400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспары , жас мұғалімдерге үлгі ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

АУП-215

Сабақтың № 35-36


Мамандығы-біліктілігі:

Мамандығы: 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету(салалары бойынша)»

Біліктілігі: 1) 0902012- "Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы (біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі)»

2) 0902033- Техник-электрик (орта буын маманы)


Модульдің атауы

БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының

рөлі мен орнын түсіну".


Сабақтың тақырыбы

1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыстар.


Күні

" " 2019 ж.

Ұзақтығы

2 сағ. /90мин/

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

-1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің барысы туралы көтерілістің жеңілуі және салдарлары туралы, көтерілістің негізгі қозғаушы күштері, барысы , себеп салдары туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. 

Дамытушылық:

-1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстардың себептерін талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге баулу.


Тәрбиелік:

  1. Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлердің ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің патриоты болатындай етіп тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

а) Тақырыптың құрылымын түсінеді.

ә) Оқушының сабаққа деген ынтасы артады.

б) Топтық жұмыс кезінде, топпен жұмыс істеу арқылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайында терең білім алады.


Сабақтың түрі:

аралас

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.


Қосымша әдебиетттер:

Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,



Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.

М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы,

АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.



2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз не?

2. Отарлау саясаты дегеніміз не?

3. Сыр  бой қазақтарының  19 ғасырдың  50 жылдарындағы  азаттық күресті   басқарған...

4. 1856-57  жылдардағы Нұрмұхамедұлы  басқарған  көтеріліс  тірегі  болған

қала-...

5. К.Қасымұлы туралы еңбегі үшін 25 жылға сотталған тарихшы ғалым кім?                     

20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) реферат қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар:

1. Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтың егіншілікке жарамды жерін тартып алудың кең етек алуы;

2. Бірінші дүние жүзілік соғыстың халық үшін ауыр зардаптары;

3. дәстүрлі қазақ шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы;

4. өлкені тонаудың күшейе түсуі, алым салықтардың еселеп өсуі;

5. орыстардыру саясатының асқына түсуі, ұлттық саяси теңсіздік.

Басты себептері: 
-
Қазақ жерін отарлауы. 

-Қазақ жерлерінің Ресей империясының мемлекеттік меншігі болып жариялануы. 

- Петербург сарайының «бұратаналарды» қара жұмысқа тарту туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығының шығуы. 

Негізгі қозғаушы күші: 
-
қазақ ауылының еңбекші шаруалары; 

-жұмысшы табы өкілдері; 

-байлар, билер, молдалар; 

-болыс басшылары; 

-зиялы қауымның әр-түрлі топтары. 

Мақсаты:

-Қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді.


50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықпен жұмыс

Тақырыптық презентацияны қарау

Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

- 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт- азаттық қозғалыстың тууына әсер еткен жағдайлар? 

- Басты себептері? 

-Негізгі қозғаушы күші кімдер? 

- Мақсаты қандай болды? 

- Торғай облысындағы көтерілісті кім басқарды? 

- Қазақ әдебиетінен осы ұлт- азаттық қозғалысқа байланысты кімдердің шығармаларын білесіңдер?

10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;

4) блиц-тест орындайды;

7. Үйге берілген тапсырма:

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстар жайлы баяндама әзірлеу.

3 мин.

Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау




Пән мұғалімінің қолы________________








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі