жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары
«Бекітемін» Директордын оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________А.М.Джусупова «___»______________ 2019 ж |
|
№ 11 теориялық сабақтың жоспары
Күні 29.11.2019_ Уақыты _08:30_ Курс 2 Оқу тобы: Б-18-9
Пәннің аты:__ Қаржы ________________________________
І. Сабақтың тақырыбы: Қаржыны басқарудын автоматтандырылған жүйесі
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: жаңа сабақ барысында оқушыларға экономика ғылымының пайда болуы, экономиканы не үшін оқып үйренуәіміз керек, экономикадағы басты мәселелер, экономикалық жүйе типтері жөнінде түсінік беру
б) дамытушылық мақсаты: жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудара отырып, оқу материалының мазмұнын ажырата білу қабілетін дамыту;
в) оқу мен тәрбиенің негізінде оқушыларды мәдениеттілікке, әдептілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: тәжірибелік
ІV. Сабақтың типі: Білімді игеру сабағы
V. Сабақтың өткізілу әдістері: Оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру
VІ. Сабақтың көрнекілігі: Конспекті, интерактивті тақта, слайд
VІІ Пәнаралық байланысы: экономика, қаржы, макро экономика, микро экономика.
VІІІ.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.
2. Үйтапсырмасы бойынша оқушылардың білімін тексерут сұрақтары:
3. Үй тапсырмасын қорытындылау, бекіту, бағалау
4. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау,мақсатын қою:
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
6. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша мазмұны, жаңа ұғымдар мен терминдер (теориялық және көрнекілік материалдарды сабақтың жоспарына қосымша тіркеу қажет):
7. Жаңа сабақты пысықтау үшін қойылатын сұрақтар:
Қаржылық жоспарлау кезеңдері мен олардың ерекшеліктері
Қаржылық көрсеткіштер және олардың ерекшеліктері
8. Сабақты қорытындылау: студенттердің білім дәрежесіне сараптама жасау
9. Оқушыларды бағалау
10. Үйге тапсырма: Конспектіні толықтыру. Тест сұрақтарын дайындау
11.Әдебиеттер:
12. Сабақтың аяқталуын хабарлау:
Оқытушының қолы:___________________
Қаржыны басқарудын автоматтандырылған жүйесі
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру — бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлсстіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техникасына исгіздслген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны Оасқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйссін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының өкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтыгын айтады. Ол есепкс алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өндеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтан-дырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлссіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімсн өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:
1) ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қамтамасыз ету;
3) бағдарламалық қамтамасыз ету;
4) техникалық қамтамасыз ету;
5) ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;
6) технологиялық қамтамасыз ету;
7) кадрмен қамтамасыз ету. Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі ҚЕАЖ жүйесінде бастысы болып табылады, бюджеттерді жасау жөне оның атқарылу процесін автоматтандырудың әдістемелік және ұйымдық алғышарттарды жасайды, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және өзара байланыстырады, ҚЕАЖ-дің барлық деңгейлеріндегі жұмыстың әдістемелік бірлігін анықтайды.
ҚЕАЖ-да әр түрлі функциялық қосалқы жүйелер болуы мүмкін: бюджеттің жиынтық есептері, мемлекеттің кірістері, мемлексттік мекемелердің шығыстары және бюджет есебінен жүргізілетін шаралар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
«Бюджеттің жиынтық есептері» қосалқы жүйесінде есептердің кешендері бір текті есеп-қисаптардың топтары бойынша қалыптастырылған. Басқа қосалқы жүйелердің блоктарында есептердің кешендері кірістердің немесе белгілі бір саланы немесе мекемелердің және шаралардың топтарын қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың түрлері бойынша бөліп көрсетілген.
Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматгандырылған жұмыс орындарын (АЖО) ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады. АЖО — кәсіби-бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір көсіп мамандарының жұмысын автоматтаңдыруга арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені. АЖО жабдығының үлгілік құрылымы:
1) микро-ЭЕМ базасында басқарудың құрылгысы;
2) бейнетерминал (дисплей);
3) магнит дискілеріндегі жинақтаушы;
4) деректер жинақталымының клавитатурасы;
5) шағынғабаритті басып шығаратын қондырғы. АЖО-ның техникамен жарақтауының мұндай құрамы тиісті
бағдарламалық құралдарға сойкес бірқатар экономикалық есептерді шешумен қатар диалогтік тәртіптемедс графиктік, кестелік, мәтіндік құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіндік береді. АЖО ақпаратгарды түзетіп, редакциялауға, тұжырымдар мен қорытындыларды қалыптастыруға, мөтінді тіркеуге, аралық жәнс ақтық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа қыз-меткерлермен ара қашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.
Косіпорындарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады.
Ол өнім өндіріп, оны өткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділілікке жету үшін пайдаланылатын шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Қосалқы жүйе ресурстардың жай күйі мен олардың қозғалысының процестерін сипаттайтын басқару блоктарын қамтиды. КБАЖ-дағы қаржы есептері ақпараттардың (өндірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің жөне т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың басқа объектілері бойынша шешілетіндіктен кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің АЖО-ны қамтитын және есептеу орталығының ЭЕМ-мен жалғастырылған АЖО-ның желісін құру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-ның ресурстарын қажет ететін есептер шығарылатын жоғарғы деңгей және ДЭЕМ-мен жарақтанған және жергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей. Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы жүйесінің төменгі деңгейлерінің техникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, кобейтудің, көшірудің, өндеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпарат құраддарын пайдалануды қарастырады.
Дербес ЭЕМ-ның, әсіресе кәсіби КДЕЭМ-нің, электронды поштаның, деректер жинақтамасының, мәтін жәнс графиктік ақпаратты өндеу құралдарының, озге қазіргі ақпараттық техниканың болуымен байланысты басқару қызмстін ұйымдастыруды түбірлі өзгертудің жағдайлары пайда болып отыр. Техникалық құралдар басқару шешімдерінің тікелей процесінде көптсн-көп пайдаланылып келеді.
ҚЕАЖ жағдайында қаржыны басқару аппараты жұмысының мазмұны айтарлықтай өзгеруде. Мамандардың шығармашылық жұмысқа — БАЖ үшін проблемаларды, есептерді жәнс оларды шығару шарттарын әзірлеу мен қоюға, терең экономикалық талдау жасауға және қаржыны оперативті басқарудың барлық буындарында — жергілікті қаржы органдарынан бастап Қаржы министрлігіне дейін БАЖ кеңестерінің көмегімен білікті шешімдер қабылдауға уақыты босайды. Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржы тәртібіндегі алшақтықтарды жоюға бағытталған жедел шараларды дер кезінде қабылдау жөніндегі қаржы аппаратының мүмкіндіктері едәуір артады. Қаржы қызметкерлерінің БАЖ-дан алған ақпараттары оларға көптеген нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қаржы органдарның төменгі жергілікті органдарының, аудандық жөне қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы есеп-қисаптарын автоматтавдыруды енгізу көксйтесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мүндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылган жумыс орындарын (АЖО) снгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөнівдегі мағлұмдамалардың көптегсн және үнемі өгеріп отыратын мәліметтерімсн іспеттес болатын салық агенттері үшін өте көкейтесті мәселс.
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайында ойдағыдай іс-әрекет етстін айта ксту қажет. Тек осы жағдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген