400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 1 сынып Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа сабақты ұғыну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:01.10.2018ж

Сынып: 1

Пән: сауат ашу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өз үйімді сипаттаймын. Дыбыс. Сөйлем. Сөйлеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Үй-дом- house

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


МК: Сабақ басында Қане, балалар барлығымыз «Тұрғын үй» ойынын ойнай қояйық.

ОТ: «Қозғалыс» – оқушылар қозғалып жүреді.

«Тұрғын үй» - екі оқушы қолдарын жоғары көтеріп тұрады.


«Жатын бөлме немесе ас үй....» - үйдің астына 2 немесе 1 бала барып тұра қалады.


Ұ:«Ұйқасын тап» ойыны арқылы бекітіледі.

Үй – үй – үй,

Атам тартты күй

Ме – ме – ме,

Біздің үйде төрт бөлме.

Зе –зе –зе,

Ең әдемі терезе.


Мақсат қою. Жаңа сабақтың мақсаты хабарланады.

МК:

-Біз бүгінгі жаңа сабағымызда өз үйімізді сипаттап айтатын боламыз.


  • Сөйлеу барысында суреттегі заттарды сипаттаймыз.

  • Заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын білетін боламыз.



Шаттық шебері





Сабақтың ортасы

8 минут



№1 суреттердегі бөлмелерді ата. Демек біз қандай бөлмелерді білдік.

«Ас үй, жатын бөлмесі, демалыс бөлмесі, балалар бөлмесі т.б»


№2 Төмендегі суреттердің және әдемі, үлкен, жаңа сөздерінің көмегімен өз бөлмеңді сипатта.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут

  1. Ұ: Тапсырма.  Әр топ өз ойларын айтады.

«Өз үйіңді құрастыр»












  • Үйлерді салыстыр

  • Қандай ұқсастықтарды байқадыңдар?

  • Сенің үйің қай үйлерге ұқсайды?

  • Айырмашылығы неде?


«Отан», «үй», «мекен» сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Түрлі тапсырмалар

Аяқталуы


16 минут


Ж: Тапсырма. Жұптық жұмыс.


«Менің үйім» тақырыбында диалог құру.

Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз.

- Әли сен қайдай үйде тұрасың?

- Мен................ үйде тұрамын.

- Үйлерің неше бөлмелі?

Менің үйім................ .

Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз.

Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданады.


«Театрдағы әрекет» арқылы бағалайды.

«Ұнамаса» - орындарында отырып шапалақтайды.

«Ұнаса» - тұрып шапалақ соғады.

«Өте ұнаса» - қолдарын көтеріп шапалақтайды.



Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
567
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі