жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары 1 сынып Сауат ашу
Күні: 01.02.2019 Сынып: 1 Сауат ашу |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Тұрсынбек А.А |
||
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу 1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап 1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Оқудың түрлерін (буындапоқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. Көбі: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. Кейбірі: Өзбеттерінше тапсырмалар орындайды. |
||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: көркем және бейкөркем мәтін үлгілерімен таныс болуы керек, жанрын ( ертегі, өлең ) ажырата білуі және өлеңді мәнерлеп оқи білуі керек. |
||
Негізгі сөздер мен тіркестер: Бақбақ - одуванчик –dandelion. Балық – рыба- fish |
|||
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылым, тыңдалым, жазылым |
|||
|
|
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба, таныстырылым. |
||
Бұған дейінгі меңгерілген білім |
Пп дыбысы |
||
|
|
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шеңбері
|
|
Сабақтың ортасы 15 минут
Дескриптор :
Дескриптор : |
1 - тапсырма.
- Суреттегі өсімдік қалай аталады ? - Бақбақ . -Бақбақ сөзі қай дыбыстан басталып тұр? - Б Б Б - Қане, бәріміз бірге қосылып дыбыстап көрейікші. - Кім айтады, б дыбысы қандай дыбыс? - Дауыссыз дыбыс, өйткені созылмайды, еркін айтылмайды. - Бақбақ сөзін буынға бөлейікші. Неше буын? - 2 буын. - Б дыбысы қай буында кездеседі ? - 1-ші және 2-ші буында да кездеседі. - Құрамында б дыбысы бар тағы қандай сөздер білесіңдер? Суретпен жұмыс жасай отырып б дыбысымен танысады.
2 - тапсырма. Б әрпі неге ұқсайды? -
Балалар б дыбысы неге ұқсайды деп
ойлайсыңдар?
|
Сурет
Аудио тыңдалым
АКТ |
|
Сергіту сәті 1 минут |
Қимылдармен көрсету |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
Аяқталуы 14 минут
Дескриптор :
Дескриптор : |
3- тапсырма. Оқылым. «Балық аулайық» ойыны. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқиды. Бақбақ - одуванчик –dandelion. Балық – рыба-fish 4 - тапсырма. Топтық жұмыс. Автормен таныстыру. Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) — педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келген. -Бүгін біз осы кісінің «Бор неден жасалады ?» әңгімесін оқимыз . Балалар сендер білесіңдер ма ? Бор неден жасалады ? Ондай болса мені мұқият тыңдаңдар . " Бор неден жасалады? " мәтінін мәнерлеп оқу. Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс. - Рольге бөлініп оқу. - Сахналық қойылым қою. - Берілген сұрақтарға жауап береді. Берілген тапсырмаларды орындайды. |
Оқулықпен жұмыс
Сурет |
|
Дәптермен жұмыс 8 минут |
Бб дыбысын жазу. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастыру. |
Дәптермен жұмыс
|
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия. 1. Атауында «Б» дыбысы бар сөздерді қоршап сыз. 2. Буындардан сөз құрастыр. 3. Әрбір суреттің атауын жазып шық. «Б» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын анықта. Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім |
Смайликтер
|
|
|
«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушыларды бағалау. |
|
|
Б
әрпінің неге ұқсайтынын
біледі .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген