Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Инженерлік графика пәнінен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні: 11.02.2021ж

Оқу тобы: Ғ-191

Сабақтың тақырыбы: Сызба сызықтары. Сызба форматтары

Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту. Ойларын еркін айтуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Білімділігі: Сызба сызықтары. Сызба форматтары

Дамытушылығы: Білім алушылардың өзіндік ізденісін, шығармашылық қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру, таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге,тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: «Интервю» әдісі. кесте

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, интернет желісі


Сабақтың өту барысы

Реттік

Сабақ өту кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу.

2

Өткен сабақтар білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

1. Лекцины дәптерге жазыңыз

2. Бекіту тапсырмасын орындаңыз

3. Сұрақтарға жауап беріңіз:

4. Жұмыс дәптеріне тапсырманың бірнеше жазуын орындаңыз.

3

Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру

1. Сызба сызықтары

2. Сызба форматтары

3. Негізгі жазулар

4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

«Интервью» әдісі

5

Үйге тапсырма

1. Лекцины дәптерге жазыңыз

2. Бекіту тапсырмасын орындаңыз

3. Сұрақтарға жауап беріңіз:

4. Жұмыс дәптеріне тапсырманың бірнеше жазуын орындаңыз.

6

Сабақ/оқу қортындысын жасау, бағалау

Білімгердің дайындығына, белсенділігіне қарай бағалау.



Оқытушы: Шылмырзаева Салтанат









Сабақ барысы

  1. Білім алушыларды ұйымдастыру

Амандасу. Оқу құралдарын дайындау. Топты түгендеу


  1. Үй тапсырмасын сұрау

1. Лекцины дәптерге жазыңыз

2. Бекіту тапсырмасын орындаңыз

3. Сұрақтарға жауап беріңіз:

4. Жұмыс дәптеріне тапсырманың бірнеше жазуын орындаңыз.


3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Сызба сызықтары

Сызба деп нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжаттарды айтады. Кескін белгілі бір ережелер бойынша сызу аспаптарының көмегімен әртүрлі сызықтармен салынады. Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады:

- тұтас жуан негізгі сызық, сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. Жуандығы С(латын әріпі) мен белгіленеді де, өлшемі 0,6мм-ден 1,5мм-ге дейінгі аралықты алынады;

- тұтас жіңішке сызық, сызбада шығару мен өлшем сызықтарын, проекция жане координата осьтерін, көмекші тұрғызу сызықтарын, қима мен тіліктерді штрихтауын үшін қолданылатын сызық. Оның жуандығы негізі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- тұтас жіңішке іркісінді сызық, сызбада ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- тұтас ирек сызық, сызбада үзу сызықтары, тілікті көріністен бөлу үшін жане жергілікті көріністер мен жергіліктерді тіліктерді көрсету үшін қолданылады.

Ирек сызық қлдан жүргізіледі , жуандығы негізгі сызықтызықтың жуадығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- үзілме сызық, сызбада тетікбөлшектің көрінбейтін сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта , ал олардың арағашықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады;

- жіңішке нүктелі үзілме сызық, сызбада осьтік жане орталық сызықтарын көрсетеді. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі , ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады;

- жуандатылған нүктелі үзілме сызық, сызбада шынықтырылатын жане қапталатын беттерді, қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан 1,5-2есе жіңішке болады;

- жіңішке қос нүктелі үзілме сызық, сызбада модельдер жаймасының бүгу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе

жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 4...6мм болады;

- үзік сызық, сызбада қиюшы жазықтардың орындарын көрсеттеді, сондықтан қима сызыңы деп атайды., Жуандығы негізгі сызықа тең немесе 1,5 есе жуан болады, бөлігінің ұзындығы 8...20мм-ге тең. Сызбада сызықтардың түрін дұрыс пайдалану және әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындаштармен жүргізу керек. Мысалы, жіңішке сызықты Т (немесе Н) белгілі, ал негізгі жуан сызықтарды М (немесе В) белгілі қарындашпен орындаған дұрыс болады.


Форматтар. Негізгі жазулар


Сызба жұмыстары, сызбалар және басқа да конструкторлық құжаттар белгілі бір өлшемдегі формат деп аталатын сызба қағазы беттерінде орындалады. Формат с размерами сторон Жақтарының өлшемі 1189х841 мм және ретімен сәйкес форматтың кіші жағына параллель етіліп, екі тең бөлікке бөлу арқылы алынған басқа өлшемді форматтар негізгі форматтар болып қабылданған.

МСТ 2.301 – 68 бойынша форматтардың төмендегідей белгіленулері мен өлшемдері орнатылған (сурет 1)


Белгіленуі

А0

А1

А2

А3

А4

А5


Өлшемдері, мм

841 1189

594 841

420 594

297 420

210 297

148х210



Сурет 1. Форматтар өлшемі


Негізгі форматтардың қысқа жақтарын олардың өлшемдеріне еселі болатын шамаға үлкейту арқылы жасалатын қосымша форматтар қолданылады. Қажет болған жағдайда өлшемдері 148 х 210 мм болатын А5 форматы қолданылады.


Орындалған сызбаға шеткі сызық, үш жағынан формат шетінен 5 мм, ал төртінші жағынан (сол жағынан) сызба жинағына тігу үшін 20 мм қашықтықта салынады (сурет 2).


Сурет 2. Сызба шеткі сызығы өлшемдері



Стандарт негізгі жазуларды толтыру нысандарын, өлшемдерін және толтыру ретін және конструкторлық құжаттардағы қосымша графаларды толтыру тәртібін орнатады:
- сызба және схемаларда – нысан 1

- мәтіндік құжаттарда – нысан 2 және 2а.


Нысан 1


Нысан 2


Нысан


Негізгі жазулар конструкторлық құжаттардың оң жақ төменгі бұрышында орналасады.


Сызба сызықтары

МСТ 2.303-68 өнеркәсіптің барлық салаларындағы сызбалардағы сызықтардың сызылуы мен негізгі қызметтерін орнатады (кесте В). Негізгі тұтас сызықтың қалыңдығы S 0,5……1,4 мм аралығында, кескіннің өлшемі мен күрделілігіне байланысты және сызба форматына байланысты қабылданады. Берілген сызбада бірдей масштабта сызылатын кескіндердің барлығында сызық қалыңдығы бірдей болуы тиіс.

Штрих сызықтар, штрих-пунктир сызықтарының ұзындықтары кескін көлеміне байланысты таңдалынады. Штрихтар және олардың аралықтары бірдей ұзындықта болуы керек.

Штрих – пунктир сызықтар штрихпен басталып, штрихпен қиылысып, штрихпен аяқталуы керек. Шеңбер диаметрі және басқа да геометриялық пішіндердің өлшемдері кескінде 12 см-ден кіші болса оларды тұтас жіңішке сызықтармен алмастырады (сурет 3)


Сурет 3 Өстік, центрлік сызықтарды жүргізу мысалы


Оқу сызбаларын орындағанда сызықты дұрыс қолдану сызбаны пайдалану қолайлылығын, репрографияға жарамдылығын (көшірме әзірлеу) арттырады.

Негізгі сызықтарға (көрінетін контур сызықтарына) бастыру кезінде 0,8…..1,0 –ге тең қалыңдық берген жөн, штрих сызықтарға (көрінбейтін контур сызықтарына) – 0,4……0,5; қалғандарына – 0,25…..0,3 мм.

Сурет 4

1. Тұтас қалың негізгі

2. Тұтас жіңішке

3. Тұтас ирек

4. Штрих

5. Штрихпунктир жіңішке

6. Үзілмелі

Әдетте оқу сызбалары жіңішке сызықпен орындалады. Қажетті қалыңдықты бастыру кезінде (әдетте оқытушы сызбаның дұрыстығын тексерген соң) беріледі. 4 және 5 суреттерде сызбаның негізгі сызықтарының атауларының мысалдары келтірілген.


Сурет 5




4. Сабақты пысықтау


5. Жаңа сабақты бекіту.Кері байланыс














6 .Сабақты қорытындылау

Білімгердің дайындығына, белсенділігіне қарай бағалау.


7. Үйге тапсырма

1. Лекцины дәптерге жазыңыз

2. Бекіту тапсырмасын орындаңыз

3. Сұрақтарға жауап беріңіз:

4. Жұмыс дәптеріне тапсырманың бірнеше жазуын орындаңыз



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12