жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ZHANSUGUROV COLLEGE
С И Л Л А Б У С
Пән: Химия
Оқытушы: Бигалымова Дана Канатовна
Оқу жылы: 2026-2027
Семестр: 1,2
Курс: 1
Оқу тілі: қазақ
Жалпы сағат саны: 72 , кредиттер: 3
Теориялық сабақтар-30
Практикалық сабақтар-30
СОӨЖ-12
СӨЖ-18
Оқыту түрі: күндізгі
Талдықорған 2026 ж.
СИЛЛАБУС
НЕГІЗГІ АҚПАРАТ |
|||||||||||||||||
Оқытушы |
Б.Д.Канатовна |
||||||||||||||||
МОДУЛДІК АНЫҚТАМА |
|||||||||||||||||
Жыл / Семестр |
2026-2027 оқу жылы/ 1,2 |
||||||||||||||||
Курс / оқыту тілі |
1/ қазақ |
||||||||||||||||
Академиялық кредит саны/ECTS |
Жалпы сағат- 72 Теориялық сабақтар –30 Практикалық сабақтар-30 СОӨЖ -12 СӨЖ-9 |
||||||||||||||||
Оқыту форматы |
Күндізгі |
||||||||||||||||
Пәннің қысқаша сипаттамасы |
Заттар және олардың түрленуі, заттардың қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін беру, білім алушылрге мүмкіндік беру. өмірде қауіпсіз пайдалану үшін химиялық процестер, заңдылықтар және олардың заңдылықтары туралы түсінік алу, ақпаратты сыни бағалау және шешім қабылдау |
||||||||||||||||
Пәннің мақсаты |
Заттарды зерттеу: элементтер мен олардың қосылыстарының құрылымы, қасиеттері мен өзгерістерін анықтау;заңдылықтарды ашу: химиялық реакциялардың жүру шарттары мен механизмдерін, энергия өзгерістерін түсіндіру;жаңа заттар алу: қоғам қажетіне сай жаңа материалдар, дәрілік препараттар, тыңайтқыштар мен басқа да өнімдерді синтездеу;қоршаған ортаны қорғау: экологиялық таза технологияларды дамыту, зиянды қалдықтарды азайту жолдарын табу;өндірістік қолдану: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада және тұрмыста химиялық білімді тиімді пайдалану. |
||||||||||||||||
Пререквизиттері |
Жалпы жаратылыстану негіздері: математика (есептеу, пропорция, формулалармен жұмыс), физика (энергия, масса, зат күйі). Биологияның бастапқы ұғымдары: жасуша құрылысы, органикалық заттардың рөлі (әсіресе органикалық химияға кіріспе үшін). Жалпы және бейорганикалық химияның мектеп деңгейіндегі негіздері: химиялық элементтердің периодтық жүйесі, валенттілік, химиялық реакциялар типтері. Лабораториялық қауіпсіздік ережелерімен жалпы таныстық. |
||||||||||||||||
Постреквизиттері |
Дүниенің химиялық бейнесінің негізінде ғылыми көзқарасты қалыптастыру |
||||||||||||||||
Оқыту нәтижелері |
1.практикаға бағытталған білімдерді, химия ғылымының тұжырымдамаларын, теориялары мен заңдылықтарын игеру; 2.табиғатта, зертханада, өндірісте және күнделікті өмірде болып жатқан химиялық құбылыстарды бақылап, түсіндіре білуді меңгеру; 3.практикалық сабақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, заттармен және зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; 4.химиялық эксперимент жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, химиялық білімді өз бетінше меңгеру қажеттілігін дамыту; 5.жаратылыстанудың іргелі құрамдас бөліктерінің бірі және жалпы адамзаттық мәдениеттің элементі ретінде химияға көзқарасты тәрбиелеу; 6.химияның әлеуметтік мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған мәселелерді шешудегі өсіп келе жатқан рөлін ашу |
||||||||||||||||
Оқыту әдістері |
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: дәстүрлі әдіс, ойын, интерактивті (әңгімелесу, пікірталас, миға шабуыл, дөңгелек үстел, пікірсайыс, іскерлік ойындар, жағдайлық мәселелерді шешуге арналған практикалық жұмыстар) және басқалар. Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдық, ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады. |
||||||||||||||||
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР |
|||||||||||||||||
Негізгі |
1.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж. 2.М. Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова Химия: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж. 3.Қ. Аухадиева,Т, Белоусова Химия: Әдістемелік нұсқау 1,2 бөлімАлматы: «Мектеп», 2019ж. 4.Темирбулатова А., Сагимбекова Н., Алимжанова С.,Химия. Есептер мен жаттығулар жинағы Алматы: Мектеп, 2019 г. |
||||||||||||||||
Қосымша |
1.К.О.Бекишев, Н.Нұрахметов, Н. Заграничная,г. в. Абрамова химия: жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныпқа арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2014ж..- 304 бет. 2.А.Е.Темірболатова, Н.Н .Нұрахметов, Р. Н. Жұмаділова,С. К. Алимжанова.Химия: жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныпқа арналған оқулық. Алматы: Мектеп, 2015ж. -344 бет. 3.А.Темірболатова "Химия бойынша есептер мен жаттығулар жинағы", мектеп, 2012ж. 4.Б. А. Мансуров "Химия" 10-11 сынып, Атамура 2015 ж |
||||||||||||||||
Сандық ресурстар |
1.ҚР Ұлттық кітапханасының ресми сайты www.pushkinlibrary.kz 2.Қазақстанның ашық кітапханасы www.kitap.kz 3.Интерактивті тақта; 4.Мультимедиялық проектор; 5.Дербес компьютер, ноутбук, смартфон; 6.Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар; 7.«Duolingo» сайт 8.«Memrise» портал 9.«Udemy» сайт 10.«edX» сайт 11.«Coursera» сайт 12.«Лекториум» сайт 13.«Универсариум» сайт |
||||||||||||||||
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ |
|||||||||||||||||
Апта |
Тақырып, қарастырылатын сұрақтар |
Тапсырмалар |
|||||||||||||||
1-апта
|
Дәріс (2 с.) Атомдар құрылысының заманауи теориясы,атомдағы электрондардың қозғалысы. Химиялық элементтердің электртерістілігі, валенттілігі және тотығу дәрежесі. |
1.Атом және молекуланың қандай айырмашылықтары бар? 2. Атомдар құрылысының қандай заманауи теорияларын білесіздер? 3.Алғашқы 36 химиялық элементтің атомдарының электрондық және графикалық формуласын құрастырыңыз |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Атомдардағы электрондардың таралуы және қозғалысы. Химиялық байланыс. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) Иондық байланыс. Металдық байланыс. Сутектік байланыс. Кристалдық торлар. |
|||||||||||||||||
2- апта
|
Дәріс (2 с.) №1 зертханалық жұмыс: "Ковалентті байланысы бар заттардың (N2, O2, алмаз) модельдерін құрастыру".(VIIA)Топтың элементтері. Галогендердің қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау. |
Периодтық жүйенің шығу тарихын анықтаңыз. Әр топтың өзінің қызықты тарихымен бөлісіңіз. |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер. (VIA) тобының элементтері. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) (VA) тобының элементтері. |
|||||||||||||||||
3- апта
|
Дәріс (2с.) (IVA) тобының элементтері. Азот және аммиак молекулаларының құрылымы мен қасиеттері. Азот тыңайтқыштарының өнеркәсіптік өндірісі. |
Сұрақтарға жауап беріңіз
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) . Жай заттардың табиғаттағы таралуы және алу жолдары. Күкірт қышқылын алудың контактілі әдісі. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) Азот оксидтері мен нитраттардың және күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері. |
|||||||||||||||||
4- апта
|
Дәріс (2 с.) Металдар мен құймаларды алу. Комплексті қосылыстар. |
Комплексті қосылыстарды атаңыз K2 [PtCl6] [Co(NH3)4Cl2]Cl Na2 [Zn(OH)4] K4 [Fe(CN)6]
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Шойын және болат өндірісі. Сәулет өнеріндегі шойын және болат конструкциялар. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1с.) Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы. |
|||||||||||||||||
СӨЖ 3 с. |
|
||||||||||||||||
5- апта
|
Дәріс (2 с.) Тотығу-тотықсыздану процестері. Химиялық реакциялар және олардың жіктелуі. |
Бекіту тапсырмалары
1)2KNO3 = 2KNO2 + O2 2) Cl2 + KOH = KCl + KClO3 + H2O диспропорциялану |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2с.) Тотығу-тотықсыздану процестері. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар. Катализ. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) №2 зертханалық жұмыс: "Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсер ету тиімділігін зерттеу". |
|||||||||||||||||
6- апта
|
Дәріс (2 с.) Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдікке әртүрлі факторлардың әсері. Химиялық өндірістің ғылыми принциптері. |
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) №3 зертханалық жұмыс: "Әртүрлі факторлардың әсерінен динамикалық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу. Металл өндірісіндегі экологиялық проблемалар. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (2 с.) "Жасыл химияның" 12 қағидасы |
|||||||||||||||||
7- апта
|
Дәріс (2 с.) Органикалық химияға кіріспе. Қанықпаған көмірсутектер. |
Бекіту сұрақтарына жауап беріңіз
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Органикалық заттардың жіктелуі. Қанықпаған көмірсутектер.Алкендер. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) Полимерлену реакциясы. Полиэтилен өндірісі. |
|||||||||||||||||
8- апта
|
Дәріс (2 с.) Органикалық заттардың молекулаларының модельдерін құру. |
Кестені толтырыңыз
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) №4 зертханалық жұмыс: "Полимерлер және олардың қасиеттері".№1 практикалық жұмыс: "Пластиктер мен талшықтарды тану" |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (2 с.) Қанықпаған байланыстықа сапалық реакциялар. |
|||||||||||||||||
СӨЖ 3 с. |
|
||||||||||||||||
9- апта
|
Дәріс (2 с.) №5 зертханалық жұмыс: "Байланыстың қанықпауына сапалық реакциялар". Алкадиендер. Алкиндер. |
Есептерді шығарыңыз Ацетиленнің 6,72 литрінен 6г.бензол алынады. Бұл алынған масса теория жүзінде ығатын массаның қанша пайызы? Темір (ІІІ) хлоридінің қатысуында 19,5г бензолға 0,5 моль бром қосылды жән қоспа аздап қыздырылады. Егер өнім шығымы 80% болса, қандай заттар және қандай мөлшерде алынады? |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Алкадиендер. Алкиндер.Ароматты қосылыстар. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (2 с.) Гетероциклді қосылыстар |
|||||||||||||||||
10- апта
|
Дәріс (2 с.) Көмірсутектердің көздері. Табиғи газ. Мұнайға серік газдар . Құрамында оттегі бар органикалық қосылыстар. Спирттер бір атомды, көп атомды. |
Сөзжұмбақты
шешу. 2. Мұнайдан алынатын соңғы өнім 3. Мұнайға ілеспе газдағы бутаннан алынатын синтетикалық каучук 4. Мұнай фракциясынан алынған трактор жағар майы 5. Мұнайдан алынбайтын зат 6. Көміртек пен сутектен тұратын органикалық заттар 7. Бензолдың радикалы 8. Май тәрізді сұйықтық, жанғыш зат |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Мұнай өнімдерін қайта өңдеу. №6 зертханалық жұмыс "Спирттердің суда ерігіштігі, спирттердің жануы, бір атомды және көп атомды спирттерге сапалық реакциялары". |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) Фенолдар. |
|||||||||||||||||
11 апта
|
Дәріс (2 с.) Карбонильді қосылыстар. Альдегидтер және кетондар. Күрделі эфирлер. |
Берілген формулаларды изомерлердің түрімен сәйкестендіріңіз
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Карбон қышқылдары. Күрделі эфирлер. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 с.) Майлар |
|||||||||||||||||
12- апта
|
Дәріс (2 с.) Сабын және синтетикалық жуғыш заттар. Поликонденсация реакциялары. Полиамидтер және полиэфирлер. |
Келесі заттардан түзілген эфирлердің формуласын құрастырып атаңыздар А) бутан қышқылы мен метил спирті; СН3 – СН2 – СН2 – СОО- СН3 В) метан қышқылы мен пропил спирті;Н-СОО - СН2 - СН2 - СН3
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Жоғары молекулалық қосылыстар. Пластмассалардың қолданылуы және қоршаған ортаға әсері. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1сағ) Пластмассалар мен талшықтарды тану. |
Баяндама жазу |
||||||||||||||||
СӨЖ 3 с. |
|
||||||||||||||||
13- апта
|
Дәріс (2 с.) Жаңа заттар мен материалдарды игеру. Көмірсулар: моно, ди , полисахаридтер. |
Пластмассалар мен талшықтардың қолданылуы және олардың қоршаған ортаға әсері туралы қосымша ақпарат жинап, қысқаша баяндамалар дайындау. Пластмассалар мен талшықтардың қайта өңделу әдістері туралы зерттеу жүргізу және оның артықшылықтарын сипаттау. |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с) Нанотехнология. Көмірсулар: моно, ди , полисахаридтер. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1с) Альдегидті спирт ретіндегі глюкозаның химиялық қасиеттері. |
|
||||||||||||||||
14- апта
|
Дәріс (2 с.) № 8 зертханалық жұмыс: "Аммиак және аминдер молекулаларының модельдерін құрастыру". Амин қышқылдары. №10 зертханалық жұмыс: "Амин қышқылдарының қасиеттері" |
Сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Тағамдардың құрамында крахмал барын қалай анықтауға болады? 2. Жасаған тәжірибенің нәтижесіне сүйеніп, крахмал қандай тағамдарда болатыны туралы қорытынды жасаңдар. |
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Аминдер. 9-зертхана: аминқышқылдарының молекулаларын құрастыру және ассиметриялық көміртек атомын анықтау. Нәруыздар, құрылысы, қасиеттері. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1сағ) |
|||||||||||||||||
15 апта
|
Дәріс (2 с.) Нуклеин қышқылдарының құрылысы. Нәруыздардың денатурациясы және түс реакциялары. |
Әр түрлі салаларда ферменттерді қолдану туралы мағлұматпен бөлісіңіз.
|
|||||||||||||||
Практикалық/семинар/зертханалық/жеке дара сабақтар (2 с.) Ферменттердің рөлі және қолданылуы. Нәруыздардың денатурациясы және түс реакциялары. |
|||||||||||||||||
СОӨЖ (1 сағ) |
|
||||||||||||||||
Барлығы |
30-теория, 30-практикалық сабақ, -СОӨЖ-12сағ ,СӨЖ-9 |
|
|||||||||||||||
БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ
Бағалаудың балдық-рейтингтік əріптік жүйесі |
Әріптік бағалау |
Сандық эквивалент |
Балл (%) |
Дәстүрлі бағалау |
A |
4,0 |
95-100 |
Үздік |
|
А- |
3,67 |
90-94 |
||
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
|
В |
3,0 |
80-84 |
||
В- |
2,67 |
75-79 |
||
С+ |
2,33 |
70-74 |
||
С |
2,0 |
65-69 |
Қағаттанарлық |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
||
D+ |
1,33 |
55-59 |
||
D- |
1,0 |
50-54 |
||
FX |
0,5 |
25-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
|
F |
0 |
0-24 |
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1.
Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және қозғалысы.
Жоспар:
1. атом құрылысының заманауи теориясы
2. s, p, d, f орбитальдарының пішіні
X
IX
ғасырдың соңына дейін атом жай заттардың
ең кішкене бөлшегі және ол ары қарай
бөлінбейді деп келді. ХІХ ғасырдың соңы
мен ХХ ғасырдың басында атомдардың
күрделі бөлшек және ары қарай бөліне
алатындығын дәлелдейтін көптеген
жаңалықтар ашылды:
Катодтық сәулелер;
Табиғи радиоактивтілік;
Ядро құрылысы
Атомның
күрделі бөлшек екендігін осы тәжірибелер
жүзінде дәлелденді. Атом электрон (теріс
зарядты бөлшек), протон (оң зарядты
бөлшек) және нейтрон ( зарядсыз бөлшек)
тұрады. Ядро протон мен нейтроннан
тұрады, ал электрондар ядроны белгілі
бір реттілікпен айналады. Протон,
электрон, нейтрон элементар бөлшек деп
аталады, және олардың көлемдері мен
массалары өте кішкентай болғандықтан,
атомның көп бөлігі бос кеңістік болып
табылады. Элементар бөлшектердің
қасиеттерін оқулықтың 6 бетіндегі 1
кестеден көруге болады. Атом электробейтарап
бөлшек, себебі ядрода қанша оң зарядты
протон болса, ядроны сонша теріс зарядты
электрон айналады. Атомдағы протондар
Z, нейтрондар N, атомдық масса (нуклондық
сан) А деп белгіленеді. A=N+Z Мысалы,
көміртектің атомдық массасы 12, реттік
номері 6, ол атомдағы электрондар мен
протондар санын көрсетеді. Ал, енді
нейтрондарды есептейік: N=A-Z=12-6=6. Осылайша
нейтрондарды есептеуге болады.
Электрондардың қозғалысы өте күрделі
болып келеді. Ядро маңындағы электрон
қозғалатын кеңістік электрондық бұлт,
ал электронның болу аймағы атомдық
орбиталь деп аталады. Атомның электрондық
қауызы қабаттардан тұрады. Әр орбитальға
электрондық бұлт сәйкес келеді және
қозбаған күйде 4 түрлі типі бар: s, p, d, f.
Бір орбитальда спиндері әртүрлі
электрондар орналасады. Бір орбитальда
тек 2 электрон сияды. Әр бір электрон
бұлты өзіне тән пішіндерге ие. Мысалы:
s шар тәрізді болса, p гантель тәрізді,
ал қалған екеуі өте күрделі пішінге ие.
Оқулықтың 8 бетіндегі 2 суретке қараңыз.
Атомдар электрондарын беріп жіберіп
оң ионға, ал электрондарын қосып алып,
теріс зарядқа айналады. Бейтарап атомның
зарядты бөлшекке айналуын иондану
үдерісі деп аталады. Изотоп дегеніміз
электрондар мен протондар саны бірдей,
ал нейтрондар саны әртүрлі болатын
элементтер. Мысалы көміртектің 12 (
)
және 13 (
)
деген изотоптары белгілі.
Тапсырма1. №2,6,8 химиялық элементтеріне периодтық жүйедегі орны бойынша
сипаттама беріңіз
Тапсырма 2. №2,6,8 атом құрылысын жазыңыз
Тапсырма 3. №2,6,8 рет нөмірлі элементтердің электрондық формуласын жазыңыз
Үй
тапсырмасы:
Реттік
нөмірлері мынадай элементтердің
атомдарындағы электрон, протон, нейтрон
сандарын анықтаңдар:
а)Z=5,борB
ә)Z=9,фтор
F
б)
Z=13, алюминий Al
в)
Z=16, күкірт S.
Дәріс №2.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс.
Жоспар:
1.Химиялық байланыс.
2.Коваленттік байланыс.
3.Сутектік байланыс.
4. Иондық және металдық байланыстар.
Біздің айналамыздағы заттардың молекулалардан тұратынын білеміз. Молекулаларды құрайтын атомдар неліктен бір бірімен байланысады? Олар қандай күштің әсерінен бір бірімен ұсталып тұрады? Неліктен молеклалардың пішіні болады? Химиялық байланыс ұғымы бірден белгілі болған емес. Көптеген ғалымдар байланыстың заңдылықтарын ашуға ат салысты( Эмпедкол, Демокрит, Платон)
Атомдар – бұл екі түрлі тік бұрышты үшбұрыштар: катетті тең бүйірлі және гипотенузаның жартысына тең.
Платон өзінің шәкірттеріне өте көрнекі түрде үшбұрыштың бөлшектері арқылы орындалатын барлық өзгерістерді көрсетті. Ең алғашқы теориялардың бірі – француз химигі Бертолле ұсынған гравитациялық теориясы. Ол атомның басты сипаты – оның массасы, ал молеклалар сол массалар әрекеті арқылы түзіледі. Йенс Якоб Берцелиус (1779-1848) Электрохимиялық теория болды. Бұл теория бойынша: химиялық элементтер арасындағы байланысты олардың электрлік қасиеті тұрғысынан қарастырады. Яғни, химиялық элементтердің бір түрінде оң, ал екіншілерінде теріс зарядтар басым болады. Оң заряды басым элементтерге металдарды, ал теріс заряды бар элементтерге металл еместерді жатқыза отырып, химиялық қосылыстар осылардың арасындағы тартылыстан туындайды.
Химиялық байланыс деп молекуладағы атомдар арасында пайда болатын өзара байланыс. Химиялық байланыстың бірнеше түрлері бар.
Химиялық байланыстың 1916 жылы американ ғалымы Льюис ұсынды. Химиялық байланыс туралы қазіргі теорияның негізін қалаған неміс ғалымы В.Коссель мен американ ғалымы Г.Н.Льюис. Теорияда-
Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады.
Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады. Бір электрон жұбын түзу үшін әр атом бір - бір электроннан жұмсайды.
Электртерістігі бірдей сутектің 2 атомның әрекеттісіп молекулаға айналуын қарастырсақ. Сутек атомы оң оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі. Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлттары жақындасып бірімен-бірі араласады.
*Н
+ *Н Н**Н
Электртерістігі бірдей атомдар арасында түзілетін байланыс ковалентті полюссіз байланыс деп аталады. Мысалы, молекулалары бірдей: N2 , H2 , I2 , F2 , т.б. Ал электртерістігі әр түрлі элементтер арасында жүретін байланыс ковалентті полюсті деп аталады. Олар: HCl, HI, HF т.б.
Сонымен жалпы коваленттік байланыс дегеніміз ортақ электрон жұпатары арқылы түзілетін химиялық байланыс.
Бәріміз теңіз суларында тұз көп кездесетінін білеміз. Сол тұздардың арасындағы байланыс иондық байланыс деп аталады. Атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар теріс зарядты анмондарға айналады. Мысалы:
N
a0 +
F20 Na+ F-
N
a0 +
Cl20 Na+ Cl-
K
0+
Cl2 0 K+ Cl-
Z
n0 +
S0 Zn+ S-
Металдық байланыс қатты және сұйық күйдегі металдарға тән. Бұл өзара бір-біріне жуық оранласқан атом агрегаттарының қасиеті. Металдық байланыста ортақ электрон металл атомдарының бәрін бірдей берік ұстап тұрады. Металдық байланыстың коваленттік байланыспен кейбір ұқсастығы бар. Коваленттік байланысы бар кристалдар морт сынғыш, ал металдық байланыс арқылы түзілетін заттар жұмсақ, иілгіш, созылғыш болып келеді.
Сутектік байланыс құрамына сутегі мен электртерістігі күшті элемент фтор, оттегі, азот, кейде хлор, күкірт кіретін молекулалар арасында пайда болады, яғни молекулалар сутек арқылы байланысады.
Тапсырма 1. Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңыз: NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4
Тапсырма 2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Ковалентті полюсті байланыс – бұл ….. Әртүрлі бейметалдар арасында түзіледі. HCl, NH3 2. Ковалентті полюссіз байланыс – бұл ….. Атомдары бірдей бейметалдар арасында түзіледі. Н*+*Н, CO2 3. Иондық байланыс – бұл ...
Иондар +- арасында түзіледі. Ме+БейМе. NaCl, CsH
Үй тапсырмасы: І деңгей: Берілген қосылыстарды химиялық байланыс типіне қарай жіктеңіз: Br2, KI, CaF2, F2, CO2, SO3, HBr, Al2O3, P2O5, CaO, Na, KCl. ІІ деңгей:K және K+, Ca жәнеCa2+ бөлшектеріндегі электрондық құрылысының айырмашылығын көрсетіңіз. ІІІ деңгей: Келесі иондардағы Cl-, Mg2+, S2-протон, нейтрон, электрон санын анықтаңыз.
Дәріс №3.
Сабақтың тақырыбы: (VA) тобының элементтері.
Жоспар:
1. (VA) тобының элементтерінің ашылу тарихы
2.Физикалық және химиялық қасиеттері
3.Қолданылуы
VA топша элементтері (Азот,Фосфор)
2 типті элемент – N, P – және мышьяк пен ванадий топшасы – V топта. Азот – газ, фосфор -қатты зат. VIA топта оттегі күкіртке қарағанда активтігі жоғары, ал VA топта әсіресе ақ фосфор азотқа қарағанда активтігі жоғары. N2 молекуласын атомға бөлу үшін көп энергия керек. Ал азот атомы фосфор атомынан активті.
Азоттың
ашылу тарихы.Азотты
алғаш 1772 жылы Резерфорд Оның дем алуға
, жануға жәрдемсіз екендігін анықтап «
улы ауа » деп атаған . Сол жылы , ағылшынның
екінші
ғалымы Пристли азотты басқа
жолмен алып «флогистонданған ауа » деп
ат қойған . 1773 жылы Карл Вильгелм Шееле
ауаның екі газдан тұратындығын , оның
бірі « бұзылған ауа » екендігін анықтайды
. 1776 жылы Антуан Лоран Лавуазье осы
айтылған « улы » , « флогистонданған »
, « бұзылған ауаны » тексеріп соның
барлығы бір зат екендігіне көзі жетіп
ауаның бұл бөлігін азот (грекше « а »
Өзінен кейінгі сөзді теріс мағынаға
аударатын бөлшек « ЗОЭ » -тіршілік )
тіршіліксіз деп , азотсыз тіршіліктің
ЖОҚ екендігін білмегендіктен Лавуазье
азотқа қате ат қойған Азотты , англо -
саксон тілінде сөйлейтін елдерде
Nitrogen « селитра туғызушы » , неміс тілінде
Stickstoff — « тұншықтырғыш материя » деп
атайды.
Кездесуі, алынуы.
Жер қыртысында 0, 01%, 75% ауада азот болады. NaNO3 – чилий, KNO3 – индий, Ca(NO3)2 – норвегия селитралары кен күйінде кездеседі,сонымен бірге ақуыз құрамында, мұнайда, тас көмірде болады. Ауадағы азот
N2 +О2 →NO→NO2+H2O→HNO2+HNO3,
судағы металл иондарымен нитратқа айналады да, яғни өсімдік алады, өсімдік арқылы тірі организмдегі ақуызға (белокқа) айналады, органикалық қалдықтар айрылғанда азот молекулалық күйде қайтадан атмосфераға өтеді.
Алу (өндірісте)
Сұйық ауадан алады, оттегіден тазалау үшін балқытылған мыс арқылы өткізеді , сонда мыс, мыс(ІІ) оксидіне CuO айналады.
Зертханада алу:
1) NaNO2 + NH4Cl → NaCl + NH4NO2 → N2 + 2H2O;
2) 2NH3 + 3Br2 = 6HBr + N2
Таза азот металдар азидтерін термиялық айыру арқылы алады: 2NaN3=2Na+3N2
Физикалық қасиеті.Азот көлемі бойынша ауаның 78%-ын құрайды. Ол - түссіз, иіссіз, суда нашар еритін, ауадан сәл ғана жеңіл D (ауа) = 0,97,D (H2) = 14 болатын, жануды қолдамайтын, тыныс алуға жарамсыз газ. Ауадағы 1 л азот газының массасы 1,25 г. Азот 196°С-та сұйылады, -210°С-та қатады (қар тектес). 209,86 °C кезінде азот қатты күйде қарға ұқсас масса немесе үлкен қарлы ақ кристалдар түрінде өтеді. Ауамен жанасқан кезде одан оттегіні сіңіреді, бұл ретте азотта оттегі ерітіндісін түзе отырып, ерітіледі. Қатты азоттың үш кристалды модификациялары белгілі. 3.гексагональды тығыз қаптамасы бар β — N2 фазасы бар, p63/mmc кеңістіктік тобы, тор параметрлері a=3,93 Å и c=6,50 Å. 36,61 К-ден төмен температурада pa3 немесе P213 кеңістіктік тобы және A=5,660 Å периоды бар α-N2 текше торлы фазасы бар. 3500 атмосферадан астам қысым мен 83 K төмен температура астында γ-N2 гексагоналды фаза түзіледі.
Тапсырма 1. Іс жүзінде мүмкін болатын реакцияларды аяқтаңыз:
1) NH4Cl + AgNO3 → 5) (NH4)2CO3 + HCl →
2) AgCl + NH4NO3 → 6) NH3 + HNO3 →
3) (NH4)2SO4 + NaOH → 7) NH4Cl + CO2 →
4) NH4Cl →
Тапсырма 2. Коэффициенттерді электронды баланс әдісімен орналастырыңыз, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
1) CuO + NH3 → Cu + N2 + H2O
2) H2S + HNO3 → H2SO4 + NO2 + H2O
3) C + HNO3 → CO2 + NO + H2O (қосымша)
Үйге тапсырмасы:Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Қосылыстардағы азоттың тотығуының ең жоғары дәрежесі
а) -3 б) 0 в) +5 г) +2
2. Фосфор (V) оксиді әрекеттеспейді
а) сумен б) кальций оксидімен в) кальций гидроксидімен г) күкірт оксидімен (VI)
3. Сапалық реакциядағы аммоний тұздары бөліну арқылы анықталады
а) жаңа тұз б) аммиак в) күшті негіз г) аммиак және су
Дәріс №4.
Сабақтың тақырыбы: Күкірт қышқылын алудың контактілі әдісі.
Ядро
зарядтары бірдей, ал массалары әртүрлі
бір элемент атомының түрлері изотоптар
деп аталады. Изотоптар бір-бірінен
ядродағы нейтрондар саны бойынша
айырмашылық болады. Табиғатта көптеген
элементтер изотоптардың қоспасы түрінде
кездеседі. Сутектердің изотоптарының
атаулары ғана бар: протий (
),
дейтерий (
,
тритий (
.
18 бетте 6 кестеде кейбір элементтердің
изотоптары берілген. Химиялық элемент
– бұл ядро зарядтары бірдей атомдардың
жиынтығы.
1 есеп. Құрамы 88,89 % оттек пен 11,11 % сутектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар. Заттың гелий бойынша салыстырмалы тығыздығы 4,5-ге тең.
Шешуі: 1. Салыстырмалы тығыздық бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын Mr(HxOy) есептейміз.: Mr=DHe*Mr(He)= 4.5*4=18
2.
х және у қатынасын
формуласы бойынша табамыз:
х:у
=
=
= 11,11: 5,56= 2:1 (Ішіндегі ең кішісіне
екеуінде бөлеміз – 5,56 ға)
3. Қосылыстың формуласы Н2О
2 есеп. Бейорганикалық заттың құрамында 40 % кальций, 12 % көміртек және 48 % оттек кіреді, заттың формуласын табыңдар.
Шешуі: Эмпирикалық формуладағы кальций, көміртек және оттектің индекстерін x, y, z әріптерімен белгілейміз. CaxCyOz. x, y, z мәндерінің қатынастарын табамыз:
x:y:z=
=1:1:3
формуласы: СаСО3
3 есеп. Бейорганикалық заттың құрамына 43,4 % натрий, 11,3 % көміртек және 45,3 % оттек кіреді, заттың формуласын табыңдар.
Шешуі: Қосылыстың формуласын NaxCyOz деп белгілеуге болады. x, y, z мәндерінің қатынастарын табамыз:
x
: y : z =
= 1,88 : 0,94 : 2,82. Алынған шамаларды бүтін
санға айналдыру үшін олардың барлығын
ең кішісіне бөлеміз:
x
: y : z =
= 2:1:3 Жауабы: Na2CO3
Тапсырма 1.Сұрақтарға жауап беріңіз
Күкірт қышқылы өндірісінің экологиялық проблемаларын сипаттап, оларды шешудің жолдарын ұсыныңыз.
Неліктен SO₃ тікелей сумен қосылмайды, алдымен H₂SO₄ ерітіндісіне сіңіріледі?
Тапсырма 2. «Күкірт қышқылы өндірісіндегі экологиялық қауіпсіздік және заманауи катализаторлар» тақырыбында ой толғау
Үй тапсырмасы:Есептерді шығарыңыз
1.Массасы 12,8 г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күкіртті газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер. Жауабы: 4,48 л.
2.Реакция толық жүру үшін массасы 500 г массалық үлесі 20%-дық күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша магний оксидін қосу қажет? Жауабы: m(MgO) =40,8 г.
Дәріс №5.
Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процестері.
Жоспар:
1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
2. Заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттері.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) — реакцияға қатысушы заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруімен жүретін реакциялар
18 ғасырдың аяғында А.Лавуазье жанудың оттекті теориясын ұсынған кезден бастап тотығу заттардың оттекпен қосылуы, ал тотықсыздану оттекті бөліп алу процестері деп қаралған. 1920 – 1930 ж. химияда электрондық түсініктің қалыптасуына байланысты оттек қа-тыспайтын реакциялардың да Тотығу-тотықсыздану реакциялар болатындығы анықталды. Тотығу-тотықсыздану реакциялар процестері көбінесе электрондық теңдеулермен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына қайшы келмес үшін Тотығу-тотықсыздану реакциялар кезінде тотықтырғыштың қосып алған электрондар саны тотықсыздандырғыштың берген электрондар санына тең болуы керек деген жалпы ереже сақталады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын коэффиценттер қойып теңестірудің екі әдісі бар: электрондық тепе-теңдік және электрон-ион. Электрондық тепе-теңдік әдісі бойынша берілген және қосып алған электрондар саны элементтердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тотығу дәрежесінің негізінде анықталады.
1+HO+1Cl болатын Тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы тепе-теңдік қышқылдық ортада солға, ал негіздік ортада оңға ығысады. Күшті тотықтырғыш Mn+7 қышқылдық ортада Mn2+-ге дейін, сілтілік ортада Mn+6, бейтарап ортада Mn+4O2 молекуласына дейін тотықсызданады. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының стехиометр. коэффицеттерін табудың бұлардан басқа А.Гарсиа, электронды баланс, матем. әдістері де бар. Химияда Тотығу-тотықсыздану реакциялар өте көп таралған. Мысалы,HClЭлектрон-ион әдісі бойынша жалпы иондық реакцияларды құру ережесіне сәйкестеп реакция сұлбасын құ-рады. Күшті электролитті ион түрінде, бейэлектролит пен әлсіз электролиттерді, газдарды және тұнбаларды молекула күйінде жазады. Бұл әдіс реакция жүрген ортаның табиғатына байланысты. Себебі реакция бағытына орта күшті әсерін тигізеді. Мыс., +H2O аммиак, азот қышқылы, күкірт қышқылын алу, электролиз (анодта электрхимиялық тотығу, катодта электрхим. тотықсыздану), жану процесі, металдар коррозиясы, фотосинтез, т.б. маңызды биологиялық құбылыстар Тотығу-тотықсыздану реакциялар процесіне жатады. Тотығу-тотықсыздану реакциялар өнеркәсіпте және техникада көміртек (ҚҚ, ҚV) оксидтерін, таза металл, т.б. алуда кеңінен қолданылады.
Заттардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін анықтау
Біз күкірттің бірнеше қосылыстарын білеміз: күкіртті сутек H2S, күкірт қышқылы H2SО4, күкірт (VI) оксиді SО3, күкіртті қышқыл H2SО3, күкірт (IV) оксиді SО2. Міне, осы заттардың әрқайсысының тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы атқарар рөлін тек олардың формулаларына қарап анықтауға болады. Ол үшін осы қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін пайдалануға болады.
Көрсетілген қосылыстардағы күкірттің тотығу дәрежелері: - 2 (H2S), +4 (H2SО3, SO,), +6 (H2SО4, SО3) мәндерін көрсетеді, енді осы сандарды сан өсіне салып, тотығу дәрежелерінің өзгерулерін қарастыралық:
Элемент ең төменгі тотығу дәрежесінде тек тотықсыздандырғыш, ең жоғарғы тотығу дәрежесінде тек тотықтырғыш, ал аралық тотығу дәрежесінде болса әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады.
Бөлшек (атом, молекула) электронды бергенде оның оң тотығу дәрежесі артса, қосқанда оң тотығу дәрежесі кеміп, теріс тотығу дәрежесінің абсолюттік мәні артады.
Тапсырма 1. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар:
a) H2S + Cl2 = HCl + S
b) HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O
c) HCl + MnO = MnCl2 + H2O + Cl2
Тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеулерін құрыңдар:
А) күкірттің сутекпен әрекеттесу реакциясы
Ә) калийдің сумен әркеттесу реакциясы
Тапсырма 2. Қай заттар тотығып , қай заттар тотықсызданатынын көрсетіп,тотығу дәрежелерін қойыңдар: 2H2+O2=2H2O №1
Тотығу процесі Тотықсыздану процесі 2Na +Br2=2NaBr №3
Тотығу процесі |
Тотықсыздану процесі |
|
|
Үйге тапсырма:
ТТР дегеніміз не?
Мына теңдеулер ТТР қай типіне жатады:
1) 2KNO3 = 2KNO2 + O2
2) Cl2 + KOH = KCl + KClO3 + H2O диспропорциялану
Дәріс №6.
Сабақтың тақырыбы: Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдікке әртүрлі факторлардың әсері.
Жоспар:
1. Химиялық реакция жылдамдығы
2. Әрекеттесуші массалар заңы
3. Вант – Гофф ережесі
4. Химиялық тепе-теңдік және оның тұрақтысы
Химиялық кинетика химиялық реакциялар жылдамдығы және оларға әртүрлі факторлардың әсерін зерттейді.
Химиялық реакция жылдамдығы әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясының уақыт бірлігінде өзгеруі.
өлшем
бірлігі, моль/мин
(4.1)
∆С = C2 – C1
∆ t = t 2 – t 1
Мұндағы ∆ С- концентрацияның өзгеруі
∆ t - температураның өзгеруі
Химиялық реакция барысында реакцияға кіретін заттар концентрациясы азайып, реакция өнімдерінің концентрациясы жоғарлайды.
Vгомог.= ∆С/ V. ∆t, моль/мл.мин (4.2)
Vгетер.= .∆C/ S. ∆t, моль/см2.мин (4.3)
ӘРЕКЕТТЕСУШІ МАССАЛАР ЗАҢЫ
Химиялық реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін әрекеттесуші массалар заңы сипаттайды.
Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттар концентрациясының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың стехиометриялық коэффициенттері дәреже түрінде алынады. aA + вВ = сС + dD реакциясы үшін
V= k[A]a[B] b тура реакция (4.4)
V= k[C]c [D]d кері реакция (4.5) k–жылдамдық константасы, олар әсер етуші заттар табиғатына, температураға тәуелді, бірақ концентрацияға тәуелді емес. Әрекеттесуші массалар заңын 1868 жылы Норвегиялық ғалымдар Гульдберг және Вааге ашқан. Егер [А] = [В] = 1, онда V=K жылдамдық константаға тең болады.
Екі теңдеу де бірдей химиялық реакция жылдамдығы теңдеуі, сондықтан кинетикалық теңдеу деп аталады.
V= k[A]a[B] b = k[C]c [D]d (4.6)
мұнда V - химиялық реакция жылдамдығы;
[A]a = [B]b=[C]c =[D]d-реагенттер және өнімдер концентрациялары; Нақты мысалдар қарастырайық:
а) гомогендік жүйе, фаза бір агрегаттық күйде болса N2 (г) + 3H2 (г) = 2NH3 (г); V=k [N2][H2]3. Заттардың агрегаттық күйін белгілеу:
қ, к –қатты, кристалл; г – газ тәрізді; с – сұйық; п – плазмалы.
б) гетерогендік жүйе, фазасы әртүрлі агрегаттық күйде болса: CaO(к)+CO2(г)=CaCO3(к);
V= KCO2; немесе V=K[CO2]
Егер жүйеде қатты зат болса, олардың концентрациялары химиялық реакциялар жылдамдығы тұрақтысына (К) есептеледі де, жылдамдық теңдеуінде жазылмайды, ал сұйық зат және газдардың концентрациясы жазылады да, олардың коэффициенттері дәреже түрінде жазылады.
Химиялық реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
Вант – Гофф ережесі
Бірнеше гомогендік жүйелерде жүйе температурасын (С0-пен) әрбір 100C көтергенде (түсіргенде) химиялық реакциялар жылдамдығы шамамен 2–4 есе артады (кемиді).
(4.7)
мұнда - соңғы температура кезіндегі реакция жылдамдығы;
-
бастапқы
температура
кезіндегі
реакция
жылдамдығы;
- гамма,
температуралық
коэффициент,
2, 3, 4-ке
тең.
Химиялық реакция жылдамдығына катализатор әсері
Катализатор – реакция жылдамдығын өзгертіп, бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.
Катализатор тура және кері реакция жылдамдығына бірдей әсер етеді. Катализатордың қатысы нәтижесінде активті молекулалар саны артады да, жылдамдық өседі. Катализатор реакция жылдамдығын арттырса оң катализ деп, ал төмендетсе теріс катализ деп атайды.
Катализатор әсерінен жылдамдығы өзгеретін процестерді каталитикалық процесс немесе катализ деп атайды. Реакция жылдамдығын тежейтін катализаторды ингибитор, биологиялық катализаторды ферменттер деп атайды.
Химиялық тепе-теңдік және оның тұрақтысы
Химиялық реакцияның 2 түрі бар:
қайтымды
қайтымсыз
Қайтымсыз реакция – тек бір бағытта жүреді және әрекеттесуші заттың біреуі толық шығындалады.
Мысалы:
2KClO3→2KCl+3O2↑
Қайтымды реакция – кері және тура бағытта жүреді.
Мысалы: 3H2+N2↔2NH3
Қайтымды реакцияларда (↔) тура және кері реакциялардың химиялық реакция жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік туындайды.
aA + вВ = сС + dD реакциясы үшін V1= k[A]a[B] b тура реакция
V2= k[C]c [D]d кері реакция
V1= V2; k[A]a[B] b = k[C]c [D]d
(4.8)
aA + вВ = сС + dD - жалпы теңдеу;
V1- тура реакция жылдамдығы; V2- кері реакция жылдамдығы; k1,k2 - тура және кері реакция жылдамдығы тұрақтысы; Kт/т- тепе-теңдік тұрақтысы.
Химиялық тепе – теңдік тұрақтысы – берілген реакция үшін тұрақты шама болып табылатын, қайтымды реакцияларда түзілген заттардың молярлық концентрацияларының көбейтіндісін реагент заттардың молярлық концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасы, мұнда теңдеудегі коэффициенттер концентрацияның дәрежелік көрсеткіші ретінде есептелінеді.
Ле – Шателье принципі
Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтамай, тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары ғана теңесетіндіктен оны жылжымалы, динамикалық тепе-теңдік дейміз, жүйенің кез-келген параметрін өзгертсе (P, V, C, T) тепе-теңдік ығысады.
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле – Шателье принципіне бағынады.
Химиялық тепе-теңдік күйіне келіп тұрған жүйенің жағдайының біреуін өзгерту (P, V, C, T), тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады.
Концентрация (С) әсері aA + вВ = сС + dD реакциясы үшін
мұнда a, b, c, d – коэффициенттер;
A, B, C, D –реагенттер және өнімдер формулалары
а) А және В реагенттері концентрацияларын арттыру үнемі тепе-теңдікті
оңға ығыстырады, ал азайту солға ығыстырады;
б) С және Д өнімдерінің концентрацияларын арттыру үнемі тепе-теңдікті
солға ығыстырады, ал азайту оңға ығыстырады;
Қысым (Р) әсері
Мысалы: 3H2+N2↔2NH3 4 моль: 2 моль
а) қысымды (Р) ұлғайтқанда жүйе қысылады да, көлем (V) азаяды, көлем бірлігіндегі бөлшектер саны артады, моль саны аз реакция бағытына қарай, реакция жүреді, біздің мысалда - тура реакция;
б) қысымды (Р) азайтқанда көлем (V) артады, көлем бірлігіндегі бөлшектер саны азаяды, моль саны көп реакция бағытына қарай , реакция жүреді, біздің мысалда - кері реакция.
Температура әсері (Т) aA + вВ = сС + dD ∆H<0, тура экзотермиялық;
а) Температураны (Т) арттырғанда кері реакция бағытына қарай жүреді,
яғни эндотермиялыққа ;
б) Температураны (Т) азайтқанда тура реакция бағытына қарай жүреді,
яғни экзотермиялық.
aA + вВ = сС + dD ∆H>0, тура эндотермиялық;
а) температураны арттыру тепе-теңдікті оңға қарай ығыстырады, яғни
эндотермиялық реакция бағытына қарай;
б) температураны азайту тепе-теңдікті солға қарай ығыстырады, яғни
экзотермиялық реакция бағытына қарай;
Тапсырма 1. Есептеңіз.
1.Егер теп-теңдік концентрациялары: [А]=0,15 моль/ л; [В]=0,38 моль/л; [С]=0,298моль/л тең болса,А+2В=С реакциясының тепе-теңдік константасы неге тең болады?
2. Берілген қайтымды реакциялардағы тепе-теңдіктің ығысуына қысымның өзгерісі қалай әсер етеді?
Н2(г)+Cl2(г)=2НCІ
С3Н6(г)+H2(г)=C3H8(г)
Тапсырма 2. Тест тапсырмалары.
1. Қысымды жоғарылату осы тепе-теңдікті ығыстыруға әсер етпейді
A) CaCO3 ↔ CaO + CO2 B) 2H2 + O2 ↔ 2H2O
C) N2 + 3H2 ↔ 2NH3 D) CO + H2Oбу ↔ СО2 + Н2
2. Берілген реакцияның CO + H2O ↔ CO2 + H2 + Q тепе-теңдігін оңға қарай ығыстыратын жағдай
A) Қысымды жоғарылату B) Қыздыру
C) Қысымды азайту D) СО2 концентрациясын азайту
3. Қысымды жоғарылатқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі
A) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады.
B) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады.
C) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады.
D) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады.
4. Қысымды азайтқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі
A) әрекеттесуші заттар реакциясы жағына ығысады.
B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады.
C) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады.
D) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады.
5. Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ..
A) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады
B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады
C) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады
D) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады
6. Реакция өнімінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...
A) өнімдер түзілетін бағытқа қарай ығысады.
B) реагенттер түзілетін бағытқа қарай ығысады.
C) эндотермиялық реакция жағына ығысады.
D) экзотермиялық реакция жағына қарай ығысады.
Үй тапсырмасы: Есептерді шығарыңыз:
1.
Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар
ерітіндіге 6,5 г мырыш салғанда бөлінген
сутектің көлемі қандай?
2.
Құрамында 49 г күкірт қышқылы бар
ерітіндімен 4 г магний оксидін өңдегенде
алынған тұздың массасын табыңдар.
Дәріс №7.
Сабақтың тақырыбы: Органикалық химияға кіріспе.
Жоспар:
1. Органикалық химияға кіріспе
2. Органикалық химияның маңызы
Органикалық химия — химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы. Органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістіктік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді. Органикалық химия терминін алғаш 1808 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған. Бұл термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді. 19 ғасырдың аяғында көптеген зерттеулер нәтижесінде органикалық қосылыстар синтезделіп, ол түсінік жоққа шығарылды. Органикалық химияның ғылым ретінде дамуы осы кезден басталады. Органикалық химияның дамуында 1861 жылы А.Бутлеров ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы маңызды орын алады. Осыған байланысты органикалық химияға химиялық байланыс, молекулада атомдардың байланысу реті, олардың өзара әсері, т.б. жаңа ұғымдар енді. Бутлеровтың құрылыс теориясы осыған дейін белгісіз болып келген изомерия құбылысын толық түсіндіре алды. Одан басқа: типтер теориясы, фрагменттердің молекуладан өзгеріссіз жаңа молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік орналасуы, атомдардың өзара әсер теориялары, т.б. көптеген жаңалықтар органикалық химияны одан әрі дамытты. 20 ғасырдың басында талдаудың жаңа физикалық әдістері жасалып, жетілдірілді: хроматографиялық, ЭПР, рентген, құрылымдық талдау, масс-спектроскопия, ядролық-магниттік резонанс, инфрақызыл және ультракүлгін-спектрометриясы, т.б. Бұл әдістер химиялық әдістерді қолданбай-ақ, күрделі органикалық заттардың құрылымын тез және дәл анықтау мүмкіндігін берді.
1915–1916 жылдары химияға кванттық механика әдістерін қолдануға байланысты органикалық қосылыстарда электрон және оның тығыздығының таралу табиғатын түсінуге мүмкіндік туды (мезомерия және резонанс теориясы). 20 ғасырдың 2-жартысында тізбекті реакциялар теориясы, қышқыл-негіз және гетерогендік катализ теорияларын түсінуге жол салған зерттеудің кинетикалық әдістері қолданыла бастады. Әсіресе сұйық отын тапшылығы туғанда Бергиус реакциясы арқылы көмірді сұйық көмір сутектерге гидрлеу орын алды (1912–1913). Полимерлер химиясы кең өріс ала бастады. 1897 – 1999 жылдары полимерлеу нәтижесінде каучук, медицина мен техникада қолданылып жүрген бластомерлер алынды. Ал 1936 жылы синтетикалық полимерлер найлон, тефлон синтезделді. Полимерлер химиясы жоғары молекулалы қосылыстар деп аталатын химияның үлкен бір саласына айналды. Органикалық химияда бояулар химиясы ерекше орын алады. Бұл саланың дамуында неміс химик-органигі А.Гофман (1818–1892) лабораториясының еңбектері зор болды. 1856 жылы ең алғашқы синтетикалық бояғыш – мовеин, ал 1858 жылы фуксин алынды. Бояғыш заттар фотография ісінде кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда органикалық химия өткен ғасырдың 30-жылдарынан дами бастады.
Органикалық химияның маңызы.
Органикалық химия көптеген өндірістік үрдістердің теориялық негізі болып табылады.
Мұнай химиясы – мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру.
Кокс химия өндірісі – тас көмірді өңдеп, кокс алумен айналысады, ал кокс домна пешінде пайдаланылады (коскстан басқа кокс шайыры мен кокс газы түзіледі, ал олар – әрі қарай өңделетін бағалы шикізаттар).
Жоғары молекулалы заттар өндіру саласы синтетикалық талшықтар, каучук, пластмасса алумен айналысады.
Лак-бояу өндірісі.
Улы химикаттар болатын (S,N,P) - органикалық заттар және органикалық тыңайтқыштар алу.
Дәрі-дәрмек өндірісі екі жолмен дамуда: 1) табиғи қосылыстардан бөліп алу; 2) синтетикалық жолмен алу.
Ағаш өңдеу мен целлюлоза - қағаз өндірісі.
Тірі ағзаларда жүретін химиялық үрдістерді биохимия зерттейді, бұл – органикалық химияның биологиямен және медицинамен тығыз байланысты саласы.
Осы айтылған барлық өндіріс салаларында табиғи қорлар мен энергияны және еңбек күшін мейілінше аз шығындап, өнімдердің шығымын арттыру міндеті тұр.
Одан басқа барлық өндірісте қалдықтары аз немесе қалдықсыз тұйықталған технологияларды қолдану арқылы өндірістің экологиялық зиянын азайтып, экономиялық тиімділігін арттыру көзделген.
Тапсырма 1. ХІХ ғасырдың ортасында органикалық химияның алдында қандай проблемалар тұрды, ғылыми тұрғыдан түсірдіруді талап еткен қандай қайшылықтар, сұрақтар? ( органикалық қосылыстардың көп болу себептері,олардың қасиеттерінің ерекшеліктері, органикалық заттарда көміртегі валенттілігінің сақталмайтын сияқты көрінуі, изомерия құбылысын сипаттаңыз?
Тапсырма 2. Органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады? Күнделікті өмірде қандай органикалық заттарды пайдаланып жүрсіндер?
Органикалық химия нені зерттейді?
Үй тапсырмасы:Органикалық химияның шығу тарихы тақырыбында қызықты мәлімет әкелу.
Дәріс №8.
Сабақтың тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер.
Жоспар:
1.Алкендерге жалпы сипаттама.
2.Физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Қолданылуы.
Алкендер — молекула құрамында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын қанықпаған көмірсутектер.
Алкендердің ең қарапайым өкілі — құрамында екі көміртек атомы бар — этилен С2Н4. Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталатындықтан, алкендер этилен қатарының көмірсутектері немесе олефиндер деп те аталады. Алкендердің жалпы формуласын СnН2n (n= 2) деп есептеп, этиленнің молекулалық формуласын табуға болады:
C2H2•2=C2H4
ықшамдалған құрылымдық формуласы:
CH2=CH2
Алкендердің құрылысы. Алкендердің құрылысын олардың ең карапайым мүшесі—этиленнің (этеннің) С2Н4 мысалында қарастырайық. Этилен молекуласындағы көміртек атомының әрқайсысы екі сутек атомымен байланысқан және олар өзара қос байланыс арқылы жалғасқан .
Алкендерде көміртек атомдары sр2-гибридтенген күйде болады. Этилен молекуласындағы әр көміртек атомының бір s-және екі р-электрон орбитальдары гибридтенуге қатысады. Яғни, әр көміртек атомында үш гибридтенген электрон бұлты және бір гибридтенбеген р-электрон орбиталь болады. Үш гибридтенген орбитальдың екеуі сутек атомдарының s-электрон бұлттарымен екі σ-байланыс, ал үшінші гибридтенген орбиталь екінші көміртек атомының осындай орбиталімен қаптасып тағы бір σ-байланыс барлығы бес σ-байланыс [бір sp2 — sp2 (С — С) және төрт sp2— s(С — Н)] түзеді. Гибридтенбеген р- электрон орбитальдары σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр орналасып, бір-бірімен жазықтықтың екі жағында (астында және үстінде) каптасып, екі π-электрондар арасында (С — С) бір π-байланыс түзеді. Яғни, этеннің молекуласындағы көміртек атомдары өзара бір σ-және бір π-байланыстар арқылы жалғасады. Қос байланыстың ұзындығы 0,134 нм, байланыс энергиясы 612 кДж/моль болады. π-байланыс σ-байланысқа қарағанда әлсіз болады да, реакцияға түскенде оңай үзіледі.
Физикалық қаcиеттері.Алкандардың гомологтық қатарындағы жалпы заңдылықтар (сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы) алкендердің қатарында да байқалады. Гомологтардың молекулалық масcаларының өсулеріне байланысты балқу және қайнау температуралары мен тығыздықтары артады. Алкендердің алғашқы үш мүшесі (этен, пропен, бутен) газдар, пентеннен С5Н10 бастап сұйық, ал С18Н36-дан бастап қатты заттар.
Нормальді құрылымды алкендер тармақты изомерлерінен жоғарырақ температурада қайнайды. Цис- және транс- изомерлердің қайнау және балқу температураларында айырмашылықтар болатыны туралы өткен тақырыпта қарастырылды. Алкендер судан жеңіл, суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері.Құрамында қос байланыс болғандықтан, алкендер едәуір белсенді қосылыстар. Алкендердің химиялық қасиеттері, негізінен, молекула құрамындағы қос байланыспен анықталады. Қос байланыс екі молекулалық орбитальдан тұрады: біреуі σ-, ал екіншісі π-типті. Әр түрлі реагенттердің әсерінен әлсіздеу π-байланыс үзіледі.
Алкендердегі қос байланыстың электрондары бір-бірінен тебілуі нәтижесінде π-байланыстың электрон тығыздығы көміртек атомдарының ортасындағы осьтің бойынан қашығырақ орналасады. Сондықтан электрон беретін реагенттердің (теріс зарядты) жақындаулары қиын болады да, ал электрон қабылдайтын реагенттердің әсерінен әлсіздеу π-байланыс үзіледі.
Этилен мен оның гомологтары қосылу, полимерлену және тотығу реакцияларына түседі.
Реакцияға түсу кезінде алкандар сияқты орын басу емес, қосылу реакциялары жүреді.
Алкендердің атаулары мен изомерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Нормальді алкендерді атағанда көбіне сәйкес алканның -ан жұрнағын -илен жұрнағына алмастырады: этанға сай алкен — этилен, пропанға сай — пропилен және т.б.
Халықаралық номенклатура бойынша атағанда, сәйкес алканның -ан жұрнағы -ен жұрнағына алмастырылады: алкан — алкен, этан — этен, пропан — пропен және т.с.с. Алкендерді халықаралық номенклатура бойынша атауды қарастырайық:
1. Алкеннің құрылымдық формуласынан қос байланысы бар ең ұзын тізбек таңдап алынады. Тізбекті нөмірлеу қос байланыс жақын орналасқан шетінен басталады.
2. Орынбасар байланысқан көміртек атомының нөмірі көрсетіліп, содан кейін орынбасар аталады. Бірнеше радикал болса, әрқайсысының орны мен аты аталады.
3. Ұзын тізбек аталады да, атаудың соңында қос байланысы бар көміртек атомының нөмірі көрсетіледі.
Алкендердің радикалдары алкандар радикалдарына ұқсас аталады: СН2 = СН — этенил (винил).
Алкендерге изомерленудің бірнеше түрі тән:
1. Алкендерде қаныққан көмірсутектердегі сияқты көміртек қаңқасының изомерлері болады.
2. Еселі байланыстың орнына қарай изомерлену. Бутен молекуласындағы еселі байланыстың орнына сәйкес екі түрлі изомерлері болады. Қос байланыс шеткі көміртек атомында немесе ортаңғы көміртек атомында орналасуы мүмкін.
3. Класаралық изомерлену. Алкендер мен циклоалкандардың жалпы формулалары бірдей СnН2n. Бутеннің С4Н8 класаралық изомері — циклобутан және метилциклопропан.
4. Кеңістіктік изомерлері (геометриялық немесе цис-, транс- изомер деп те аталады). Қаныққан көмірсутектердің молекулаларында көміртек атомдары σσ-байланыс айналасында еркін айнала алады. Ал алкендерде көміртек атомдары өзара қос (σ- және π-) байланыс арқылы жалғасқан жағдайда π-байланыс үзілмейінше еркін айналу мүмкін емес. Қос байланыспен жалғаскан көміртек атомдары осы байланыс осі арқылы еркін айнала алмайды. Сондықтан бутен-2-нің орынбасарлары — метил топтары кеңістікте екі түрлі жағдайда орналаса алады. Бірдей орынбасушы топтары қос байланыстың бір жағында орналасқаны цис-изомер деп, ал екі жағында орналасқаны транс-изомер деп аталады (лат. cis— біржақта, trans — басқа жақта).
Қосылу реакциялары
Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән. Еселі — қанықпаған (қос) байланысы бойынша алкендер қосылу реакцияларына жеңіл түседі. Себебі σ-байланысқа қарағанда әлсіз π-байланысы оңай үзіліп, көміртек атомының босаған валенттіктеріне әрекеттесуші реагент молекуласының атомдары мен атом топтары қосылады.
Реакция нәтижесіне көмірсутек молекуласындағы қос байланыстың біреуі — дара (σ-) байланыс қалып, алкандар немесе олардың туындылары түзіледі.
1. Гидрленуі (сутектің қосылуы). Алкендер сутекті қосып алып, сәйкес алкандарға айналады. Реакция металл катализаторлар Ni, Pt, Pd қатысында жүреді. Мысалы, пропенге сутек косылғанда, пропан түзіледі:
CH3—CH = CH2 + H — H → CH3 — CH2 — CH3
Немесе осы реакцияны ықшамдап жазсақ:
C3H6 +
H2 →
C3H8
Сутек
қосыла журетін реакцияларды гидрлену
реакциясы деп атайды.
Гидрлену реакциясын зерттеуде Д. В. Сокольскийдің еңбегі зор.
2. Галогенденуі (галогендердің қосылуы). Алкендер галогендермен әрекеттескенде, реакция қос байланыс бойынша жүріп, нәтижесінде, алкандардың дигалогентуындылары түзіледі. Реакция алкенді галогеннің ерітіндісімен кәдімгі температурада әрекеттестіргенде жүреді. Алкендерді бромды сумен (бромның судағы ерітіндісі) әрекеттестіргенде, ерітіндідегі бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромалкандар (СnН2nВг2) түзіледі:
Н2С = СН2 + Вг2 → ВгН2С - СН2Вr
Бромдау реакциясы алкендердің сапалық реакциясы болып табылады, бромның түссізденуі бойынша алкендерді сапальщ анықтауға болады.
Алкендердің фтормен әрекеттесуі шабытты жүреді, ал йодпен әрекеттесуі баяу жүреді.
Этиленге хлор қосып, дихлорэтан С2Н4С12 алуға да болады.
3. Галогенсутпектперді қосу. Алкендерге галогенсутектердің қосылуы оңай жүріп, нәтижесінде, галогеналкандар түзіледі:
H2C = CH2 + Н - Cl → H3C - СН2Cl
Қосылу реакцияларының жылдамдығы, галогенсутек қышқылының күші өсуіне байланысты артады:
HF < HCl < НВг < HI
Галогенсутектердің симметриялы емес алкендерге қосылу реакциялары В. В. Марковников ережесі бойынша жүреді. Галогенсутектің сутек атомы сутек көп көміртек атомына, ал галоген сутек аз көміртпек атомына қосылады:
H2С = СН3 - СН + Н - Вг → Н3C - СНВг - CH3
sp2-гибридтенген көміртек атомының электртерістігі sp3- гибридтенген көміртек атомына қарағанда жоғары. Сондықтан пропен молекуласындағы дара байланыстың электрон тығыздығы ортаңгы sp2-гибридтенген көміртек атомына қарай ығысады. Соның әсерінен қозғалғыш π-байланыстың электрондары шеткі көміртек атомына қарай ауысады, яғни [δ2-] < [δ1-]
Галогенсутек молекуласы полюсті Нδ+ — Xδ- болатынын білесіңдер. Теріс заряды көбірек көміртек атомына реагенттің оң зарядты бөлігі (галогенсутектегі сутек атомы) келіп қосылады. Ал қалған бөлігі қос байланыс жанындағы екінші көміртек атомына қосылады.
4. Гидраттану. Алкендер қос байланыс бойынша су молекуласын қосып алып, сәйкес спирттер түзеді:
H2C=CH2 + H - OH —>H3C - CH2OH
Бұл реакцияның өнеркәсіптік маңызы зор.
Пропен молекуласына судың қосылуы Марковников ережесі бойынша жүріп, пропанол-1 емес, пропанол-2 түзіледі:
СH3—СH =CH2 + H - OH —> H3C - CHOH-CH3
5. Этиленді полимерлеп, полиэтилен алады.
Тотығу реакциялары. Алкендер алкандармен салыстырғанда оңай тотығады.
6. Алкендердің қалыпты жағдайда тотығуы. Этиленді калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізсе, оның күлгін түсі жойылып кетеді. Бұл перманганаттың этиленді тотықтыратындығын көрсетеді. Реакция нәтижесінде екіатомды спирт — этиленгликоль түзіледі.
7. Қатаң жағдайларда тотықтырғанда (күкірт қышқылы, перманганат немесе хром қоспасы катысында) алкен молекуласының қос байланысы үзіліп, оттекті органикалық қосылыстар түзіледі:
HC3 - CH=CH - CH3 + /O/ → 2CH3 - COOH
8. Алкендердің жануы. Сапалық құрамы алкандардай — көміртек пен сутектен тұратын болғандықтан, алкендер де жанады. Бірақ алкендер алкандарға қарағанда шала жануға (CO немесе күйе түзе) бейім болады. Оттек жеткілікті болғанда, алкендердің толық жануы нәтижесінде су мен көміртек (IV) оксиді түзіледі. Мысалы, этилен ауада жаркырап, жылу бөле жанады:
С2Н4 + 3О2 2СО2 + 2Н2О + Q
Бірақ алкендерді отын ретінде пайдалану тиімсіз болғандықтан, олар энергия көзі ретінде қолданылмайды.
Алкендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы.Этилен (этен) Н2С=СН2 түссіз, иіссіз, суда нашар еритін, ауадан біраз жеңілдеу, жанғыш газ. Метан сияқты этилен де оттекпен және ауамен қопарылғыш қоспа түзеді. Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ерекше қасиеті бар. Алмұрт, қызанақ, қауын, лимон сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін жақсы сақтау үшін оларды піспей тұрғанда жинап алып, қоймада пісіреді. Ол үшін жабық қойма ауасына этилен жібереді.
Құрамында еселі байланыстары бар, реакцияға түскіш қосылыстар болғандықтан, алкендерден бағалы химиялық қосылыстар алады. Этиленнен полиэтилен, синтездік каучук, этил спирті, этиламин, этилбензол, стирол, сірке альдегиді мен сірке қышқылын, т.б. заттар алады. Полиэтилен диэлектрик болғандықтан, электр сымдарын және кабельдерді оқшаулағыш материал ретінде электротехникада қолданылады. Су мен газды өткізбейтіндіктен, тағамдық өнімдер мен әр түрлі бұйымдарды орап сақтауға және жылыжайлар мен саяжайларда шынының орнына, сонымен қатар тұрмыста полиэтиленнің кеңінен қолданылатынын өздерің білесіңдер. Этил спирті — медицинада, тамақ және химия өнеркәсібінде кең пайдаланылатын зат. Одан каучук, резеңке, т.б. заттар алынады.
Пропилен (пропен) СН3—СН=СН2 — суда нашар, спирт пен эфирде жақсы еритін түссіз газ. Пропиленнен полипропилен, глицерин, изопропил спиртін, ацетон, фенол, синтездік каучук, т.б. заттар алынады.Алкендер тұрмыс пен техникаға аса қажетті әр түрлі полимерлер (жоғары молекулалы қосылыстар) алуға қолданылады.
Тапсырма 1. Молекулалық формуласы С5Н10-ға сәйкес көмірсутектердің бес изомерінің құрылымдық формулаларын жазып, оларды атаңыз.
Тапсырма 2. Салыстырмалы молекулалық массалары: а) 28-ге, ә) 56-ға тең болатын алкендердің молекулалық формулаларын анықтаңыз.
Үй тапсырмасы: Синквейн құрастырыңыз.
1 жол – затесім (синквейн тақырыбы)
2 жол – екі сын есім(синквейн тақырыбын ашатын)
3 жол – үшүстеу (қозғалысты сипаттайды)
4 жол – сөйлем н\е фраза (тақырыпқа байланысты айтылған)
5 жол – синоним (резюме-сөз)
Дәріс №9.
Сабақтың тақырыбы: Ароматты қосылыстар.
Жоспар:
1.Арендердің жалпы сипаттамасы
2.Физикалық және химиялық қасиеттері
3.Қолданылуы
Ароматты қосылыстар — молекулаларында 6 көміртек атомдарынан тұратын бір немесе бірнеше тұйық тізбегі (циклі) бар органикалық қосылыстар. Алғашқы ашылған ароматты қосылыстардың жұпар иісті болуына байланысты осылай аталған. Олардың құрамындағы циклдар бір-бірімен жапсарласа байланысып, біртұтас жүйе құрайды.
Физикалық қасиеттері
Арендердің бастапкы мүшелерінің өздеріне тән иістері бар, олар суда ерімейтін, сұйық заттар. Органикалық еріткіштердің біразында жақсы ериді және өзі көптеген органикалық заттарды ерітеді. Бензол гомологтарының салыстырмалы молекулалық массаларының өсуіне байланысты балқу және қайнау температуралары заңды түрде артады. Бензол улы.
Бензол буымен үнемі дем алу анемия, лейкемия сияқты ауруларға ұшыратады. Толуол мен басқа гомологтарының зияндылығы бензолға қарағанда төмендеу.
Химиялық қасиеттері
Арендер орынбасу, қосылу және тотығу реакцияларына түседі.
Орынбасу реакциялары. Бензол ядросы едәуір тұрақты болғандықтан, бензолға орынбасу реакциялары тән.
1. Галогендермен орынбасу реакциялары темір (III) тұздарының қатысында жүреді:
Хлормен де бензол осылай әрекеттеседі.
2. Нитрленуі. Нитрлеуші қоспаның (концентрлі күкірт және азот қышқылдарының қоспасы) қатысында қыздырғанда, бензолдан нитробензол түзіледі:
Қосылу реакциялары. Бензол косылу реакцияларына қиын түседі. Тек қатты қыздырғанда немесе ультракүлгін сәулелермен әсер еткенде және катализатордың қатысында ғана бензол қанықпаған қасиет көрсетіп, сутекті және галогендерді қосып алады.
4. Гидрленуі. Никель, платина, палладий сияқты катализаторлар қатысында қыздырғанда және жоғары қысымның әсерінен бензол сутекті қосып алып, циклогексанға айналады:
Бензолдан циклогексан алу
5. Галогеиді қосып алуы. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен бензол хлордың алты атомын қосып алып, нәтижесінде, гексахлорциклогексан (гексахлоран) түзіледі:
Ароматты қосылыстарға негізінен ароматты көмірсутектер (мыс., бензол, толуол, нафталин, антрацен, фенатрен) және олардың туындылары (мыс., анилин, бензой қышқылы, фенол т.б.), сондай-ақ кейбір бензоидты емес (мыс., азулен) және гетероциклды (мыс., фуран, тиофен, пиридин т.б.) қосылыстар жатады.
Қолдануы
Ароматты қосылыстар дәрі-дәрмек, пластмасса, сыр-бояу, қопарылғыш заттар өндірісінде және жанармайдың арнаулы сорттарын жасауда қолданылады. Ароматты қосылыстар мұнай өнімдері мен тас көмір шайыры шикізаттарынан алынады.
Тапсырма 1. Құрылымдық формуланы құрастырыңыз.
1,3-диметилбензол
1,2-диметилбензол
1,4-диметилбензол
Тапсырма 2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Арендердің бастапқы мүшелерінің ..., ..., ... сұйық заттар.
Арендерді негізінен ... мен ... фракциялап алады.
Арендер ... жеңілдеу, ... реакцияларына қиын түседі.
... – стирол алуға қолданылады.
Стирол құрамында ... болғандықтан оңай полимерленеді.
Арендер мен олардың туындылары ... және ... ретінде қолданылады.
Арендерден ..., ..., ..., ... өндіріледі
Үй тапсырмасы: Есептерді шығару
Ацетиленнің 6,72 литрінен 6г.бензол алынады. Бұл алынған масса теория жүзінде ығатын массаның қанша пайызы? Жауабы: 76,92%
Темір (ІІІ) хлоридінің қатысуында 19,5г бензолға 0,5 моль бром қосылды жән қоспа аздап қыздырылады. Егер өнім шығымы 80% болса, қандай заттар және қандай мөлшерде алынады? Жауабы: 31,4г С6Н5Вr; 16,6 г НВr
Дәріс №10.
Сабақтың тақырыбы: Құрамында оттегі бар органикалық қосылыстар. Спирттер бір атомды, көп атомды.
Жоспар:
1.Спиртердің жалпы сипаттамасы және классификациясы.
2.Физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Қолданылуы.
Спирттер:СНСН2ОН),
циклді (циклогексанол), ароматты (бензил
спирті), гетероциклді (фурил) болып
бөлінеді. Спирттерді атағанда сәйкес
көмірсутек радикалы бойынша (мысалы,
метил спирті, этил спирті, т.б.)
жәнеСпирттер,
алкогольдер – құрамында бір немесе
бірнеше OH тобы болатын көмірсутек
туындылары. ОН тобының санына қарай бір
(алкогольдер), екі (гликолдар), үш
(глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп
атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының
құ-рылысына байланысты қаныққан (этил
C2H5–OH), қанықпаған (аллил
СН2 Женева номенклатурасы
бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын
жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол,
триол, т.б.). Кейде ОН тобының орнын
көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2,
пропандиол-1, 3), бұдан басқа спирттердің
тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады
(мысалы, этил спиртін – шарап спирті,
метил спиртін – ағаш спирті деп атайды).
Бір атомды алифатты спирттер улы (мысалы,
метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш
әсер етеді, этанол – сұйық есірткі, ұзақ
әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр,
бауыр, т.б. ауруларын тудырады). Өнеркәсіпте
спирттерді олефиндерді гидраттау,
альдегид, кетондарды тотықсыздандыру,
т.б. әдістермен өндіреді. Этанолды бидай,
күріш, картоп, т.б. өсімдік шикізаттарын
зимаза ферментінің қатысуымен ашыту
немесе гидролиздеу арқылы алады. Спирттер
– органикалық қосылыстардың ішіндегі
ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде
қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар,
пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер,
жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай
өнімдер болып табылады.
Спирттердің қасиеттері
Физикалық қасиеттері және құрылысы. Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар, Сп-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирт молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады: 5- 8+ R-0-H Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: R — О... Н - О... Н - О... I I I Н R R Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/моль энергия жүмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін температураны көтеру керек, сондықтан спирттердің қайнау температуралары жоғарылайды.
Химиялық қасиеттері. Спирттердің химиялық қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардың құрылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О—Н немесе С—ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: С —» О жәнө 0 <— Н . О <— Н байланысының полюстігі С —> О байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.
Қолданылуы.
Тапсырма 1. Фронтальді сұрақтар
1. Қаныққан бір атомды спирттердің функционалдық тобы қандай?
2. Қаныққан бір атомды спирттерді көмірсутектердің туындылары ретінде қарастыруға бола ма?
3. Тарихи және жүйелі номенклатура бойынша қаныққан бір атомды спирттерге атаулар қалай берілген?
4. Қаныққан бір атомды спирттерге изомериялардың қандай түрлері тән?
5. Қаныққан бір атомды спирттердің физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы?
Тапсырма 2.
Үй тапсырмасы:«Спирттер номенклатурасын» жаттаңыз.
Дәріс №11.
Сабақтың тақырыбы: Фенолдар.
Жоспар:
1.Фенолдардың жалпы сипаттамасы және классификациясы.
2.Физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Қолданылуы
Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар хош иісті қосылыстар.
ОН тобының санына байланысты бір, екі, үшатомды фенолдар болып бөлінеді. Мысалы, фенол, 1-нафтол, 2-нафтол – біратомды, крезол, гидрохинон, – екіатомды, пирогаллол – үшатомды.
Фенолдар спирттерге қарағанда қышқылдық қасиеттері күштірек. Бұл қасиет фенолдарда теріс электрлігі жоғары топ қосылған сайын күшейе береді, мысалы, нитротоп, галоген, күкірт. Фенолдар сілтілерде еріп феноляттар, сілтілік ортада оңай ацилденіп алифатты және хош иісті қышқылдардың күрделі эфирлерін, алкилденіп жай эфирлер түзеді. Фенолдарды хош иісті күкіртті қышқыл тұздарын балқыту, диазоний тұздары арқылы аминдерден, т.б. алады. Фенол мен крезолды таскөмір шайырларынан бөледі. Фенолдар фенол-фармальдегидті шайырлар, бояғыш және дәрілік, залалдандырушы заттар алуда қолданылады. Фенол немесе оксибензол, С6Н5ОН – спирт, эфир, хлороформда жақсы еритін, өзіне тән өткір исі бар, түссіз, кристалды улы зат. Балқу t 43°С, қайнау t 182°С, ауада тотығып, түсі қызғылттанады. Оның судағы 3 – 5%-дық ерітіндісі карбол қышқылы деп аталады. Гидрохинон, 1,2-диоксибензол – С6Н4(ОН)2 – суда, сілті ерітіндісінде, спиртте, бензолда, хлороформда, ацетонда еритін кристалды зат. Балқу t 170°С, қайнау t 285°С (730 мм сын. бағ.), оңай тотығып n-бензохинонға айналады. Теріні, көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді, n-бензохинонды тотықсыздандыру арқылы алынады. Пирогаллол, 1, 2, 3-триоксибензол – С6Н3(ОН)3– жарықта бозаратын ақ кристалды зат, балқу t 132,8°С, қайнау t 309°С, суда, спиртте, ацетонда, т.б. жақсы еріп, хлороформ мен бензолда нашар ериді. Оңай тотығады (әсіресе сілтілік ортада).
Тапсырма 1. Есептерді шығарыңыз
Фенол организмге және қоршаған ортаға қалай ісер етеді?
Бензол мен фенолдың қоспасына бромды су қосқанда, 4,97 г трибромфенол алынды. Қоспада неше грамм фенол болғаны?
1,12 л ацетиленді (қ.ж.) реакциядан бөлініп шыққан сутекпен толық гидрлеу үшін 9,4 % -тік фенолдың бензолдағы ерітіндісінің (ρ = 0,9 г/см3) қандай көлемі натриймен әрекеттесуі қажет?
Тапсырма
2.
Төмендегі айналымдарды орындауға
мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін
жаз:
6Н6
С6Н5СІ
С6Н5ОН
Үй тапсырмасы: Фенол организмге және қоршаған ортаға қалай ісер етеді?
2. Бензол мен фенолдың қоспасына бромды су қосқанда, 4,97 г трибромфенол алынды. Қоспада неше грамм фенол болғаны?
3. 1,12 л ацетиленді (қ.ж.) реакциядан бөлініп шыққан сутекпен толық гидрлеу үшін 9,4 % -тік фенолдың бензолдағы ерітіндісінің (ρ = 0,9 г/см3) қандай көлемі натриймен әрекеттесуі қажет?
Дәріс №12.
Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер.
Жоспар:
1. Күрделі эфирлердің жалпы сипаттамасы және классификациясы.
2.Физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Қолданылуы
Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:
R
мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек
радикалдары.
Күрделі эфирлер кіші
және үлкен молекулалы, қаныққан,
қанықпаған, ароматты қышқылдар мен
спирттерден түзілуі мүмкін. Күрделі
эфирлерді спирттер мен бейорганикалық
қышқылдарды әрекеттестіріп те алады.
Күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады (27-кесте). Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, -оат жалғауын жалғап атайды:
H - COOC2H5 - құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат немесе метилметаноат)
CH3 - COOC2H5 сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат немесе этилэтаноат)
Изомерлері.Күрделі эфирлердің изомерлерін оны құруға қатысқан қышқыл мен спирттің радикалдарына байланысты топтардың изомерленуі бойынша анықтайды. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарымен класаралық изомерлер. Мысалы, С3Н6O2 изомерлері:
Алу әдістері
1.Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.
2.Этерификация реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі. Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды. Құрамында оттектің 180 изотопы бар спиртпен әрекеттестіргенде, оттектің ауыр изотопы судың емес күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды:
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.
3.Күрделі эфирлерді қышқылдың галогенангидридтерін және ангидридтерін спирттермен әрекеттестіріп алады. Мысалы:
Физикалық қасиеттері және құрылысы.Қарапайым карбон қышқылдарының күрделі эфирлері түссіз сұйықтықтар, суда ерімейді. Күрделі эфирлердің көбінің иістері жағымды. Молекула арасында сутектік байланыс жоқ болғандықтан, сәйкес қышкылдарға қарағанда күрделі эфирлердің қайнау температуралары төмен болады (27-кесте).
Химиялық қасиеттері.Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:
CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH
Минералды қышқылдардың күрделі эфирлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бейорганикалық қышқылдар да (күкірт, азот және фосфор қышқылдары) спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. Күкірт қышқылының маңызды эфирлері — метил және этил-сульфаттар. Бұларды алкилкүкірт қышқылдары деп те атайды.
Бұл
эфирлер — қышқыл эфирлер. Спирттің
артық мөлшеріне концентрлі күкірт
қышқылымен әсер еткенде, орта эфирлері
C2H5O-SO2—ОС2Н5 алынады.
Азот
қышқылы эфирлерінің ішінде маңыздысы
— глицерин эфирлері. Фосфор қышқылының
көптеген эфирлері физиологиялық
белсенділік көрсетеді. Мысалы,
диметилфосфаттың алу жолын қарастырайық:
Диметилфосфаттың туындыларын инсектицид ретінде қолданады, соның бірі — хлорофос:
Фосфор қышқылының эфирлеріне нуклеин қышқылдары жатады.
Эфирлердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы.
Диэтил
эфирі С2Н5—О—С2Н5.
Оңай қайнайтын (34,6°С) сұйық зат, суда
ерімейді, судан жеңіл, өзіне тән иісі
бар. Ауамен қопарылғыш қоспа түзеді.
Еріткіш ретінде, жасанды жібек алуға,
медицинада наркоз жасауға
қолданылады.
Этилацетат СН3СООС2Н5.
Өзіне тән иісі бар түссіз сұйық зат,
судан жеңіл, суда нашар ериді. Тамақ
өнеркәсібінде, парфюмерияда және
полимерлерге еріткіш ретінде
қолданылады.
Салицил қышқылының
күрделі эфирлері аспирин
(ацетилсалицил қышқылы) мен салол —
дәрілік заттар.
Глицерин
тринитраты CH2ONO2—
CHONO2 —
CH2ONO2.
Өте қуатты қопарылғыш зат. Динамиттің
құрамына кіреді. 1%-тік ерітіндісі
медицинада қан тамырлары мен жүрек
ауруларын емдеуде қолданылады.
Цистилкүкірт
қышқылын C16H33OSO2OH
цистил спирті мен күкірт қышқылын
әрекеттестіріп алады:
Цистилкүкірт қышқылының натрий тұзын C16H33OSO2ONa кір жуғыш ұнтақтарға қосады. Бұл — қосылыс беттік белсенді зат.Карбон қышқылдарының күрделі эфирлері, негізінен, жағымды иісі бар сұйық заттар болғандықтан, олар парфюмерия мен тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Күрделі эфирлер карбоксил тобындағы сутек атомының орнын радикал басқан карбон қышқылдарының туындысы (R — COOR'). Гүлдердің, жеміс-жидектердің жағымды иістері олардың құрамында карбон қышқылдарының күрделі эфирлері болуына байланысты. Күрделі эфирлер өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері гидролизденеді.
Тапсырма 1. Келесі заттардан түзілген эфирлердің формуласын құрастырып атаңыздар
А) бутан қышқылы мен метил спирті; СН3 – СН2 – СН2 – СОО- СН3
В) метан қышқылы мен пропил спирті;Н-СОО - СН2 - СН2 - СН3
Этилметаноат алу раекциясын жазыңыз:
Реакцияны толықтырыңыз:
Тапсырма 2.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Күрделі эфирлер дегеніміз не, жалпы формуласы, атаулары мен изомерлері. Оларды алу әдістері қандай? Эфирлену реакциясы.
Үй тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беріңіз
жай эфирлер деп кандай заттарды айтамыз?
күрделі эфирлер деп қандай қосылыстарды атаймыз?
күрделі эфирлерді алу жолдары?
күрделі эфирлерге қандай реакциялар тән?
күрделі эфирлерді қолданылу.
Дәріс №13.
Сабақтың тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар.
Жоспар:
1. Жоғары молекулалық қосылыстардың жалпы сипаттамасы
2.Поликонденсация реакциялары
3. Полимерленудің аралық өнімдері
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы.
Жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ) көбіне молекулалары көп қайталанып отыратын мономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — полиэтилен, оның мономері — этилен (Ch2=Ch2). Жоғары молекулалы қосылыстар табиғи (ақуыздар, нуклеин қышқылдары, табиғи шайырлар), жасанды (табиғи полимерді химикалық реактивтермен әрекеттестіру кезінде алынатын), синтетикалық (полиэтилен, полипропилен, полистирол, полиамид, фенолды шайыр, т.б.) болып үш топқа бөлінеді. Табиғи жоғары молекулалы қосылыстар биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған. Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. көптеген салаларда кеңінен қолданылады.
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері — поликонденсациялану және полимерлену реакциялары. Кіші молекулалы мономерлердің жоғары молекулалы полимер молекулаларына бірігуінің үш түрлі әдісін атауға болады:
қанықпаған көмірсутектердің еселі байланысының үзілуі немесе тұйық тізбектердің ашылуы есебінен;
эфирлік байланыстардық түзілуі — С — О — С — есебінен;
функционалдық топтар арқылы амидтік байланыстардың түзілуі — С — N — есебінен.[1]
Поликонденсация реакциялары
Поликонденсация реакцияларына, әдетте, қосфункциялы (бифункциялы) немесе көпфункциялы мономерлер катысады. Олар бір-бірімен әрекеттескенде, қарапайым кіші молекулалы затты (көбіне суды) бөле отырып бірігеді. Мысалы, адипин қышқылының гексаметилендиаминмен поликонденсациялануы негізінде полиамидтік материал — найлонның алынуы:
Поликонденсация процесі сатылап жүреді: бір молекуладан кейін келесісі қосылып жалғасады. Аралық өнімдері — тұрақты қосылыстар, әрі қарай процесс барысында олардың үнемі белсенділігін арттырып отыру қажет. Ол үшін көбіне температураны жоғарылатады. Сонда әрекеттесуші заттарды біртіндеп қыздырғанда молекулалық массасы да өседі.[1]
Полимерлену реакциясы
Полимерлену реакциясы еселі (қос, үш) байланыстардың есебінен немесе тұйық тізбектердің ашылу салдарынан жүзеге асады. Мономерде реакцияға қабілетті бір топша болса жеткілікті. Полимерлену инициатордың әсерінен тізбекті процесс түрінде жүреді.
Инициатор ретінде бос радикалдарға жеңіл айырылатын заттар қолданылады. Радикалдар мономер молекулаларын радикалдық түрге айналдырып, полимерленудің тізбекті реакцияларының басталуына себепші болады. Мысалы, стирол бензоил пероксидінің әсерінен полистиролға айналады.
Инициатордың (тізбек бастаушы) түзілуі:
Тізбекті полимерлену қопарылыстың жылдамдығындай жоғары жылдамдықпен өтеді. Оны төменгі температурада жүргізуге де болады.
Полимерленудің аралық өнімдері — тұрақсыз бөлшектер (біздің мысалымызда — радикалдар), сондықтан тізбектің өсуі мономер түгел жұмсалып біткенше немесе тізбек үзілгенше жалғасады. Тізбек екі радикал өзара кездескенде, сондай-ақ радикал басқа молекула әсерінен немесе ыдыс қабырғасына соқтығысып жойылған кезде үзіледі.
Полимерлену реакциясы радикалдық механизмнен басқа иондық механизммен де жүреді. Бұл кезде белсенді бөлшектер қызметін оң иондар (катионды полимерлену) немесе теріс иондар (анионды полимерлену) атқарады.
Біз жоғарыда стиролды полимерлеп полистирол алу реакциясын қарастырдық. Реакцияның жүруі өте қарапайым және жеңіл жүретін сияқты болып көрінеді. Шындыгында, полимерлену реакциясының жүруі күрделі әрі қиын процесс. Полимерлену тізбегі мен полимерлердің салыстырмалы молекулалық массасы шексіз өсе бермейді.
Жоғарыда айтылғандай, реакциялық қоспада қатар өсіп келе жатқан екі тізбек өзара кезігіп, өсуі тоқтауы мүмкін, онда молекулалық массаның өсуі де тоқтайды. Полимердің молекулалық массасы — оның қасиеттерінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Мысалы, молекулалық массасы 5000—10000 болатын кіші молекулалы полистирол өте сынғыш нәзік болады, сәл соққыдан ұнтақ болып шашылып кетеді.
Ал молекулалық массасы 50000—100000 болатын жоғары молекулалы полистирол жұқа мөлдір қабыршақ түзеді және "стирофлекс" деген атаумен электро-, радиотехникада диэлектрик ретінде қолданылады.
Табиғи және әр түрлі синтездік каучуктардың макромолекулалары өте иілгіш, әрі серпімді болады. Олар молекуласында екі қос байланысы бар мономерлерден алынады. Оған мысал ретінде бутадиен- 1,4-ті (дивинилді) полимерлеу арқылы синтездік каучук алуды қарастырайық. Реакция нәтижесінде ұзын, иілгіш, серпімді тізбектер алынады. Бутадиенді каучук полимері тізбегінің құрылысы этиленнің қатты полимерінен өзгеше болады. Бутадиен полимерленгенде, көміртек атомдары арасында әлі де қолданылмаған қос байланыстар, яғни әрбір құрылымдық буында бір-бірден қос байланыс қалады:
nH2C = CH - CH = CH2 --> [ - H2C - CH = CH - CH2 - ]n
Бұл қалдық қос байланыстар әрі қарай маңызды практикалық мәні бар реакцияларды жүргізу үшін өте қажет. Егер осындай каучукты күкірт қатысында өңдесе, онда каучуктағы қос байланыстар есебінен күкірт каучуктың макромолекулалары арасында көпіршелер түзіп, көлденеңінен "тігілген" полимер алынады. Бұл процесс, яғни шикі каучуктан берік және серпімді резеңке алу вулканизация (вулкандау) деп аталады:
Полимер тізбектерін "тігу" арқылы олардың беріктігі мен балқу температураларын жоғарылатады. Мысалы, 110—130°С-та жұмсаратын полиэтиленнің тізбегін радиация көмегімен "тіккеннен" кейін ол 150°—200°С-та ұзақ уақыт электр сымдарын оқшаулауға пайдалануға жарайтын болады.
Полимерлерді тек көміртек атомдары арасындағы қос байланыс емес, молекуладағы кез келген қос байланыс есебінен алуға болады. Мысалы, өздеріңе белгілі формальдегид, ацетальдегид сияқты заттар да қос байланыс есебінен полимерленеді.
Қазіргі кезде бірге полимерлеу, яғни сополимерлеу кең қолданылады. Ол арқылы химиялық табиғаты әр түрлі молекулаларды полимерлеуге болады. Мысалы, ацетиленге НС=СН хлорсутекті HC1 қосу арқылы газ тәріздес хлорвинилді Н2С=СНС1 алып, оны полимерлеу арқылы поливинилхлоридке (—Н2С—CHC1—)n айналдырады. Ацетиленге сірке қышқылын СН3СООН қосып, винилацетат алады. Ол мөлдір, серпімді винилацетат полимерін түзеді:
Егер хлорвинил мен винилацетатты қосып полимерлесе, жаңа сополимер алынады:
Бұл сополимер мөлдірлітімен, серпімділігімен және беріктігімен ерекшеленеді. Олар матаны, сымдарды қаптауға қолданылады. Сополимерлеу әдісі арқылы полимер материалдарының алуан түрлерін алу мүмкіндігі ашылды. Қазіргі кезде "егу" арқылы сополимерлеу әдісі кең дамып келеді. Бұл әдісте алынған полимер тізбегіне басқа заттың мономерін бүйір тізбекке өсіру (егу) жүзеге асырылады. Осы әдіс арқылы бүйір тізбектегі құрылым буындарының санын реттеп, полимерлердің қасиеттерін өзгертуге болады. Мысалы, жоғары молекулалы полиэтиленге бүйір тізбек етіп полистиролды "тіккенде", сополимердің балқу температурасы жоғарылап, жылуға әсері тұрақтанды. Көбіне бір полимерді басқа полимерге химиялық тігу арқылы полимердің беріктігін, серпімділігін арттырады. Қатты, морт қасиеті бар полистиролды каучукпен сополимерлеп, соққыға төзімді, берік, шеге қақканда жарылып кетпейтін материал алынды. Соққыға төзімді полистирол техникада, әсіресе тоңазытқыш жасауда кең қолданылады.
Құрамында металлорганикалық қосылыстары бар жаңа жүйелер ашылғаннан кейін стереоарнайы полимерлеу белгілі болды.
Тапсырма 1. Полимерлеу, сополимерлеу және поликонденсация реакцияларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
Тапсырма 2. «Quizizz»жарыс ойынын ойнау.
https://quizizz.com/admin/quiz/61adddfc5b30a6001e4b8261/жоғары-молекулалық-қосылыстар
Үй тапсырмасы: «ЖМҚ қосылыстарын» сипаттаңыз.
Дәріс №14.
Сабақтың тақырыбы: Пластмассалардың қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
Жоспар:
1.Пластмассалар мен талшықтардың жалпы сипаттамасы
2.Полимерлердің классификациясы
3.Қоршаған ортаға әсері
Пластмассалар – бұл өнімді өндіру кезінде берілген пішінді алуға және оны пайдалану кезінде сақтауға қабілетті полимерлер негізінде алынған материалдар. Талшықтар – бұл жіптерді және тоқыма материалдарын өндіруге жарамды желілік полимерлер. Пластмасса құрамында: полимер (ең маңызды құрамдас бөлігі); бояғыштар (материалды бояу); толтырғыштар (пластиктің қаттылығын қамтамасыз етеді); пластификаторлар (материалды серпімді, икемді ету) т.б.
Пластик өндірістен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді өндіретін зауыттар жылына атмосфераға 400 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түріне пластикалық заттарды жеп қою және пластикпен улануы салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.
Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады. Пластмасса қоқыстары демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды.Мұхиттарда пластмасса қалдықтары жыл бойы ыдырайды, бірақ толықтай емес және бұл процесс барысында бифенол А және полистирол сияқты улы химикаттар суға түседі. 2014 жылғы бағалау бойынша мұхит бетінде 268 940 тонна пластик бар деп есептелсе, ал пластикалық қалдықтардың бөлек бөлшектерінің жалпы саны 5,25 триллион тоннаны құраған.Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған. Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеліп соғады.
Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары үнемі пластмассаның әр түрімен толтырылады. Қоқыстың мұндай түрінде пластиктің биодеградациясын жеделдететін көптеген микроорганизм бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады. Бұл — атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөліп шығаратын өте күшті парниктік газ.Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттардың түрі болады. Пластмасса өндірісінде пайдаланылатын кейбір химиялық заттар адам организміне тамақ арқылы түсуі мүмкін. Сондай-ақ пластикалық ластанудың әсерінен жануарлардың да улану қаупі бар.Пластикалық ластану ірі теңіз сүтқоректілеріне өте зиянды әсер ететін заттар ретінде сипатталған және «Introduction to Marine Biology» кітабында олар үшін «ең қауіпті қатер» деп аталды. Пластмасса жануарлардың асқазан-ішек жолдарын бекітіп тастайды, теңіз сүтқоректілері пластмассалық торларда шырмалып қалады да, оның соңы өлімге немесе ауыр жаралануға алып келеді.
Өркениеттің заманауи игіліктері көбінесе адамдар үшін жайлылық тудырып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтіреді. Жиырмасыншы ғасырмен салыстырғанда тек өткен он жыл шамасында әлемде пластикалық өнімдер көп өндірілген.
Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі пішіндегі қалыптар —күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмірінде тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі.2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолға алынған шаралар бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болуы және көмуі жыл сайын азаюда, ал оларды қайта өңдеу ісі жетілдірілуде. Мәселен, 2016 жылы 348,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық пайда болса, оның 5,2 мың тоннасы қайта өңделген (1,5 пайыз); 2017 жылы — 300,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтың қайта өңделіп немесе залалсыздандыруға жіберілгені — 7,5 мың тонна (2,5 пайыз). Ағымдағы жылдың 6 айында 158,6 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық пайда болса, соның қайта өңделгені — 9,2 мың тонна, яғни 6,14 пайызға көбейген.
Сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғындары үшін пластик қалдықтарды жинауға арналған торлы контейнерлер қарастырылған.ҚР Энергетика министрлігі әкімдікпен бірлесе отырып, қайта өңдеуге болатын «құрғақ қалдықтарды» және көмуге болатын «ылғалды қалдықтарды» жеке жинау қағидасын қала тұрғындарының назарына ұсынады.
Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңіз
Сұрақ 1: Пластмассалардың қай түрлері сіздерге таныс? Олардың әрқайсысының негізгі қолданылуын сипаттаңыз.
Сұрақ 2: Пластмассаларды қолдану қандай артықшылықтар береді? Қандай себептермен олар кеңінен қолданылады?
2. Қоршаған ортаға әсері:
Сұрақ 3: Пластмассалардың қоршаған ортаға қандай әсері бар? Әсіресе пластик қалдықтарының әсерін талқылаңыз.
Сұрақ 4: Микропластик дегеніміз не? Ол қалай пайда болады және табиғатқа қандай зиян келтіреді?
Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ : Пластмассаларды қоршаған ортаға зиян келтірмей қолданудың қандай жолдары бар?
Сұрақ : Пластик қалдықтарын азайту үшін қандай шаралар қабылдау қажет?
Сұрақ: Пластмассалардан туындайтын экологиялық мәселені шешу үшін сіз қандай инновациялық тәсілдерді ұсынар едіңіз?
Үй тапсырмасы: Пластмассалардың қолданылуы мен зиянды әсерлерін зерттеп, осы мәселелерді шешудің жолдарын ұсыныңыз.
Дәріс №15.
Сабақтың тақырыбы: Амин қышқылдары
Жоспар:
1 Амин қышқылдарының жалпы сипаттамасы және классификациясы.
2.Физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Қолданылуы
Аминқышқылдар (аминкарбондық қышқылдар, АМҚ) — молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар:
H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин))
Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.
Құрамында әртүрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалды қосылыстарға жатады. Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі. Тіршілік үшін аса маңызды қосылыс ақуыз молекуласы аминқышқылдар қалдықтарынан құралатындықтан, олардың маңызы өте зор. Ақуыз биосинтезіне жиырма шақты а-аминқышқылдары қатысады. Олардың біразы алмаспайтын аминқышқылдары. Олар организмде синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтезделеді, сондықтан олардың организмге қажеттілігі тек қана тағаммен қамтамасыз етіледі.Аминқышқылының қарапайым өкілі — аминсірке қышқылы NH2—СН2—СООН. Аминқышқылдарын көбіне қалыптасып кеткен тривиальді атаумен, мысалы, аминсірке қышқылын глицинлеи атайды.
Аминқышқылдарының изомерленуі көміртек тізбегінің изомерленуімен және амин тобының орналасуы бойынша анықталады. Атау үшін карбоксил тобы бар көміртек атомынан бастап нөмірлейді:
Халықаралық номенклатурадан басқа көміртек атомдарын грек алфавиті әріптерімен белгілеп атау да қолданылады. Бұл жағдайда белгілеу карбоксил тобынан кейінгі көміртек атомынан басталады.[1]
Тапсырма 1. Валиннің метил эфирін қалай алуға болады? Реакция теңдеуін жазыңыз.
Тапсырма 2. Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
С2Н4→С2Н2→СН3СОН→СН3СООН→СН2-СООН→ СН2-СОО
| |
СI NН2
Тапсырма 3.Берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыз
а) α-амин-γ-метилвалериан қышқылы
ә) α,δ диаминовалериан қышқылы
б) α- амино-β-фенилпропион қышқылы
Үй тапсырмасы:Амин қышқылдарының қолданылу аясын анықтаңыз.
Зертханалық тәжірибелер және практикалық жұмыстар
№1 зертханалық жұмыс: "Ковалентті байланысы бар заттардың (N2, O2, алмаз) модельдерін құрастыру".
Зертханалық кұрал-жабдықтар және реактивтер: ермексаз, сірінке, металл өзектер, шарлар немесе заттардың молекулалық модельдерін жасауға арналған дайын жиынтық, натрий хлориді, мыстың кристалдық торы, графит, алмаз, көміртек (IV) оксидінің кристалдық торының модельдері.
Жұмыс барысы:
Ермексазды (пластилин), сірінке шиін немесе металл өзектерді (шарлар мен өзектердің дайын жиынтығы) пайдаланып, берілген заттардың молекулаларынын модельдерін жасандар.
Азот молекуласының моделі . Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей 2 шар дайындандар. Әр шардың бетіне шамамен бірдей арақашықтықта 3 нүкте белгілендер. Белгіленген нүктелерге өзектерді бекітіндер.
Оттек молекуласының моделі . Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей 2 шар дайындандар. Әр шардың бетіне шамамен бірдей арақашықтықта 2 нүкте белгілендер. Белгіленген нүктелерге өзектерді бекітіңдер.
Алмаздың моделі. Бір түсті ермексаздан көлемі бірдей жнырма шақты шар жасандар. Әр шардың бетіне бір нүкте белгілендер. Шарлардан тетраздр шығатындай етіп нүктелерге өзектерді бекітіндер.
№1-көрсетілім . Графит, алмаз, көміртек (IV) оксидінің кристалдық торларының модельдері.
№2-көрсетілім . Натрий хлоридінің, мыстың кристалдық торларының модельдері.
Тапсырма : 1. Қосылыстардың құрылысын салыстырыңдар.
2. Зат құрылысы тұрғысынан заттардың қаспеттерін болжандар және кұрылысын салыстырындар.
№2 зертханалық жұмыс. "Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсер ету тиімділігін зерттеу".
Тапсырма 1. Ұсынылған суреттегі тәжірибені сөйлемдегі бос орындарды толтыру арқылы түсіндіріңіз. Негізгі ұғымдарды қолданыңыз: сутегі асқын тотығы, газ құбырының тығыны, катализатор, сутегі, қатты катализатор, жылдамдық, белсендіру энергиясы.
Қосу _________ ________конустық колбаға. Пайдаланыңыз_________ _________, бұл колбаны су ыдысындағы өлшеуіш цилиндрге қосу үшін (төмен қарай жылжу). Қатты қосыңыз ____________ конустық колбаға салыңыз және газ құбырының тығынымен жабыңыз. Өлшеу цилиндрін пайдаланып белгіленген уақыт ішінде бөлінген _ _ _ _ _ _ көлемін өлшеңіз. Экспериментті әр түрлі қайталаңыз__________ _______нәтижесі:
1.Пайдалану ________________үлкейтеді _____________реакциялар2._________________ төменгі жолды қажет ететін балама жолды қамтамасыз етеді__________ ________, соқтығысатын бөлшектердің көбірек болуы үшін қажет __________ ________реакция үшін3.Бұл _______ _ реакцияны арттыра отырып, жиі және сәтті соқтығысуға мүмкіндік береді
2 тапсырма қадамдарды энергия деңгейінің диаграммасына жазыңыз
- Жолды көрсетіңіз катализаторсыз энергияны белсендіру
- Жолды көрсетіңіз катализатормен энергияны белсендіру
3-тапсырма: марганец (IV) оксиді, мырыш оксиді, темір оксиді (lll) беріледі. Осы қатты заттардың қайсысы сутегі асқын тотығының ыдырауында тиімдірек катализатор болып табылады?________________________________ Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз___________________________________
№3 зертханалық жұмыс: "Әртүрлі факторлардың әсерінен динамикалық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу".
Реактивтер: мырыш, алюминий металдарының түйірлері; тұз қышқылының 5%-дық және 10%-дық ерітінділері; күкірт қышқылының 20%-дық ерітіндісі. Мыс (II) сульфатының, аммоний гидроксидінің, Сутек пероксидінің 10%-дық ерітінділері; марганец (IV) оксиді.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: сынауыктар, тамшуырлар, спиртшам, сынауықтарға арналған тұрғы. 250 мл цилиндрлер; өлшегіш 100 мл, 25 мл, 10 мл пилиндрлер. спиртшам. тұрғы.
Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен
жұмыс істеу ережесін сақтау.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының әсері.
Екі сынауыққа бірдей мөлшерде мырыш түйірлерін салып, біріншісіне 1 мл 10%-дық, екіншісіне 1 мл 5%-дық тұз қышқылының ерітінділерін кұйындар. Қай сынауықта сутектің бөлінуі шабытты жүреді? Неrе? Қорытынды жасандар. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
2-тәжірибе. Температураның әсері
Екі сынауыққа 2 мл-ден күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Олардың әркайсысына алюминийдің немесе мырыштың бір түйірін салындар. Сынауықтардың біреуін қыздырыңдар. Сутек көпіршіктерінің бөліну жылдамдығына қарап, қорытынды жасандар. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар.
3-тәжірибе. Гомогенді катализ
Көлемі 250 мл үш цилиндр алып, оның біріншісіне мыс (II) сульфатынын 50 мл ерітіндісін, екіншісіне аммоний гидроксидінің 50 мл ерітіндісін, үшіншісіне мыс (II) сульфаты мен аммоний гидроксидінің ерітінділерінің әркайсысынан 25 мл-ден құйындар. Үш цилиндрге де сутек пероксидінің 10 мл-ін қосындар. Үш цилиндрдегі оттектің бөліну жылдамдығына назар аударып, тиісті қорытынды жасандар. Реакция теңдеуін жазындар.
4-тәжіребе. Гетерогенді катализ
Сынауыққа 1 мл сутек пероксидін құйып оған шала жанған шыраны жакындатындар. Не байкадыңдар? Сутек пероксидіне марганец (IV) оксидінің бірнеше кристалын косып, шала жанған шыраны қайта жақындатындар. Не байқадындар? Марганец (IV) оксидінің рөлі қандай? Химиялық реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсері
жөнінде қорытынды жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазындар.
№ 1. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС."пластмассалар мен талшықтарды тану"
Мақсаты: талшықтар мен Пластмассалардың үлгілерін тану
Жабдықтар мен реактивтер: үйде орналасқан пластмассалар мен талшықтардан жасалған бұйымдардың үлгілері, "пластмассалар мен талшықтардың қасиеттері" кестелері, интернет-ресурс
Жұмысты орындау жоспары
1.Материалды зерттеу
Пластмассаны тану
Полиэтилен. Мөлдір, серпімді, жанасуға майлы материал. Қызған кезде ол жұмсарады, сіз балқымадан жіптерді тарта аласыз. Көкшіл жалынмен жанып, балқытылған парафиннің иісін таратады, жалынның сыртында жануды жалғастырады.
Поливинилхлорид. Серпімді немесе қатты материал, қызған кезде тез жұмсарады, хлорсутектің бөлінуімен ыдырайды. Темекі шегетін жалынмен жанады, жалынның сыртында жанбайды.
Полистирол. Мөлдір және мөлдір емес болуы мүмкін, көбінесе нәзік. Қызған кезде ол жұмсарады, балқымадан жіптерді тарту оңай. Темекі шегетін жалынмен жанып, стиролдың иісін таратады, жалыннан тыс жануды жалғастырады.
№4 зертханалық жұмыс: "Полимерлер және олардың қасиеттері"
Тәжірибе 1. Пластмассаның қасиеттері. 1) органикалық еріткіштерге қатынасы. 6 пробиркаға полистирол, полиметилметакрилат, полиэтилен, фенопласт және аминопласт бөліктерін салыңыз. Әр түтікке 1-2 мл бензол немесе басқа органикалық еріткіш құйып, пластмасса үлгілерін 30 минутқа қалдырыңыз. Көрсетілген уақыттан кейін үлгілердің күйін тексеріп, Пластмассалардың ерігіштігі туралы қорытынды жасаңыз. поливинилхлорид, 2) қышқылдар мен сілтілерге қатынасы. Сол пластмассаның бөліктерін 6 пробиркаға салыңыз да, әрқайсысына 1-2 мл концентрацияланған күкірт қышқылын құйыңыз. Түтіктердің мазмұнын ақырын шайқаңыз. Бірнеше минуттан кейін қышқылды ағызып, пластмасса бөліктерін сумен шайыңыз. Күкірт қышқылы пластмассаға қалай әсер етеді? Қандай пластмассалар төзімді, ал қайсысы концентрацияланған күкірт қышқылына аз төзімді? Тәжірибені басқа пластмасса үлгілерімен қайталаңыз, күкірт қышқылын 10% каустикалық сода ерітіндісімен ауыстырыңыз.
№5 зертханалық жұмыс: "Байланыстың қанықпауына сапалық реакциялар".
Химиялық
ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар:
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: этил
спирті, концентрлі күкірт қышқылы, бром
суы, калий перманганаты.Сынауықтар,
тұрғы, ұстатқыш,спиртшам, газ жүретін
түтік, тығын.
1-
тәжірибе
Жұмыс барысы: сынауыққа 1 мл этил спиртін құйып, 6-9 мл концентрлі күкірт қышқылын сақтықпен қосыңдар. Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін қоспа құйылған сынауыққа алдын ала қыздырылған құмнан аздап салыңдар. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, оны тұрғыға бекітіңдер және сынауықты абайлап қыздырыңдар. Не байқадыңдар?
2- тәжірибе
Келесі
сынауыққа 2-3мл бром суын құйып,газ
жүретін түтіктің ұшын сынауықтың түбіне
дейін жеткізіп салыңдар. Бөлінген газды
бром суы арқылы өткізіңдер. Не байқалды?
3-
тәжірибе
Үшінші сынауыққа 2-3мл күкірт қышқылымен
қышқылданған калий перманганатының
сұйылтылған ерітіндісін құйыңдар.
Бөлінген газды осы сұйықтық арқылы
өткізіңдер. Не
байқадыңдар?
4- тәжірибе Бөлінген газды жағыңдар. Этилен қандай жалынмен жанады? Неліктен? Жасалған 1-4 тәжірибелердің реакция теңдеулерін жазыңдар.
Сұрақтарға жауап беріңіз!
1.Этилен
қандай органикалық қосылысқа жатады?
2.
Алкендер дегеніміз не? Жалпы сипаттама
3.
Алкендерге қандай сапалық реакциялар
тән?
4. Этил спирті, күкірт қышқылы,
этилен, калий перманганатының салыстырмалы
молекулалық массасын есепте.
№6-зертханалық жұмыс
"Спирттердің суда ерігіштігі, спирттердің жануы, бір атомды және көп атомды спирттерге сапалық реакциялары".
Реактивтер: этанол, бутанол-1, су, натрий гидроксидінің 10%-дық, мыс (II) сульфатының 3% -дық ерітінділері, фуксин ерітіндісі, шыра, сіріңке. Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы, көрлен табақша.
Жұмыс барысы
1-тәжірибе. Спирттердің судағы ерігіштігі. Сынауықтарға 5 мл-
ден этанол және бутанол-1 құйыңдар. Спирттердің үстіне фуксин тамызылған 20 мл суқосыңдар. Спирттердің тығыздығы судың тығыздығынан аз болғандықтан олар үстіңгі қабатты құрайды. Сынауықтарды шайқаңдар. Этанол жақсы ериді, бутанол-1 шектеулі ериді.
Тапсырма. Спирттердің судағы ерігіштігіне көңіл аударып, тиісті қорытынды жасаңдар.
2-тәжірибе.Жануы. Екі кәрлен табақшаның біреуіне шамамен 2 мл этанол, екіншісіне 2 мл бутанол-1 құйып, оларға тұтанған шыраны
жақындатыңдар. Этанол көгілдір, әлсіз жарқырайтын жалынмен, ал бутанол-1 жарық жалынмен жанады.
Тапсырма. Тәжірибеде байқаған құбылыстарды түсіндіріп, тиісті қорытындылар жасаңдар.
3-тәжірибе. Көпатомды спирттерге сапалық реакция.Сынауыққа 5 мл глицерин ерітіндісін құйыңдар, оған 5-6 тамшы мыс (II) сульфатын тамызып, үстінен тұнба түзілгенше натрий гидроксидін қосыңдар.
Тапсырма. Тәжірибеде байқаған құбылыстарды түсіндіріп, тиісті қорытынды жасаңдар.
№7-зертханалық жұмыс."Глюкозаның альдегидті спирт ретіндегі химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалы реакция"
Реактивтер: йодтың спирттегі тұндырмасы, су.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: Петри
табақшасы, тамшуыр, азықтық тағамдар (нан, картоп, печенье, сәбіз
жөне капуста т.б.).
Жұмыс барысы:Петри табақшасына нан, картоп, печенье, сәбіз және орамжапырақтың кішігірім бөліктерін салыңдар. Йод тұндырмасын сумен сұйылтыңдар. Ерітіндіні тамшуырмен алып, тағамдарға тамызыңдар. Егер тағам көгеретін болса оның құрамында крахмал бар, ал көгермесе
крахмал жоқ.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тағамдардың құрамында крахмал барын қалай анықтауға болады?
2. Жасаған тәжірибенің нәтижесіне сүйеніп, крахмал қандай тағамдарда болатыны туралы қорытынды жасаңдар.
№ 8 зертханалық жұмыс: "Аммиак және аминдер молекулаларының модельдерін құрастыру"
Мақсаты: метиламин молекулаларының кеңістіктік бейнелеу дағдыларын дамыту
(бастапқы амин), диметиламин (екінші амин), триметиламин (үшінші амин).
Тапсырма: "аминдер, аминқышқылдары, белоктар "тақырыбы бойынша білімді бекіту.
Жабдық: Пластилин, металл шыбықтар (сіріңке), транспортир.
Жұмысты орындау тәртібі
Тапсырмаларды сәтті орындау үшін келесі ұсыныстарды қолданыңыз:
1.Тапсырманың тақырыбымен, мақсатымен және мазмұнымен танысыңыз.
2.Үстеліңізде қажетті жабдықтың бар-жоғын тексеріңіз.
3.Әрекеттің дәйектілігін сақтаңыз, нұсқауларды орындаңыз, дәптерде ұсынылған.
4.Химиялық эксперименттің орындалуы туралы есепті нұсқауларға сәйкес жасаңыз
дәптерлер. Бұл сізге дәптердің, кестелердің, диаграммалардың мазмұнына көмектеседі.
5.Жазылған химиялық реакция теңдеулерінің дұрыстығына назар аударыңыз,
жасалған жұмыстан жасалған қорытындылар.
Жұмысты орындау
1.ch3nh2 , (CH3)2nh Органикалық заттардың молекулалық модельдерін жасау, (CH3)3N
1.1.Молекулалардың шар тәрізді модельдерін жасау. Шар тәрізді модельдер пластилиннен және металл шыбықтардан жасалған. Молекулаларды жасау кезінде байланыстың бұрышын және оның көптігін білу қажет. Химиялық элементтің атомы шар түрінде ұсынылады. Шар түріндегі көміртек атомы үлкенірек және қара түсті, азот атомы үлкенірек және көк, ал сутегі атомдары кішкентай қызыл. Химиялық байланыс металл шыбықтармен бейнеленген. Химиялық байланыс бұрышы өлшенеді транспортир.
1.2.Көлемді модельдер жасау.Көлемді модельдер пластилиннен жасалған. Алдымен шарлар жиналады көміртек, азот және сутегі атомдары, содан кейін белгілі бір бұрышта шар тәрізді атомдар шегініс әдісімен бір-бірімен байланысады. Атомдардың жарты шарлары алынады.
1.3.Кестені толтырыңыз. Органикалық заттардың молекулаларын сызыңыз.
Молекуланың атауы, құрылымдық формула, түрі байланыс бұрышы, түрі будандастыру, кеңістіктік форма молекулалар. |
Шар өзегі моделі молекулалар |
Молекуланың көлемдік моделі |
|
|
|
9-зертхана: Аминқышқылдарының молекулаларын құрастыру және ассиметриялық көміртек атомын анықтау
Тәжірибе1.Тұз қышқылының, натрий гидроксидінің және әмбебап индикатор аминоацет қышқылы қағазбен. Біз не көріп отырмыз? (амин қышқылының сынағы бермейді түс өзгерістері) қасиеттер туралы қандай қорытынды жасауға болады аминқышқылдары (аминқышқылдары амфотерлі қасиеттері).
Тәжірибе 2.Амин сірке қышқылының бейорганикалық қышқылдармен әрекеттесуі.
Егер слайдқа 1 тамшы тұз қышқылы ерітіндісі мен 1 тамшы метилоранж қойылса, содан кейін глицин ерітіндісі тамшыларға қосылса, онда реакция қоспасының түсінің өзгеруі байқалады. Неліктен ерітіндінің түсінің өзгеруі болғанын түсіндіріңіз? (бейтараптандыру реакциясы болды). Қандай қорытынды жасауға болады? (топ – NH2 (амин тобы) осы қосылыстардың негізгі қасиеттерін анықтайды, яғни қышқылдармен әрекеттеседі.)
Тәжірибе3. Амин сірке қышқылының сілтілермен әрекеттесуі.
Егер слайдқа 1 тамшы натрий гидроксиді ерітіндісі (Naon) және 1 тамшы фенолфталеин қойылса, индикатор оның түсін таңқурайға өзгертеді. Содан кейін глицин ерітіндісін тамшыларға қосыңыз, ерітінді түсі өзгереді.Неліктен ерітіндінің түсі өзгергенін түсіндіріңіз? (бейтараптандыру реакциясы болды). Қандай қорытынды жасауға болады? (- COOH карбоксил тобы)осы қосылыстардың қышқылдық қасиеттерін анықтайды, яғни сілтілермен әрекеттеседі).
№10 зертханалық жұмыс: "Аминқышқылдары мен ақуыздардың қасиеттерін зерттеу".
Мақсаты: зертханалық тәжірибе негізінде аминқышқылдары мен ақуыздардың қасиеттерін зерттеу дағдыларын қалыптастыру.
№ 1 тәжірибе. Белоктарға биуреттік реакция.
1 мл ақуыз ерітіндісіне 10 тамшы сілті ерітіндісін және 1 тамшы мыс сульфатының ерітіндісін құйыңыз. Ерітіндіні шайқау кезінде не байқалады?Тәжірибе сызбасы немесе сызбасы :
Бақылаулар және реакция теңдеулері :
Қорытындылар :
№ 2 тәжірибе. Ақуыздағы хош иісті аминқышқылдарына ксантопротеин реакциясы.
Бір түтікке 1 мл жұмыртқаның ақ ерітіндісін, екіншісіне бірдей мөлшерде глицин құйыңыз. Осы түтіктерге 3-5 тамшы ұшын қосыңыз. хош иісті аминқышқылдары азот қышқылымен қалай әрекеттеседі ?
№ 3 тәжірибе. Қыздыру кезінде жұмыртқаның ағын ұю.
1 мл ақуыз ерітіндісін қыздырыңыз. Бұл жағдайда не байқалады? Бұл процесс қайтымды ма?
Тәжірибе № 4. Ақуыздардың минералды қышқылдармен денатурациясы.
Үш түтікке 1 мл ақуыз ерітіндісін құйып, бірінші – соңына тамшылар қосыңыз. күкірт, екіншісінде-соңы. тұз, үшіншісі-соңы. азот қышқылдары. Қышқылдардың алғашқы тамшылары ақуыз ерітіндісіне қалай әсер етеді? Ериді ме
Практикалық сабақтар
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып:Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және қозғалысы. Көрсетілім №1 «Атом құрылысы моделі»
Тапсырма 1: Тестілік сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Атомдағы электрондардың квант сандары нені білдіреді?
электронның күйі мен атомдық орбиталь типінің энергетикалық параметрлері
кеңістіктегі электрондардың және атомдық орбитальдің бағытталуы
электронның энергетикалық күйі
атомдық орбитальдің пішіні
2.Табиғи және климаттық факторлармен байланыстырылған әдет-ғұрыптарға сәйкес өмір қоғамға тән:
кеңістіктегі электрондардың және атомдық орбитальдің бағытталуы
атомдық орбитальдің пішіні
электронның энергетикалық күйі
электронның күйі мен атомдық орбиталь типінің энергетикалық параметрлері
3.Басты квант саны қандай мәндерді қабылдай алады?
0-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
1-ден n – 1-ге дейінгі мәндер
1-ден бастап кез келген бүтін санды мәндер (n = 1, 2, 3, ...)
0-ден 7-ге дейінгі мәндер
4.Орбиталь квант саны қандай мәндер қабылдай алады?
–1-ден n – 1 дейін
n-нен 0-ге дейін
–1-ден n-ге дейін
0-ден n – 1-ге дейін
4.Атом орбиталінің пішіні немен анықталады?
Атом орбиталінің пішінін орбиталь квант саны анықтайды.
Атом орбиталінің пішінін бас квант саны анықтайды.
Атом орбиталінің пішінін спин квант саны арқылы анықтайды.
Атом орбиталінің пішінін магниттік квант саны анықтайды.
5.Электрон спині
кеңістіктегі орбиталь пішіні
электронның өз осі бойымен айналуы
кеңістіктегі орбитальдің бағыты
электрон бұлтының пішіні
6.Электрон қозғалысының бағыты қандай квант санымен анықталады?
Электрон қозғалысының бағыты орбиталь квант санымен анықталады.
Электрон қозғалысының бағыты спин квант санымен анықталады.
Электрон қозғалысының бағыты магнит квант санымен анықталады.
Электрон қозғалысының бағыты бас квант санымен анықталады.
Тапсырма 2. №2,6,8 атом құрылысын жазыңыз
Үй
тапсырмасы:
Реттік
нөмірлері мынадай элементтердің
атомдарындағы электрон, протон, нейтрон
сандарын анықтаңдар:
а)Z=5,борB
ә)Z=9,фтор
F
б)
Z=13, алюминий Al
в)
Z=16, күкірт S.
№ 2 практикалық сабақ
Тақырып:Химиялық байланыс.
Тапсырма 1. Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңыз: NO, HF,O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO, C3N, AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4
Тапсырма 2. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Ковалентті полюсті байланыс – бұл ….. Әртүрлі бейметалдар арасында түзіледі. HCl, NH3 2. Ковалентті полюссіз байланыс – бұл ….. Атомдары бірдей бейметалдар арасында түзіледі. Н*+*Н, CO2 3. Иондық байланыс – бұл ...
Иондар +- арасында түзіледі. Ме+БейМе. NaCl, CsH
Үй тапсырмасы: І деңгей: Берілген қосылыстарды химиялық байланыс типіне қарай жіктеңіз: Br2, KI, CaF2, F2, CO2, SO3, HBr, Al2O3, P2O5, CaO, Na, KCl. ІІ деңгей:K және K+, Ca жәнеCa2+ бөлшектеріндегі электрондық құрылысының айырмашылығын көрсетіңіз. ІІІ деңгей: Келесі иондардағы Cl-, Mg2+, S2-протон, нейтрон, электрон санын анықтаңыз.
№ 3 Практикалық сабақ
Тақырып:(VIA) тобының элементтері Тапсырма 1. «WordWall» платформасын пайдалану. https://wordwall.net/ru/resource/66867485/16-via-топ-элементтері Тапсырма 2. Ұсынылған кесте бойынша бос орындарды толтырыңыз. Иондар мен анықтайтын реагенттерді және олардың арасындағы қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңыз, реакция нәтижесінде байқалатын өзгерістерді көрсетіңіз:
Үйге тапсырма.Халькогендер тобына жататын элементтердің қолданылу аясын түсіндіру |
||||||||||||||||||||
№ 4 Практикалық сабақ Тақырып:Күкірт қышқылын алудың контактілі әдісі. Тапсырма 1.Сұрақтарға жауап беріңіз Күкірт қышқылы өндірісінің экологиялық проблемаларын сипаттап, оларды шешудің жолдарын ұсыныңыз. Неліктен SO₃ тікелей сумен қосылмайды, алдымен H₂SO₄ ерітіндісіне сіңіріледі? Тапсырма 2. «Күкірт қышқылы өндірісіндегі экологиялық қауіпсіздік және заманауи катализаторлар» тақырыбында ой толғау
Үй тапсырмасы:Есептерді шығарыңыз 1.Массасы 12,8 г мыс күкірт қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күкіртті газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер. Жауабы: 4,48 л. 2.Реакция толық жүру үшін массасы 500 г массалық үлесі 20%-дық күкірт қышқылының ерітіндісіне қанша магний оксидін қосу қажет? Жауабы: m(MgO) =40,8 г.
|
||||||||||||||||||||
№ 5 Практикалық сабақ Тақырып:Шойын және болат өндірісі. Сәулет өнеріндегі шойын және болат конструкциялар.
Т
Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беріңіз 1. Шойын дегеніміз не? 2. Шойынның түрлері 3. Болат дегеніміз не? 4. Болаттың жіктелуі
Үйге тапсырма 1.Сәулет өнеріндегі шойын және болаттың дамуы тақырыбында эссе жазыңыз. 2.Есептерді шығарыңыз Домна пешінде жүретін реакциялардың бірі: Fe2O 3 +3CO → 2Fe +3CO2 Осы теңдеу бойынша 32 гәрекеттесетін тотықсыздандырғыштың зат мөлшері? Массасы 120 г темір (III) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы? Массасы 26,4 г темір (II) оксиді мен темірдің қоспасын термиялық тотықсыздандырғанда 4,5 г су түзілсе, осы реакцияның соңындағы темірдің зат мөлшері?
№ 6 Практикалық сабақ Тақырып:Тотығу-тотықсыздану процестері. Тапсырма 1. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар: a) H2S + Cl2 = HCl + S b) HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O c) HCl + MnO = MnCl2 + H2O + Cl2 Тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеулерін құрыңдар: А) күкірттің сутекпен әрекеттесу реакциясы Ә) калийдің сумен әркеттесу реакциясы
Тапсырма 2. Қай заттар тотығып , қай заттар тотықсызданатынын көрсетіп,тотығу дәрежелерін қойыңдар: 2H2+O2=2H2O №1 Тотығу процесі Тотықсыздану процесі 2Na +Br2=2NaBr №3
Үйге тапсырма: ТТР дегеніміз не? Мына теңдеулер ТТР қай типіне жатады: 1) 2KNO3 = 2KNO2 + O2 2) Cl2 + KOH = KCl + KClO3 + H2O диспропорциялану
№ 7 Практикалық сабақ Тақырып:Металл өндірісіндегі экологиялық проблемалар. Тапсырма 1.Кестені толтырыңыз.
Тапсырма 2. Өз ойларыңызды дәптерге жазу арқылы бөлісіңіз 1.Химиялық өндірістің жалпы ғылыми қандай принциптері бар? 2.Қазіргі химиялық өнер кәсіптерде қолданылатын жалпы технологиялық принциптерді атаңыз 3.Қандай өнер кәсіптерді білесіздер? Үй тапсырмасы:«Экологиялық проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында эссе жазыңыз.
№ 8 Практикалық сабақ Тақырып:Органикалық заттардың жіктелуі. Тапсырма 1. ХІХ ғасырдың ортасында органикалық химияның алдында қандай проблемалар тұрды, ғылыми тұрғыдан түсірдіруді талап еткен қандай қайшылықтар, сұрақтар? ( органикалық қосылыстардың көп болу себептері,олардың қасиеттерінің ерекшеліктері, органикалық заттарда көміртегі валенттілігінің сақталмайтын сияқты көрінуі, изомерия құбылысын сипаттаңыз? Тапсырма 2. Органикалық қосылыстарға қандай заттар жатады? Күнделікті өмірде қандай органикалық заттарды пайдаланып жүрсіндер? Органикалық химия нені зерттейді?
Үй тапсырмасы:Органикалық химияның шығу тарихы тақырыбында қызықты мәлімет әкелу.
№ 9 Практикалық сабақ Тақырып:Қанықпаған көмірсутектер. Алкендер. Тапсырма 1.Жүйелік номенклатура бойынша атауын беріңіз. 1 2 3 1) CH2=C = CH3 2) 1 2 3 4 CH3-CH2-CН=CH2 3) 1 2 3 4 5 CH=C = CH2-CH2-CH3
Тапсырма
2.
С5Н8 диен
көмірсутектің
барлық
изомерлерін
жазып
,аттарын
атау
керек. а) пропин, в) бутин-2, с) 2,2-диметилгексин-3, д)3,4-диэтилгексин-1 Тапсырма 4. Хлорпрен оңай полимерленіп ,хлорпрен көксағызын түзеді.18 моль хлорпреннен алынатын полимер. Тапсырма 5. 0,4 моль ацетиленді толық гидрлегенде этанның қандай көлемін алуға болады?
Үй тапсырмасы: Органикалық химияның шығу тарихы тақырыбында баяндама жазу.
№ 10 Практикалық сабақ |
Тақырып:"Спирттердің суда ерігіштігі, спирттердің жануы, бір атомды және көп атомды спирттерге сапалық реакциялары"
Тапсырма 1.
1) Спирттер … және … агрегаттық күйде болады.
2) С1-С10 аралығындағы спирттер …, ал С11 бастап …. заттар
3) Спирттердің молекулалық массалары өсуіне қарай суда ерігіштігі …, ал балқу, қайнау температуралары …, себеп спирттерде молекулааралық … байланыс болады.
Тапсырма 2.
1) Спирттер полюсті қосылыстар, себебі О-Н пен С-ОН арасындағы байланыстар:
а) полюсті
б) полюссіз
в) сутекті
2) О – Н байланысының полюстілігі С – О байланысына қарағанда:
а) кем
б) жоғары
в) тең
3) Спирттер белсенді металдармен қышқыл түрінде әрекеттеседі, себеп:
а) «ОН» тобындағы «Н» қозғалғыш
б) көмірсутек радикалындағы «Н» қозғалғыш
в) «Н» атомына байланысты емес.
Тапсырма 3.
1) Пропил спиртінің бромсутекпен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазып , түзілген затты атау.
2) диметил эфирін алудың реакция теңдеуін жазыңыз.
3) 4 г этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) СО2 түзіледі?
Тапсырма 4. Бірінші қатарда әрекеттесетін заттар орналасқан, сіздер екінші қатардан осы әрекеттесу реакцияларынан түзілетін заттардың сәйкес келетін қатарын табыңыздар және кестеге белгілеңіздер:
1 қатар 2 қатар
1) 2C3H7OH + 9O2→ А) калий бутилаты және сутек газы
2) 2C4H9OH + 2K → Ә) хлорэтан және су
3) C2H5OH + HCI → Б) метилэтил эфирі және су
4) C2H5OH + OHCH3 → В) көмірқышқыл газы және су
-
1 қатар
2 қатар
1.
2.
3.
4.
Үй тапсырмасы: Берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар (көп нүктенің орында болатын заттарды тауып, атаңыздар):
+H2 +CI2 +HOH +HBr
1)
C2H4
…… ..........
……..
C2H5Br
+H2 +CI2 +HOH +O2
2)
C2H4
…… .........
…….. CO2
№ 11 Практикалық сабақ
Тақырып:Күрделі эфирлер.
Тапсырма 1: Сұрақтарға жауап беріңіз
-Күрделі эфирлер деп қандай қосылыстарды атаймыз?
-Күрделі эфирлерді алу жолдары?
-Күрделі эфирлердің физикалық қасиеттеріне мысалы келтіріңіз
-Күрделі эфирлерге қандай реакциялар тән?
- Күрделі эфирлерді қолданылу.
-Майлар кандай процестер нәтижесінде алынады?
-Майларды не себепті күрделі эфирлерге жаткызады?
- Қатты жөне сұйык майлардың кұрамындағы айырмашылықтар кандай?
-Майлардың коректік зат ретіндегі маңызын айтып беріңіз.
Тапсырма 2.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Күрделі эфирлер дегеніміз не, жалпы формуласы, атаулары мен изомерлері. Оларды алу әдістері қандай? Эфирлену реакциясы.
Үй тапсырмасы: Сұрақтарға жауап беріңіз
жай эфирлер деп кандай заттарды айтамыз?
күрделі эфирлер деп қандай қосылыстарды атаймыз?
күрделі эфирлерді алу жолдары?
күрделі эфирлерге қандай реакциялар тән?
күрделі эфирлерді қолданылу.
№ 12 Практикалық сабақ
Тақырып:Карбон қышқылдары.
Тапсырма 1. Сематикалық картаны толтыру.Карбон қышқылдарының алғашқы өкілдерін
сипатттап, берілген кестені толтырыңыз:
Сипаттамасы
|
Құмырсқа (метан) қышқылы |
Сірке (этан) қышқылы |
Молекулалық формуласы |
|
|
Физикалық қасиеттері |
|
|
Химиялық қасиеттер |
|
|
Өнеркәсіпте алу жолдары |
|
|
Қолданылуы |
|
|
Тапсырма 2. Есептеңіз
1. Құрамында 4,35% сутек, 26,09% көміртек және 69,56% оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңыз.
2. Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше грамм магний ацетаты түзілетінін табыңыз.
Үйге тапсырма «Карбон қышқылдарының номенклатурасын» жаттау.
№ 13 Практикалық сабақ
Тақырып:Пластмассалардың қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
Тапсырма 1. Сұрақтарға жауап беріңіз
Сұрақ 1: Пластмассалардың қай түрлері сіздерге таныс? Олардың әрқайсысының негізгі қолданылуын сипаттаңыз.
Сұрақ 2: Пластмассаларды қолдану қандай артықшылықтар береді? Қандай себептермен олар кеңінен қолданылады?
2. Қоршаған ортаға әсері:
Сұрақ 3: Пластмассалардың қоршаған ортаға қандай әсері бар? Әсіресе пластик қалдықтарының әсерін талқылаңыз.
Сұрақ 4: Микропластик дегеніміз не? Ол қалай пайда болады және табиғатқа қандай зиян келтіреді?
Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ : Пластмассаларды қоршаған ортаға зиян келтірмей қолданудың қандай жолдары бар?
Сұрақ : Пластик қалдықтарын азайту үшін қандай шаралар қабылдау қажет?
Сұрақ: Пластмассалардан туындайтын экологиялық мәселені шешу үшін сіз қандай инновациялық тәсілдерді ұсынар едіңіз?
Үй тапсырмасы: Пластмассалардың қолданылуы мен зиянды әсерлерін зерттеп, осы мәселелерді шешудің жолдарын ұсыныңыз.
№ 14 Практикалық сабақ
Тақырып:Нанотехнология.
Тапсырма 1.«WordWall» платформасын пайдалану. https://wordwall.net/ru/resource/11467260
Тапсырма 2.Нанотехнологияның пайдасы мен зиянын салыстыру кестесін құрастырыңыз.
Үйге тапсырма. "Нанотехнологияның болашақта біздің өмірімізге қалай әсер етуі мүмкін?" тақырыбында реферат жазу.
Бейнемазмұн немесе зерттеу жұмысы: Әр оқушы немесе топ нақты бір нанотехнологияның қолдану саласын зерттеп, оны сыныпқа таныстырады (мысалы, нанобөлшектердің медициналық қолданылуы, наноэлектроникадағы жаңалықтар).
№ 15 Практикалық сабақ
Тақырып:Нәруыздар, құрылысы, қасиеттері.
Тапсырма 1.Тест тапсырмасын орындаңыз
1. Ферменттердің басқа нәруыздардан айырмашылығы:
А) Химиялық реакциялардың катализаторлары; В) Аминқышқылдарынан тұрады; С) Рибосомаларда синтезделеді; Д) Глицерин мен май қышқылынан тұрады; Е) Эндоплазмалық торда синтезделеді.
2. Нәруыздың мономері:
А) Аминқышқылдары; С) Азот негіздері; Е) Глицерин; В) Глюкоза; Д) Қант; Е) Май қышқылы.
3. Гемоглобин дегеніміз
А) Жәй нәруыз; С) Полисахарид; Е) Фермент. В) Күрделі нәруыз; Д) Гликопротеид;
4. Жасушаның негізгі құрылыс материалы болатын органикалық зат:
А) Майлар; С) Көмірсулар; Е) Гормондар. В) Нәруыздар; Д) Дәрумендер;
5. 1 грамм нәруыз толық ыдырағанда бөлінетін жылу мөлшері:
А) 17,6 кДж; В) 17,5 кДж; С) 16,8 кДж; Д) 17,8 кДж; Е) 16,5 кДж.
6. Ферменттер табиғаты жағынан:
А) Нәруыздар; С) Майлар; Е) РНҚ. В) ДНҚ; Д) Көмірсулар;
7. Ағзаға қажетті органикалық заттар:
А) Нәруыз, май; С) Су; Е) Темір, йод, фосфор В) Натрий, калий; Д) Бейағзалық заттар;
8. Жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстар:
А) Липид, көмірсу, нәруыз; Д) Калий, натрий, кальций; В) Су; Е) Бейорганикалық заттар.
С) Минералды тұздар;
9. Нәруыз молекулаларының аминқышқылдарының саны:
А) 200; В) 40; С) 10; Д) 20; Е) 30.
10. Жасуша заттарының ішінде нәруыздың мөлшері (%) болады:
А) 80%; В) 20%; С) 1%; Д) жоқ; Е) 5%;
Тапсырма 2.Кестені толтырыңыз
Нәруыз қасиеттері |
Атқаратын қызметі |
|
|
Үйге тапсырма. "Нәруыздың құрылысы мен қасиеттері" тақырыбында қызықты мәлімет әкелу.
шағым қалдыра аласыз
апсырма
1.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген