Материалдар / Сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
665
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы. № 141 жалпы білім беретін мектеп

Тарих пәнінің мұғалімі: Мусралинова Д.С.




Сабақтың тақырыбы

Сағат

мерзімі

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты

Жұмыс істеу формалары

Оқып-үйренудің нәтижесі

бағалау

Қолданылған әдіс -тәсілдер


6-сынып

Дүниежүзі тарихы (34 сағат), аптасына 1 рет

1

Кіріспе

1


«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің тарихитанымдылықты қалыптастыруда атқаратын рөлі мен маңызы турала айта отырып, ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің тарихы ,сонымен қоса Грекия, Рим, Хетт, Финикия, Палистина т.б. елдер туралы хабардар ету.

Топтастыру, жұптық жұмыс

6 сынып дүние жүзі тарихы пәні курсымен танысады,топта жұмысты тиімді жүргізу дағдылары қалыптасады.

Формативті бағалау,

Бағалау критерилерін құруды үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Қарлы кесек.

АКТ пайдалану.

Диалогты оқыту.

2

Шуммер және Аккад мемлекеті

1


Азияның оңтүстік-батысындағы екі өзен Евфрат пен Тигр бойындағы қолайлы ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің молдығы мұнда адамдардың өте ерте кездерден-ақ өмір сүріп, алғашқы қала мемлекеттері туралы ақпарат алады.

Топтық жұмыс

Жұптық, топтық жұмыс жасау нәтижесінде Шумер, Аккад мемлекттерінің құрылып қалыптасуы тақырыбын меңгереді.

Сумативті бағалау тест нәтижесі бойынша.


Инсерт.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Білім берудегі АКТ пайдалану.


3

Ежелгі Вавилон

1


Қалалардың ішінде Вавилон қаласының ерекшелене бастауы, аккад тіліндегі «бабилу» сөзі-«құдайға барар қақпа» деген ұғымды білдіретіні, оған басқа қалаларға қарағанда артықшылықтар беріліп, әсіресе Хаммурапи атты билеуші тұсінда дәуірлей түскені туралы ақпарат алу.

Жұптық, топтық жұмыс

Топтық жұмыс жасау барысында диалог арқылы Ежелгі Вавилонның өрлеуі және Хаммурапи заңдарымен танысады.


Өзін-өзі бағалау,

Топ басшысының бағалауы.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

АКТ пайдалану. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау



4-5

Ежелгі Қосөзен мемлкеті

2


Адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелетін Қосөзен туралы, көптеген халықтардағы сияқты діни түсініктерге байланысты дүниеге келген Қосөзендегі алғашқы әдеби шығармалар жайлы ақпарат беру.

Жұптық, топтық жұмыс.

Топтық жұмыс нәтижесінде Ежелгі Қосөзен мемлекеттерінің мәдениеті, сыа жазу,діни түсініктері туралы ақпарат алады, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады.

Тест нәтижесіне сәкес жиынтық бағалау.


Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

АКТ пайдалану.

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау


6

Египетте мемлекеттің қалыптасуы

1


Ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылардың пайда болуына байланысты құлиеленушілік құрылыс қалыптасып, шағын мемлекеттер пайда болғанын баяндап жеткізу.

Топтық жұмыс

Сыни тұрғыдан ойлау тиімділігін арттыра отырып Ежелгі Египетте алғашқы мемлекттердің пайда болып дамуы.

Формативті

Өзін-өзі бағалау

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Білім берудегі АКТ пайдалану.


7

Ежелгі египеттің әлеуметтік құрылымы

1


Египетте мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы, құлдар мен қолөнершілердің ауыр тұрмысы туралы сқпарат біре отырып, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыру.

Топтық жұмыс.

Құлиеленушілік құрылыс туралы. Египет халқының ауыр турмысы туралы ақпарат алады.

Формативті бағалау.

Өзін-өзі бағалау

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі АКТ пайдалану.

Өрмекші торы.

Диалогтық оқыту.

8

Египеттегі ғылым мен мәдениет

1


Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсту.

Топтық, жұптық жұмыс.

Функционалды сауаттылығын арттыру. Египетте ғылым мен білімнің дамуы жөнінде ақпарат алады.

Мұғалімнің жиынтық бағасы.

Өзін-өзі бағалау

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Ыстық орындық.

9-10

Ежелгі Ассирия

2


Ассирия атауы Тигрдің оң жақ жағасында орналасқан Ашшур қаласынан шыққаны, оның бірнеше ғасырлар бойы әскери қуаты аз болғандықтан, өзінен неғұрлым күшті көрші мемлекеттерге жиі-жиі тәуелді болып келгені, кейіннен аса үлкен әскери державаға айналғаны таралы баяндау.

Топтық

Ассирияның табиғат жағдайлары, Ассирия жерінде алғашқы мемлекеттердің пайда болып дамуы туралы ақпарат алады.

Формативті

бағалау

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

АКТ пайдалану.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Алты қалпақ.

11

Ежелгі Хет патшалығы

1


Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалғанын, Хетт жердавасы б.з.б. 1660-1650 ж. шамасында Табарна патшаның тұсында ғана қалыптасып болғанын баяндау. Оқушылардың шығармашылығын арттыру.

Жұптық, топтық жұмыс.

Ежелгі Хет патшалығының құрылуы, Хет халқының тұрмысы мен мәдениетімен танысады.

Тест нәтижесі бойнша жиынтық баға,

Өзін-өзі бағалау

Білім берудегі АКТ пайдалану.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Талантты және дарынды балаларды оқыту. СТО.

12-13

Ежелгі Финикия мен Палестина

2


Финикия тарихының басты ерекшеліктерімен таныстыру, функцианалды сауаттылықтарын қалыптастыру.

Топтық жұмыс.

Жақын арадағы даму аймағы арқылы Ежелгі Финикия мен Палестина жерінің табиғаты, онда алғашқы қала мемлекеттерінің пайда болып қалыптасуы, мәдениеті туралы ақпарат алады.

Формативті

Өзін-өзі бағалау


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі АКТ пайдалану.

Даналық ағашы.

Талантты және дарынды балаларды оқыту

14

Ежелгі Парсы патшалығы

1


Парсы тайпаларының одағын күшейткенін, оның басқару жүйесін жетілдіргенін және парсылардың саяси жағдайы және мәдениеті туралы ақпарат алуға бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.

Жұптық, топтық

Диалогтық оқыту арқылы Ежелгі парсы патшалығының құрылуы. Даридің ішкі және сыртқы саясаттары туралы. Сонымен қатар Заратуштра ілімі туралы мәлімет алады.

Мұғалімнің жиынтық

бағалауы.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

АКТ пайдалану.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Талантты және дарынды балаларды оқыту.

15

Ежелгі Бактрия

1


Ежелгі замандарда Орта Азияда шаруашылығы мен саяси құрылысы дамыған ірі мемлекеттің өмір сүргенін оқушыларға түсіндіру. Өз ойын еркін жеткізу дағдылары қалыптастыру.

Топтық жұмыс.

Ежелгі Бактрия тарихы туралы деректер.Бактриялықтардың тәуелсіздік жолындағы күресі туралы мәліметті алады.

Жиынтық бағалау.

Өзін-өзі бағалау

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі АКТ пайдалану.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау


16

Кушан патшалығы

1


Кушан патшалығының Орталық Азиядағы көптеген елдер мен мемлекеттердің саяси және мәдени дамуында үлкен рөл атқарғанын баяндау.

Жұптық, топтық жұмыс.

Кушан патшалығының қалыптасуы, гүлденуі және құлауы туралы. Кушандықтардың діни көзқарастары, өнері жөнінде ақпарат алады. Көшбасшылық дағдылары қалыптасады.

Критериалды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Диалогтық оқыту. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау


17

Парфия патшалығы

1


Парфия патшалығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсақ құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайта отырып, Римның Басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі туралы баяндау.

Топтық жұмыс

Парфия патшалығының құрылуы, басқару жүйесі және Римдіктермен күресі жайлы ақпарат алады.

Формативті

Өзін-өзі бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Джигсо

18-19

Орта Азия халықтарының грек-македония басшылық қарсы күрес

2


Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күрестегі ерлігін, тәуелсіздік үшін күрескен даңқты басшысы-Спитамен ерлігін жөнінде тақырыпты меңгеруіне бағыттау.

Топтық жұмыс

Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі және Спитаменнің ерлігі туралы ақпарат алады.

Формативті

Өзін-өзі бағалау

Инсерт.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

АКТ


20-21

Ежелгі Үндістан

2


Ежелгі Үндістанның табиғат жағдайлары. Алғашқы мемлекеттердің пайда болуы. Үндістан халқының шаруашылығы, әлеуметтік қатынастары туралы ақпарат беру.


Ежелгі Үндістанның табиғат жағдайлары. Алғашқы мемлекеттердің пайда болуы. Үндістан халқының шаруашылығы, касталық жүйе туралы ақпарат беру.

Жиынтық баға.

АКТ, Диалогтық оқыту. СТО

22

Ежелгі Үнді мәдениеті

1


Ежелгі Үнді мәдениеті, діни көзқарастары, Ману заңдары, өнер мен білім негіздері туралы ақпаратты меңгерту.

Жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

«Махабхарата» және «Рамаяна» дастандары, Манудың заңдары, Будда діні, Үндістандағы өнер мен білім негіздері туралы ақпаратты игереді.

Критериалдық бағалау бойынша жұптық тексеру нәтижесі негізінде жиынтық баға.

Инсерт әдісі, диалогтық оқыту, СТО.

23

Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасып дамуы.

1


Ежелгі Қытай жерінде алғашқы мемлекеттердің пайда болуы. Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы туралы ақпарат беру.

Жұптық және топтық жұмыс.

Ежелгі Қытайда алғашқы мемлекеттердің пайда болуы. Цин патшалығы. Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы туралы мәліметті игереді.

Тест нәтижесіне сәйкес жиынтық баға.

СТО, АКТ, Білім берудегі басқару және көшбасшылық.


24

Ежелгі Қытай мәдениеті.

1


Ежелгі Қытай жазуы мен әдебиеті. Ғылым меннер табыстары туралы білімді меңгеру.

Топтастыру.

Ежелгі Қытайда жазу мен әдебиет. Сыма Цянь туралы. Ғылыми білім мен өнер табыстары туралы мәлімет алады.

Критериалды бағалау.

Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.


25

Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары

1


Ежелгі Грекияның табиғат жағдайлары. Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі туралы ақпарат беру.

Топтық жұмыс.

Ежелгі Грекияның орналасқан жері мен табиғаты, Крит-Ахей мемлекеттерінің күйреуі туралы білімді меңгереді.

Топ басшысы бағалауы, мұғалімнің жиынтық бағасы.

Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

26-27

Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы.

2


Аттикадағы демократиялық өзгерістер, Грек-парсы соғысы. Грекия қала мемлекеттері арасындағы күрес туралы ақпарат беру.

Топтық жұмыс.

Аттикадағы демократиялық өзгерістер, Грек-парсы соғысы. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы. Грекия қала мемлекеттері арасындағы күрес, Грекияда Македония билігінің орнауы туралы ақпарат алады.

Критериалды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Диалогтық оқыту. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.


28

Ежелгі Грек өнері мен ғылым және білім.

1


Ежелгі Грекиядағы мерекелік ойындар, олимпиялық ойындар грек театры, сәулет өнері, грек мектептері, ғылыми білімдер туралы білімді игерту.

Топтық жұмыс.

Грекиялық мерекелер мен олимпиялық ойындар, театр өнері,мифтері,сәулет өнері. Грек мектептері,ғылыми білімдер туралы ақпаратты меңгереді.

Тест нәтижесіне сәйкес мұғалімнің жиынтық бағасы.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Диалогтық оқыту. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.


29-30

Республика дәуіріндегі Рим

2


Апенин түбегінің табиғаты, Римде республикалық құрылыстың орнауы. Римнің жаулаушылық соғыстары туралы ақпаратты меңгерту.

Жұптық және топтық жұмыстар.

Апенин түбегінің табиғат жағдайлары. Римде республикалық құрылыстың орнауы, Римнің жаулаушылық соғыстары.Римдік және провинциялық ақсүйектер.Өндірушілердің әлеуметтік топтары туралы ақпаратты меңгереді.

Топ басшысының бағасы негізінде мұғалімнің жиынтық бағасы.

Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

31-32

Империя дәуіріндегі Рим

2


Римде империялық басқару жүйесінің орнауы. Шет аймақтарда рим салтын қалыптастыру. Империяның екіге бөлінуі жөнінде білімді меңгерту.

Топтық жұмысты ұйымдастыру.

Римде империялық басқару жүйесінің орнауы. Шет аймақтарда рим салтын қалыптастыру.Шаруашылық және әлеуметтік дағдарыстың басталуы. Империяның екіге бөлінуі туралы білімді меңгереді.

Тест нәтижесіне сәикес мұғалімнің жиынтық бағасы.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Диалогтық оқыту. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.


33-34

Ежелгі Римнің өнері

2


Рим мектебі, поэзиясы, шешендік өнері, құқық және қала өмірі, христиан дінінің шығуы туралы білімді меңгерту.

Топтық жұмыс

Рим мектебі, поэзиясы, шешендік өнері, құқық және қала өмірі, христиан дінінің шығуы туралы білімді игереді

Критериалдық бағалау бойынша жұптық тексеру нәтижесі негізінде жиынтық баға.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Диалогтық оқыту. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!