жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары 10 сынып Ниет тазалығы - игілік көзі
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп «А. Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ» КММ. Мерзiм:12.10.2019ж Сабақ № 5
Тақырып: Ниет тазалығы – ізгілік бастауы.Құндылық: Тыныштық
Қасиеттер: асқақ ой, өзіне-өзі сенімділік, іске берілу.
Мұғалiм: Абаева Н. Т. Сынып: 10 Оқушылар саны: 20
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ниет тазалығы – ізгілік бастауын тыныштық құндылығы ретінде мәнін ашу Міндеттері: - оқушылардың асқақ ой, туралы түсініктерін одан әрі тереңдету; - әр оқушының бойында өзіне-өзі сену қасиеттерінің дамытуына ықпал ету; -оқушыларды іске беріліп істеуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Үй тапсырмасын тексеру. №3-4 сабақты талқылау 1.Ой-өріс, ақыл-парасаттың адам өміріне қаншалықты пайдасы бар? 2.Неліктен әл-Фарабиди ойшыл ғалым дейді? 3.Әл-Фарабидің қандай еңбектерін білесің? 4.Неліктен оны екінші Аристотель дейміз? 5.Үлкен жетістіктерге қалай жетуге олады? 6.Ой-өрісімізді қалай дамытамыз? 7.Қандай ақылды кісілерді білесіңдер? |
Сабақ барысын талқылау: |
Дәйексөз. Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ол әуелі ниет, күш, тәртіп керек. М. Әуезов
|
|
Әңгiмелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы; Жауапкершілік жүгі
Ерте ерте ертеде ақшасы мен дәулетінің көптігіне қарамай өмірінен түңеліп, өмір сүруден жалыққан бір ханзада болған екен. Достары, іні-бауырлары аңшылыққа шығып, қыдырып-тозып жүргенде жаңағы ханзада бөлмесінен шықпай ешнәрсеге қызықпайтын болады. Баласының мұндай жағдайын көрген әкесінің жүрегі ауырады. Бір күні хан сол елдің ең білімді ғұламасын шақырып, жағдайды түсіндіріп баласының дертіне бір дауа табуын бұйырады. Ойлануға бар жоғы бір апта беріледі. Осы уақыт ішінде ешқандай шешім табылмайтын болса, ғұламаның өміріне қиянат жасалынатынын ескертеді. Қария күн демей түн демей ойланса да ешбір амал таба алмайды. Ханның сөзін ескеріп өлкеден қашып кетуді жоспарлайды. Жақындарымен қоштасып, жиған-тергенін арқасына артып кетіп бара жатып бір ауылдың маңайында қой мен қозы бағып жүрген жас қойшыны көреді. Онымен біраз әңгімелеседі. Қойшы “Аға, аз уақытқа қойларымды бағып берсеңіз. Түскі асымды алмай шығыппын, үй жаққа барып соны ала келейін деп едім” дейді. Ғұлама біреуге болсын жақсылығым тисін ниетімен қуана келіседі. Бар ынта мен назарын мойына алған жауапкершілігіне салып тұрғанда, бір қозы ойнап жүріп ор ішіне домалап түседі. Қозыны құтқарып шығармаса өзі шығалмайтыны анық. Қойшы баланың алдында ұят болды-ау деп, ғұлама орға түскен қозыны құтқармақшы болады. Осы мақсатпен ордың ең астына түседі. Қозыны арқасына байлап ордан шығуға тырмысады. Бірақ қозының ауырлығынан көпке шыдамай қайта орға құлайды. Қайта тырмысып, қайта құлап әрең дегенде қозыны ордан алып шығарады. Жас досына берген уәдесін орындау үшін, бір қозыны құтқарам деп жанталасқаны, өзінің басына түскен жағдайды, өлкені тәрк етіп бара жатқаның естен шығарады. Есіне түсіп ойланады: “Кімде кім бастаған істің сәтті аяқталуын мақсат етіп, қойған мақсатына толық берілген болса, ол кісінің ешқашан іші да пыспайды, басқа ешнәрсені көңіліңе де алмайды”
Осыны
ойлап ғұлама қашудан бас тартады.
Ханның алдына барып: Адам баласы ниеттеніт алға қарай ұмтылып еңбектену керек.
|
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды өз мақсаттарын жүйелі іске асыруға үйрету мақсатында оқулықта төмендегідей тапсырма берілген. Оқулықтағы «Болады деп арманда» өлеңін оқып танысу. Оқушылардың жеке-жеке арандарын тыңдау |
|
Топпен ән айту. Ертегілер әлемі Сөзі мен әні Е.Елгезековтікі |
|
Үй тапсырмасы.1. Дәптермен жұмысты орындау 2. Келесі сабақ;№6. «Адам қалай ойлайды»Д. Алленнің шығармасын оқу
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады. Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010
«Өзін-өзі тану» 10-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010
«Өзін-өзі тану» оқулығы 10-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.
«Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 10-сынып «Бөбек» Алматы, 2010
«Өзін-өзі тану, Самопознание» KZ 1-2 бет
«Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы 2010

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген