400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сыныптың қазақ тіліне ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп:


Күні: 3- тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Сөз таптары


Оқу мақсаттары

2.4.2.1 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру


Сабақ мақсаттары

Сөз таптарын ажырату, сөйлем ішінен анықтай білу.


Бағалау критерийлері

  • Сөз таптарын анықтайды;

  • Сұрақ қояды;

  • Сөйлемдер құрастырады;


Құндылықтарды дарыту

  • сыйластық

  • еңбек пен шығармашылық

  • жауапкершілік,

жалпы азаматтық құндылықтар


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

2 мин









3 мин















2 мин

 І Ұйымдастыру.

Оқушылар шеберге тұрып, бір-біріне «Жүрекше» арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

(Ұ) «Сөз құра, тез құра»

Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, мақалды құрастыра отырып, сыни ойлауын дамыту.

Оқушыларға сөздің буындары жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.

Тапсырма:

1. Сөз құрау

2. сөздерден мақал құрау.

3. мақалдың мағынасын ашу.

Құрастырылатын мақал: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

ЗАТ

аты


саны


сыны


қимыл, іс-әрекет

Кім? Не?



Қанша?Неше?

Нешінші?


Қандай?


Не істеді?

Қайтеді?

Неғылды?

Зат есім


Сан есім


Сын есім


Етістік


/ Оқушылар өз ойларын ортаға салады/.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?

/Оқушылардың ойы тыңдалады/

- Абай атамыз қандай 5 нәрседен қашық бол деді?

/ өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/

-Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін анықтау.



Жүрекше








Қима қағаздар














слайд


Орта


1 мин




5 мин



























15 мин







































3 мин













2 мин






4 мин

(МК,Ұ) «Кім жылдам»

Мақсаты: адасқан әріптерден сөз құрау арқылы сөз құрау, сыни ойлауын дамыту.

т е р г і е у г р з н и


ертегі грузин

(Т, Ұ) «Күннің көзі»

Мақсаты: толықтырушы сұрақтар арқылы өткен білімдерін қорыту, салыстыруға, талдауға дағдыландыру. Күннің көзін құрастыру арқылы жақсылыққа жету үшін әрбір адамның маңызды орын алатындығын түсіндіру.

Әрбір топтан екі оқушы шығады. Тақтада «Күннің көзі» бейнесі жапсырылып тұрады.

Тапсырма: «Күннің шуағында» жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы күнді шуақпен толықтыру.


Сұрақтар тізбегі:

- Ертегі дегеніміз не?

- Аңыз дегеніміз не?

- Ертегі мен аңыздың айырмашлығы неде?

- Ертегі мен аңызға ортақ ұғым?

- Ертегілер арқылы біз нені үйренуге болады? Олардың бізге берер пайдасы қандай?

- Грузин ұлты туралы не білесіздер?

- Қандай ұлттың ертегілерін білесіз? Атауларын айтыңыз.

- Еңбек туралы қандай ертегі немесе аңыз білесіз?

- Балалар, біз нені құрастырдық?

- Бұл тапсырма қаншалықты бізге пайдалы болды?

- Тапсырманы орындау арқылы не түйдіңіздер?

/Оқушылар өз ойларын ортаға салады/


(Т, Ұ, Ө) «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі

Мақсаты: Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау .


Оқушыларға қима қағаздар таратылып беріледі. Қағазда ертегі бөліктері жазылған.

Әрбір топ тізбектей отырып, ертегіні бөліктер бойынша оқып шығады.


Ертегі мәтіні:


1- топ: Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты: – Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау.


2- топ: Ұлын аяп анасы баласына он сомдық алтын береді: – Кешке дейін бір жерде бола тұр, – дейді ол баласына. – Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң "Мынаны еңбегіме алған едім" деп әкеңе бер. Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: – Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, – депті.


3- топ: Ұлы жымиып күліпті де, түк демей шығып кетіпті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: – Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтады. Анасының тілін алып, бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария тағы да алтынды отқа лақтырып жіберіп: – Жоқ, бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес, – депті.


4- топ: Оған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: – Әке, мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Сонда әкесі тұрып: – Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім жетті, – депті.


Ертегі оқылып болған соң, мазмұндалады.

Ертегіні мазмұндау реті төмендегідей:

1 топтың оқыған бөлігін 2 топ;

2- топтың оқыған бөлігін -3 –топ;

3- топтың оқыған бөлігін -4- топ;

4- топтың оқыған бөлігін -1 топ мазмұндайды.


(Ұ) Жоспар құру.

Мақсаты: мәтіндегі ойды түйіндей білуге дағдыландыру.

Оқушылар ұжыммен жоспар құрады.


Мәтінге жоспар:

1. Қарияның қартаюы.

2. Ұлының жалқаулығы.

3. Анасының ұлына жаны ашуы.

4. Ұлының әкесіне өтірік айтуы.

5. Ақ адал еңбек.

6. Әкесінің ұлының еңбектенгеніне көзі жетуі.


(Т) Мәтінге ат қою.

Мақсаты: мәтінге ат қоя білуге дағдылану.

Ертегіге әрбір топ өздерінің шығармашылығы бойынша ат таңдайды. Мұғалім ертегінің негізгі атауын айтады. Әрбір топ ертегі мазмұнына сәйкес келетін үздік атауды «Басбармақ» арқылы бағалайды.


(Ө, Қ)Кубизм стратегиясы.

Тапсырма жазбаша түрде орыналады.

1. Ертегі түрін ата?

2. Мына ертегі қай жанрға жатады?

3. Кейіпкері кім?

4. Анасы баласына не айтты?




слайд






Күннің көзі, шуактары

































Ертегі мәтіні терілген қағаздар












































Тақтамен жұмыс

















Слайд






Сұрақтар жазылған қағаздар


Соңы

3 мин

«Плюс, минус, қызықты» әдісі арқылы кері байланыс орнату.


Оқушылар сыныптың әрбір бөлігінде ілініп тұрған «плюс», «минус», «қызықты» сөздерінің бірін таңдап, сабақ бойынша кері байланыс жасайды.


Сыныптың әрбір бөлігінде «плюс», «минус», «қызықты» сөздері жазылған қағаздар ілініп тұрады


Қосымша мәліметтер

Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?

Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру.


Сұрақ-жауап

Өлшемдер бойынша

Сыйластық



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)

Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер

енгіздім?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз?



Қорытынды баға



Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?


1:


2:


Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?


1:


2:


Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.05.2026
6
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі