Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: «8-көркем эстетикалық білім беру және тәрбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп-кешені»
Мерзімі:15.11.2021 жыл
Машықкер: Кеңесханова Дидар Рымбекқызы
Сыныбы: 5"А"
Тақырып: Болу-болып көріну емес
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Риясыз қызмет ету, кешіре білу, адалдық, жауапкершілік
|
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адамның ойы,сөзі,ісі бірлікте болуы керектігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті. «Орманға ойша саяхат» Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштарбиіктейәрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да, оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезіну қандай! Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, айналаға күлімсіреңіз! |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. |
Сабақ барысын талқылау |
|
3. Дәйексөз. Адамды айтқан сөзінен емес, істеген ісінен таниды. Халық мақалы Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіндер? Жауапкершілікті адам ол қандай адам? |
Бір,екі оқушыға айтқызып қормен қайталау және мағынасын ашу. |
|
4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы «Патшаның даналығы» Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың,сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды.Сонда әкесі: Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақылдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.Құмырсқаларды байқап жүріп,олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан — ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанашырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек. Сұрақтар: 1.Дана патшаның баласына берген жауабы қандай? 2.Дана адам болу үшін не істеу керек? 3.Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? |
|
|
Сергіту сәті |
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-топ. Жағдаят шешу; 2-топ. Мақал-мәтелдерді жалғастыру; 3-топ. «Уәдесіне берік адам» қасиеттерін жазу. |
|
|
6.Топпен ән айту Жақсы адамдар Халық Ризабек 1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар Жақсы адамға қосылмас басқа балдар Табаныңның астымда жатар әлі, Пенделіктен өресі аспағандар. Қайырмасы: 2-рет Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар. 2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені әппақ ар бар. Сендер жайлы асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар. 3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас пәтшағарлар. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар. Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар. |
Топпен ән айту |
|
7.Үй тапсырмасы. Уәдесіне берік адамға тән қасиеттерді тізбектеп жазыңдар 8.Соңғы тыныштық сәтi. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. |
Оқулықтан 3- тапсырма 50 бет |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары

шағым қалдыра аласыз