жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары
Білім беру салалары: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Аппликация
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты: шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету; жұмысты қауіпсіздік техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру; балалардың шығармашылық ойын дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Қажетті құрал – жабдықтар:
Сөздік жұмысы: домалау.
Іс-әрекеткезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылы |
Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Атасынан да қашты, Апасынан да қашты. Кездестіреді түлкіні, Жоқ боп кетті бір күні. - Балалар, Бауырсақ жоғалмапты, мінекей ол (ойыншық Бауырсақты көрсетеді). - Бауырсақпен амандасайық, балалар. Педагог балалармен бірге ойыншық Бауырсақпен амандасады. - Бауырсақ, мұнда қалай келдің? Бауырсақ: - Мен атамнан қаштым, Әжемнен де қаштым. Мен олармен бірге Болудан жалықтым. - Бауырсақ, сен неге атаң мен әжеңнен жалықтың? - Мен ойнағанды қатты жақсы көремін. Атам мен әжем менімен ойнамайды. Мен балабақшаға келдім, мұнда жақсы және көңілді. Балалар бір-бірімен ойнайды. Балабақшада сондай қызық. Сендерге ойнаған ұнай ма, балалар?
- Бауырсақ, сен жолда шаршаған боларсың? Бізге домалап келген жолың ұзақ болған шығар?
- Иә, шаршадым және тоқтайын десем де, тоқтай алмадым. Неге екенін білмеймін.
- Балалар, Бауырсақ неге тоқтай алмады?
Сөздік жұмыс: домалау. - Балалар, Бауырсақпен ойын ойнайық. «Ұқсас пішіндерді тап» ойыны. Үстелде әртүрлі геометриялық пішіндер және суреттер тұрады. - Балалар саған ұқсас пішінді табады. Ал сен, Бауырсақ, тексересің. - Бауырсақ, неге тоқтай алмағаныңды енді түсіндің бе? Домалақ дөңгелейді. Сен жалықпасын деп, біз саған өзіміз жасаған аппликацияларды – бауырсақтарды сыйға тартамыз. Билигвальді компонент: бауырсақ – колобок, дөңгелек – круг. |
Педагогті тыңдайды, жұмбақты шешеді.
Жауабы: бауырсақ.
Бауырсақты көреді, Бауырсақпен амандасады.
Диалогті тыңдайды.
- Иә, ұнайды.
- Бауырсақ домалақ болғандықтан тоқтай алмады.
Қайталайды: домалау.
Балалар домалақ пішінді заттарды, суреттерді табады. Домалатып көреді.
Қайталайды: бауырсақ – колобок, дөңгелек – круг. |
Іздену – ұйымдастырушы |
- Балалар, аппликация жасау үшін бізге не қажет? Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Алдымен қағаз жырту тәсілімен жол жасаймыз, желімдейміз. - Мен шаршыны аламын. Түсі қандай? Мен неге осы түсті таңдадым? - Сары шаршының бұрыштарын әдемілеп қайырып, дөңгелектеп қиямыз. - Екінші жағына желім жағып, суреттегі жолға желімдейміз. - Ал оны не күтіп тұр? - Бұған бірдеңе жетіспей тұрған сияқты. - Жұмысқа кіріспес бұрын, қайшымен жмұыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын еске түсірейік. Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Алға қарай бір адым, Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық. Жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
- Қайшы, қағаз және желім. Үлестірмелі материалды қарастырады. Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. Сары түсті, себебі бауырсақ қамырдан жасалып, қуырылған. Түлкі . Оған көз, мұрын және ән айту үшін ауыз жабыстыру керек немесе салу керек.Балалар естеріне түсіріп, айтады. Қимыл – қозғалыстар жасайды. Жұмысқа кіріседі, аппликацияларды жасайды. |
Рефлексивті коррекциялаушы |
- Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген, бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды! Бауырсақ шыршаның артына тығылып, қашып кетеді. Жол бойында жүгіріп, ән шырқайды: Апамнан да қаштым, Атамнан да қаштым. Түспедім мен ауызға, Ас болмадым тағы да, Бауырсақпын осындай! Аяқталды ертегіміз, Сәтті болды күніміз! Бауырсақ балаларға рақмет айтды. Балалармен қоштасады. |
Қуаныштарын білдіреді. Жұмыстарын Бауырсаққа сыйлайды.
Балалар Бауырсақпен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:бұрыштарын дөңгелектеп, шаршыдан дөңгелек қияды, қарындашпен немесе фломастермен аппликацияларды толықтырады.
Түсінеді: домалақтың бұрышы болмайтындығын, еркін домалайтындығын.
Қолданады:қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жабыстырады, сулықты қолданады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген