400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары «Елімді жырға қосамын Туған өлке ақындарынын шығармалары» «Кітап – рухани сарқылмас қазына» .docx «Тарихқа тағлым - өткенге тағзым »».docx
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Тарихқа тағлым - өткенге тағзым »»

Күні

08.02.2024ж

Класс жетекші:

Хасан Б.С.

Класс: 6е

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Тарихқа тағлым - өткенге тағзым »»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Талап: Білуге , жаңаны тануға құштар болу. Ұлттық мүдде : Ұлттық Мәдениетті дәріптеу

Ресімдеу

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, суреттер,шарлар

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

А3 қағаздар,суреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары


Сабақ басы (5 мин)

Оқушылармен сәлемдесу -Психологиялық атмосфераны қалыптастыру. «Тосын сый» Дайын қораптың ішіндегі айнаны ешкімге көрсетпей, тек оқушыға көрсетемін. Сонда әр оқушы өзінің күліп тұрған жүзін көріп, көңілі көтеріле түседі. Киіз үйдің ішінен қазақтың ұлттық аспабы домбыра мен асықты пайдаланып, оқушыларды топқа біріктіру

Киіз үйдің ішінен қазақтың ұлттық аспабы домбыра мен асықты пайдаланып, оқушыларды топқа біріктіру.


1-топ: «Домбыра» 2-топ: «Асық» 3-топ: «Тарих» 1-тапсырма. «1минуттағы ой» әдісі «Ел» сөзі ұсынылады. Жаңа материалға қызығушылықты арттыру мақсатында «4 сурет, 1сөз» әдісі қолданылады

  1. Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз-«Тарихқа тағлым - өткенге тағзым »»

Оқушылар осы сөзге сәйкес синоним сөздерді 1 минут ішінде жазады.

Суреттерде тарихта іздері қалған ұлы ғұламалар мен билер бейнеленген және өткенімізде қалған соғыс уақыттары бейнеленген. Демек, жауабы тарих.






Слайд «Тосын сый»












Ортасы (35 мин)

  1. тапсырма «Тарих тереңіне үңілсек» атты сұрақ - жауап бөлімі. Сұрақтар: 1. Алғашқы рет бір жылда 365 күн болатынын есептеп шығарған кімдер? (Ежелгі египет тұрғындары) 2. Қазақстан тарихы қаншаға бөлінеді және оларды ата. (Қазақстан тарихы негізінен төртке бөлінеді: Ежелгі Қазақстан, Орта ғасырлардағы Қазақстан, Жаңа заманғы Қазақтан тарихы және Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы). 3. Осыдан 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген, Африканың Кения жерінде Олдувай шатқалынан табылған алғашқы адам қалай аталады? (Епті адам) 4. Атамекен атауларын анықтап, оның халықтық және ғылыми этимологиясының зерттейтін ғылым? (Топономика) 5. Сақтарға «массагет» деп ат берген кім? (Геродот) 6. Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік - шығысындағы Шаш қаласынан (Ташкент) шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтиды. Орталығы Суяб қаласы. Айтылған мәлімет қай қағанатқа байланысты? (Түргеш қағанаты) 7. Б. з. б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтарда аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Осы «Аң стилі» өнерімен сақтар қайда жасаған жорықтарында танысты? (Алдыңғы Азия мен Иран)

3-тапсырма. Жылдарға қарай отырып, оқиғаны еске түсіру. «Жылдар сыр шертеді». 453 жылы – Аттиланың өлімі Б. з. б 2 ғ - Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауы 1941 - 1945 ж - Ұлы Отан соғысы жылдары 1930 - 1931 ж - Ашаршылық кезеңі

1986 жылы - Желтоқсан оқиғасы 1995 жылы - Ата заң, Конституцияның қабылдануы 1773 - 75 ж Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1771 - 81 ж - Абылайдың ел билеген кезеңі 1998 ж - Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

3-тапсырма. Топтық жұмыс Әр топқа А3 парағы таратылады. Оқушылар берілген тақырыпқа постер құрастырады 1-топ. Қазақ хандығы 2-топ. Ақын, жазушылар 3-топ. Қазіргі Қазақстан

Қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді

Тақтаға жылдар ілінеді, оқушылар топпен бірлесіп жауап береді

Постер құрастыру


А3 парағы

Соңы



ҚБ: «Басбармақ» әдісі Рефлексия



Қорытынды сөз:Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтейік.

Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін.

Ашық тәрбие сағатымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет.

. Осымен «Тарихқа тағлым - өткенге тағзым »» тәрбие сағатымыз аяқталды


Рефлексия

ҚБ: «Басбармақ» әдісі


















Сурет






































































№19 ЖОББМ





























«Жолда жүру ережелерін білесің бе?»


6 «Е» сынып

Сынып жетекші: Жукенова А.Е.



















2023-2024 оқу жылы






Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Жолда жүру ережелерін білесің бе?»

Күні

14.09.2023ж

Класс жетекші:

Жукенова А.Е.

Класс: 6е

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жолда жүру ережелерін білесің бе?»

Сабақтың мақсаты:

Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру. Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Талап: Білуге , ережелерді сақтауға үйрету

Ресімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд, видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

Жол белгілері жіне ережелері

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыу кезеңі(3мин)










Гимн орындалады.



Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,

түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары 

бойынша орындарына 

отырады.


Презентация











Сабақ басы (2 мин)



Жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.

Оқушылар мына өлең шума,ын бәріміз бірге қайталайық:

Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

Жолда жүру маңыздылығы, ережелері

презентация

Ортасы (20 мин)


Жолда жүру ережесі:

1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.

2.Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі