400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "5 саны және цифры" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты 10 көлеміндегі сандарды өткенде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.Сабақты психологиялық ахуалдан бастап оқушылардың зейінін сабаққа аударып алу керек. Жаңа сабақ өткен сабақпен тығыз байланыста болғаны жөн.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін 5 санын модельдеу жұмысын жүргізуге болады. Мысалы 1 топқа ермексаздан,2топқа қарындаштардан,3-топқа қағаздан жасауға тапсырма беруге болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Торғай орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Молдагулова Б.К.

Сынып: 1сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

5 саны және цифры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2 біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

1.1.1.3 біртаңбалы сандардың құрамын анықтау.

1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну,10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау,олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 10 көлеміндегі сандарды тура

және кері санайды;натурал сандар қатарындағы

орнын анықтайды. Құрамын біледі, салыстырады, оқиды, жазады.

Көптеген оқушылар: бір таңбалы сандардың құрамын

анықтайды.

Кейбір оқушылар: цифр мен санды бір-бірінен ажажыратады, бір таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен

көрсетеді.

Бағалау критерийлері

5санының құрылу жолын түсіндіреді

5көлемінде тура және кері бағытта санайды.

Тілдік мақсаттар

Бес-пять

Құндылықтарды дарыту

Бірлікке,келісіммен жұмыс жасауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

көркем еңбек, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім


4 цифры мен санын сандар қатарынан табады,тура және кері санайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин




3 мин


Психологиялық дайындық:

Ережелерді еске түсіру.Оқушылар орындарынан тұрып, бір-біріне «қандайсың?»сұрағына жауап беретін жылы сөздер ойлап айтады.

Мысалы: «Айдана, сен әдемісің»т.б.

Сабақты жұмбақ шешу арқылы бастау.

«Бес ін,бес іннің аузы бір ін»Бұл не?

Жауабы:бес саусақты қолғап.

Жұппен жұмыс: «Дүкен» ойыны ойыны.

Оқушылар дүкен сөресіндегі кеңсе тауарларының барлық түрін айтып береді.

-Балалар, осылардың ішінен тек қаламдарды санайықшы.

Жауабы:5қалам.











Жұмбақтар




Кеңсе тауарлары

Сабақтың ортасы

15 мин












2 мин

Жұппен жұмыс: «Көршісін тап»ойыны.

0-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшалар дайындалады.

2 және 4 цифры бар парақшалардың бет жағы теріс аударылған.

-Қандай парақшалар аударылып қойылған?

-Қандай сандар түсіп қалған?

(оқушылардың жауабын тыңдау)

Топпен жұмыс:Мен бір сан ойладым.Ол 3 санынан кейін тұрады.(2мен 4-тің арасында,2-нің алдында)және т.с.с.

Бұл қандай сан?(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Сергіту сәті: «Бес саусақ»

ОТ: Тақтаға 4оқушы шығады, оларға 1-ден 4-ке дейінгі сандар жазылған парақшалар таратылады. Алдымен сандардың кему реті бойынша,артынан өсу ретімен тұрады.

Тағы бір оқушы тақтаға шақырылады.

Тақтаның алдында неше оқушы тұр?5 оқушы.

Оқушылардың біреуі бір қадам алға шығады.

Нешінші оқушы алға шықты?



1-ден 4-ке дейінгі цифрлар










Сабақтың соңы













3 мин

-5 саны қай саннан кейін орналасқан?

-Оның алдында қандай сандар бар?

Сандар қатарына 5 саны бар қағазды қосу.

Топтық жұмыс:5 санының құрамы.


Shape7 Shape6 Shape8 Shape3 Shape4 Shape5 Shape2 Shape1 5 5 5 5


3 2 1 4 «Балық аулау» ойыны:Балықтағы 1-5-ке дейінгі сандарды және 5-тен 1-ге дейінгі сандарды ретімен қойып ,5-ке дейінгі натурал сандар қатарын тура және кері санайды.Сандық сәуледегі 5 санының орнын анықтайды.

Рефлексия: Жұмбақ санды табу.

4-тен кейін тұрағым

Денем сенің құлағың.

Күнделіктің ішінде

Ерекше боп тұрамын. Жауабы: 5 саны

Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

5саны қандай саннан кейін тұрады?

5 санының құрамын атаңдар.

Балалар, егер сабақ ұнаса қағазға бес саусақтарыңды салып тақтаға іліңдер , ал ұнамаса ештеңені ілудің қажеті жоқ.



5-тің құрамы


10 мин







Балықтардың суреттері (қиылған түрі) магнит







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
2316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі