|
Сабақтың
мақсаты:Ақиқат құндылығы
рухани-адагершіліктің бастауы екендігі туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: - тек шындықты айтуды
үйрету;
Дымытушылық; - басқалардан жақсыны көре
білуге баулу;
Тәрбиелік: - оптимистікке,
кішіпейілділікке тәрбиелеу.
|
Оқулық, дәптер,стикер,
а4,видеопроектор
|
|
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі: 5 «Т»
ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық,
Татулықты Талап сақтауға шақыру.
Тыныштық
сәті: Жағымды көңіл-күйге
ену «Су асты патшалығына
саяхатқа » шығамыз.
2.Үй тапсырмасын
тексеру.
Қорқыт ата мәтінін оқып
келу.
• Қорқыттың дүниеге келуі
ел есінде қалай қалды? • Ол дүниенiң бір шетінен екiншi бiр шетiне
нелiктен сапар шеккен? • Қорқыт ата қай жерден жанына тыныштық
тауыпты? • Қорқыт ата қайғы-мұңын қалай жеңiлдеткен еді? • Қорқыт
атаны нелiктен «Қазақ ән-күйiнiң атасы» деп атайды? • Өзің Қорқыт
ата туралы тағы не білесің?
|
|
|
3.
Дәйексөз.Жүсіп
Баласағұни
Адамда жақсы қасиет
болмаса,
оған бақ та, бақыт та
қонбайды.
|
|
|
4.
Әңгімелеу.
Қорқыт
ата (аңыз)
«Қорқыт ата» деп аталу себебi
туралы мынандай аңыз-әңгiме бар. Қорқыт мес болып туады, жұрт шошып
қалады. Тек анасы қорықпай- ды: менiң тапқаным жанды бала едi ғой
деп местi жарып жiбергенде iшiнен сәби шыға келедi. Үрейленiп тарай
бастаған жұрт қайта жина -лып, бұл өзi дүниеге жұртты қорқыта келдi
ғой деп, атын «Қорқыт» қояды. Қорқыт ата өмiрдегi болып жатқан
дүниенiң сан-алуан құбылыстарын түсiну үшiн, өзiн мазалайтын
сұрақтарға жауап iздеп, дүниенiң о шетi мен бұл шетiн ұзақ
аралайды. Жақсы-жаман нәрселердi көп байқайды, сөйтiп өзi бiраз ой
топшылайды, көрген-бiлгендерiн айтып отырады. Қорқыт ата сегізінші
ғасырда өмiр сүрген, аты аңызға айналған ақын, асқан күйшi, ойшыл
адам болған. Қазақ музыкасының тарихында Қорқыт ата «Ән-күй
өнерiнiң атасы» болып саналады. Қазақ аңыз әңгiмелерiнде Қорқыт
атаның өлiмге қарсы арпалысы, өлмеске бiр шара iздеуi туралы
айтылады. Осылайша қатты бiр толғанып жүрiп күй өнерiн табады.
Қорқыт ата күй тартқанда бар тiршiлiк атаулы үн-түнсiз тынып қалады
екен. Ол туралы аңыз әңгiмелер, эпостық жырлар ”Қорқыт ата кiтабы»
атты шығармада жинақталған.
-
Қорқыттың дүниеге келуі ел
есінде қалай қалды?
-
Ол дүниенiң бір шетінен
екiншi бiр шетiне нелiктен сапар
шеккен?
-
Қорқыт ата қай жерден
жанына тыныштық тауыпты?
-
Қорқыт ата қайғы-мұңын
қалай жеңiлдеткен еді?
-
Қорқыт атаны нелiктен
«Қазақ ән-күйiнiң атасы» деп атайды?
-
Өзің Қорқыт ата туралы тағы
не білесің?
|
Мес
– сұйық тамақ құю үшін , бітеу
сойылған ешкі терісінен жасалған ыдыс.
|
|
5. Шығармашылық
жұмыс
1-тапсырма: Қорқыт атаның нақыл сөздерін
оқып, мағынасына түсінік беру.
Ұл жарылқап ас бермесе
Ата үлгiсiн көрмесе.
Ұл атадан үйренбей,
сапар шекпес.
Жайылымның шалғынын
құлан бiлер.
Жетi бұлақтың иiсiн
түлкi бiлер,
Керуеннiң түнгi жүрiсiн
торғай бiлер.
2-тапсырма : «Ардақты
ат» сөзіне ребус
құрастыру.
Қорытынды: Адам – ардақты ат. Жақсы ат –
адамшылықтың жемісі. «Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан
болайын»,- деп айтқан Абай атамыз. Ұлы Абай атамыз адамды артық
қылатын және қор қылатын нәрселерді айтып берген: Үш-ақ нәрсе
адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Күллі адам
баласын қор қылатын үш нәрсе бар, одан қашпақ керек: әуелі –
надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық. Абай
атамыздың даналық ақыл-кеңесін жете ұғынып, үнемі есте ұстап, жақсы
адам болып өсуге, адам деген ардақты атқа лайықты болуға талпыну –
әркімге міндет болып саналады.
|
Ерекше білімді қажет ететін
баламен жеке түсіндіру жұмысы.
Жеңілдетілген шығармашылық
жұмысы
|
|
7. Үй
тапсырмасы.
Келесі сабақ
№16 «Қайырымдылық» мәтінін оқып
келу.
2-тапсырма Өздерің тұратын ауылда
(қалада, өңірде) жақсы адамның атымен байланысты жер, су, тау
туралы айтып беріңдер.
|
|