Сабақ жоспары: 5 сынып Отбасы татулығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: 5 сынып Отбасы татулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: 5 сынып Отбасы татулығы Отбасында, қоршаған ортада тату қарым-қатынас жасай біледі, туындаған түсініспеушіліктерді сындары түрде шешуге, басқа адамдармен ынтымақтастық және келісім негізінде қарым-қатынас жасауға тырысады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: 3

Адам және әлем

Педагогтің аты-жөні

Касенова Назым Назарбековна

Күні:

05.11.2021

Сынып: 5

Қатысушылардың саны: 25

Қатыспағандардың саны: 0

сабақтың тақырыбы №17

Отбасы татулығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Отбасында, қоршаған ортада тату қарым-қатынас жасай біледі, туындаған түсініспеушіліктерді сындары түрде шешуге, басқа адамдармен ынтымақтастық және келісім негізінде қарым-қатынас жасауға тырысады.

Құндылығы:

Сүйіспеншілік

Қасиеттер:

Мейірімділік,кешірімділік,сыйластық.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

- Оқушыларға отбасы ұғымын мейірімділік қайсиетімен байланыстыра отырып ұғындыру;

- Отбасында өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетін дамыту;

- Оқушылардың отбасын құрметтеуге, татулыққа мейірімділікке сыйластыққа тәрбиелеу;


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


1.Жағымды көңіл-күй



  • Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

5 «Т» ережесін сақтауға шақырады.




  • «Нұрға бөлену»


Оқушылар зейінін аударады. 5Т ережесін есіне түсіреді.

  • Тәртіп

  • Тыныштық

  • Тазалық

  • Татулық

  • Талап


Алған әсерлерімен бөліседі.

Презентация




https://www.youtube.com/watch?v=8oAJOfcbagw


2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

Мәдіхат Төрежановтың «Әжесін қайсысы жақсы көреді?» әңгімесін оқып келіп, сұрақтарға жауап беруге тапсырады.

1. Дәрігер Болаттың іс-әрекетіне неліктен риза болды?

2. Болаттың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінеді?


3.Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?


4. Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады деп ойлайсың?

Оқушылардың ізгілікті қарым-қатынас жасау біліктіліктері, рухани жан дүниесі, ыстық сезімдері, сүйіспеншіліктері, қамқорлық көрсетіп отырған отбасы ізгі болатындығы айқын түсіндірді.

Сұрақтарға жауап бере отырып, сүйіспеншілік қасиеті туралы тереңірек түсініп, сонымен қатар сүйіспеншілігіміз тек сөз жүзінде ғана емес, сонымен қатар іс-әрекетінде көрінетіндігі туралы ой түйді.

17 сабақ, 72 бет

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


«Ана алдында-құрмет,

Ата алдында – қызмет.»

Халық нақылы

  • Ата-ана алдындағы өзіңіздің парыңыз қандай деп ойлайсыз?



Мұғалім ата-ананың сыйлаудың маңыздылығын түсіндіре келе, отбасындағы іс-әрекет, яғни ата-анаға қызмет жасау, бұл ата-ананы құрметтеудің белгісі екенін түсіндірді.





Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы дәйексөздің мағынасын ашады.

Отбасындағы ата-ананы құрметтеу және ата-ана алдында қызмет туралы,ата-ананы сыйлаудың маңызын түсінді.Ата –анаға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен,сыйластықпен қарау керек екені туралы ой түйді.

Оқушылар бірнеше рет қайталайды.

Презентация, жұмыс дәптері.

4. Оқиға айту (әңгіме)



«Отбасы деген не?»

Бейнеролик көрсетеді.

  • Отбасы деген ұғымы қалай түсінеміз?

  • Отбасы құндылығы дегенді қалай түсінесіздер?

  • Отбасыңыздың бақыты үшін қандай үлес қосар едіңіз?


Отбасы – бұл бақыт пен сүйіспеншіліктің, татулық пен сыйластықтың мекені екенін түсіндірді.


Оқушылар бейнероликті көріп, бақытты отбасының бір-біріне қамқор болу,тату болу,сыйлы болу, кешірімді болу, сүйіспеншілікпен қарау керек екенін түсінді.



Бейнероликті көргеннен кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=OyVbXa1ydB8&t=31s




5.Шығармашылық жұмыс



Мұғалім оқушыларға ортақ тапсырма береді:

1-тапсырма. «Адасқан сөздерден өлең құрастыру»

2-тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбында сурет салу

Отбасында бір-біріне мейірімділік, сыйластық, кешірімділікпен, жанашырлықпен қарау керек екендігін түсіндірді.


Оқушылар тапсырманы орындай отырып, ата-анасына, жақындарына ризашылық сезіммен қарауды үйреніп, отбасындағы бақыт пен тыныштық олардың бір-біріне қамқорлық, жауапкершілік және құрмет танытуда екенін түсінді.

Презентация

7. Үй тапсырмасы



2 тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастырып жазып келу

Оқушылар тапсырманы жазып алады.

17 сабық, 74 бет.

6. Топпен ән айту

Ф. Оңғарсынованың

«Ақ мамам» әнін топпен айту


Оқушылар топпен ән шырқайды.

https://www.youtube.com/watch?v=9iSzd-WQzvA

8. Сабақтың қортынды сәті

Отбасы-бала тәрбиесiнiң ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуi, бойындағы алғашқы адамгершiлiк,сүйіспенілік, мейірімділік белгiлер отбасында қалыптасыды., сондықтан да туған үйдiң жылуы-оның көкiрегiнде көп жылдар бойы сақталып, мәңгi есінде сақталады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.

https://www.youtube.com/watch?v=JZZ3y30leUM





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2021
1011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі