400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
САБАҚ ЖОСПАРЫ ОҚУ МАҚСАТТАРЫНА САЙ ҚҰРЫЛҒАН
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім

Адамгершілік асыл қасиет

Педагогтің Аты-жөні

Спанова А.Ш

Күні:

25.01.2024ж

Сыныбы:

5- сынып


Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

Оқу мақсаттары:

5Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына сай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау


Сабақ мақсаты:

Шығарма мазмұнын түсінеді;

Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайды;

Тұжырым жасайды.

Бағалау критериі:

Шығарманы құрылысына талдайды;

Шығарма құрылысына талдай отырып, сюжеттік дамуын сипаттайды.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2-тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

5-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы

Бүгінгі сабақта

Сенің білетінің: Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы



Сенің меңгеретінің:

Шығарма мазмұнын түсінесің;

Шығарманы құрылысына талдайсың;

Шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттайсың;





Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

2 минут

Қызығушылықты ояту

Мысал туралы слайд көрсету



Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы бәрім.

Қанағат азға деген,жоққа сабыр,

Қомсынып қоңырайма,құрбыларым.



  • - Мысалдар   аңдар, құстар , хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті  мінезі  арқылы  адам  бойындағы  мінді,  кемшілікті  тұспалдап, әжуа  күлкі  етеді.

  • Мысалдар  өлеңмен  де  ,қарасөзбен  де  жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді.

Орыс  ақыны  И.А.Крыловтың  мысалдарын  Абайдан  соң  А.Байтұрсынұлы  да  аударып,  «Қырық  мысал»  деген  атпен1909  жылы  Петербургте  кітап  етіп  шығарған.




3-5 минут

Жаңа сабақ

  1. «Қабырғадағы сурет»

әдісі

















































2.«Қабырғадағы сурет» әдісі

































3. Бекіту

«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық.

.


  • 1-тапсырма

  • «Қабырғадағы сурет» әдісі арқылы

шығарма фабуласына сәйкес мәтін мазмұнын меңгеру

  • Дескрипторы:

  • Мәтінді оқиды;

  • Мазмұнын меңгереді;

  • Қабырғаның ішіне мазмұнын жазады;

Мұғалім сөзі

    1. Сұлбаның сыртына мәтін мазмұны бойынша

    2. Фабула дегеніміз – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау, әңгімелеу

Ықтимал жауаптар:

    1. 1-сұрақ: Өлеңде кімдер туралы айтылады?

    2. Әкесі, баласы, бидайлар

    3. 2-сұрақ: Бала әкесіне қандай сұрақ қойды?

    4. Бұл бидай неге басқалардан ерекше басын көкке көтеріп тұр?

    5. 3-сұрақ: Әкесі қандай жауап берді?

    6. Бұл бидайдың дәні болмай, кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.

    7. 4-сұрақ: Саған қандай бидай ұнады? Неге?

    8. Маған дәнін қожасына беріп, иіліп тұрған бидайлар ұнайды, себебі ол тәкаппар емес.







  • 2-тапсырма

  • «Оқиға тауы» әдісі арқылы

  • өлеңге сюжеттік-композициялық талдау жасау

  • Дескриптор:

  • Сюжеттік дамуға сәйкес оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін баяндайды;



Ықтимал жауаптар:



  • Оқиғаның басталуы: Баласы мен әкесінің егіннің басына келуі



  • Оқиғаның дамуы: Бастары дәнге толған бидайлар



  • Оқиғаның шиеленісуі: Көкке қараған бидай



  • Оқиғаның шарықтау шегі: Баласының сұрағы



  • Оқиғаның шешімі: Әкесінің жауабы



    1. Мұғалім сөзі

Сюжет дегеніміз – өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі, біртұтас желісі.

Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері де, яғни бастамасы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегіне жетуі, шешімі немесе аяқталуы болады.





«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорытындылайық.



Дескриптор:

-Берілген тақырып бойынша өз пікірін айтады

- Мәтіннен дәлелдеме келтіреді

- Мысал келтіреді

- Сыни тұрғыда баға береді, өзіндік тұжырым жасайды.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
268
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі