жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: "17-18ғ.ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы"
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Курс |
I |
Топ БМ06 АУП-316к
|
|
Сабақтың № 27-28 |
|
Мамандығы-біліктілігі: |
1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары
|
||||
Модульдің атауы |
БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының рөлі мен орнын түсіну".
|
||||
Сабақтың тақырыбы |
17-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
|
||||
Күні |
__.__. 2019 ж. |
Ұзақтығы |
/90мин/ |
||
Сабақтың мақсаты: |
|
||||
Білімділік: |
- студенттерге ХVII-XVIII ғ.ғ бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, сондай-ақ үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың Жоңғарларға қарсы күрестегі жеңісі, тәуелсіздік үшін күресіндегі батырлардың ролін әңгімелеу. |
||||
Дамытушылық: |
- "Жеті жарғы", Орбұлақ, Бұланты шайқастары жөнінде білім алушыларға тиянақты білім беру. |
||||
Тәрбиелік: |
-студенттерді өз елінің өткен тарихына деген құрметке, патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу. |
||||
Күтілетін нәтижелер: |
• Хронологиялық
кесте құрастыра алады; |
||||
Сабақтың түрі: |
Аралас
|
||||
Қажетті жабдықтар мен құрылғылар: |
Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.
|
||||
Қосымша әдебиетттер: |
Төлеубаев, Қазақстан тарихы, Алматы Мектеп 2014 ж, Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы, |
||||
Сабақтың конспект-жоспары |
|||
Сабақтың барысы |
Уақыты (мин.) |
Іс-әрекет түрлері |
Оқу ресурстары мен материалдары |
1. Ұйымдастыру кезеңі:
|
2 мин. |
Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу. |
М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы, АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.
|
2. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақ халқының әлеуметтік құрылымы -Ханның Құқығы міндеті
|
20 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы, 2) реферат қорғау арқылы, 3) карточка арқылы, 4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы. |
|
3. Жаңа сабақты меңгерту: 1723 жылы қазақ-жоңғар қатынасында қазақтар үшін аса қиын кезең басталды. Өйткені Қытай императоры Кансидің қайтыс болуын пайдаланып, жоңғарлар Қытаймен бітім жасайды. Осылайша жоңғарлар өздеріне Қытай тарапынан жасалып отырған қысым мен қауіпті тоқтатып, бытыраңқы қазақтарға қарсы барлық күштерін жұмылдыруға мүмкіндік алды. Бұл қазақ халқының тағдырындағы ең қасіретті кезең - «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1728) нәубетіне алып келген еді. Қазақ хандығының бекуі Тәуке хан (1680-1718) Жәңгірдің кезеңіне келеді. Тәуке ханның билік кезеңі қазақ мемлекетінің “Алтын ғасыры” деп аталады. Тәуке хан кезінде, халық тиыштықта өмір сүрді, тәртіп болды, әділдік пен заңдылық сақталды. Тәуке хан кезеңінде қазақтардың қарамағында Сырдарияның 32 қаласы болды. Оның негізгі мекені – Түркістан қаласы болды. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинағы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады.
Бұланты шайқасы- ж. Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. 1723-1725 жж. қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы қауіпті кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды.
Орбұлақ шайқасы. Алайда 50 мың қол жау жасағына 700 қазақ жауынгерлерінің тойтарыс бергені бұлтартпас шындық. Оны тарихи деректер барлық жағынан дәлелдеп тұр. Орыс зерттеушілерінің жазбалары оқиға жайын бүкпесіз баяндайды. Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқиянан өзіме шейін» кітабын оқысаңыз шындыққа қанығасыз. Екі деректе де қазақ жауынгерлерінің саны 700-дей деп көрсетілген. Оны қалмақ елшісі Бахти де мойындаған. |
50 мин. |
Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықпен жұмыс Тақырыптық презентацияны қарау Тақырып бойынша талдау жасау Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу |
|
4. Алған білімдерін бекіту: - Есім, Қасым, Тәуке, Абылай хандардың кезіндегі Қазақ хандығы; - Орбұлақ, Бұланты шайқастары.
|
10 мин. |
1) сұрақ-жауап арқылы,; 2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды; 3) тақырып бойынша кесте толтырады; 4) блиц-тест орындайды; |
|
7. Үйге берілген тапсырма: Төлеубаев Қазақстан тарихы А «Мектеп» 2014, Мәтінді оқып, әңгімелеу |
3 мин. |
Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу. |
|
8.Сабақты қорытындылау. |
5 мин. |
Студенттердің білімідерін бағалау |
|
Пән мұғалімінің қолы________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген