400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: "19 ғасырдағы Ресейдің әкімшілік реформалары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспары , жас мұғалімдерге үлгі ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

БМ06

АУП-215 к



Сабақтың № 29-30

Мамандығы-біліктілігі:

1302000 Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)

1302012 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика бойынша слесары


Модульдің атауы

БМ06 "Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан тарихының

рөлі мен орнын түсіну".


Сабақтың тақырыбы

ХІХ ғ. Қазақстандағы Ресейдің әкімшілік реформалары.


Күні

__.__. 2019 ж.

Ұзақтығы

/90мин/

Сабақтың мақсаты:


Білімділік:

- студенттерге Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу;

Дамытушылық:

- студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру;

Тәрбиелік:

-студенттерді өз елінің өткен тарихына деген құрметке,  патриотизмге, ерлікке, бірлікке, әділдікке ,азаттық жолындағы күрескерлікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

• Хронологиялық кесте құрастыра алады;
• Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;
• Жұптық, топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;
• Мәтіндегі негізгі ойды айта алады; 
• Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;
• реформалардың нәтижелері туралы мәліметтер келтіре алады;
• Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады.

Сабақтың түрі:

Аралас

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Интерактивті тақта, ноутбук, электронды карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.


Қосымша әдебиетттер:

Төлеубаев, Қазақстан тарихы, Алматы Мектеп 2014 ж, Ч.Мусин. Қазақстан тарихы, Алматы 2005 жыл.,Қазақстан тарихы,


Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.

М. Чапайдың "Қазақстан тарихы"оқулығы,

АКТ, электронды тарихи карталар, кестелер, тест тапсырмалары, бейнематериал.



2. Үй тапсырмасын тексеру:

- Есім, Қасым, Тәуке, Абылай хандардың кезіндегі Қазақ хандығы;

- Орбұлақ, Бұланты шайқастары.


20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) реферат қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

Сабақтың бірінші бөлігі - Қазақстандағы саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек.
Алғышарттар:
Қазақстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді.
Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазақстанда болған процестерге тікелей әсерін тигізді.
Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді.
Қазақстанда әкімшілік - аумақтық және әлеуметтік - экономикалық реформалар жүргізудің себептері:

• Хан билігінің сақталуы патша үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.
• Реформаға дейін Қазақстан екі генерал - губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60 - жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктеді.
• Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.
• Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.
• Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға орналастыру ұйымдастарылды.



50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқулықпен жұмыс

Тақырыптық презентацияны қарау

Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді?
2. Реформаны дайындай отырып, патша үкіметі қандай мақсат көздеді?
3. Реформа қашан қабылдандыжәне ол бойынша қазақ жері қандай басқару аймақтарына бөлінді?
4. Реформаның мәні қандай?
5. Сот жүйесінің қайта құрылуын қалай түсінесіңдер?
6. «Ереже - реформаның» әлеуметтік – экономикалық дамудағы рөлі қандай?

10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;

4) блиц-тест орындайды;

7. Үйге берілген тапсырма:

Реформалардың нәтижелері туралы мәлімет

3 мин.

Жаңа тақырып бойынша презентация, реферат, баяндама, эссе, шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау



Пән мұғалімінің қолы________________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі