400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары 3D-панорама және (виртуалдысаяхат) жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
3D-панорама және (виртуалдысаяхат) жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары №10


Сабақ тақырыбы

3D-панорама және (виртуалдысаяхат) жасау

Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

аралас

Міндеттер

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді пайдалану


Мақсаты

  • Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді таңдай алады;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады.

Күтілетін нәтижелер

  • Бірінші адам көрінісімен 3D панорама (виртуалды тур) жасау.


Қажетті ресурстар және АКТ

www.BLIM.kz, интернет-ресурстары, оқу әдістемелік құралдар

«Информатика» жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып. В.Г. Архипова, Р.Г.Амдамова, Н.К.Беристемова, К.Б.Кадыракунов

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу

Шаттық шеңбері: оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.

Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық орындық» әдісі Оқушылар орындықта отырған оқушыға өткен тарау бойынша сұрақтар қояды. Оқушы тез жауап беруі керек, себебі орындық ыстық.


Жұмыс дәптері

Жаңа сабақ

30 мин

Жаңа тақырыппен танысу.

  • виртуалды тур;

  • 3D панорама дегенді;

  • виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдауды;

  • виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасау керек екенін білетін

  • боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс

– Технологиялардың дамуына байланысты үйден шықпай, компьютерді қосып

немесе смартфонды ұстап отырып, дүниежүзінің кез келген жеріне бару, музей мен

көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды.

Виртуалды турлар – ақпаратты ұсынудың ең тиімді және

сенімді тәсілдерінің бірі. Олар қызықты виртуалды экскурсияларды жасауға

мүмкіндік береді. Адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді.

Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді:

Білу және түсіну

Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы

белгі қойып отырады:

+ - мұны білемін;

– - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;

v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;

? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.

Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен

сөйлеседі. Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.









Ақпараттық мәтін



Жұптық жұмыс

№1 тапсырма: Мәтіндегі бос орындарға керекті сөздерді жазып, толықтыр.

3D – панораманың көру бұрышы 900 С-тан аспайды. 3D – панораманың

негізінде ____________ немесе __________проекциядағы кескін жатыр.

3D –панорамаға сфералық проекция жасау үшін қоршаған кеңістікті 0000 суретке

түсіріп, оны арнайы программалық қамтамасыз етуге ____________ керек. Кубтық

проекцияны сфералық ___________ арқылы алу мүмкін емес. Сфералық проекцияда

тұтас көрініс болмайды, онда бір суреттің екіншісіне ______________ нүктелері

немесе ________________ ғана көрінеді.

____________ сфераның немесе кубтың сыртынан қарауға болады.




2.3. Жаңа білімді практикада қолдану


Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

№2 тапсырма: Берілгендердің қайсысы 3D панорамасын жасау кезеңіне

жатпайды?

  • Камераның әр бұрышынан бірнеше кадр жасау.

  • Графикалық редакторда қосымша өңдеу.

  • 3D панорама жасау үшін кодты жазу.

  • 3D панорамада графикалық файлдарды түрлендіру.

Арнайы құжат тігу программасында кескіндерді тігу.








№3 тапсырма: Сфералық панорама қандай артықшылықтарға ие?

  • Интербелсенділік, көріністің сұлулығы;

  • Виртуалды шынайылық көзілдірігіне бағдарлану;

  • Табиғи әдемілікті бере білу;

  • Толықтық, өзектілік;

  • Интербелсенділік, ақпараттылық.

FreeDEXpano программасын қолдана отырып, оқу

кабинетінің панорамасын жасайды:

1-ҚАДАМ. Кез келген өздеріңе ыңғайлы жерден (программаның жүк-

телген нұсқасы бар бумадан) жаңа бума аш. Кабинеттің сол, оң,

алдыңғы және артқы жақтарын, төбесі мен еденін фотоға (2-сурет)

түсіру қажет. Ол бумаға freedexpano.swf бумасына *.jpg форматын-

дағы панорама суретін көшір.

2-ҚАДАМ. freedexpano.swf деген файлдың атауын өздеріңе ыңғайлы

кез келген атауға өзгерт, мысалы, klass.swf.

Панорама суретінің атауын өзгерт, ол «klass.swf» деген файл

атауынан басталып, «_» белгісі арқылы шеттің атауымен аяқталуы

керек.

Панораманың алдыңғы жағы үшін файлдың атауы «klass«+»_front»

→ «tklass_front.jpg» болады.

Суреттерді автоматты түрде анықтауға арналған шеттердің атауы

бекітілген:

«_front» – куб панорамасының алдыңғы жағына арналған;

«_left» – сол жаққа арналған;

«_right» – оң жаққа арналған;

«_back» – артқы жаққа арналған;

«_top» – жоғарғы жаққа арналған;

«_bottom» – төменгі жаққа арналған.

3-ҚАДАМ. klass.swf файлын іске қос, өзің жасаған панорама көрініп

тұратын Adobe Flash Player терезесі ашылады. Дайын панорама-

ны мұғалімге және сыныптастарыңа көрсет (егер қателесіп, файл-

дарды қате атасаң, freeDEXpano-ны іске қосқан кезде «Images loading

error» деген хабарламаны көресің. Файлдардың атауын тағы тексер).

Фотопанорамаларды жасауға арналған онлайн-құралдарды таңдап, оларды

қолдана отырып, Нұр-Сұлтан қаласы көшелерінің фотопанорамасын жаса.

Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату










  1. Қорытынды


Үй тапсырмасы

(4 минут)


1. Виртуалды турлар жасауға арналған программалық қосымшалар жарнамасының буклетін жаса.

2. Өз мектебіңнің панорамасын жаса.

3. "3D панорама және виртуалды турлар» тақырыбы бойынша терминдер мен анықтамалардың сәйкестігі бойынша тапсырма әзірле.



  1. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Кері байланыс


Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімдітаңдай алады;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады.

Баға

«Жақсы»

70-89


  • Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімдітаңдай алады;

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • Виртуалды тур және 3D панораманы жасай алады



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі