жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары 1916 жылғы көтерілістің барысы оның негізгі ошақтары
Сабақтың тақырыбы: § 15-16. 1916 жылғы көтерілістің барысы оның негізгі ошақтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын түсіндіріп, қозғалыстың ең ірі орталықтарындағы қозғалыстың барысын, басшыларын, жеңілу себептерін және тарихи маңызын ұғындыру, көтерілістің себептерiн түсiндiру, олардың зардаптары туралы түсінік бере отырып білімдерін тереңдету.
Дамытушылық:Оқушылардың өздеріне тұжырым жасатып, өз ойларын дәлелдеуге төселдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, жылдам ойлауға, ұстанымдылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Қазақстандағы1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын , салдары және оның ірі ошақтарын,зардаптарын ашып көрсете алады, көтерілістің себептерi туралы өз көзқарастарын бiлдiреді, бұгінгі күнмен байланыстырады.
7 модульдің қолданылуы: “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Диалогтық оқыту ”.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, ҚР саяси картасы,электронды оқулық ЦБР№241, Портреттер, Фличарт, маркер, қима қағаздар. тест,слайд суреттер, хронологиялық кесте, Амангелді кинофильмінен үзінді, тапсырмалар, кесте.
Сабақтың түрі :Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тест тапсырмалары,топтық жұмыс, Болжау стратегиясы,Жинамалы қуыршақ әдісі, Сәйкестендіру, Кім жүйрік ойыны, Артығын алып тастаңыз, Балама тест, Мен саған,сен маған әдісі. Анаграмма «Амангелді», Фишбон әдісі.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері. (топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлу) (Топ жетекшісін сайлау, бағалау парпғын беру) (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тест , әр оқушыға жеке2-нұсқада (электронды нұсқада) (5мин) Білім
1 нұсқа
1.1.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты
1.Бірінші дүниежүзілік соғыс болды:
А. 1914 -1918жж
В. 1915 -1918жж.
С. 1913-1918жж
Д. 1916- 1918жж.
Е. 1917 – 1918жж.
2. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты:
А. 38 мемлекет
В. 36 мемлекет
С. 32 мемлекет
Д. 28 мемлекет
Е. 23 мемлекет
3. 1882 жылы Үштік Одақ әскери – саяси блогына кірген елдер:
А. Түркия, Испания, Жапония
В. Германия, Австро- Венгрия, Италия
С. Франция, Англия, Ресей
Д. Швеция, Германия, Италия
Е. Испания, Австро – Венгрия, Жапония
4. 1907ж. Антанта әскери – саяси блогына енген елдер:
А. Франция, Англия, Ресей
В. Испания, Франция, Жапония
С. Түркия, Испания, Жапония
Д. Швеция, Германия, Испания
Е. Германия, Австро- Венгрия, Италия
5. «Қазақ» газетінде соғыс әділетсіздігін дәлелдеп «Тағы соғыс» мақаласын жариялады:
А. Ә.Бөкейханов
В. А.Байтұрсынов
С. М.Дулатұлы
Д. С.Сейфуллин
Е. Ж.Жабаев.
6. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатта белгісіне айналды» деп жазды:
А. Ә.Бөкейханов
В. С.Сейфуллин
С. Т.Рысқұлов
Д. Ш.Уәлиханов
Е. Т.Шонанов
7. А.Байтұрсынов «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазды:
А. 1913 жылы В. 1911 жылы
С. 1912 жылы Д. 1910 жылы
Е. 1909 жылы
8. Патша үкіметінің аграрлық және отарлық саясатына қарсы бас көтергендер:
А. Байлар
В. Қазақ еңбекшілері
С. Зиялылар
Д. Жұмысшылар
Е. Басшылар
9. Патша үкіметінің «19- 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды ер адамдарды қара жұмысқа алу» туралы жарлығы шықты:
А. 1916 жылы 23 тамызда
В. 1916 жылы 25 шілдеде
С. 1916 жылы 25 маусымда
Д. 1916 жылы 26 наурызда
Е. 1915 жылы 14 сәуірде
10. 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлық бойынша Түркістан, дала өлкесінен қанша адам алу көзделеді:
А. 400 мың В. 500 мың
С. 300 мың Д. 490 мың
Е. 200 мың
11. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» - деп айтты:
А. Ж.Ақбаев В. М.Дулатұлы
С. А.Байтұрсынов Д. Ж.Аймауытов
Е. М.Жұмабаев.
12. Генерал – губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы шықты:
А. 1916 жылы 23 тамызда
В. 1916 жылы 26 сәуірде
С. 1916 жылы 25 маусымда
Д. 1916 жылы 19 наурызда
Е. 1915 жылы 25 қазанда
13. Қара жұмысқа шақыруда болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары, полициялық шенділер, имамдар, молдалар, есепшілер, дворяндар кімнің бұйрығымен босатылды:
А. А.Керенскийдің В. Дутовтың
С. Куропаткиннің Д. Черняевтың
Е. Перовскийдің
14. Қазақстан мен Түркістан халқының патша жарлығына жауап ретіндегі көтерілісінің сипаты:
А.Стихиялы түрде В. Ұйымдасқан түрде
С. Ереуіл түрінде Д. Шеру түрінде
Е. Империализмге қарсы
15. 1907 – 1912 жылдары қазақ жеріне еуропа бөлігінен қоныстанғандар саны:
А. 1млн. 300мың
В. 2 млн. 400 мың
С. 2 млн. 350 мың
Д. 1 млн. 960 мың
Е. 3 млн. 500 мың
2 нұсқа
1.Көтеріліске шыққан халық бірінші кезекте қалпына келтірген жүйесі:
А. Отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқаруды
В. Шекаралық басқаруды
С. Генерал – губернаторлық басқаруды
Д. Округтық басқаруды
Е. Болыстық басқаруды
2. Дала ақсүйектерінің Ырғыз, Торғай уездерінде көтерілген хан өкілінің саны:
А. 9 В. 10
С. 8 Д. 11
Е. 7.
3. Көтерілісшілер армиясының қолбасшысы:
А. Сардарбек В. Беклербек
С. Майор Д. Старшина
Е. Атаман
4. Шерубай- Нұра болысының ханы болып жарияланды:
А. Б.Әшекеев В. Н.Қияшев
С. Ә.Бөкейханов Д. О.Шоңов
Е. А.Байтұрсынов
5. Оспан Шоңов хан жарияланды:
А. Шерубай – Нұра болысында В. Жайымтал болысында
С. Қарашақ болысында Д. Торғай уезінде
Е. Жем уезінде
6. Верный уезінің Жайымтал болысының ханы болып сайланды:
А. Б.Әшекеев
В. Н.Қияшев
С. Ә.Бөкейханов
Д. О.Шоңов
Е. А.Байтұрсынов
7.Көтерілісшілер болыстық басқару жүйесі қалпына келтірілгеннен кейін ел бегіне сайланды:
А. Старшын
В. Аға сұлтан
С. Ақсақал
Д. Әкім
Е. Майор
8. Верный уезінің көтерілісшілері байланыс орнатқан уез:
А. Ходжент
В. Жизақ
С. Ташкент
Д. Әулиеата
Е. Перовск
9. Патша өкіметінің қолданған тактикалық саясаты:
А. «Алған мақсатыңнан қайтпай, билей бер де , бөліп ал»
В. «Бөліп ал да, билей бер»
С. «Аға сұлтандарға шен беріп, бөліп ал да, билей бер»
Д. «Қырғыздар арасына іріткі сал да билей бер»
Е. «Қырғыздарды жақындат та, байлығын ала бер»
10. Көтерілісшілер бірігіп қимыл жасаған ұлт өкілдері:
А. Қазақтар, башқұрттар
В. Ұйғырлар, қырғыздар, дүнгендер
С. Қырғыздар, қарақалпақтар
Д. Дүнгендер, башқұрттар
Е. Қырғыздар, ұйғырлар, қарақалпақтар
11. Қазақтың либерал – демократиялық зиялы қауым қазақтарды санады:
А. «Ерікті түрдеә жұмысқа баруға көнбейді
В. «Қазақтар еркіндік сүйгіш! Бодандыққа көнбейді...»
С. «Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті»
Д. «Түркістанды мекендейтін ұлттар құқықтары үшін күреседі»
Е. «Өздерінің өмірлерін өз еріктерімен, ешбір бөгетсіз құруға бейімделген»
12. «Бір – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – «бармаймын» деп қарсылық қысла, елге зор бүліншілік келеді» деп екі баламаны таратып үндеуге қол қойғандар:
А. Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ұ.Саурықов
В. Ә.Жангелдин, А.Иманов, Б.Әшекеев
С. Ж.Мыңбаев, С.Меңдешев, Ә.Әйтиев.
Д. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы
Е. Ә. Майкөтов, Ж.Мәмбетов, А.Қосақов.
13. «Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады» деп қауіптенгендер:
А. Ә. Майкөтов, Ж.Мәмбетов, А.Қосақов.
В. Ж.Мыңбаев, С.Меңдешев, Ә.Әйтиев.
С. Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ұ.Саурықов
Д. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы
Е. Ә.Жангелдин, А.Иманов, Б.Әшекеев
14. 1916 жылы қазанда либералдық – демократиялық ойшыл өкілдерінің үндеу хатында айтты:
А. «Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті» - деп
В. «Халықпен тығыз байланыста болғанда ұлт – азаттық революция жеңеді» - деп
С. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» деп
Д. «Отаршылдық дәстүрге жол бермейік» деп
Е. «Қара жұмысқа баруға келіспейік» деп
15. Ұлт –азаттық қозғалысқа қатысқан революцияшыл – демократияшыл зиялылар:
А. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы
В. Ж.Мыңбаев, А.Қосақов
С. Ж.Мәмбетов, С.Сейфуллин
Д. С.Садуақасов, М.Жұмабаев
Е. Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, І.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов
1.Сәйкестендіру тесті: (электронды нұсқада) (2мин)
1 |
«Бір – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – «бармаймын» деп қарсылық қысла, елге зор бүліншілік келеді» деп екі баламаны таратып үндеуге қол қойғандар |
Т.Рысқұлов |
2 |
. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатта белгісіне айналды» деп жазды: |
А.Байтұрсынов |
3 |
«Қазақ» газетінде соғыс әділетсіздігін дәлелдеп «Тағы соғыс» мақаласын жариялады |
Куропаткин |
4 |
«Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазды: |
М. Дулатов |
5 |
“Қазақ секілді іргелі ұлт өзгелер қатарында соғыс майданында қару- жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз!” “Жұрт сендей соғылды, түнде- ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” |
Ә.Бөкейханов, |
6 |
1916 жылғы 20 шілдеде «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», « лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалану» деп нұсқауды шығарды |
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы |
1. Сен маған мен саған әдісі (электронды нұсқада)
1.Ер –азаматтарды тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы қашан жарияланды? (1916ж 25 маусым)
2.Патша жарлығы бойынша тыл жұмыстарына неше жастан алынатын болды ? (19-43 жас)
3.1916 жылғы көтерілістің себептері? ( Бұртана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі Жарлық, отарлық езгі, салық,жерді тартып алуы, орыстандыру саясаты)
4.Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Жетісу облысынан қанша десятина тартып алынды? (1 млн 800 десятина)
5.Көтерілістің алға қойған басты мақсаты не? (қазақ халқына ұлттық және саяси азаттық әперу)
6.Реквизициялау дегеніміз не? (еріксіз жұмылдыру, алу)
7. Патша Жарлығына қарсы шыққан қазақ зиялылыры (Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков,Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейтқали Меңдешов, Бәймен Алманов)
8.Халықты жарлықты орындауға ,қарсылық көрсетпеуге шақырған демократиялық-либералдық топ (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы)
9.Қозғалыстың негізгі қозғаушы күші (Шаруалар, жергілікті жұмысшы табы, қолөнершілер)
10. Қарашақ болысының ханы.( Оспан Шонов)
11. Генерал – губернатор Куропаткиннің құпия бұйрығы шықты(1916ж 23 тамыз)
12. Дала ақсүйектерінің Ырғыз, Торғай уездерінде көтерілген хан өкілінің саны (9)
13. Шерубай-Нұра болысының ханы (Нұрлан Қияшов)
14.Ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі ресей патшасы (ІІ Николай)
2. Ұлт зиялыларының патшаның отаршылдық саясатына қарсы қарсылығын қалай білдірді? Артығын алып тастаңыз: (электронды нұсқада)
1 |
1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысты |
2 |
Патша саясатына ашық қарсылық көрсетпеді |
3 |
Патша өкіметінің аграрлық саясатын сынады |
4 |
Қоғамдық саяси өмірге белсене араласты |
5 |
Қазақ еңбекшілерімен байланысы әлсіз болды |
6 |
Қазақ ауылының саяси өмірге тартылуына әсер етті |
7 |
Қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтады |
3. Сандар сыр шертеді. (электронды нұсқада)
1914, 1916, 1 млн800 мың, 1916-25-06,19-43, 500 мың, 250 мың, 1916-07.
IV.Қолдану Жаңа сабаққа дайындық. (3 мин) Қызығушылығын ояту сатысы: 1. Болжау стратегиясы (оқушылар суреттегі оқиғаларды бір-бірімен байланыстыра отырып жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды)
100
жыл
Оқушылар болжау жасау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады, Жаңа тақырып бойынша не білгілері келетінін стикерлерге жазып анықтайды.
Жаңа сабақтың жоспары:
Жетісу қозғалыстың ірі орталығы
Қозғалыстың Торғай ошағы
Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы
V. Жаңа сабақ.
Талдау (5мин). Мұғалімнің кіріспе сөзі: 1,2,3 слайдтар
1 ) Мағынаны тану сатысы
ЦБР№241 электронды оқулығы арқылы жаңа сабаққа түсінік беру.
2) Ой толғаныс сатысы (10мин) (жинамалы қуыршақты таңдату арқылы жаңа тақырып бойынша үш топқа тапсырма беріледі, оқулық мәтінімен жұмыс жүргізіп, тақырыпты талдайды, әр топ бір-бірінің жұмысын бағалайды)
VІ. Жинақтау. Жаңа сабақты бекіту. (8 мин)
Шығармашылық тапсырма: (Тұжырым карталарын қорғау)(4мин)
Жеке оқушылар озық тапсырмаларын қорғайды.
1. Самсы көтерілісі.
2. Меркедегі ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі-Ақкөз Қосанов,
3. 1916 жылғы ұлт –азаттық қозғалыс туралы жарық көрген шығармалар (презентация)
Сөздікпен жұмыс.
Бұратана-бодан, бағынышты, кіріптар жұрт, халық
Мобилизация-әскери міндетті адамдарды жаппай әскери қызметке шақыру
Реквизициялау – еріксіз жұмылдыру, алу
Радикалды –терең батыл шаралар қолдану әрекеті, мәмлеге келмейтін саяси ұйымдар.
Кім жүйрік? (электронды нұсқада)
1916 жылы А.Иманов 15 мың көтерілісшілермен қоршады?( Торғайды )
Торғай көтерілісіне қатысқан мерген Кейкі батыр кімнің серігі?( А.Иманов)
Жайымтал болысының ханы(Б.Әшекеев)
Торғай уезінін ханы (Ә.Жанбосынов)
Қарқара көтерілісінің басшысы ( Ж.Мамбетов)
Меркі көтерілісінің басшысы (А.Қосанов)
ІV Мемлекеттiк думанын депутаты (А.Ф.Керенский )
«Қарбалықтағы оқиғалар туралы сөз» (С.Ужгин)
Торғайда көтерiлiсшiлердi соғыс iсi шеберлiгiне үйреттi(Н.Кротов)
Қарқара көтерiлiсiнiн ұйымдастырушының бірі (Е.Е.Курев)
5. Балама тест (электронды нұсқада)
р/с |
Мәтін жолдары |
Иә |
жоқ |
1 |
10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады |
+ |
|
2 |
Жетісу көтерілісінің жетекшілері Әбдіғапар Жанбосынов, Әліби Жангелдин |
|
+ |
3 |
1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды |
+ |
|
4 |
1916 жылы қазанда Жетісу көтерілісі талқандалды |
+ |
|
5 |
1916 жылғы көтеріліске арналған Жүсіпбек Аймаутовтың «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасы жарық көрді |
|
+ |
6 |
Ұлт-азаттық көтеріліс барысында қазақ халқы жарты миллион халқынан айырылды |
+ |
|
7 |
Жетісу көтерілісінің жетекшілері: Б.Әшекеев, Т.Бокин, Ж.Мамбетов, У.Саурықов, А.Қосанов |
+ |
|
8 |
Торғайда 238 мың адамды Қытайға қуды. 400 ден астам Қытай боданын өлтiрдi. Жерлерiн тартып алды. |
|
+ |
9 |
Жетісу көтерілісшілерінің саны 2 мыңнан 10 мыңга дейiн адам |
+ |
|
10 |
Жетісу көтерілісі Ақпан революциясына дейiн жалғасты. |
|
+ |
11 |
Торғай көтерілісшілерінің саны 20 мыңнан 50 мыңға дейiн |
+ |
|
12 |
1916жылы 11 тамызда Жәмеңке Мәмбетовты Прежевальск қаласының түрмесінде у беріп өлтірілді |
+ |
|
6. Анаграмма «Амангелді» (электронды нұсқада)
|
1. |
Б |
О |
Т |
А |
К |
Ө |
З |
|
|
|
|
|
|
||||||||
|
2. 3. |
И |
М |
А |
Н |
|
|
|
|
|
|
|
||||||||||
|
Ж |
А |
М |
Б |
Ы |
Л |
|
|
||||||||||||||
|
С |
Ә |
К |
Е |
Н |
С |
Е |
Й |
Ф |
У |
Л |
Л |
И |
Н |
4. |
|
|
|
||||
|
5. |
Ж |
А |
Н |
Г |
Е |
Л |
Д |
И |
Н |
|
|
|
|||||||||
|
6. |
Ә |
У |
Е |
З |
О |
В |
7. |
|
|
|
|||||||||||
|
Б |
О |
Р |
А |
Л |
Д |
А |
Й |
|
|||||||||||||
8. |
Р |
А |
Д |
И |
К |
А |
Л |
Д |
Ы |
|
|
|||||||||||
|
К |
Е |
Й |
К |
І |
Б |
А |
Т |
Ы |
Р |
9. |
|
|
|
|
|||||||
1916 жылғы көтеріліс сипатталған Сәбит Мұқановтың шығармасы
Амангелді батырдың атасы
«Зілді бұйрық» өлеңінің авторы
«Тар жол, тайғақ кешу» романының автроры
Амангелдінің дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал еткен серігі, большевик
«Қилы заман» романының авторы
Бекболат Әшекеевті жұрт алдында дарға асқан жер
Мәмлеге келмейтін саяси ұйымдар.
Амангелдінің серігі, атақты мерген
VІІ. Жаңа сабақты қорыту. (5мин)
Фишбон әдісі себебі
проблема
нәтижесі
шешу жолдары
Көптеген әнші, күшілер ұлт-азаттық қозғалысқа арнап күй, ән шығарды. Соңың бірі Дина Нұрпейісованың күйі «1916-жыл» (Электронды нұсқада)
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр. Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда, тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих
толқынында» атты кітабында Қазақстандағы
ұлт-азаттық көтеріліске жан-жақты
тоқтала келіп: «…Қазақтардың 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қамтыған
жалпыұлттық дағдарыстың бір нышаны
болды. Бұқаралылығы, қоғамның бар тарабын
кеңінен қамтуы, жалпыұлттық ұрандар
ұсынуы, мемлекеттік билік институттарын
құру жөнінен бұл қозғалысты – ұлт-азаттық
революциясы деп, патшалық Ресей отарындағы
осы тектес революциялардың тұңғышы деп
бағалауға болады», «Тарих
бәрін де сыйға тарта алады, бірақ ішкі
еркіндіктің формасы ретіндегі
тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды.
Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында
субъект болу құқығын түсінетін және
осы үшін жауап беретін халық болмысының
бірден-бір формасы...»
Тәуелсіздік –сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшесіз қаны мен терінің өтеуі, жалпыға ортақ еңбек. Бабалар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздікке биыл 25 жыл толды. Қазақстанның тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы.
VІІІ. Үйге тапсырма (2мин) : § 15-16.1916 жылғы көтерілістің барысы оның негізгі ошақтары, 78-85бетті оқу, тақырыпқа тұжырым картасын құру, тақырып бойынша тест құру, хронология жазу. (Жеке оқушыларға озық тапсырма беру)
Бағалау. (Критери бойынша Топтарға берілген бағалау кестесі бойынша бағаланады
Оқушының аты жөні
|
Үй тапсырмасы: тест |
Сәйкестендіру тесті |
Сен маған мен саған әдісі |
Артығын алып тастаңыз |
Сандар сыр шертеді |
Болжау стратегиясы |
Кластер құру |
Шығармашылық тапсырма |
Кім жүйрік |
Балама тест |
Анаграмма |
Балық қаңқасы әдісі |
Жалпы балл |
Баға |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Критериалды бағалау
Үй тапсырмасы бойынша тест
1-8сұрақ-2, 9-12 сұрақ-3, 13-14 сұрақ-4, 15сұрақ-5.
Әр тапсырма орындағанда
1 балл
Барлық тапсырма орындағаннан кейінгі критерилер Кері байланыс: Екі жұлдыз, бір тілек
1-3балл - «2» 4-6 балл - «3» 7-12 балл - «4» 13-15 балл – «5»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген