Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
.
Мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың сын
есім туралы түсініктерін бекіту, қарсы мәндес сын есім туралы
түсінік қалыптастыру.
-
Дамытушылық : Оқушылардың өз
бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, еркін
сөйлеуге баулу.
-
Тәрбиелік : Бірінің пікірін
бірі тыңдай білуге, әдемі, көркем, сауатты жазу дағдыларын
жетілдіру.
Әдісі : Түсіндіру,
сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі : Кестелер,
сызбалар, суреттер, семантикалық карта.
Сабақтың барысы
:
-
Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушыларды шеңберге
тұрғызып,әр оқушы өз есімінің бас әрпінен сөз
ойлайды.
Оқушыларды топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау.
Мұғалім :
Оқушы :
Әрбір адам Туысым,
досым, жұрағат
-Әрбір сабақ Үйрену,
ұғу, ұлағат.
-Әрбір ісің
Тірлік,тірек, адалдық
- Әрбір сөзің Шындық,
бірлік,адамдық
1-тапсырма
:
Зат есім Сан
есім
Сын есім
Етістік
2-тапсырма:
Сөйлемдерді оқып, сын
есімдерді табу.
-
Үлкен кісі бастар, кіші кісі
қостар.
-
Жақсы бала- қуаныш, жаман
бала-өкініш.
-
Қант тәтті болады, бұрыш ащы
болады.
-
Ақылды ойлап түйгенін айтады,
ақылсыз шала-пұла білгенін айтады.
Сын есімдер : Үлкен – кіші,
жақсы-жаман, тәтті-ащы, ақылды-ақылсыз.
Ендеше, мағыналары бір-біріне
қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.Тіл саласында
«антоним» деп аталады. (анти-қарсы)
Дәптермен жұмыс.
8-жаттығу
Үйрен
жақсы әдеттен,
Жирен
жаман әдеттен
3-тапсырма
:
Берілген сөздерден
сөйлем ойлату.
-
Мейірімді.
-
Қалың.
-
Әдемі.
-
Талапты.
4-тапсырма
:
1-топ : Зат есімнің
алдына тиісті сын есімді қой:
.....жапырақ
.....тау
....тон
.....қой
2-топ: Берілген тірек
сөздерден мәтін құрастыр, мәтінге ат қой.
Аққу, сұлу, нәзік
құс.
Көлде, жүреді сырғып,
баяу.
Көкке, өте, әсем,
ұшады.
Сақ, ол,
өте.
3-топ: Өлеңді оқып, сын
есімдерді тап.
Ақ киімді денелі,ақ
сақалды.
Соқыр мылқау танымас
тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі
суық.
Басқан жері сықырлап
келіп қалды.
4-топ: Көп нүктенің
орнына қарсы мәндес сын есімді тауып,жұптастыр:
Семіз-
Биік-
Жаңа-
Қою-
Қараңғы-
Қалың-
Қымбат-
Жуан-
Дәптермен жұмыс
:
Семіз-арық.
Биік-аласа.
Жаңа-ескі.
Қою-сұйық.
Қараңғы-жарық.
Қалың-жұқа.
Қымбат-арзан.
Жуан-жіңішке.
5-тапсырма: Ойын. Адасқан
әріптер.
1-топ.З ы қ ы л-қызыл. 2-топ.
О ң ы р қ-қоңыр
А с ы р-сары ұ л у
с-сұлу
Ң е р т е-терең а с а л а
–аласа
3-топ. Е м ә с-әсем
4-топ. С а қ ж ұ м-жұмсақ
А ла –ала
ж а с у -жуас
Ы ң қ а
л-қалың с ұ қ ы й-сұйық
6-тапсырма: Жұмбақ шешу.Бұл
қай жануар...
Мойны
сорайған,
Сирағы
серейген,
Теңбіл шұбар
терісі
Шөлдегі аңның
ірісі.
Жанында жалы
бар,
Бұл қандай
жануар..(керік)
Тапсырмалар:
1-топ. Керікті
сипатта
2-топ. Керікке байланысты
жұмбақ құрастыр.
3-топ. Керік туралы өлең
шумағын құрастыр.
4-топ. Керікті
сипатта.
7-тапсырма: Семантикалық
картамен жұмыс.
Сөздер Зат есім Етістік Сын
есім Сан есім
1.Оқыды +
2. Ағаш +
3. Ақылды +
4. Тоғыз.
Топ басшылары тексеріп
бағалайды.
Үйге тапсырма: 12-жаттығу,
ереже жаттау.