне
балалар күшігіміз дайын болды.
Енді
күшікке үйшік жасап берейік.
Дидактикалық
ойын: «Үйшік құрастыру»
Балалар
топқа бөлініп геометриялық пішіндерден
үйшік құрастырады.
Енді
балалар күшігімізді үйшікпен күшікке
берейік.
Күшік:
Рахмет достарым сендерге. Маған дос
пежылы үй жасап бердіңдер. Енді мен
кетейін.
Қорытынды
бөлім.
Балалар
сендерге күшіктің бейнесін жасау
мүсіндеу ұнады ма?
Ит
адамның досы бола алама екен?
Көрме
ұйымдастыру. Балаларды мадақтау.