400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. 2 сынып. Дене мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
аталған тақырып бойынша ашық сабақ өткізетін жас мамандарға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №113 мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі : Алимбаева Айнур Аманкелдиевна

Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспары

Сабақ жоспары: 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары:

2.1.1.1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау, қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау.

2.1.5.1. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну , сұрақтар қою және сипаттау.

2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.

Көбі:. белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Кейбірі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді, сұрақтар қояды және сипаттайды.

Күтілетін нәтиже: Қазақ тілінде дене мүшелері туралы ақпарат береді, сөздерді қазақ тіліне аударады, диалог құрады.

Жаңа сөздер: Көз, мұрын, құлақ, ауыз, тіс.

Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті тақта,слайд, түрлі түсті суреттер, А4 парағы, желімқағаздар, сөздік, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер.

Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны, постер, «Баспалдақ» тәсілі, «Кері байланыс» тәсілі, сергіту жаттығуы.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.


2.Психологиялық жайлы хал-ахуал туғызу. «Шаттық шеңбері» тренингін өткіземін.Балалар «шаттық шеңберіне» тұрады да, бір-біріне жақсы тілектер айтады.


3.Үй тапсырмасын тексеру. Кемшіліктерді анықтап, түзетемін.

Үй тапсырмасына «Оң қолымда – бес саусақ» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді және қазақша саусақ атаулары жаттауға берілген. Сөздерді сұраймын, мәтін бойынша сұрақтар қоямын.


Қолда неше саусақ болады?

Аяқта неше башпай болады?

Оң қолыңда неше саусақ бар?

Сол қолыңда неше саусақ бар?


4.Материалды беру:

І. Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан дене мүшелеріне байланысты дайындалған слайдтарды көрсетіп, сұрақтар қоямын:

  • Балалар, дене мүшелері жайлы не білесіңдер?

  • Дене мүшелерін атап беріңдерші.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.


Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын, оқушыларға қайталатамын.

Көз, мұрын, құлақ, ауыз,тіс.


Құлақ сөзін 3 жақта тәуелдетемін.

Менің құлағым.

Сенің құлағың.

Сіздің құлағыңыз.

Оның құлағы.


«Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырамын, бірнеше рет қайталатамын.

Көз

Мұрын (мұрұн)

Құлақ

Ауыз (ауұз)

Тіс



Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым.

Оқулықтағы мәтінді аудиожазбадан тыңдатамын. Қайталатамын. Сөздердің мағынасын түсіндіріп өтемін. Оқушыларға оқытамын.

Менің атым – Әнел. Менің көзім үлкен. Құлағым кішкентай. Мұрным әдемі. Аузым кішкентай. Тісім ақ.


Айтылым.

Мәтін бойынша сұраққа жауап бер.

  1. Әнелдің көзі қандай?

  2. Құлағы қандай?

  3. Аузы қандай?

  4. Әнелдің тісі қандай?


Жазылым

1-тапсырма. Суреттерге қара. Сөйлемдерді толықтырып жаз.



Аннаның ..... әдемі. Сашаның ...... үлкен. Бұл – Әнелдің ........

Әлібектің ...... таза. Менің екі ........ бар.


Айтылым. 2-тапсырма

«Кім тапқыр?» ойыны

Интерактивті тақтадағы суретке қарап, бірінші оқушы қай мүшені айтса, екіншісі сол мүшенің нөмірін айтады. Мысалы: бірі «сол қол» десе, екіншісі «8» деп айтуы керек.





​​Shape1 ​​Shape2 ​​Shape3 ​​Shape4Shape5Shape6 ​​Shape7 5Shape8 4





Мәнерлеп оқу. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқимын. Оқушыларға хормен қайталатамын, мәнерлеп оқуға машықтандырамын.

Жағаңды кір шалмасын,

Таза болсын балағың,

Елден ұят болмасын,

Тісіңді жу, қарағым. (А. Шаяхметов)


Сергіту сәті.

Оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер таратамын. Оқушылар «Дене мүшелері» тақырыбына постер жасайды.








ІІ.Ойтолғаныс. Айтылым. Жұптық жұмыс.Айтылым.

Оқулықтағы 43-тапсырманы орындатамын. Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, диалог құрыңдар. Онда «иә», «жоқ» сөздерін пайдаланыңдар.

Қажетті сұрақтар:

Сенің көзің кішкентай ма? (жоқ/үлкен)

Сенің көзің әдемі ме? (иә,/әдемі)

Сенің құлағың кір ме?(жоқ/таза)

Сенің тісің таза ма? (иә/ақ/таза)

Сенің мұрның үлкен бе? (жоқ/кішкентай/әдемі)


сенің деген сөзді менің деген сөзбен ауыстырып, өз атынан баяндайды.

Мынау – сенің мысығың. Сенің мысығың қоңыр түсті. Көзі көк. Сенің мысығың тырнайды.

Үлгі: Мынау – менің мысығым. Менің .. ..

ІІІ. Бекіту.

Жаңа сабақты бекіту үшін 54-тапсырманы орындатамын. Оқушылар суреттерді сәйкестендіріп, оларды атайды.

«Кезектескен интервью» тәсілін қолданамын Ол үшін оқушыларды екі топқа бөлемін. Екі топ кезекпен бір-біріне мына сұрақтарды қояды.

Үйде мысық бар ма?

Оны қалай атайсың?

Оның көзі қандай?

Оның түсі қандай?

Оның тырнағы мен мұрты қандай?

Қай топ тез әрі дұрыс жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді. Бір-бірінің қатесін түзетеді.


ІV. Бағалау.

Формативті бағалау. «Баспалдақағдаршам» әдісін қолданамын. Оқушыларға баспалдақтың суреті бар қағаздарды таратамын. Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендігіне байланысты, өздерін баспалдақтарға орналастырады. 1-3 баспалдақ - өзін бағалауы төмен, 4-7 баспалдақ – орташа, 8-10 – өзін өзі бағалауы жоғары.

Оқушыларға бағдаршамның үш түсі бар карточка таратамын. Бүгінгі сабақты толық меңгерген оқушы жасыл түсті көрсетеді. Сары түсті тақырыпты толық түсінбеген оқушы көтереді. Қызыл түсті бүгінгі сабақты мүлде түсінбеген оқушы таңдайды. Түсінбеген сұрақтарын мұғалімнен сұрайды.


V.Үйге тапсырма. Оқулықтағы 3-тапсырманы жазбаша орындаумысық туралы тақпақты жаттау


VІ.Рефлексия. Түрлі смайликтер таратып беремін. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін осы смайликтер арқылы білдіреді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі