400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары №4 Шонжы орта мектебі Онласынова Айзат Махамбетовна

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. Ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Күні: 31.05.2019

Сынып: 3

Мектеп: Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы №4 Шонжы орта мектебі

Орта мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті.Мерекелер

Мұғалімнің аты-жөні: Онласынова Айзат Махамбетовна

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Аналар мерекесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.​2.​3.​1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тірек сөзді қолданып, өлеңге сүйеніп, ананың қасиеттерін анықтайды шығарманың атауын, авторын, кейіпкерін, іс-әрекетін кестеге сай жазады

Көптеген оқушылар: Өлең шумақтарынан негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтап, мәтінің негізгі бөлігін, кейіпкедің жағымды қасиеттері мен іс әрекетін анықтайды.

үйренген сөздерді қолданып, тақырыпты анықтап эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Ана қандай сөзіне сипаттама береді және « Синквейн» әдісі бойынша тақырыпты анықтап 5 жолды өлең құрастырады.Өзінің анасының мерекесіне жасаған сыйлықтары жайлы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

  • Өлеңнің мазмұнынан ардақты ана сөзінің мағынасын түсінеді

  • Тірек сөздерді қолданып, ананың бойындағы қасиеттерді анықтайды, жазады.

  • Мәтінге талдау жасау арқылы кейіпкерді сипаттайды. Шығарма кейіпкерінің іс-әрекетіне баға береді.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, стикер, видеоматериалдар., кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

М.Мақатаев «Үш бақытым»

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру, қызығушылықты ояту мақсатында «Гүл шоғы» әдісі арқылы балалар бір-біріне гүлді ұсына отырып,жылы күлкілерін сыйлайды. Жиналған гүл шоғын әр партадағы вазаға салып қояды.

«Сиқырлы сандықша» ойыны.Сандықшадан оқушыларды қима қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ-«Әке»

2-топ-«Ана»

3-топ-«Бала»

Топтың ережесі:

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Тақырыпты болжау.

Сөзжұмбақты шешу, суреттер арқылы тақырыпты болжау

Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?


  1. ...-бәйтерек,

  2. ...-бұлақ,

  3. ...-жағасындағы құрақ.


1




2



3




Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы


10 минут





























10 минут

















































10 минут

№1 тапсырма Оқылым

Ә.Дүйсенбиевтің «Ардақты ана» өлеңін оқушыларға тыңдату.

Белсенді оқу тапсырмалары

«Броундық қозғалыс» әдісі

Мақсаты: оқушылар түсінгендерін бір-біріне айтып, өз идеяларын ортаға салады.

Қолдануы:

Оқушылар өлеңнен және видеожазбадан тыңдаған материал бойынша сұрақтар құрастырады,сыныптастарына сұрақ қояды сынып ішінде жүріп жүріп сұрақ қояды, ақпаратпен бөліседі.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Қалыптастырушы бағалау

Білу

Өлеңнің мазмұнынан ардақты ана сөзінің мағынасын түсінеді.

Өлеңнің мазмұнын әңгімелейді

Ардақты ана сөзінің мағынасын ашады.

Оқулықтағы «Ардақты ана» өлеңін мәнерлеп оқиды.

«Түсті шарлар» арқылы бағалау.

Өте жақсы

Жақсы

Талпын

2 тапсырма ТЖ

Саралау әдісі «Тапсырма» тәсілі

Мақсаты: Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға қарапаймнан күрделі тапсырмалар бере отырып, оқушыларды алға ілгерлету.

Қолдануы: Ана қандай тірек сөзін қолдана отырып, өлеңнен ананың қасиеттерін тауып, дауыстап оқу, калеографиялық граматикалық нормаға сай жазу.

«Синквейн» әдісі

1 –жол: Тақырыптың атауы (зат есім)

2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім)

3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз( етістік)

4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз құрамы

5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Барлық оқушылар: Тірек сөзді қолданып, өлеңге сүйеніп, ананың қасиеттерін анықтайды, дауыстап оқиды, жазады.

Көптеген оқушылар: Өлең шумақтарынан негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтап, үйренген сөздерді қолданып, тақырыпты анықтап эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Ана қандай сөзіне сипаттама береді және « Синквейн» әдісі бойынша тақырыпты анықтап 5 жолды өлең құрастырады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Қолдану

Талдау


Тірек сөздерді қолданып, ананың бойындағы қасиеттерді анықтайды, жазады.


Тірек сөздерді қолданып, өлеңдегі ананың қасиеттерін анықтап оқиды.

Ана қандай тақырыбында

эссе жазады. Ана қандай сөзіне сипаттама береді,

бес жолды өлең жазады.

ҚБ «Сигнал карталары» арқылы бағалау

3-тапсырма

Белсенді оқыту «Әдебиет лотосы» тәсілі

Мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлердің іс әрекетіне сипаттама бере отырып, ойын жүйелеуге үйрету.

Қолдануы: Мәтінді түсініп оқиды, мәтін бөліктеріндегі негізгі ойды анықтайды, кестені толтырады.

Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкері

Қандай?

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды

Кейіпкерге ұқсағың келе ме жоқ па?

Себебін түсіндір







Саралау әдісі «Қорытынды» тәсілі

Мақсаты: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқа бере отырып әр қайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Барлық оқушы: Мәтінді түсініп оқиды, шығарманың атауын, авторын, кейіпкерін, іс-әрекетін кестеге сай жазады

Көптеген оқушы: Мәтінің негізгі бөлігін, кейіпкердің жағымды қасиеттері мен іс әрекетін анықтайды.

Кейбір оқушы:Шығарманы оқиды, кестені толтырады.Өзінің анасының мерекесіне жасаған сыйлықтары жайлы әңгімелейді.


Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Қалыптастырушы бағалау

Қолдану

Жинақтау

Мәтінге талдау жасау арқылы кейіпкерді сипаттайды Шығарма кейіпкерінің іс-әрекетіне баға береді.

Мәтінді оқиды, мәтіннің тақырыбын, авторын кейіпкерлерін анықтап, кестеге толтырады.

Мәтіннің негізгі бөлігін кейіпкерлердің іс- әрекетін анықтайды.

Өзінің анасының мерекелерінің жасаған сыйлықтары жайлы әңгімелейді\

«Асыл тастар»арқылы бағалау

Өте жақсы

Жақсы

Талпын



Оқулықтағы 120бет























Оқулықтағы 121 бет

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау




























Әдебиет оқу

оқулықтағы 121 бет






















Әдебиет оқу оқулығы 121 бет

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Кері байланыс парақшасы. Әр топтан оқушылар белсенді оқушы, зерделі сұрақ, ұтымды жауапты анықтап тұсына есімдерін жазады.

Ұтымды жауап Зерделі сұрақ Белсенді оқушы


Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл әдістің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету және алға ілгерлету мен қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында саралау әдісінің тапсырма және қорытынды тәсілдерін ықшам сабығмда жоспарладым. Қабілеті жоғары оқушыға қосымша тапсырмалар қарастырдым

«Түсті шарлар» арқылы және «Сигнал карталары», «Асыл тастар» арқылы бағалап отырдым

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Берілген тақырып бойынша оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылардың барлығы қойылған оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақтағы саралау жұмысы дұрыс жүргізілді.

Сабақта бекітілген уақыттық кезеңдері сақталды. Уақытты тиімді пайдалана білдім.

Сабақ жоспарынан ешбір ауытқулар болмады, себебі оқушылармен бірлесе отырып, оқу мақсаттарына қол жеткіздік.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі