жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: "15-16 ғ.ғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер"
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ БМ06 АУП-215 к
|
|
Сабақтың № 19-20 |
|
|
Мамандығы-біліктілігі: |
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары
|
|||||
Модульдің атауы |
БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының рөлі мен орнын түсіну".
|
|||||
Сабақтың тақырыбы |
15-16 ғ.ғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер.
|
|||||
Күні |
__.__. 2019 ж. |
Ұзақтығы |
/90мин/ |
|||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||||
Білімділік: |
- Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі өзбектер мемлекеті, Ноғай Ордасы, Сібір хандығының саяси-әкімшілік құрылысы, шаруашылығы туралы түсінік беру.
|
|||||
Дамытушылық: |
- ойлау, еркін сөйлеу, есте сақтау, қабілеттерін дамыту.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
|
|||||
Тәрбиелік: |
-студенттерді өз елінің өткен тарихына деген құрметке, патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.
|
|||||
Күтілетін нәтижелер: |
а)
студенттерге 15-16 ғ.ғ. мемлекеттер
тарихын түсінеді; |
|||||
Сабақтың түрі: |
Аралас
|
|||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.
|
|||||
Қосымша әдебиетттер: |
Төлеубаев, Қазақстан тарихы, Алматы Мектеп 2014 ж, Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,
|
|||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы, АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.
|
2. Үй тапсырмасын тексеру: Моңғол мемлекетінің құрылуы Саяси-әкімшілік құрылымы «Жасақ »заңдар жинағы Моңғолдардың Қазақстанды жаулауы «Отырар апаты» Ұлыстардың құрылуы Моңғол шапқыншылығының зардаптары:
|
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) реферат қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, 4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы. |
|
3. Жаңа сабақты меңгерту: Жоспар: Ақ Орда. Моғолстан. Көшпелі өзбектер мемлекеті. Ноғай Ордасы. Сібір хандығы. Ақ Орда. ХІІІ ғ. ортасынан бастап Шығыс Дешті Қыпшақта Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқы билеушісі – Жошының үлкен ұлы Орда Ежен болған. XIV ғ. Орда Ежен ұрпақтарының билігі Шайбан ұлысына да тарады. Ақ Орда халқының этникалық құрамында монғолдар өте аз болды. Мұнда монғол жаулап алуынан бұрын қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген түркі тілдес тайпалар мекендеді. Моғолстан. Моғолстанның құрылуы Шағатай ұрпақтары мемлекетінің XIV ғ. ортасында шығыс және батыс бөліктерге ыдырауына байланысты болды. Шағатай мемлекетінің шығыс аймақтары, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстанның құрамына енді. Көшпелі өзбектер мемлекеті. (Әбілхайыр хандығы). Ақ Ордада талас-тартыстар белең алған кезде Жошының бесінші ұлы Шайбанның ұрпағы, Дәулет-Шайхтың баласы Әбілхайыртүркі тілдес тайпалар өкілдерінің қолдауымен 1428-жылы Шайбан ұлысында билік басына келді. Ол өзінің қарсыластары – Махмұд Қожа ханды, маңғыт әмірі Уақас биді талқандап, XV ғ. 40-жылдары өз иеліктерін кеңейте түсті. Хандықтың аумағы Батыс Сібірдің оңтүстігінен Сырдария жағалауы мен Қаратау бөктеріне дейінгі, Жайықтан Ертіс пен Балқаштың солтүстігіне дейінгі жерлерді алып жатты. Ноғай Ордасы. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болуы себепті көрші халықтар ноғайлардың ұлысын «Маңғыт жұрты» деп атаған. Зерттеушілер С.Е. Малов, Р.Г. КузеевНоғай Ордасы тұрғындарының шығу тегін Жошы әулетінің өкілі, ХІІІ ғ. Алтын Орданың түменбасы Ноғайға қараған тайпалармен байланыстырады. Алтын Орданың атақты қолбасшысы, Жошы ханның немересі Ноғай 1259-1299 жж. мемлекетте маңызды тұлғаға айналды. Ол 1299 жылы Алтын Орда ханы Тоқтымен Қағанлық (қазіргі Одесса) маңында болған шайқаста жеңіліп, қаза тапты. Сібір хандығы. Монғол шапқыншылығынан кейін Ертістің орта ағысы, Тобыл, Есіл, Тура аумақтары Жошы ұлысының құрамына енгенімен, жергілікті билік Тайбұға ұрпақтары мен керейіт тайпасы басшыларының қолында қалды. XV ғ. 20-90 жж. Батыс Сібірде шайбанилік Махмұд Қожа, Әбілхайыр, Ибақ хандар билік жүргізді. |
50 мин. |
Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықпен жұмыс Тақырыптық презентацияны қарау Тақырып бойынша талдау жасау Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
|
4. Алған білімдерін бекіту: Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер өмір сүрді? Қазақстан территориясындағы Моңғол жаулаушылық соғыстарынан кейінгі кезеңді сипаттаңыз. Ақ Орда, Моғолстан, Көшпелі Өзбектер мемлекеттерінің құлауының ортақ себептерінің атаңыз.
|
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады; 4) блиц-тест орындайды;
|
|
7. Үйге берілген тапсырма: Төлеубаев Қазақстан тарихы А «Мектеп» 2014, Мәтінді оқып, әңгімелеу |
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау |
|
Пән мұғалімінің қолы________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген