Материалдар / Сабақ жоспары 4 сынып өзін- өзі тану пәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары 4 сынып өзін- өзі тану пәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек, сабақ өтуге, сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Тамыз 2020
930
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 10

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Отбасындағы өзара түсіністікті үйренеміз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы өзара түсіністіктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Жағымды тілектер алқасы»

Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады.»

Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады.

Үй тапсырмасы.

1. №9 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №10, «Құттықтау» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

Орынгүл мен інісі Медетбек үйде немен айналысты?

Медетбек тәтесіне не себепті реніш білдірді?

Орынгүлдің інісіне көңіл аудармауының себебі неде еді?

Әпкесі мен інісінің тіл табысқанын неден байқауға болады?

Отбасында өзара түсіністік болу үшін қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Өзіңнің бауырларыңмен қарым-қатынасың қандай? Айтып бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

«Отан – отбасынан басталады» 

Халық мақалы.

Сұрақтар:

1. Отбасындағы өзара түсіністік дегенді қалай түсінесіз?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?



  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

  • Осы-ақ па?

  • Иә, – деді ақсақал.

  • Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құралады, – деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.


  • Әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

  • Отбасылық өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Отбасындағы татулық пен бірлік болуы үшін қандай құндылықтар қажет?

  • Өздеріңнің отбасыларың қандай қасиеттерден құралған?

  • Отбасыңдағы сүйіспеншілік пен татулықтың орнауына өздерің қандай үлес қосып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

6-тапсырма «Татулық» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі: 1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). 2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде). 3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде). 4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады. 5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.

Тілек ағашы.

Оқушылар отбасының барлық мүшелеріне арналған жағымды ағаш жапырағына тілектерін жазып жапсырады.


  1. Топпен ән айту.

Сен бақытты ұлансың

Өлеңін жазған Мейірхан Қуанышбаев

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Әжең – асыл ардағың,

Атаң – дана қорғаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң – биік асқарың,

Інің – мөлдір аспаның.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Қарындасың – қанатың,

Ел-Отаның – жаннатың.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.


7. Үй тапсырмасы.

1. №10 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №11, «Әке тәрбиесі» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!