Сабақ жоспары.7 сынып.Бір түзудің бойында бағытталған күштерді қосу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары.7 сынып.Бір түзудің бойында бағытталған күштерді қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 130 бұйрықпен жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Денелердің өзара әрекеттесуі

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық жұмыс №3

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.2.2.9 - денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау

Сабақтың мақсаты:

  • ЕБҚ: денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтайды

  • денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күштің мәнін есептейді

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


1. Сәлемдесу, оқушыларға жоқтама жасау

Стикерде жазылған сөздер арқылы топқа бөлу:

I топ «Физикалық шамалар»,

II топ «Өлшем бірліктер»,

III топ «Формулалар»

«Доп лақтыру» әдісін пайдаланып түрлі сауалдар беру арқылы бүгінгі тақырыптың ашылуына ой түрткі саламын

1.Күш немен сипатталады?

2.Күштің өлшем бірлігі?

3.Қандай күшті теңәрекетті күш дейміз?

4.Теңәрекетті күштің анықталу формуласы?

5. Денеге бірнеше күштің әрекет етуіне мысал келтір?


Сәлемдеседі


Топка бірігеді

Мұғалімнің кері байланысы


Led экран


15 минут





Жаңа тақырыпты бейнеролик арқылы түсіндіру

Ой қозғау арқылы жаңа сабақты ашу


Тапсырма№1

«Ойлан тап» әдісі арқылы жеке жұмыс орындайды

БК: денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтайды

Бейнеролик көріп, жаңа сабақ мазмұнымен танысады










Оқушылар кестені толтырып, бағытын сызып көрсетеді












Дескриптор:

Тең әсерлі күшті есептейді

ҚБ: «Бас бармақ»



https://www.youtube.com/watch?v=2-PyaXlvZVc








Қосымша №1

Сабақтың

ортасы

20 минут
















Тапсырма№2

Топтық жұмыс

«Ізденушілік» әдісі арқылы құрылымдалған тапсырманы орындайды

БК: денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күштің мәнін есептейді


















Тапсырма№3

«Көршіңмен ақылдас» әдісі арқылы жұптық тапсырма орындайды


Оқушылар топтасып құрылымдалған тапсырманы шешеді

Дескриптор:

  1. Суреттегі ұшаққа ұшу кезінде қандай күштер әсер ететінін жазып көрсетеді

  2. Ауаның кедергі күші 89кН болса ұшақ аспанда ұшу яки ұшпауын анықтай алады

  3. Бизнес класта отырған массасы 80 кг адамға ұшақта қандай күшпен әсер ететінін анықтайды

  4. 8000 км ді ұшуға қанша уақыт жұмсалатынын есептейді

  5. Ұшақтың ұшуына ауадағы кедергі күшінің маңызы атайды


ҚБ: Өзін –өзі бағалау

Дескриптор:


  1. Құмырсқалардың ағаш бұтағын көтеруге жұмсалатын тең әсерлі күш шамасын есептейді

  2. Егер соңына үшінші құмырсқаны қоятын болса бұтақты ойыстан алып өте алады ма? Неліктен екенін дәлелдейді

  3. Ойыстан алып шығу жайлы өз пікірін білдіреді

ҚБ: Бағдаршам






Қосымша №2




Қосымша №3


Сабақтың соңы:

5 мин


Кері байланыс

«Алма ағашы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу


Ауызша кері байланыс береді



Оқулық




Ресурстар

Қосымша №1

А)

Күштің мәні

Тең әсерлі күш, бағыттас

Тең әсерлі күш, қарама-қарсы

Тең әсерлі күш, 900 (перпендикуляр болса)

50 Н




40 Н




Б) Арқан тарту жарысына 4 адам қатысады. Олардың екеуі F1=380Н және F2=420Н күштерді түсіріп оң жаққа, қалған екеуі F3=460Н және F4=90Н күштерді түсіріп сол жаққа тартады. Тең әсерлі күш және арқанның қозғалу бағытын сызбада сызып көрсет.


Қосымша 2

Boeing 767-300ER — әрқайсысы 27 тоннадан астам тарту күшін беретін Pratt & Whitney қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін кең фюзеляжды, кеңейтілген қашықтыққа арналған ұшақ. Boeing 767-300 ұшу қашықтығы шамамен 900 км/сағ жылдамдықпен 10 550 км-ге жетуі мүмкін. Ұшақтардың бұл түрі 38 тонна пайдалы жүкті көтере алады, ал ұшып көтерілу кезінде салмағы 181 тоннаға дейін жетеді. Салон бизнес-кластағы 30 төсек-орынмен және жеке ойын-сауық жүйесі бар эконом-кластағы 193 төсек-орынмен жабдықталған.

Boeing 767-300 ұзақ қашықтыққа ұшуды орындайды.

  1. Суреттегі ұшаққа ұшу кезінде қандай күштер әсер етеді?

  2. Ауаның кедергі күші 89кН болса ұшақ аспанда ұша алады ма?

  3. Бизнес класта отырған массасы 80 кг адамға ұшақта қандай күшпен әсер алады?

  4. 8000 км ді ұшуға қанша уақыт жұмсалады?

  5. Ұшақтың ұшуына ауадағы кедергі күшінің маңызы қандай?



Қосымша 3

Суретте құмырсқалардың ағаш бұтағын тасып ойыстан өтуі бейнеленген. Бірінші құмырсқа 10 Н, екінші құмырсқа 8 Н, үшінші құмырсқа 5 Н,төртінші құмырсқа 12 Н күшті көтере алады.

  1. Құмырсқалардың ағаш бұтағын көтеруге жұмсалатын тең әсерлі күш шамасы?

  2. Егер соңына үшінші құмырсқаны қоятын болса бұтақты ойыстан алып өте алады ма? Неліктен?

  3. Суреттегі құмырсқалардың ретін қалай орналастырғанда ойыстан алып шығуға болады ма?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2023
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі