400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка арқылы баланы дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Музыка»

Тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Мақсаты: Әуен ырғағын тыңдап, еркін қимылдауын қадағалайды. Ән мәтініне сәйкес қимылдау.

Көрнекілік: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкердердің атрибуттары.


Оқу іс- әрекет бөлімдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Балалар музыка әуенімен залға келеді. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді.

Жан әжемнің жанында

Тіпті рахат секілді

Айтады ұйықтар алдында,

Ертегіні не түрлі демекші сендер қандай ертегі білесіңдер? Оның ішінде қандай ертегіні жақсы көресіңдер?

Ал енді сол ертегіні еске түсірейікші. Қандай кейіпкерлер бар? Балаларға әр кейіпкерлерді суреттейтін музыка тыңдатып, сол музыкаға сай қимылдар жасату.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Музыка жетекшісі осы «Бауырсақ» ертегісін сахналауды ұсынады. Балалардың қалауы бойынша кейіпкерлерді рольге бөлу.

Музыка жетекшісі: Баяғыда кемпір мен шал болыпты. Бірде шал кемпірінен бауырсақ пісіріп берші деп сұрапты.

Күй ойналып ата мен әже әрі- бері жүріп, әже қамыр илегеннен кейін көрсетіп, бауырсақты терезе алдына келтіреді.

Жата- жата шаршаған бауырсақ терезеден домалап түсіп қашады.

Музыка әуенімен секіреді, жүгіреді, қашады.

Қоян: ( әндете, белгілі бір әуенге салып)

Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ:( әндете)

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым!

Ал сенен, қашу қоян,

Қиын емес маған.

Бауырсақ қашып кетеді.

Музыка жетекшісі: Балалар бауырсақ қояннан қашып кетті ғой. Қәне бәріміз қоянның көңілін көтеріп «Қояндар биін» қосылып билейік.

Музыка ойналып қасқыр шығады. Алдынан бауырсақ шығады.

Қасқыр: ( әндете) Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ ( әндете) Сен мені жеме,мен өлең айтамын

( әнін айтады)

Қасқыр аңтарылып қалады.

Муузыка жетекшісі: Қасқыр, сен ренжіме, балалар сенімен ын ойнап көңілді көтермек.

Ойын: Қасқыр қақпан

Қасқыр түсті қақпанға

Жортып келе жатқанда

«Аяғым» деп шыңғырады

Аяғымды сындырды.

Осы кезде қорбаңдап аю келеді, алдынан бауырсақ кездеседі. Аю: ( әндете)

Бауырсақ, бауырсақ сені жеймін.

Бауырсақ әнін айтып қашып кетеді, аю аузын ашып қалады.

Музыка жетекшісі: Аю сен ренжіме балалармен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Аю мен қояндар»

Түлкі: ( әндете)

Мен сұлу түлкімін

Жай өтпес бір күнім

Ішінде жүремін,

Айқай шу күлкінің

Алдынан бауырсақ кездеседі.

Түлкі: Амансың ба бауырсақ

( әндете) қандай әдемі болып кеткенсің.

Бауырсақ әндетеді.

Түлкі: құлағым естілмейді, қайта айтшы

Музыка жетекшісі: Балалар, бауырсақты түлкі жеп қоймақшы, қәне бәріміз құтқарайық. Қалай құтқаруға болады.

Музыка жетекшісі: Түлкі, сен бауырсақтыжеме, біз саған көңілді ән айтып береміз.

Ән: «Ертегілер»

Рефлексиялық түзетушілік

Қорытындылау, бағалау.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Балалар ертегіні сомдай, сахналай білуі керек.

Нені игерді:

Нені біледі: Ертегіні сахналау дағдыларын меңгерді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.09.2026
39
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі