Материалдар / Сабақ жоспары 5 сынып " Аяқ киім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары 5 сынып " Аяқ киім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аяқ киім – адамның аяғына киюге арналған бұйым. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Мәселен, аяқ киім ыңғайлы, берік, сәнді, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
3021
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Аяқ киім күтімі.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Аяқ киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру;

ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой - танымдық, есте сақтау, іскерлік қабілеттерін арттыру;

б) тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, эстетикалық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: топтық сабақ

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сарамандық

Пәнаралық байланыс: биология, сызу, бейнелеу

Сабақтың көрнекілігі: аяқ киім күтімі жөнінде әдемі суреттер, интерактивті тақта.

Керекті құрал – жабдықтар: картон, қалың бір түс мата, ине, жіп, қайшы, біз, қарындаш, сызғыш.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құрал – жабдықтарының толықтығын тексеру. Топқа бөлу.

І. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру:

1-тапсырма. «Миға шабуыл»

І топ. «қыстық аяқ киімдер» тобы

  1. Киіз үй кімдерге бейімделген баспана?

  2. Киіз үй құрылысы, сүйектері.

  3. Үйдің сүйегін кімдер жасайды?

  4. Кереге неден жасалған?

  5. Шаңырақтың құрылысын атау.

  6. Киіз үйдің ортасына не орналасқан?

  7. Есікке қарсы жақ не деп аталады?

  8. Есіктің оң жағына нелер жиналған?

  9. Шаңырақтың үстіне жабатын төрт баулы киіз не деп аталады?

  10. Киіз үйді кімдер құрған?

ІІ топ. «жаздық аяқ киімдер » тобы

  1. Шаңырақ қалай қастерленген?

  2. Шаңырақтың 4 күлдіреуіші нені білдіреді?

  3. Шаңыраққа бекітілген уықты не деп ойлайсыз?

  4. Сықырлауық неден жасалады?

  5. Киіз үйдің жасауы қандай бұйымдардан тұрады?

  6. Киіз үй негізі неше бөліктен тұрады?

  7. Басқұр не үшін қолданылады?

  8. Киіз үй неше бөлікке бөлінеді?

  9. Уық саны мен кереге саны қандай болады?

  10. Киіз үй жасауларына қандай өлең жоладарын білесіңдер?






ІІ тапсырма. Киіз үй жасауы бойынша салынған суреттерін, макеттерін қорғау.


Бағдаршам

Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін, ия түсінбегендігін бағдаршам белгілері арқылы көрсетуді сұрайды.

  • Мен түсініп отырмын....және түсіндіре аламын (Өте жақсы – қызыл түс);

  • Мен әлі түсінбей отырмын.....(Жақсы – жасыл түс);

  • Мен түсінгеніме сенімді емеспін... (Орташа – сары түс).

осы белгілерге сүйеніп мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін сабақтайды.


ІІ. Жаңа сабақ. Теориялық бөлім.

Аяқ киім – адамның аяғына киюге арналған бұйым. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды.

Мәселен, аяқ киім ыңғайлы, берік, сәнді, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.

Аяқ киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы керек. Башпайдың аяқ киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн. Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ киім өкшесінің биіктігі – 2-3 см. болуы шарт.

Өзіне үнемі қарап, сырт келбетін күту – әр адамның өзіне де, қоршаған ортаға да жағымды міндеті. Маусымдық қолданысқа қарай: жазғы, қысқы, көктемгі, күздік болып төрт топқа бөлінеді.

Аяқ киімді сатып алар кезіндегі ескерілетін талаптар:

  • Ыңғайлылығы;

  • Әдемілігі;

  • Мықтылығы;

  • Гигиеналығы.

Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар:

  1. Аяқ киім қан айналуға кедергі келтірмейтіндей болуы қажет;

  2. Аяқ киім жеңіл, жұмсақ, иілгіш болуы керек (өкшесі тым биік болса, табанның пішіні өзгеріп, омыртқа жотасы қисаяды);

  3. Аяқты қыспайтындай, башпайлар (бас бармақ) тірелмейтіндей кеңістік болуы керек;

Аяқ киім күтімі:

Аяқ киімді шешкен кезде тазалау керек:

  1. Кірін, шаңын тазартады;

  2. Аяқ киімге сәйкес түсті май – крем жағып, түкті матамен ысқылап тазартады;

  3. Аяқ киімді арнайы қасық көмегімен киеді.

Ұлттық аяқ киімдердің жіктелуі:

  • Мәсі;

  • Кебіс;

  • Байпақ;

  • Етік;

  • Саптама етік.

Ұлтарақты етікке салмай тұрып, ұлтарақтың алдыңғы жағы, яғни жол бағытына қараған басын бойлата тіледі. Мұны ұлтарақтың иесінің «жолын ашу» дейді. Жолы ашылған ұлтарақты, етікке салып киеді. Ол аяқты сыз – суық өтуден, аяқты терлетуден сақтайды.

Тіл сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрса, ұшығы шығып, айығып кетеді деп есептейді қазақтар.

Аяқ киімді кептіру әдісі:

Су өткен аяқ киімді жылы жерге қойып, ішіне газет толтырып қойса, ертесіне қарағанда газет етіктегі дымқылды өзінің бойына сіңіріп, тартып алады да, аяқ киміміз құп – құрғақ болып кеуіп қалады.

Аяқ киімдегі иіс – қоңысты кетіру үшін сірке қышқылының ертіндісімен сүртіп, дезодарант шашамыз.

Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар:

  1. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Себебі, адамның жолы болмайды, ырымға жатпайды.

  2. Қазақ аяқ кимінің табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын жері жоқ, аяқ киім таза емес, сондықтан көз ұшынады деп есептейді. Егер табанына көзі түсетін болса, үш мәрте түкіреді. Онысы көзім ұшынбасын дегені.

  3. Жорықта, алыс сапарда жүргенде түнде ұйықтайтын жағдай туса, басқа жастанатын ештеңе болмағанда, қазақта етігін жастанған. «Етік жолға бастайды», етек немесе шалбар салмайды. Яғни етіктің басқа киімдерге қарағанда мәртебесі жоғары болған.

Сарамандық жұмыс: Тәпішке қалта тігу.

Қауіпсіздік ереже, қол жұмыстарын орындаудағы ережені еске түсіру. Үлгі бойыншы жұмыстану.

Жаңа сабақты қорытындылау.

Топтастыру әдісі.

Shape1

Shape2

Shape4 Shape3

Shape5 Shape8 Shape7 Shape6

АЯҚ КИІМ



Shape9



Бағалау: Жұмыстың орындалу сапасына қарай бағаланады. Жақсы орындалғаны мадақталады. Сапасыз орындалған топқа ескерту айтылады.

Үйге тапсырма: Тәпішке салуға арналған қалта тігіп кел


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!