400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 1-сынып Алғашқы адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «№22 орта мектеп» МКМ

Пәні: Дүниетану /Қашықтықтан оқыту/

Ортақ тақырып:Саяхат

Бөлім:Тарих толқынында

Бөлімше: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Сабақ тақырыбы: Алғашқы адам

Күні:

Мұғалім есімі: Мухаджанова Қ.Н.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары.

1.3.1.1. Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

Сабақ мақсаттары:

  • Барлық оқушылар орындай алады: Алғашқы адамның тіршілігі туралы біледі. Алғашқы адамның сыртқы келбетін сипаттай алады.

  • Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ежелгі адамдармен қазіргі адамдардың айырмашылығын айта алады.

  • Кейбір оқушылар орындай алады: Ежелгі адамдар туралы дереккөздерден ақпарат тауып көрсете алады.

Бағалау критерийлері.

Білу

Түсіну

  • Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерттейді.

  • Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың тіршілігін анықтайды.

  • Алғашқы адам мен қазіргі адамды салыстырады.

Тілдік мақсат.

Оқушылар: Басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра ежелгі адамдар мен қазіргі адамдарды салыстырады.

Лексика және термин сөздер ( кейбір сөз тіркестері):Ежелгі адамдар – древние люди – ancient people; үңгір – пещера – сave;

аң аулау – охота – hunting.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Алғашқы адам қандай болған және немен айналысқан?

  • Алғашқы адамдар немен тамақтанған?

  • Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасаған?

  • Неліктен алғашқы адамдар топтасып өмір сүруге мәжбүр болған?

Құндылықтар:

Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алушылық, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану пәні «Жануарлар – тірі ағзалар» тақырыбымен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары:

Бейнематериал, презентация

Алдыңғы оқу:

Ауа райы туралы білімін қалыптастырды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы


8 мин













Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу. « Сағат түстері арқылы»

І ақ сағат

ІІ көк сағат

ІІІ қызыл сағат

Миға шабуыл стратегиясы.

  • Балалар қолымыздағы сағатқа қарайықшы.

  • Сағат тілін ойша 2 сағатқа шегеріңдер және сол кезде немен айналысқандарыңды естеріңе түсіріңдер.

  • Ал бұдан әрі 5 жыл бұрын не болғанын кім есіне түсіре алады.

«Өткен кезеңде не болғанын зерттейтін ғылым бар. Бұл ғылым тарих деп аталады және біз сол тарихты оқуды бастаймыз. Ол бізге адамзаттың өткені туралы әңгімелеп береді».

Ежелгі еңбек құралдарының – жер қазатын таяқтың және тас балтаның суреттерін көрсетіу.



Бұл заттардың атауын, кімдер және қашан қолданған?

Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл заттарды алғашқы адамдар қолданған.

Сабақ мақсаты айтылып, дескрипторлар таратылып беріледі.

Қалыптастырушы бағалау.




Сағаттардың суреті





















Суреттер

Сабақтың ортасы







27 мин






















































































«Алғашқы адамдар» мультфильмін көрсету.


Ғылыми деректерге сай алғашқы адамдар 2 млн. астам жыл бұрын Шығыс Африкада пайда болған. Дарвиннің теориясы бойынша адамдар маймылдан пайда болған.

Ежелгі адамдар топтасып өмір сүрді. Әйелдер өсімдік тамырларын, жеміс-жидектерді терді. Ер адамдар аң аулады. Адамдар үңгірлерді баспана етті. Бұтақтардан және жануарлардың сүйектерінен баспана жасады.


1-тапсырма.Топтық жұмыс ( айтылым, тыңдалым) «Бір минут әдіс».

Суреттерге мұқият қараңыз және талқылаңыз. Сұрақтарға сүйене отырып,ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеңіз:

I топ. Алғашқы адамдар нені пайдаланған?

II топ. Алғашқы адамдар немен тамақтанған?

III топ. Тамақ табу үшін қандай іс-әрекеттер жасаған?



Ынталандырушы бағалау. «От шашу»


2-тапсырма. Жеке жұмыс (оқылым, жазылым). «Сөйлемді толықтыру» тәсіл.

Суреттерге сүйене отырып, төменде берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.


1.Алғашқы адамдар_________өмір сүрген.

2.Олар жабайы_________ аулаған.

3.Олардың алғашқы еңбек құралы_____ болған.



Ынталандырушы бағалау. «От шашу»


Ширату жаттығуы.

1. Бір орнында жүру (Бұл жаттығуды бастар алдында адамдардың жануарлардан айырмашылығы адам екі аяғымен жүретінін ескерту ).

2.Омыртқаға арналған жаттығу (Алғашқы адам бүкірейіп жүрген, ал қазіргі адам тік жүреді. Оқушылар бір орында біресе еңкейіп, біресе тіктеліп жүруді жалғастырады).

3.Қол буындарына арналған жаттығу – «Жеміс жина» (Жоғарғы бұтақтардан жемістер жинағанда адамдар жоғары қарай тартылып, қолдарымен жемістерді жұлған).

4.Мойынға арналған жаттығу – «Аңға шыққан адам».

(Адамдар аң аулағандай басын жан-жаққа бұра қарап, алысқа мұқият көз тастайды).


3-тапсырма. Топтық жұмыс. Белсенді жұмыс. (А.Т.)

1-топ. Ежелгі адамдардың баспанасын жапырақтардан жасайды.

2-топ. Ежелгі адамдардың баспанасын ермексаздан жасайды.

3-топ. Ежелгі адамдардың еңбек құралдарын жасайды.

Ынталандырушы бағалау. «От шашу»



4-тапсырма. Жеке дәптермен жұмыс. «Өзіңді тексер» әдісі.


Берілген сипаттамалар кімге қатысты? Сызықпен көрсет.

Ынталандырушы бағалау. «От шашу»






Бейнематериал

суреттер

оқулық


























Суреттер


















Үлестірмелі материал



































Бұтақтар,жапырақтар,ермексаз












Дәптер

Үлестірмелі материал




















Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс.

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.



Рефлекция

«Алма ағашы» әдісі.

Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.



Үйге тапсырма: оқу



Микрофон















Алма ағашы.

Қызыл алма, көк алма.

Бағалау критерийлері.

Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерттейді.

Дескрипторлар.


  • Суреттердің мазмұны туралы ой бөлісе алады.

  • Сұрақтардың негізінде ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелей алады.


Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың тіршілігін анықтайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі