8-сынып. Қазақстан
тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 9.
Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушыларды Абылайдың өмірі
және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері,
дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге
көтерген деректерді ашу;
-
Қосымша әдебиеттерді
пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
-
Абылай хан бейнесі арқылы
оқушыларды Отағна деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рузында
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат,
Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қызғыздармен
қарым-қатынасы.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқу құралын тексеріп
түгелдеу
-
«Хабар» /ел
жаңалықтарынан.../
-
Оқушы зейінін сабаққа
аудару
Үй тапсырмасын
сұрау:
«XVIII
ғ. ортасындағы Қазақстан» және «Қазақ-қалмақ қатынастары»
тақырыптары бойынша сұрақтар қою.
1. Картамен жұмыс:
-
Картадан Башқұртстанның
қайда орналасқанын көсетіңдер. Башқұртстанның мемлекеттік құрылымы
жөнінде не білесіңдер?
-
Қалмақ хандығының
географиялық орналасу ерекшеліктері. Қалмақ хандығының пайда болу
тарихы.
-
Қалмақ билеушілерінен
кімдерді білесіңдер?
-
XVIII ғасырдың ортасына
қарай Кіші жүздің жағдайы неліктен шиеленісіп кетті?
-
Қазақстар мен башқұрттар
арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктері жөнінде не
білесіңдер?
-
|
Тарихи тұлға
|
Жылдар
|
Оқиғалар
|
|
Нұралы
|
1771
|
Еділ қалмақтарын Жоңғарияға бастап
барған қалмақ билеушісі
|
|
Батырша
|
10 шілде, 1749
|
Әбілқайыр ханның баласы. Патша
үкіметі оны Кіші жүз ханы етіп ресми түрде бекітті
|
|
Неплюев
|
1765
|
Генирал-поручик, Сібір шебінің
қолбасшысы, Ертістің дала жағынан 10 шақырымдық белдеу орнатуды
межеледі.
|
|
Шпрингер
|
1697
|
Орыс патшасы, Аюкені ресми түрде
Еділ қалмақтарының ханы етіп бекітіп, Ресейдің оңтүстік-шығыс
шекараларын қорғауды тапсырды.
|
|
І Петр
|
1742
1754
|
Орынбор өлкесінің губернаторы,
қазақстарды көршілес башқұрттармен, қалмақтармен жауластыру
саясатын жүргізген
|
|
Убашы
|
1755
|
Башқұрттардың Ресейдің отаршылдық
саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі басшысы.
|
Орта жүзде жер мәселесінің шиеленісуі неліктен болды?
-
Қазақстар Еділ қалмақтарын
талқандауда неліктен шешуші рөл атқарды?
(Сабақта хронологиялық кестені пайдалану оқушыларға оқылған тарихи
оқиғаларды терең меңгеруіне, олардың себеп-салдарлық байланыстары
мен заңдылықтарын меңгеруге тарихты ғылыми түсінуге
көмектеседі.)
-
Карточкалармен жұмыс.
№1 тапсырма. «Тарихи тұлға».
-Төмендегі тарихи оқиғалар мен оған қатысты тарихи тұлғаларды
рет-ретімен қойып шығыңдар.
№2 тапсырма. «Қазақстан XVIII ғ. ортасында» деген тақырып бойынша тарихи
оқиғалардың хронологиялық тізбесін жасау:
1748ж.-
1740-1755 жж.-
1752-1755 жж.-
1765
ж.-
1771
ж.-
№3 тапсырма. «Қазақ –қалмақ қатынастары» тақырыбы бойынша тарихи
оқиғалардың хронологиялық тізбесі:
1628
ж.-
1697
ж.-
1723
ж.-
1726
ж.-
1771
ж.-
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
-
Абылай-аса көрнекті саяси
және мемлекет қайраткері.
-
Абылай ханның ішкі
саясатының ерекшеліктері
-
Абылай тұсындағы Қазақ
хандығының сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
-
Абылайды Қазақстан
тарихындағы орны.
І.
Өмірбаяны. Абылай тұлғасының
қалыптасуы:
«Әбілмансұр-Сабалақ-Абылай».
Қосымша деректердің (әдеби
шығармалар, ғылыми-көпшілік әдебиет, кинофильмдер, деректі хроника,
т.б.) көмегімен оқушыларды пбылай ханның өмірбаянымен
таныстыру.
№1
тапсырма. Абылайдың
өмірбаяны.
-
Абылай қандай қасиеттермен
ерекшеленді?
-
Қалай ойлайсыңдар,
Абылайдың балалық шағы және жастық кезеңдері белгілі оқиғаларға
сәйкес келмегенде тұлға ретінде қалыптасар ма еді?
-
Абылайдың қандай қасиеттері
сендерге ұнайды?
ІІ. Абылай ханның
мемлекеттік қызметі.
№2
тапсырма. Абылайдың ішкі
саясаты.
Тақырыпты оқи отарып, мына
сұрақтарға жауап беріңдер:
-
Абылай өзінің ішкі
саясатында алдына қандай мақсат пен міндет қойды?
-
Абылайдың өзі билеген
кезеңде жүргізген реформаларын көрсетіңдер, оның Қазақ хандығының
саяси және экономикалық өміріндегі маңызын анықтаңдар.
ІІІ.
Абылайдың сыртқы саясатының негізгі бағыттары.
№3 тапсырма. Тақырыпты
оқып, кестені толтырыңдар.
-
|
Қазақ-орыс қатынастары
|
Қазақ-жоңғар қатынастары
|
Қазақ-қырғыз қатынастары
|
|
|
|
|
№4 тапсырма:
Тақырыпты оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
-
Абылай өзінің сыртқы
саясатта жоспарлаған барлық істерін жүзеге асыра алды ма?
-
Бұл шаралар қандай нәтиже
берді?
-
Абылайдың саясатына сендер
қандай баға бересіңдер?
IV.
Абылайдың есімі қазақстан тарихында қандай орын алды? (Бүгінде
Абылай тек әйгілі хан ғана емес, оның есімі тәуелсіздік пен
бірліктің символы)
Сабақты бекіту: Тақырып
соңындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Үйге
тапсырма:Абылай хан жорық жасаған
елдер мен аймақтарды картаға түсіріңдер.
-
Абылайханның өмірі мен
қызметі жөнінжегі қандай шығармаларды білесіңдер? Неліктен халық
оған көзі тірісінде «әруақтай» сыйынды?
«Абылай хан» тақырыбына
сөзжұмбақ құрастырыңдар