|
Тапсырма.
Дене шынықтыру сабағында
оқушылар лақтырған доп ұзындығы 8,5 м, ені 6,5 м өлшемде сызылған
тіктөртбұрыштың ішіне түсетіні белгілі болса, онда доптың
тіктөртбұрыштың ішінде орналасқан радиусы 0,5 м болатын шұңқырға
түсу ықтималдығын табыңдар. Егер шұңқырдың радиусын 1,5 есе
арттырса, ықтималдықтың өзгеруін, ұзындығы мен енін 1,5 есе
арттырса, ықтималдықтың өзгеруін
анықтаңдар.

https://xn--d1aiwkc2d.kz/news/157-oyyn-aryly-balalardy-oy-rsn-damytu.html
|
Математикалық
мазмұны: геометриялық ықтималдыққа
берілген функционалдық сауатттылығын арттыруға арналған
есеп.
Мәнмәтін: геометриялық ықтималдықты
өмірде қолдану
Күрделілігі: 3
деңгей
Сұрақтың
форматы: есептік, зерттеушілік және
талдау
Тапсырманы таңдау
түсіндірмесі:
Оқу мақсатына
сәйкестігі: Тапсырмада шұңқырдың ауданын
есептей отырып, геометриялық
ықтималдықты тіктөртбұрыштың
аумағында есептеу әрекеті
көрсетілген. Есепте өмірден алынған мәнмәтіннен ықтималдықтың
өзгеруі ауданға тәуелділігін анықтайды. Осы аудандарды қолдана
отырып геометриялық ықтималдықты есептеп
табады.
Оқушылардың жас/жеке
ерекшеліктеріне
сәйкестігі:
Құрастырылған тапсырма 14-15
жастағы білім алушыларға арналған тапсырмалар қатарына кіреді,
себебі олар ықтималдық және фигуралардың аудандарын есептеуді
меңгерген. Осы тапсырма оқушыларға геометриялық ықтималдықты
есептер шығаруда қолдану дағдыларын
жетілдіреді
Дағдыларды дамытуға
бағытталуы:
Есепті шешудің математикалық
моделін құру, төртбұрыштың және шеңбердің ауданын табу, жылдам
есептеу әдістерін пайдалану, геометриялық
ықтималдықты есепту формуласын қолдану дағдылары дамиды. Өлшемдер
өзгерсе, ықтималдықтың қалай өзгеретіндігіне көз жеткізеді. Тез
есептеулер жүргізу дағдылары дамиды. Ықтималдық теориясын өмірмен
байланыстыра отырып пәнге қызығушылығы артады және алған білімдерін
нақты жағдайға қолдануға үйренеді.
Пәнаралық
интеграция:
Тапсырмада математика,
геометрия, информатика және дене шынықтыру пәндері арасында
пәнаралық интеграция қолданылып, жүзеге асырылады. Білім алушылар
информатикадан алған білімдері негізінде есепті шешудің алгоритмін
құрады, ауданды есептеу формулаласын қолданып, геометриялық
ықтималдықтың мағанасын түсінеді. Бұл тапсырманы дене шынықтыру
пәнінде жасап, тәжірибеде алынған ықтималдық пен теорияда алынған
ықтималдықты салыстырады.
|
|
Тапсырма.
Наурыз мерекесіне орай «Тай
жарыс» бәйгесі ұйымдастырылды. Бәйгеге қатысатын тайлар 1 км
қашықтықтан жіберілді. Абылай мінген тай мәре сызығын 4 мин 50
с-та, Жарқын мінген тай 4 мин 20 с-та, Ербол мінген тай 4 мин
30 с-та, Жәнібек мінген тай 4 мин 30 с-та, Саян мінген тай 5
мин 20 c-та, Сержан мінген тай 4 мин 40 с-та, Алихан мінген
тай 4 мин 10 c-та, Олжас мінген тай 5 мин 10 c-та кесіп өтті.
Статистикалық кесте жасаңдар және төмендегі сұрақтарға жауап
беріңдер:
-
Тайлардың мәре сызығын қию
уақыттарының орта мәнін
табыңдар.
-
Дисперсияның мәнін
есептеңдер.
-
Стандартты ауытқудың мәнін
анықтаңдар.

https://aikyn.kz/258493/b-yge-ark-yly-otbasymdy-asyrap-otyrmyn---atbegi
|
Математикалық
мазмұны:
сандар
тізбегі
Мәнмәтін: математикалық
сауаттылық
Күрделілігі: 4
деңгей
Сұрақтың
форматы: есептік, статистикалық және
деректерді талдау
Тапсырманы таңдау
түсіндірмесі:
Оқу мақсатына
сәйкестігі:
Тапсырмада берілген мәліметтер
бойынша статистикалық кесте жасайды. Алынған ақпарат бойынша
уақыттардың орта мәнін, дисперсиясын және стандартты ауытқуын
есептеу үшін мәліметтерге талдау жүргізеді және формулаларды
қолданып есептеулер жүргізеді.
Оқушылардың жас/жеке
ерекшеліктеріне
сәйкестігі:
Құрастырылған тапсырма 13-14
жастағы білім алушыларға арналған тапсырмалар қатарына кіреді,
себебі оқушыларда минутты секундқа айналдыру, статистикалық кесте
жасау жайлы білімдері бар. Осы білімдердің негізінде дисперсия,
стандартты ауытқу анықтамаларын және оларды есептеу формулаларын
біліп шығады.
Дағдыларды дамытуға
бағытталуы:
Берілген тапсырма
статистикалық кесте жасау, сұрақтарға жауап беру үшін қажетті
формулаларды тиімді қолдану, шапшаң есептеулер жүргізу дағдыларын
дамытуға бағытталған. Статистикалық кесте
мәліметтеріне талдау жасау арқылы білім алушылар өз ойлау
қабілеттерін дамытады. Нақты өмірден алынған мәліметтер негізінде
талдау жүргізіп, қорытынды жасауға үйренеді. Орта мән, дисперсия,
стандартты ауытқу нәтижелерін салыстырып дұрыс шешім қабылдау
дағдыларын нығайтады
Пәнаралық
интеграция:
Бұл есеп информатика және
география пәндерімен интеграцияланады. Білім алушылар
информатикадан алған білімдерін қолдана отырып мәліметтерді өңдеу
және есептеу үшін бағдарламаларды қолданып
(Python, Excel
т.б.) графиктер, диаграммалар және
гистограммалар сала алады. Сонымен қатар жарыс өтетін жердің жер
бедері мен ауа райының қолайлы болуын жарыс өту уақытын таңдау
мәселесін талқылайды.
|