Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі 5 «Т» ережесін еске
түсіру
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Жағымды күйге
келу « Нұрға бөлену»
Ыңғайланып
отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға
болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн
нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап
барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің
түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және әсем гүл сіздің әр
ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияыңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойәыңызға ақырын
тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы
нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нүрға бөленіп, сәуле
шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істерді істейді және баршаға
көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.
Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр
мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің
аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі
сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз.Құлақтарыңыз тек
жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті.
Көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің
басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға ізгі, сәулелі ой
келеді.
Нұр бірте –бірте
шұғылана бастайды.Сіздің денеңізден шығып, жан –жағыңызға сәуле
шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге, достарыңызға,
таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжіп жүрген
адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға
толсын.
Осы нұр бүкіл
әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі
жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір –түпкіріне нұр
бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде...Мен
нұрмын».
Осындай Нұр,
Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз...
Енді осы нұрды
жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің
жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта күні бойы
сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді
ашуға болады. Рахмет.
2.Үй тапсырмасын
тексеру
№
9 сабақтағы жазушы
Қалқаман Әбдіқадіровтың «Қазығұрттың баурайында» үзіндісі үйге оқып
келуге берілген.
1.Күш атасы
Қажымұқанның ел аралап сапар шегуінің сыры
неде?
2.Қажымұхан Отан
қорғау комиссарына не деп хат
жазғызды?
3.Ол өзі жасатқан
самолеттің ұшқышын қалай қарсы
алды?
4.Жауынгер жігітке
берілген тапсырмада не туралы
айтылды?
5.Қажымұхан қандай
тұлғалық қасиеттеріне байланысты соңына өшпес із
қалдырды?
6.Қажымұханның бұл
қасиеттері қандай құндылықтың көрінісі болып
табылады?
|