Материалдар / Сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жетекшілеріне,жас мамандарға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2020
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы:

Доссыз өмір тұзсыз аспен тең.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Пайдаланылатын көрнектілер:

Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, газет-журналдардан үзінділер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. «Доссыз өмір- тұзсыз ас» тәрбие сағаты.

1) «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?»

Осы сұрақ төңірегінде оқушылардың ой-пікірін тыңдау.

ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі, достық туралы әңгіме.

Достық- адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп,

тілектес, мұраттас болуы.

Ерте заманның ойшылы және асқан шешен Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан

алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды; ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады» - дейді.

Достық- адамның, өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы, қасиетті, сондықтан бірер сөзбен оның анықтамасын беру мүмкін емес.

Қай кезде, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет. Ф.Франклин айтқандай, досты асықпай таңдау қажет.

Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі.

Дос қандай болу керек?

Адал

жомарт

адамгершілігі мол

қарапайым

мейірімді

Дос кешірімді

төзімді

ақылды

сабырлы

салмақты

кек сақтамау

ашықтық, бүкпесіздік

IV. «Бақытты сәт» ойыны.

«Жарысты жалғастыр» ойыны.

Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.

Мысалы:

1. «Кемшіліксіз ......... адам ......».

2. «Дұшпан ........, дос........».

3. «Жаңылмайтын ........., тұяқ .......».

4. «.......... жақсы, ..........көнесі .......».

5. «..........ақшаң ......, ..........досың ......».

6. «Досы ..........,

........... көппен ............».

7. «Досы ........, өзі де ........».

8. «.......... басқа ...........,

........... аяққа ...........».

9. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».

10. « Досың мың ............,

....................... біреу .............».

Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

6. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».



ү. 1 топ. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.

2 топ: Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?

3 топ. Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

4 топ. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?

5 топ. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?


Ү1. Қорытынды.

Әрқашан достарымызды құрметтеп, үнемң қолұшын беріп жүрейік.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!