Сабақ жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаһандық құзыреттілік бойынша сабақ жоспары 1-тоқсанға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаһандық құзыреттілік бойынша сабақ жоспары

Бөлім

Парасаттылық және әдеп

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 5

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Сәлем сөздің атасы...

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға өмірдегі үйлесімділіктің негізі сыйластық екенін ұғындыру;

  • Оқушыларды кез келген сәттегі олардың қарым-қатынасының ізгі болуына баулу;

  • Оқушыларды сыпайылық, бауырластық, т.б. ізгі құндылықтарды бойына сіңіруіне тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал «Менің көңіл-күйім» жаттығуы. Оқушыларға бір жағы сары және ақ түсті парақтар таратылады. Оқушылар өз көңілкүйлерін суреттеп салады. Амандасау деген не? Біз қалай амсандасамыз. Сахналау Әр топтон оқушылар келіп амандасу түрлерін көрсетеді.



Үй тапсырмасы:

Үй тапсырмасына жауап береді




Бас бармақ

Презентация





түрлі-түсті қима қағаздар


Сабақтың ортасы





Тапсырма-1. Бейнероликті тамашалайды. Оқушылар берілген уақыт аралығында қалай амандасатынын жазады.

Сұрақ:

-Амандасудың мағынасы қандай?

- Қандай елдердің амандасуын есте сақтадыңдар? Елдерді атаңдар



Тапсырма-2. Ой қозғау

-Сөздің басын неліктен сәлемнен бастауымыз керек?

  • «Шүйіркелесу», «үйірсектік» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

  • Қазақ халқының дарқан ниетінен қандай қасиеттерді байқауға болады?

  • Кез-келген халықтың тұрмыс-тіршілігінің мінез-құлық жаратылысына әсері бола ма? Өзің ылғи да сәлемдесіп жүресің бе? Айтып бер.


СЕРГІТУ СӘТІ: «Поезд» жаттығуы Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. 3-тапсырма. «Сәлем – сөздің анасы» тақырыбында шағын ойтолғау жаз.

бейнероликті тамашалап, уақыт аралығындағы амандасу түрлерін жазып шығаады




сұрақтарға жауап береді






видео







Қима қағаздар слайд









Сабақтың соңы

5 мин


Үй тапсырмасы: Әр елдің сәлемдесу ерекшеліктері туралы мәлімет жазып келіңіз

Рефлексия

Wordwall тақтасы арқылы оқушылар бүгінгі сабақты қорытындылайды.

түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Wordwall тақтасы





























Жаһандық құзыреттілік бойынша сабақ жоспары

Бөлім

Парасаттылық және әдеп

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 5

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Ата-анаға құрмет – баладан ізет

Сабақтың мақсаты

- Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынас орнату, отбасылық құндылықтарды сақтауға үйрету;

- Халқамыздың тәлім-тәрбиесінің ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін ұғындырып,өзіндік ұлттық қасиетімізді балалар бойына дарыту

-Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Шашылған сөздер» ойыны «Ақиқатты айтып, жақсылыққа жетелеп, қарашаңырақты аманаттаушы отбасының мүшесі кім?» (әке) «Тоғыз ай құрсағында, үш жыл бауырында, өмір бойы жүрегінде көтеретін отбасының мүшесі кім?» (ана) «Жеті жұрттың қамын ойлап, жеті атасын білуге міндетті отбасы мүшесі кім?» (бала) -Әке, ана, бала- бұл үш сөз қандай мағынаны білдіреді. - Адамға өмірінің мәні – отбасы, олең жақын адамдардың ошағы. Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ата-анаға ризашылықты білдіру деп аталады.


Үй тапсырмасы: Әр елдің сәлемдесу ерекшеліктері туралы мәлімет жазып келіңіз

оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі күннің тақырыбын ашады





Бас бармақ

Презентация





түрлі-түсті қима қағаздар


Сабақтың ортасы





Тапсырма-1. «Ситуациялық сұрақтар»

Саған ата-анаң сен армандаған телефонды алып берді. Сенің әрекетің? Сен ата-анаңды болмашы нәрсемен қатты ашуландырып алдың. Бұл жағдайда не істейтін едің?


Тапсырма-2. Ұлы адамдардың ой-тұжырымдарын оқып, отбасы өнегесі туралы пікіріңді жаз.

Қорқыт ата: «Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, ұл атадан ұһүйренбей сапар шекпес».

Д.Бабатайұлы: «Ата-ананың ақылы-қазулы қара жолмен тең».

Б.Момышұлы: «Отбасының өнегесі-Отан өнегесі»

А.С. Макаренко: «Отбасы -адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны».



Тапсырма-3. «Отбасы деген не?» видеосын көрсетіп талқылау.

Сұрақтар:

-Ата-ананың бойындағы қандай қасиеттер бала өмірге келген де оны ізгілікке, дұрыс әрекетке жетелейді?

-Сіздің пікіріңізше, отбасындағы қандай құндылықтар бала тәрбиесінде маңызды?

-Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады деп ойлайсыздар?


ситуациялық сұрақтарға өз көзқарастарын білдіреді






Өз пікірлерін білдіреді







Бейнефильм бойынша өз ойларын айтады









Қима қағаздар слайд









видео

Сабақтың соңы

5 мин


Үй тапсырмасы: Ата-анаңызға арналған хат жазыңыз

Рефлексия

«Шеңбердегі доп» оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.

түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


доп



















Жаһандық құзыреттілік бойынша сабақ жоспары

Бөлім

Парасаттылық және әдеп

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 5

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Жан дүниенің кеңдігі – адамдықтың белгісі

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық туралы түсіндіру;

  • Өзіне де, өзгеге де, айналаға да қамқорлық жасау дағдыларын дамыту;

  • Шынайы сезіммен, жаңашырлықпен қайырымдылық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.


Үй тапсырмасы: Ата-анаңызға арналған хат жазыңыз

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі күннің тақырыбын ашады





Бас бармақ

Презентация






Сабақтың ортасы






Shape1

Жан дүние


Shape2 Shape3


Shape4



Тірек сөздер: сыпайылық, әдептілік, мейірімділік, ерік-жігер және т.б.


1-тапсырма: «Мейірімділік» видеосын көрсетіп, талқылау.

-Жақсылық жасау үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

-Қарапайым адам деп кімді атаймыз?

-Адам жақсылықты не үшін жасайды?

-Өзіңе басқалар жақсылық жасаған кезде қандай күйде боласың?

2-тапсырма: Жағдаяттарды шеш.

  1. Асханаға тамақтануға келгеніңде еденде шашылып жатқан нан қалдықтарын көрдің. Сенің әрекетің қандай?

  2. Мектеп дәлізінде келе жатқанда жерде жатқан қолғапты байқап қалдың. Сенің әрекетің қандай?

  3. Сабақтан үйге қайтқан жолда ауыр сөмкесі бар қарт адамды кездестірдің. Сенің әрекетің қандай?

Үйге кіреберісте көршілеріңмен кезігіп қалдың. Сенің әрекетің қандай?

3-тапсырма:

Айналаңдағы адамдардың атқарған қайырымды істері туралы шағын жоба құрып жаз.

Жобаны мынандай жоспар бойынша құруға болады:

  • *өзің таңдаған адам туралы шағын мәлімет,

  • *ол адамның адамгершілік қасиеттері,

  • *оның қайырымды істерінен мысалдар,

  • *үнемі айтатын ақыл-кеңестері,

*сенің ол адамға ризашылығың, алғысың

Жағымды эмоционалды ахуал пайда болады


Оқушылар өз ойларын білдіреді




Оқушылар видео бойынша талқылайды




Жағдаяттарды шешеді








Шағын жоба жасайды







Видео







Слайд

ақ қағаз

маркер

Сабақтың соңы

5 мин


Үй тапсырмасы: Қоршаған ортаңызға қандай да бір игі іс жасап, соны видео-фото ретінде түсіріп әкеліңіз

Рефлексия

Тақтада ілінген плакатқа оқушылар стикерлер жабыстырады. Стикерлерге сабақты не білді және келесі жолы қандай іс-әрекет жасағаны туралы жазады.

түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Стикер, плакат

















Жаһандық құзыреттілік бойынша сабақ жоспары

Бөлім

Парасаттылық және әдеп

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 5

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Дастарқан басындағы әдеп. Дастарқан жаю мәдениеті

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды дастарқан басындағы ережелермен таныстыру, ес-те ұстауға дағдыландыру, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Оқушылар «Дастарқан» әнін тыңдап, сабақтың тақырыбына болжам жасайды. Бірге қосылып ән айтады. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру





Үй тапсырмасы: Қоршаған ортаңызға қандай да бір игі іс жасап, соны видео-фото ретінде түсіріп әкеліңіз.

«Дастархан» әнін караоке түрінде бірге айтады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.



Үй тапсырмасы бойынша жауап береді




Бас бармақ

Презентация






Сабақтың ортасы





Жеке жұмыс Оқушыларға таратпа қағаз үлестіріледі. Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, ауызша дыбыстап айтады.


Жұптық жұмыс. Оқушылар «Дастарқан басындағы әдептілік» мультфильмінен 2:40-3:40 минут аралығындағы үзіндіні тамашалайды. Мұғалім алдын-ала бейнематериалды не үшін қарап, тыңдайтынын айтып кетеді. Оқушылар тыңдап отырып берілген 3 сұраққа жауап белгілейді.

1.Тамақтанғанда не істеуге болмайды?

а) сөйлесуге болмайды

ә) асығуға болмайды

б)күлуге болмайды

2. Мәдениеттіліктің белгісі –

а) көңілді отыру

ә) қатты сөйлеу

б) дұрыс отырып, тұру

3. Мәденнетті –

а) таза, ұқыпты, білімді, ақылды

ә) тәрбиелі, өнегелі

б) білімді, жеңімпаз

Топтық жұмыс. Дубляж жасау - диалог құру. Оқушылар топта мультфильмнің үзіндісіне дубляж жасайды. Әр топқа бейнематериалдан скриншот арқылы жасалған суреттер үлестірірелі. Оқушылар топта өзара рөлдерді бөліп, дайындалады. Әр топта тайм-менеджер уақытты қадағалап отырады. Топтар сынып алдына шығып, дыбыссыз қосылған мультфильмдегі үзіндідегі кейіпкерлерді дыбыстап, сөйлетеді..

Оқушылар суреттерді сөздермен сәйкестендіреді









Сұрақтарға жауап береді

























Оқушылар мультфильмді тамашалап, өздері дубляж жасайды








Видео







Слайд

ақ қағаз

маркер

Сабақтың соңы

5 мин


Үй тапсырмасы: Бір елдің дастарқан басындағы әдеп ережелері туралы жазып келіңіз

Рефлексия

  • Нені жақсы түсіндім?

  • Маған не қиын болды?

  • Келесі сабақта толығырақ түсінгім келеді?

түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Стикер, плакат



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2025
30
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі