400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы:«Х.К. Андерсеннің дана ертегілері». Оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

2 сынып

Тарау:

Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні

Сапаргалиева Н.К.

Күні:


Сынып: 2

Қатысушылардың саны:


Қатыспағандардың саны:


Сабақтың тақырыбы

«Х.К. Андерсеннің дана ертегілері»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді және өз өмірінде оларды басшылыққа алуға ұмтылады.

Құндылық:

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

шындықты айту, өзгеге көмек көрсету, жақсылық жасау.

Сабақтың мақсаты

оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы

дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

оқушыларды ертегілерден үлгі өнеге алуға үйрете отырып, шындықты айтуға үйрету.

- Оқушыларды өзіне және өзгелерге көмек көрсетуге баулу.

-оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар



Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

  1. Жағымды көңіл күй

(1-3 минут)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.


Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

  1. Үй тапсырмасын тексеру (алдын ала берілген) (әңгімелесу)

(3-5 минут)

Талдау сұрақтары:

- Балапан неліктен ұсқынсыз үйрек атанды?

- Балапан қиыншылықтарды қалайша жеңді?

- Балапанның аққулар арасында өзін бақытты сезінуінің себебі неде?


Мұғалім сұрақтарына оқушылар жауап береді.

Оқулықтың -беті

  1. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (әңгімелесу)

(3-4 минут)

«Ертегілер жақсылықтың ұясы».

Нақыл сөз

Ертегінің адам өміріндегі маңызы?

Жақсылық жасай білетін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Оқушылар дәйексөзді бірнеше рет қайталап айтады. Дәптерге жазады.

Презентация, слайд, жұмыс дәптері

  1. Оқиға айту (әңгімелесу)

(3-8 минут)


5. Әңгiмелеу

«Жақсылық пен жамандық»

Ертегі.



Сұрақтар:

  1. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  2. Жамандық жасаған адамның қасиетін дұрыс әрекетке жатқызуға бола ма?

  3. Дұрыс әрекет жасау адамның міндеті ме, әлде парызы ма?


Оқушылар оқиғаның тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, дұрыс әрекет құндылығын түсінеді.


Оқулық


5.Шығармашы-лық жұмыс


(12-15 минут)


3 тапсырма. Суреттерге қарап, өздеріңе ұнайтын ертегі кейіпкерінің жақсы қасиеттері туралы әңгімелеп беріңдер.

4 тапсырма. Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың ? Дәптерге жазыңдар.

Оқушылар тапсырманы дәптерге орындайды


6. Үй тапсырмасы

(1-2 минут)

18 беттегі № 5 сабақ «Қазына» ел аузынан үзіндіні оқып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.

Оқулық. 18 бет

7. Топпен ән айту

(2-3 минут)

«Ерден атайдың әні»

Сөзі:Ә.Асылбеков

Әні: Е.Хасанғалиев

Кел балалар тұрмаңдар,

Бізде қызық думан бар.

Атамыздың алуан

Ертегісін тыңдаңдар.

Қайырмасы:

Ерте ерте ерте екен

Ешкі жүні бөрте екен

Ертегі сөз қашанда

Тамашаның көркі екен.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экраннан өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

8. Сабақтың қорытынды сәті

(1 минут)

Мұғалім оқушыларға бір сәт көздерін жұмып, сабақтан қандай жақсы қасиеттерді алғандарын, не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға өз мақсаттарына жету үшін, жақсы адам болып өсу үшін

өзін-өзі тануға ұмтылудың маңызды екенін айтады. Бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.



2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.10.2021
793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі