400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. 4 сынып. менің сүйікті спортшым- Илья Ильин

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 4 Пән: қазақ тілі Күні:

Сабақтың тақырыбы: Сүйікті спортшым – Илья Ильин.
Сабақтың мақсаты:
1.Біліктілік:Тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау. 
2.Дамытушылық:Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Төмен деңгейдегі оқушыларды жоғары деңгейге көтеру. Мақсатында жұмыс жасау, есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды спортты сүюге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. 
Сабақтың әдістері: интерактивтік тақта, компьютермен жұмыс, ой қозғау. 
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру сабағы, информатика

Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылармен сәлемдесу. 
2. Оқушыларды түгендеу. 
3. Сабаққа кіріспе. 
Психологиялық дайындық. 
— Бүгін кезекші кім? 
— Бүгін нешесі? 
— Аптаның қай күні? 
— Жылдың қай мезгілі? 
— Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету) 
— Сабаққа дайынбыз ба? 
II. Үй жұмысын тексеру. 
— Оқушылардың дайындап әкелген қысқаша мәліметтерін тыңдау.
Сүйікті спортшым – Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров кім?

 

Олимпиада чемпионы

Спорт шебері

Әлем чемпионы

 

Сөздердің аудармасын тап.

Борьба, мастер, тренер, борец

III. Негізгі бөлім.Сабақтың мақсатын және тақырыбымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
— Бүгін қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші… Сабағымызда қонақтарымыз бар.

IV. Илья Ильин туралы видео көрсету.
V. Сөздікпенжұмыс.

Ауыр атлет – тяжелоатлет

Болғым келеді – хочу стать

Ұлыбритания — Великобритания
VI. Мәтінмен жұмыс. 
1-тапсырма. Мәтінді оқыту, аудару.

Менің жақсы көретін спортшым Илья Ильин. Ол 1988 жылы 24 мамарда Қызылорда қаласында туған. Илья ауыр атлет. Спортшы – Олимпиада және әлем чемпионы. Илья Ильин – спорт шебері. Менің де спортшы болғым келеді.

2-тапсырма. Үлгі бойынша айт.

Слайд №2

Илья Ильин  қайда медаль алған?

 

                  

Илья Ильин Пекинде алтын медаль алған.

Илья Ильин Лондонда алтын медаль алған.

Илья Ильин Париж алтын медаль алған.

Илья Ильин Гуанчжоуда алтын медаль алған.

Илья Ильин  Санто — Домингода алтын медаль алған.

Илья Ильин Дохада алтын медаль алған.

4-тапсырма. Сұраққа жауап бер?

Илья Ильин кім?

Ол қай жылы туды?

Спортшы қай қалада туған?

Оның қандай медальдары бар?

Илья Ильин  кім?

5-тапсырма. Сөйлеп үйрен.

       ауыр атлет.

 


Илья Ильин —                                   Олимпиада чемпионы.

 

             спорт шебері.

 

1.     VII. Сергету сәті. 
VIII. Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау. 
1. Тақтамен жұмыс.  Палуан, бапкер сөздерін  септеу.

2.     «Ағаш» дидактикалық ойыны

Оқушылар қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды ажарта отырып, ойыншықтарды сәйкес ағашқа іледі.

3.     Дыбыстық талдау

САБАҚсөзіне дыбыстық талдау жасалады.

СА— БАҚ:2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

С – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан

Б – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан

Қ – дауыссыз, қатаң

2. Үлестірмелі қағазбен жұмыс. 
 №1 
Көп нүктенің орнына а немесе ә әріпін қойып, көшіріп жазындар. 
Ж… яу, ж… й, ш… й, д… птер,… демі, с… біз, с… н, т… р, т… н, с… л. 
№2 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Ақын, қазақ, ғалым, қала, оқушы, мұғалім, бөлме, ұшқыш, мектеп, сөздік. 
№3 
Көп нүктенің орнына ұ немесе ү әріптерін қойып, көшіріп жазындар. 
Ж… мыс, к… н, қ… с, т… н, т… р, б… гін, с… т, д… кен, б… л,… шқыш, м...ғалім. 
№4 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Өшіргіш, кітап,қағаз, сөре, оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сөмке, сурет дәптер. 
IX. Сабақты бекіту.

Сөзжұмбақты шешу.

1.     Қытай астанасы.

2.     Золото.

3.     Ильиннің аты.

4.     Франция астанасы.

5.     Ұлыбритания астанасы.

Көңіл-күйлерін қалай? (смайлик көрсету) 
X. Бағалау.Оқушылардың сабаққа қатысуына, білімдеріне байланысты бағалау. 
XI. Үйге тапсырма.142,143 бет. 3, 6  – тапсырма.Сөздік жаттау.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі