|
Білім беру ұйымының
атауы
|
Ю. Сареми атындағы №107
мектеп-лицейі
|
|
Пәні
|
Қазақ тілі мен әдебиеті
|
|
Бөлім:
|
Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым
– аспандағы жұлдызым.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры
(үзінді)
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
Усманова Д
|
|
Күні:
|
29.01. 2026
жыл
|
|
Сыныбы: 8-«Д»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қызым – жағадағы
құндызым.
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары
|
8.3.6.1
тақырып бойынша бірнеше мәтінде
көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға
беру
8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және
поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын
талдау
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
Тақырып бойынша бірнеше мәтінде
көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға
береді.
Орта көлемді прозалық,
драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен
идеясын талдайды.
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Өзіне және айналадағы қоршаған ортаға,
адамдарға деген құрмет, ынтымақтастық, жауапкершілік.
|
|
Сабақ кезеңі/
уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу.
«Психологиялық жағымды ахуал
қалыптастыру:
«Менің
көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты:
оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға,
дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді
суреттеп салыңдар.
Үй тапсырмасын тексеру:
11- тапсырма,
28-бет. Демеулік шылауларды
пайдаланып, сөйлем құрау.
|
Сәлемдеседі.
Өз көңіл-күйін білдіріп, смайликтің
суретін салады.
Үй жұмысын
тексертеді.
|
«Смайликтер»
Дескриптор: 5-6 сөйлем құрап жазады – 1 ұ Демеулік шылауларды қолданады
– 1ұ, Сауатты жазады – 1 ұ
Жалпы: 3 ұпай
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
Сабақтың ортасы
33
мин
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Жазылым.
1-тапсырма. Жеке жұмыс. Көп нүктенің орнына
тиісті қосымшаларды қойып, мақал-мәтелді жазуды
ұсынады:
•
Қыз — ауыл... көркі, Жігіт —
ауыл... серті.
• Ана... көріп, ызын ал,
Ата... көріп, ыз... бер.
|
Көп нүктенің
орнына тиісті қосымшаларды қойып, мақал-мәтелді дұрыс
жазады.
|
Дескриптор:
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
Оқылым
3-тапсырма. Мәтінді түсініп
оқып, мәтінге тақырып
қойыңдар.
Мазмұнына жоспар құруды тапсырады.
Саралау
тәсілі: Жеке қажеттілігі бар
оқушыларды (төмен деңгейлі)«қолдау» әдісі арқылы саралау Тапсырма
орындауда тірек сөздер мен сөз тіркестерін ұсынып, сөйлем құрауды
тапсырамын.
|
«Мәтінмен
жұмыс»
Мәтінді түсініп оқып,
мәтінге тақырып қояды. Мазмұнына жоспар құрайды.
|
Дескриптор:
Мәтінді
түсініп оқып, мәтінге тақырып қояды – 1 ұ Мазмұнына жоспар
құрайды – 1
ұпай.
Жалпы: 2 ұпай
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері
|
|
|
Жазылым
4-тапсырма. Жұптық
жұмыс.
Екі
мәтіндегі ақпаратты салыстыруды, мәтін мазмұнындағы ұқсастық пен
айырмашылықты Венн диаграммасына түсіруді және мәтін мазмұны
бойынша пікір жазуды тапсырады.
Саралау
тәсілі: әр түрлі қабілеттегі
оқушыларды жұптастырамын. Бір-біріне қолдау көрсете отырып,
ынтымақтаса тапсырманы орындайды. Сөйлеуге уақыт беріледі. Жұбы
қолдау көрсетеді.
|
Екі мәтіндегі ақпаратты
салыстырады. Мәтін мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты Венн
диаграммасына түсіреді. Ойларын дәлелдеп айтады. Мәтін мазмұны
бойынша пікір жазады.
|
Дескриптор:
«Венн» диаграммасын жазады – 2
ұ
Мәтінге пікір жазады-1 ұ
Жалпы: 3 ұпай
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Ой толғаныс.
Рефлексия
Мұғалім
сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан кері байланыс
алады.
Үйге тапсырма.
Жазылым
10-тапсырма. (32-бет).
Ізетті, ибалы,
бойжеткен, жасөсіпірім, келін, қылықты, абырой
сөздеріне
демеулік шылауларды тіркестіріп, сөйлем құрауды
тапсырады.
|
«Еркін микрофон»
әдісі.
Ізетті, ибалы,
бойжеткен, жасөсіпірім, келін, қылықты, абырой
сөздеріне
демеулік шылауларды тіркестіріп, сөйлем құрайды.
|
Дескриптор:
6-7 сөйлем
құрайды – 1 ұ
Демеулік
шылау/ды тіркестіреді – 1ұ
Сауатты жазады – 1 ұ
Жалпы: 3 ұпай
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|