Сабақ жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану бойынша сабақ жоспары 1-тоқсанға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу

Сабақтың мақсаты

  • қарапайым заттың күрделі заттан айырмашылығы неде екенін анықтайды;

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйы Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Үй тапсырмасы: Өскемен және Алматы қалаларындағы халық тығыздылығындағы айырмашылық туралы тұжырым жасаңыз


Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі.

Сұрақ-жауап

Берілген тізбекті қара (44-сурет). Оның логикалық реттілігі нені білдіретінін түсіндіруге тырыс. Тізбектің соңында қандай буын тұру қажет деп ойлайсың? Неліктен? Ол туралы сен не білесің?

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді


Сұрақтарға жауап береді









1 б

Тақта, маркерлер, карточкалар




Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы







10 мин



10 мин







5 мин







10 мин

Тапсырма 1. 48-суреттегі заттарды күрделі және қарапайым заттарға бөл: заттарды күрделі және қарапайым заттарға бөл. Басқа да мысалдар келтірңіз


Тапсырма-2.

1. Ескі тас баспалдақ басқышында неліктен шұңқырлар пайда болады?

2. Неліктен бәтеңкенің ұлтаны тозады және күртешенің шынтақтары жыртылардай жұқарады?

3. Табынушылар ұстап, сүйетін ежелгі грек ғибадатханасындағы алтын мүсіннің қолы ондаған жылдар ішінде айтарлықтай жіңішкеріп кетті. Неліктен?


Тапсырма-3. 47-суреттегі көмірқышқыл газ бен озонның молекулаларына мұқият қарап, осы заттардың бір-бірінен айырмашылығы неде екенін ойлан.

Бекіту тапсырмасы

WorldWAll қосымшасы арқылы сұрақтарға жауап береді

заттардың күрделі және қарапайым екенін ажыратады

мысалдар келтіреді






Сұрақтарға жауап береді





заттардың күрделі және қарапайым екенін ажыратады





сабақты бекітеді
















1 б





2 б



Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері



https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom



Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: 107 беттегі тапсырмаларды орындаңыз

Кері байланыс:«Сөйлемдерді аяқта»

  • 1.Бүгін мен білдім...
    2.Ең қызықты болды...
    3.Сабақта ең маңызды деп ойлаймын...

Қорытынды ойларын талқылайды


Флипчарт

Стикер

Маркер















Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.1 атом мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды айыра білу

Сабақтың мақсаты

  • қарапайым заттың күрделі заттан айырмашылығы неде екенін анықтайды;

  • атом мен молекуланың айырмашылығы қандай екенін біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Үй тапсырмасы: 107 беттегі тапсырмаларды орындаңыз


«Кім жылдам»  әдісі арқылы тапсырмалар тақтаға кесте бойынша ілінеді.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады


үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді



Дұрыс жауаптың тұсына маркемен + белгісі қояды.










1 б





Презентация

Оқулық


Сабақтың ортасы




10 мин







10 мин










15 мин






Тапсырма-1.Сұрақ-жауап

1. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

2. Атом ядросының заряды немен анықталады?

3. Нейтрон мен протонның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

4. Протон мен электронның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

5. Элемент атомының массасы немен анықталады?

6. Протон, нейтрон және электронның массасы мен зарядтар қандай?


Тапсырма-2.Берілген элементті анықтаңыз. Электрон, нейтрон мен протон санын анықтаңыз. Басқа да элементтерден мысал келтіріңіздер



Бөлшектің белгісі

Бөлшектің атауы

Таңбасы





Тапсырма-3. Венн диаграммасы. Қарапайым зат және күрделі зат ұғымдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз.


Атом ядросын түсіндіреді

Нейтрон, электрон мен протонның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайды


-Суретте берілген атом құрылысы бойынша элементті анықтайды

- Элементтің таңбасын көрсетеді

- Бөлшектің атын атайды және электрон, нейтрон мен протон санын көрсетеді

Басқа да мысалдар келтіреді



Қарапайым зат және күрделі зат ұғымдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтайды













2 б


















А4, маркер

Презентация

Оқулық




Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: протон, электрон, нейтрон туралы қосымша ақпарат іздестіріңіз

Кері байланыс: Talk Partners «Жұптағы талқылау». Оқушылар жұбымен

  • 3 үйренген нәрсе;

  • Не оңай болды?

  • Не қиын болды?

  • Тағы да не нәрсе туралы білгісі келетіні туралы талқылайды.

Қорытынды ойларын талқылайды


Стикер маркер флипчарт
















Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттайды

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.



Үй тапсырмасы: протон, электрон, нейтрон туралы қосымша ақпарат іздестіріңіз

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақтар қоя отырып, өткен сабақтарда игерген білімдерін тексеру (сұрақ - жауап).

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді

Kahoot әдісі арқылы қайталау









1 б

Тақта, маркерлер, карточкалар




Презентация


Сабақтың ортасы








10 мин






15 мин

























10 мин

Тапсырма-1. Сұрақ-жауап

1) Заттар қандай агрегаттық күйде бола алады? Мысал келтіріңдер

( Қатты, сұйық және газ)

2) Суретте зерделей отырып қатты, сұйық және газ күйіндегі заттардың құрамындағы бөлшектер қалай орналасқанын түсіндіріңдер?

3) Қандай бөлшектерді білесіңдер?



Тапсырма-2. «Зерттеушілер тарихынан» атом мен молекуланы зерттеген ғалымдар туралы мағлұмат беріледі. Дж.Дальтонның «Барлық заттар атомдардан құралған. Атомдар молекуланы құрады. Атомдар бір-бірінен массасы және мөлшері бойынша ерекшеленеді» тұжырымдамасына назар аудартады. Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидаларына тоқталады.


Мәтінмен жұмыс.

А мәтінінің тақырыбы: «Атом-молекулалық ілім»

В мәтінінің тақырыбы: «Жай және күрделі заттар»

Жеке – жұп – сынып форматы

-Жұптағы оқушылар берілген А және В мәтіндерімен жеке танысады.

-Жұбына түсіндіреді.

-Кейбір оқушылар мәтін бойынша 5-6 слайдты қолдана отырып, сынып форматында қорытынды шығарады.


Кесте толтыру. Берілген молекулалардың құрамын зерттей отырып, кестені толтыр.


Заттар

Молекула құрамындағы атомдардың жалпы саны

Жай зат

Күрделі зат


су





сутегі





көмірқышқыл газы

(көміртегі диоксиді)





метан





оттегі





иіс газы

(көмірт
гі монооксиді)





-Агрегаттық күйлерді атап, мысал келтіреді

-Түрлі агрегаттық күйдегі зат құрамындағы бөлшектердің орналасуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтап, түсіндіреді

-Бөлшектердің түрлерін атайды

-атом мен молекуланы зерттеген ғалымдар туралы түсінік алады

-Дж.Дальтон еңбегімен танысады


-атом мен молекуланың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

-жай және күрделі заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

-терминдерді түсіндіру барысында дұрыс қолданады









-берілген зат молекулаларындағы атом санын анықтайды

-заттарды жай және күрделі заттарға жіктейді










































А4, маркер

Презентация



Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Терминдерді жаттау

Кері байланыс: Talk Partners «Жұптағы талқылау». Оқушылар жұбымен

  • 3 үйренген нәрсе;

  • Не оңай болды?

  • Не қиын болды?

  • Тағы да не нәрсе туралы білгісі келетіні туралы талқылайды.

Қорытынды ойларын талқылайды


Флипчарт

Стикер

маркет








































Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • қайнау және балқу температуралары дегеніміз не және оларды қалай анықтауға болатынын түсінеді;

  • түрлі заттардың балқу және қайнау температураларын адамдар қайда пайдаланатынын біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Терминдерді жаттау

Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі. Сұрақтарға жауап береді

Миға шабуыл

-Заттар бүкіл қоршаған дүниенің негізін құрайды. Заттарға мысал келтіріңіздер

-Қанттың ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сипаттап көріңдер

- Заттың қасиеттері дегеніміз не?

-Заттардың өздерің білетін қасиеттерін атаңдар?

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді


Сұрақтарға жауап береді



Үй тапсырмасы-1 балл


Сұраққа жауап беру-1 балл




Презентация

Оқулық


Жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы




15 мин


















10 мин










10 мин

Тапсырма-1.Жеке жұмыс: Берілген кестедегі ақпараттарды қолдана отырып, заттардың балқу/қайнау температуралары мен агрегаттық күйлерінің арасындағы тәуелділікті анықтаңдар

Кесте «Кейбір заттардың балқу және қайнау температуралары»


Зат

Балқу температурасы, ˚С

Қайнау температурасы, ˚С

Заттың бөлме температурасындағы агрегаттық күйі

Этил спирті

-114

78


Титан

1668

3287


Сынап

39

357


Оттегі

-218.4

-183.0


Мыс

1085

2567


Тапсырма-2.

тұжырым

дұрыс

бұрыс

1.Сұйықтықтың булануы кез-келген температурада жүруі мүмкін.



2.Егер А затының қайнау температурасы В затының қайнау температурасына қарағанда жоғары болса, А сұйықтығындағы бөлшектердің бір-біріне тартылу күші әлсіздеу.



3.Су қалыпты атмосфералық қысымда және 25C-да қайнай алады



4.Қайнау – ол сұйықтықтың бүкіл бойында жүретін бул
ну процессі



Дұрыс.Бұрыс




WordWall арқылы сұрақтарға жауап береді

  • Дененің балқуы кезінде қандай өзгерістер байқалады?

  • Заттардың қатты күйден сұйық күйге ауысу процесі

  • Егер сұйықтықты қыздырса, оның температурасы көтеріле бастайды буға айнала бастайды

берілген 5 заттың балқу/қайнау температуралары бойынша заттың қатты/сұйық екендігін анықтайды










заттардың балқу/қайнау температуралары мен агрегаттық күйлерін ажырата алады












Сабақты бекітеді





3 б






























2 б





Презентация




Балқу.Қайнау - Quiz

























Презентация


Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Тест сұрақтарына жауап беріңіз

Кері байланыс:

Бүгін мен үшін жаңалық болды...

Менде ................... жұмыс істеу дағдылары қалыптасты

Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын

Қорытынды ойларын талқылайды


Стикер

Маркер

А4










Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • қайнау және балқу температуралары дегеніміз не және оларды қалай анықтауға болатынын түсінеді;

  • түрлі заттардың балқу және қайнау температураларын адамдар қайда пайдаланатынын біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Тест сұрақтарына жауап беріңіз


Сөйлемдерді қажетті сөздер немесе сөз тіркестері арқылы толықтыр:

1)       Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы ________________________  деп аталады.

2)       Заттың балқуы жүретін температура ________________________  деп аталады.

3)       Заттың сұйық күйден қаттыға ауысуы ____________  немесе ____________ деп аталады.

4)       Заттың кристалдануы жүретін температура ________________________ деп аталады.

5)       Заттар бір температурада _____________ және _____________ .

6)       Сұйықтықтың буға айналу процессі ________________________ деп аталады.

7)       Сұйықтықтың бетінде жүретін бу түзілу процесі ________________________  деп аталады.

8)       Будың сұйықтыққа айналу процесі ________________________ деп аталады.

9)       Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды ________________________  бу деп атайды.

10)   Егер булану тек сұйықтық бетінде ғана емес, сонымен қатар оның барлық көлемінде қарқынды бу көпіршіктерінің бөлінуімен жүрсе, бұл процесс ________________________ деп аталады.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады


үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді





Сұрақтарға жауап береді












1 б

Тақта, маркерлер, карточкалар




Презентация


Сабақтың ортасы

5 мин






15 мин











15 мин


Qizizz қосымшасы арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Заттың балқуы қай уақытта басталады?

2.Қай уақытта зат кристалданады(қатады)?

3.Заттың балқу және қату температуралары нешеге тең?

4.Балқу қандай процеске жататынын түсіндір.


Заттардың балқу температурасын анықтаңыз


Зат

Балқу

Қайнау

Су



Оттек



Алюминий



Темір



Вольфрам




Топтық жұмыс: 3 топқа әр түрлі сұрақтар беріледі, Әр жұп өз ішінде талдап, сынып форматында жариялайды.

1-топ: Қайнау кезінде сұйықтың ішінде қандай өзгеріс байқалады?

2-топ:Неліктен бу көпіршіктері ұлғаяды және жоғары көтеріледі?

3-топ:Неліктен шу естіледі?

Балқу мен қайнауды сипаттайды







тәжірбиелік жұмыс атқарады





Балқу мен қайнауды сипаттайды





2 б







3 б





3 б








электр плита, құты, термометр, секундомер, дист.су.














Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: 114 беттегі сұрақтарға жауап беріңіз

Кері байланыс:

Бүгін мен үшін жаңалық болды...

Менде ................... жұмыс істеу дағдылары қалыптасты

Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын


Қорытынды ойларын талқылайды


Стикер флипчарт

Маркер











Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың жіктелуі (класификациясы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.1 заттарды органикалық және бейорганикалық заттар күйінде жіктеу

Сабақтың мақсаты

- органикалық және бейорганикалық заттар туралы түсінік бере алады

- заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктей біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: 114 беттегі сұрақтарға жауап беріңіз



Сурет бойынша жұмыс. Оқушыларға қораптарда берілген (сүт, айран және басқа азық-түліктерден) өнімдердің құрамымен танысуды және оларды органикалық және бейорганикалық заттарға бөледі.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді


органикалық және бейорганикалық заттарға бөледі









1 б




Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


15 мин






10 мин





















10 мин

Тапсырма-1. Оқушыларға фотосинтез кезінде оттегімен бірге органикалық қосылыстардың түзілетінін түсінуге мүмкіндік беріңіз.


  • Фотосинтез процесі кезінде қандай өзгерістер байқалады?

  • Фотосинтез процесіне қатысатын және нәтижесінде түзілген заттарды жікте


Тапсырма-2. Жеке жұмыс. Суретте берілген заттармен танысып, олардың арасынан органикалық заттарға жататынын таңда.


Парафинді балауыз

Натрий гидрокарбонаты

Көміртек

Иіс газы

Көмірқышқыл газы

Негізгі
компонент – Целлюлоза

Полипропилен

  • Жауабынды берілген кеңістікке үтір арқылы жаз.

  • Неге осы заттарды таңдадың? Түсіндір.


Сабақты бекіту тапсырмасы

Educaplay қосымшасы арқылы тапсырмаларды орындайды

-Фотосинтез барысындағы өзгерістерді түсінеді

- Фотосинтез процесіне қатысатын және нәтижесінде түзілген заттарды жіктейді






заттарды органикалық және бейорганикалық заттарға жіктей біледі









































2 б


Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері











Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: 117 беттегі Салыстыру сызығын толтырыңыз

Кері байланыс:

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Қорытынды ойларын талқылайды


Маркер

Стикер

флипчарт






Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың жіктелуі (класификациясы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау

Сабақтың мақсаты

- заттардың ортасы табиғи қышқылдық/сілтілік/бейтарап болатынын біледі
- әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алады
- табиғи индикаторларды және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: 117 беттегі Салыстыру сызығын толтырыңыз


Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі. Сұрақтарға жауап береді

  • тірі және өлі табиғатта қандай орталар бар?

  • қышқылдық, сілтілік орталардың айырмашылығы неде?

  • қышқылдық, сілтілік орталарды қалай анықтаймыз?

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру


Сұрақтарға жауап береді







1 б



Презентация

Оқулық

Бейнебаян


Сабақтың ортасы


35 мин







Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін заттарды слайдтан көрсете отырып, әр зат өзіне тән орта көсететінін, қышқылдық/сілтілік/бейтарап ортаны индикаторлар көмегімен анықтауға болатынын түсіндіреді. Индикатор– әртүрлі орталарда түсін өзгертетін зат. Әмбебап индикаторы мен табиғи индикаторлардың ерекшеліктері туралы ақпарат беріледі.


Тәжірбиелік жұмысы.

Тақырыбы: Табиғи индикатор дайындау және табиғи объектілердің ерітінді ортасын анықтау




-зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолданады

- табиғи индикаторды жасау әдісін меңгереді

-табиғи индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды

- жұмысты дұрыс қорытындылайды


8 б









Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сода

Уксус

Индикатор

Қант

Сабын





Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Қышқылдық және сілтілік орталарға мысал келтіріңіз

Кері байланыс:

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Қорытынды ойларын талқылайды


































Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың жіктелуі (класификациясы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.2 тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны айыра біледі және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау

Сабақтың мақсаты

- заттардың ортасы табиғи қышқылдық/сілтілік/бейтарап болатынын біледі
- әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алады
- табиғи индикаторларды және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Қышқылдық және сілтілік орталарға мысал келтіріңіз


  Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі. Сұрақтарға жауап береді

Миға шабуыл. Өткен сабақта өткен материалдарды естеріне түсіру үшін үлестірмелі карточкаларды топтарға таратыңыз. Оқушылардан ақылдаса отырып, заттарды ерітінді ортасы бойынша жіктеуін (қышқылдық немесе сілтілік) сұраңыз.

1.Қышқыл және қышқыл ортасы дегеніміз не?

2.Заттар ортасы қаншаға бөлінеді?

3.Сілтілік және бейтарап орта дегеніміз не?

4.Индикатор ұғымына түсініктеме бер

Әр түрлі ортада әмбебап индикаторының түсі қалай өзгереді?

  • Әмбебап индикатор + қышқылдық орта→

  • Әмбебап индикатор + сілтілік орта →

  • Әмбебап индикатор + бейтарап орта→

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады


үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді


заттарды ерітінді ортасы бойынша жіктейді














1 б




Презентация

Оқулық

Бейнебаян

Сабақтың ортасы

35 мин





Тапсырма-1.Сызбамен жұмыс

Сызбаны пайдаланып тәжірибе жүргізеді, ерітіндінің ортасын анықтайды.

1-тәжірибе. Лимон шырынының ортасын анықтау.

1. Бір тілім лимонды стақанға сығып, шырынын алады.

2. Әмбебап индикатор жолағын лимон шырынына салады.

3. Индикатор қандай түске боялды?

4. Қорытынды жасайды. Лимон шырыны қандай ортаға жатады?


2-тәжірибе.

Сабын ерітіндісінің ортасын анықтау.

1. Ұсақ үккішпен кірсабынды үгіп, ыстық су құйылған стақанға салады.

2. Ерітінді болғанша жақсылап араластырады.

3. Алынған ерітіндіге жолақты салады.

4. Әмбебап индикатор қандай түске боялды?

5. Шәкіл бойынша сабын ерітіндісі қандай ортаға жататындығын анықтайды.


3-тәжірибе.

Газды судың ортасын анықтау.

1. Стақанға газдалған су құйяды.

2. Индикаторды стақанға салып, газды су қандай ортаға жататындығын анықтайды.

4-тәжірибе.

Тұзды ерітіндінің ортасын анықтау.

1. Стақанға тұзды ерітіндіні құяды.

2. Әмбебап индикаторды ерітіндіге салады.

3. Индикатордың түсі өзгерді ме? Неліктен? Тұзды ерітінді қандай ортаға жатады?

тәжірбиемен жұмыс атқарады








8 б







Презентация

Оқулық

Лимон

Индикатор

Су

Шыны ыдыс

Т.б.

Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Тәжірбие жұмысы бойынша кестені толтырыңыз

Кері байланыс:

«Бес бармақ»

Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Мен топта (жұпта) қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Қорытынды ойларын талқылайды





Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың жіктелуі (класификациясы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.2.3 бейтараптандыру үдерісін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

- бейтараптану үрдісін тәжірибе жүзінде зерттейді

- сипаттамалары мен байқауларының негізінде бейтараптану реакциясы ұғымын қалыптастырады

- химиялық реакция теңдеулері бойына бейтараптану реакциясын түсінеді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Тәжірбие жұмысы бойынша кестені толтырыңыз


  Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі. Сұрақтарға жауап береді

  1. Проблемалық сұрақ туындату үшін оқушыларға келесі көрсетілімді көрсетіңіз:

Ас содасының сұйылтылған ерітіндісіне әмбебап индикатор қағазын батырыңыз және индикатор қағазы бастапқы түріне енгенге дейін біртіндеп тамшылатып лимон шырынын қосыңыз.

  • Біздің асқазанымыздағы тұз қышқылы қандай қызмет атқарады?

  • Бейтараптану реакциялары қайда қолданылады?

  • Неліктен ас содасы мен лимон қышқылы әрекеттескенде индикатор қағазы бастапқы түске өзгерді?

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады



үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді




Сұраққа жауап береді












Презентация

Оқулық

Бейнебаян


Сабақтың ортасы


10 мин



15 мин


















10 мин

Тапсырма-1. «Инсерт» әдісі бойынша мәтінмен танысады.

Асқазан қышқылын қалай басуға болады?

Оқушылар өздеріне таныс қыжылдан дәрілерін айтып кетеді. Мұғалім сабақтан бұрын сол дәрі-дәрмектердің қаптамаларын әкелуді сұрайды. Осы дәрі-дәрмектің құрамындағы жалпы затты анықтауға тапсырма береді.


Тапсырма-2. Шағын тәжірбие жұмысын өткізеді.

Ренни және Маалокс ұнтағынын ерітіндісіне лимон шырынын тамызу қажет. Ерітінді ортасы қалай өзгергенін анықтайды. Оқушылар осы дәрі-дәрмек қышқылдың артуы немесе төмендеуі кезінде берілетіндігін бойынша қорытынды жасайды.?

Нәтиже кестесі:



Лимон қышқылының ерітінді ортасы


Ренни қосқаннан кейін ерітінді ортасы

Маалокс қосқаннан кейін ерітінді ортасы

Қорытынды (теңдеу)








Сабақты бекіту тапсырмасы

Educaplay қосымшасы арқылы тапсырмаларды орындайды

  • Асқазандағы тұз қышқылының қызметін сипаттайды

-Бейтараптану реакциясының қолданылу аймағын біледі




Шағын тәжірбие жұмысын жүргізеді















бейтараптану үрдісі юойынша тест тапсырмаларды бек3тед3

3 б


















2 б






Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша 3 жеңіл, 2 оңай сұрақ құрастырыңыз

Кері байланыс:

- түсіндім....

- маған қиын болды......

- келесі сабаққа ұсынысым....

Қорытынды ойларын талқылайды


Флипчарт

Стикер

Маркер
















Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны


Сабақтың тақырыбы

Заттардың түзілуі және алынуы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.3.1 жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Сабақтың мақсаты

  • жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша 3 жеңіл, 2 оңай сұрақ құрастырыңыз


  Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі. Сұрақтарға жауап береді

Бейнефильм көре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер: (жұпта ақылдаса отырып, сыныпта талқылайды)

  • Жасанды химиялық заттардың барлығы біздің денсаулығымызға зиянды ма?

  • Табиғи және жасанды химиялық заттардың денсаулығымызға әсері қандай?

  • Қандай қауіпті табиғи химиялық заттармен таныстыңдар?


Демонстрациялық үстелдің үстіне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, кейбір маталардың түрлерін және т.б.табиғи және жасанды материалдардың үлгілері беріледі. Оқушылар осы заттарды екі топқа топтастыруы керек. Жұпта талдап қандай белгілер бойынша топтастырғанын түсіндіреді.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді


жасанды заттарды анықтайды







1б




Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы


10 мин











10мин








15 мин






Берілген мәтінді және бейнекөріністен алған ақпараттарды қолдана отырып, Тапсырма-1. Табиғи және жасанды заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын венн диаграммасын арқылы салыстырыңыздар


Тапсырма-2. 53-суреттегі киім заттаңбаларына мұқият қара. Әр үлгі қандай талшықтардан тұрады: табиғи ма әлде жасанды ма? Әр заттаңба қандай киімге сәйкес келеді, қалай ойлайсың? Матаға неліктен синтетикалық немесе жасанды талшықтар қосады? Жасанды немесе синтетикалық талшықтарды қосу матаның сапасын қалай өзгертеді? Жасанды талшықтардың табиғи талшықтардан артықшылығы неде?



Тапсырма-3. Табиғи және жасанды талшықтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтңыз

- табиғи материалдарға тән артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтайды

- жасанды материалдарға тән артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтайды

- табиғи және жасанды материалдарға тән ұқсастықтарды сипаттайды


Жасанды немесе синтетикалық талшықтарды салыстырады

Табиғи және жасанды талшықтардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды
























3 б



Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша постер құрастырыңыз

Кері байланыс:

«Тірек сөздер»

- Қандай қиындықтар туындады? Неліктен? Олар қалай жойылды ?

- Сіз неге қол жеткіздіңіз?

- Осы тақырып бойынша тағы басқа қандай тапсырмалар құрастыруға болады?

Қорытынды ойларын талқылайды


Флипчарт

Маркер

Стикер








Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Заттардың түзілуі және алынуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.3.1 табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау


Сабақтың мақсаты

Табиғи және жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды

Апта дәйексөзі

Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Сыйлық кімге бұйырады?» ойыны.

3. QR Code Generator қосымшасы арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.



Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша постер құрастырыңыз


https://ai.invideo.io/watch/g6uLjmi4CWp қосымшасы арқылы тақырыпқа шығу (жасанды интелект)


QR Code Generator қосымшасы арқылы берілген суреттер бойынша сұрақтар қойылып, жаңа тақырыпқа шығамыз.

  1. «Бұл материалдар қандай заттардан жасалған деп ойлайсыз?»

  2. «Өз үйіңізде осы материалдың үлгісі көп қолдана ма?»

  3. «Сіз қалай ойлайсыз, бүгінгі тақырып қандай болуы мүмкін?»

Жағымды психологиялық

ахуал қалыптасады


Топқа бөлінеді





үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді




суреттер бойынша

сұрақтарға жауап беріп, тақырып шығады және сабақ мақсаттарын анықтайды






Бағалау парақшасына бағалайды


Жалпы- 2б

1 дұрыс-0,5 балл



Презентация


Ұялы телефон


QR Code Generator қосымшасы


Quizizz қосымшасы


Мәліметтер кітапшасы



Сабақтың ортасы


10 мин














15 мин



Жұптық жұмыс. Эйлер шеңберімен жұмыс. Оқушыларға табиғи және жасанды заттар (май, шоколад, құрт, шырын, т.б.) беріледі. Заттардың ұқсастықтары мен кемшіліктерін салыстыру керек.



Топтық жұмыс. Оқушыларға талшық, каучук, мұнай, пластмассалардың табиғи және олардан жасалған материалдары көрсетілген қорапша беріледі. Сол заттар бойынша оқушылар келесі тапсырманы орындау керек:

  • Талшық: Талшықтан жасалған заттардың артықшылықтары және кемшіліктері

  • Каучук: Каучуктан жасалған заттардың артықшылықтары және кемшіліктері

  • Пластмасса:Пластмассадан жасалған заттардың артықшылықтары және кемшіліктері

  • Мұнай: Мұнайдан жасалған заттардың артықшылықтары және кемшіліктері


Топпен жұмыс атқарып, топ ережелерін сақтайды, Эйлер шеңбері бойынша өз жұмыстарын қорғайды

Дескриптор:

-Табиғи және жасанды заттарға анықтама береді-1балл

-Табиғи және жасанды заттардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы сипаттайды-1балл

-Табиғи және жасанды заттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін күнделікті өмірмен байланыстырады-1балл


Дескриптор:

Талшық, каучук, пластмасса, мұнай материалдарынан жасалған заттарға мысал келтіреді

Талшық, каучук, пластмасса, мұнай материалдарынан жасалған заттардың артықшылықтарын сипаттайды

Талшық, каучук, пластмасса, мұнай материалдарынан жасалған заттардың кемшіліктерін сипаттайды


Жалпы-3 балл













Жалпы-3 балл


Презентация

Маркер

А5 қағазы

Үлгілер қорапшасы




Сабақтың соңы

10 мин


Сабақты бекіту тапсырмалары

Genially платформасы арқылы сұрақтарға жауап береді

https://view.genially.com/6755a670bad4c54869a25ef6/interactive-content-characters-quiz

Тест сұрақтарының саны-6.


Үй тапсырмасы: Табиғи және жасанды заттардың экологияға тигізер әсері туралы зерттеп келіңіз

Рефлексия:

-Барлығы түсінікті

-Толықтыратын жерім бар

-Ешнәрсе түсінбедім

Тест парақшасына өздерінің дұрыс жауаптарын белгілейді




Сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Дескриптор:

3 дұрыс жауапқа -1 балл, жалпы-2б

Бағалау парақшасы


2




Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы құбыластардың көптүрлілігі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау

Сабақтың мақсаты

  • Табиғи ресурстарды суреттер арқылы жіктейді

  • Карта мен атласты пайдалана отырып Қазақстан табиғи ресурстарының шоғырланған орынын көрсетеді

  • Атласты пайдалана отырып Қазақстанның минералдық шикізаттарын көрсетеді

  • Қазақстандағы минералды қазбаларды қолдану салаларын біледі

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Табиғи және жасанды заттардың экологияға тигізер әсері туралы зерттеп келіңіз


Тақырыпқа шығу мақсатында видео көрсетіледі. Сұрақтарға жауап береді

 Миға шабуыл

  1. Пайдалы қазба деген не?

  2. Қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?

  3. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?

  4. Оларды не үшін өндіреді?

  5. Өздерің өмір сүріп жатқан аймақта қандай пайдалы қазбалар бар?

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады



үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді



Сұрақтарға жауап береді











1 б




Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері




Сабақтың ортасы


10 мин










15 мин









10 мин

Тапсырма-1. Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді жеке оқу түрі ұсынылады. Топта жұмыс істей отырып, сұрақтар дайындайды

Топтық жұмыс:

Әр топ өз тақырыбы бойынша кескін картаға пайдалы қазбаның кездесетін орындарын арнайы белгі арқылы көрсетеді және өздерінің істеген жұмыстарымен басқа топтарды таныстырады.



Тапсырма-2. Кестемен жұмыс. Мәтінде оқыған және сабақ барысында талқылаған ақпараттарды ескере отырып, кестені толтырады, әр оқушы жеке жұмыс жасайды.


Кесте «Пайдалы қазбаларды жіктеу»


Пайдалы қазба түрлері




Не өндіріледі?





Қолданылуы






Тапсырма-3. Шартты белгілерді қолданып, Қазақстанның кескін картасына мәтінде көрсетілген пайдалы қазбаларды енгіз. Кен орындарының атауын жаз. Өзің тұратын елді мекеннің пайдалы қазбаларын оқып біл.

-Мәтінді оқып пайдалы қазбаның Қазақстандағы орынын анықтайды.

-Кескін картада пайдалы қазбаның орындарын көрсетеді.

-Пайдалы қазбаның қандай мақсатта қолданылатынын көрсетеді.

-Басқа топтарға пайдалы қазбаның Қазақстанда таралуы мен қолданылуын түсіндіреді.



-Пайдалы қазбалардың жіктелуін біледі

-Әрқайсысына мысал келтіреді

Қолданылу саласын анықтайды



Қазақстанның кескін картасына мәтінде көрсетілген пайдалы қазбаларды енгізеді

Кен орындарының атауын жазады

Өзі тұратын елді мекеннің пайдалы қазбаларын оқып біледі





















Презентация карта, түрлі түсті қарындаш




Оқулық

Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беріңіз

Кері байланыс:

  • Бүгін мен үшін жаңалық болды?

  • Менде ................... құралдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.

  • Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын

Қорытынды ойларын талқылайды


Стикер

Флипчарт

маркер













Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы құбыластардың көптүрлілігі БЖБ №3


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау

Сабақтың мақсаты

- Қазақстандағы табиғи байлықтардың шоғырлануын картада көрсетіп, атласта, карталарда көрсету

- Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беріңіз


Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын ала отырып, оқушыларды жаңа оқу мақсатын анықтауға қарай бағыттаңыз.

  1. Минералдар дегеніміз не?

  2. Пайдалы қазбаларды қалай жіктеуге болады?

  3. Пайдалы қазбаларды өндірудің ұандай әдістері бар?

  4. Құрамында мыс бар қандай минералды білесің?

  5. Қазақтаннан шыққан тұңғыш геолог ғалымды ата?

  6. Бассейн дегеніміз не?

  7. Ас тұзы алынатын минералды ата?

  8. Қандай бағалы қымбат тастарды білесің?

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру




Сұрақтарға жауап береді









3 б




Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері





Сабақтың ортасы


15 мин






15 мин






5 мин

Картамен жұмыс. Пайдалы қазбалардың ҚР таралуын зерттеу.

Қазақстанның табиғи ресурстарын өңдеудің ірі орталықтарымен таныстырыңыз. Ол үшін оқушыларға пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтары белгіленген Қазақстанның картасын таратыңыз, жұппен жұмыс істей отырып, шартты белгілері арқылы пайдалы қазбалардың ҚР таралуын зерттейді. Қолданыстағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын енгізуге таза карта беріңіз.



Тапсырма-2. Мәтінмен және картамен жұмыс.

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша бір оқушы «ыстық» орындыққа отырып, басқа оқушыларда туындаған сұрақтарға жауап береді. Дескриптор пункттеріне сәйкес картамен жұмыс атқарады.




Сабақты бекіту тапсырмасы

Genially қосымшасы арқылы

Картамен жұмыс

Картадан Қазақстандағы ірі индустриалды орталықтарды дұрыс анықтайды

- Контур картаға шартты белгіні қолдана отырып, дұрыс белгілейді


Картада Қазақстандағы индустриалды орталықтарды дұрыс көрсетеді

-Табиғи ресурстарға сәйкес өнеркәсіптік орталықтарды дұрыс анықтайды

Картада географиялық жағынан минералды кен орындарын дұрыс көрсетеді.



3 б







2 б








1 б

Презентация карта




Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: 154 беттегі кестені толтырыңыз

Кері байланыс:

  • Бүгін мен үшін жаңалық болды?

  • Менде ................... құралдармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты.

  • Бүгінгі алған білімімді ....................... пәндерде қолдана аламын

Қорытынды ойларын талқылайды


Стикер

Маркер

Флипчарт
























Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары


Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы құбыластардың көптүрлілігі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.3.3 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау

Сабақтың мақсаты

- Қазақстандағы табиғи байлықтардың шоғырлануын картада көрсетіп, атласта, карталарда көрсету

- Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: 154 беттегі кестені толтырыңыз


Командалар сайысы «Кім көп біледі?»

Оқушылар үш командаға бөлінеді. Олар өткен тақырыптар бойынша сұрақтармен картаны алады. Монетаның көмегімен командалардың капитаны бастайтын команданы сайлайды. Жеңіске жеткен капитан командаға алдымен сұрақ қоюға мүмкіндік береді, сол себепті қарсыластарға жауап беру қиынға соғуы үшін ең қиын сұрақты таңдау керек. Допты сұрақ қойылған қатысушыға жіберу қажет, егер соңғы жауап берсе, онда ол сұрақ қоюға мүмкіндігі бар, егер жоқ болса, онда доп бастапқы командаға қайта оралады

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді





Сұрақтарға жауап береді












Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері




Сабақтың ортасы


15 мин








20мин

Тапсырма-1. «Газ өндірісі» бейнеролигін қарап, төмендегі сұрақтарға жауап бер.

  • Қазақстандағы газ өнеркәсібінің даму тарихы қандай?

  • Қазақстандағы табиғи газды өңдеу орталықтарын ата

  • Газ ресурстарының болашағы қандай?

«Мұнай» бейнеролигін қарап, Қазақстандағы ірі мұнай кен орындарын контур картаға бейнеле.

Жауап: Қарашығанақ, Бозашы, Теңіз, Қашаған, Жетібай, Жаңа жол, Қаламқас, Кең қияқ, Қаражамбас және т.б.



БЖБ №3

Картамен жұмыс

Бейнефильммен жұмыс

Қазақстандағы ірі мұнай кен орындарын анықтайды













Презентация карта


Оқулық

Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

3 мин


Үй тапсырмасы: Тест сұрақтарың орыңдаңыз

Кері байланыс:

Қорытынды ойларын талқылайды


Маркер

Стикер

Флипчарт



























Жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары

,

Бөлім

Заттар және материалдар

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып: 6ә,6б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы құбыластардың көптүрлілігі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.3.5 пайдалы қазбалардың өндірілуі мен өңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіре алады

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы







7 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Үй тапсырмасы: Тест сұрақтарың орыңдаңыз


«Пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындар» сәйкестендір

(топтарға пайдалы қазбалардың аталуы мен өндірілетін орындардың атауы жазылған қима қағаздар таратылады.

Дұрыс жауабы:

Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау
Газ - Ақтау, Орал облысы
Алюминий – Арқалық
Мыс кені – Жезқазған
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде

Жағымды психологиялық ахуал қалыптасады



үй тапсырмасын тексеру

арқылы өткен тақырыпты

бекітеді



Сәйкестендіру жұмысын жасайды














Презентация

Оқулық

Жұмыс дәптері





Сабақтың ортасы


10 мин











15мин




10 мин

Тапсырма-1. Төменде берілген суреттерге мұқият қара. Онда Жердің қай қабатындағы өзгерістер көрсетілген, қалай ойлайсың? Әзіржауаптағы сөздерді пайдаланып, пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан орын алған осы қабаттағы өзгерістердің түрін ата.

Әзіржауап: карьер, үйінді, қайырма, жыра.


Тапсырма-2. «Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану деңгейі» (2016 жыл) № 5 ақпараттық графикасын мұқият қара. Пайдалы қазбаларды өндіру нәтижесінде литосфераның өзгеруімен ол қалай байланысқан? Ойланып, жауап бер.


Тапсырма-3. Кестені толтырыңыз: «Пайдалы қазбаны өндірудің экологиялық және әлеуметтік зардабы»

Пайдалы қазбаны өндірудің әлеуметтік зардабы

Пайдалы қазбаларды өндірудің экологиялық зардабы

1



2



3




Жердің қай қабатындағы өзгерістердің себептерін сипаттайды



«Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану деңгейі» графикасын зерттейді

Пайдалы қазбаларды өндіру нәтижесінде литосфераның өзгеруін сипаттайды



Пайдалы қазбаны өндірудің экологиялық және әлеуметтік зардабын тұссіндіреді











3 б







2 б





Презентация Оқулық

Жұмыс дәптері






Ақ қағаз, маркер

Сабақтың соңы

3

Үй тапсырмасы: Өзіңді тексер тапсырмасын орындаңыз

Кері байланыс:

Қорытынды ойларын талқылайды


Стикер

Маркер

Флипчарт



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2025
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі