Сабақтың
барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі
5
Т ережесін еске түсіру. (тәртіп,талап,
тазалық, татулық, тыныштық)
Тыныштық
сәті «Нұрға бөлеу»
«СУ
АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»
Көзіңді
жұмып, терең дем ал, денеңді босат.
Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне
саяхат жасаймыз.
Теңіз
жағасымен келе жатқаныңды елестет.
Толқындардың жеңіл шалпылына,
шағалалардың шуылына құлақ түр.
Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін.
Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың:
ол жақындаған кезде дельфин екенін
түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып
кету үшін келді. Ол өте әдепті екен,
сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап
оның арқасына отыр, мықтап ұстап,
жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында
жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз
сезін, су астында жүзу қандай керемет.
Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ
тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған
әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне
бойлаған сайын айнала қалайша
өзгереді, суда тербелген қаншама
ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай
орасан зор әдемі балықтар. Су асты
неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен
бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен
тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық
күйде бол (бірнеше секунд үнсіз
қалады).
Ал
қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері
қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып
қара. Ғажап түстерге тағы бір рет
қара және тыныштыққа құлақ түр.
Осындай тыныштық саған самалдай
әсер береді. Енді дельфин кері қарай
жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз,
жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің
арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз
және осындай ғажап саяхатқа апарғаны
үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа
оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.
Бірнеше секундтан соң көзіңізді
ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз
бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үйге
тапсырмасын тексеру
Мойындау Дәулет
Қасенов
Балалар
не үшін қатты қысылды?
Ұжымдағы
сыйластыққа қалай қол жеткізуге
болады?
Балалардың
жасаған іс-әрекеттерінен қандай
сабақ алуға болады?
Өзіңнің
бейтаныс адамдарға қарым-қатынасың
қандай?
Мысал келтіріңдер.
Дәйексөз
Сыпайылық,
сабырлылық – асыл адам белгісі
Мәлік
Ғабдуллин
Дәйексөздің
мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әңгімелесу
Қызыл
алма (Ертегі)
Қалың орманға күз
де келіп жетті. Айналадағы ағаштардың
жапырақ-тары алтын сары түске енді.
Ұйқысынан ерте оянған қоян осы
көрініс-терге қызыға қарап келе
жатып, ағаш басынан бір қызыл алманы
бай-қады. Жүрегі жарылардай қуанған
ол:
– Алақай,
алақай! Бұл – менің алмам! Оны мен
таптым! – деп айқай салды.
Қоянның
айқайын естіген сауысқан сол сәт
ұшып келіп:
– Ау, қоян! Таң атпай
не болды? Дауысың қатты шықты ғой? –
деді.
– Әне, анау менің алмам,
көрдің бе, мен таптым!-деді қоян
шыдамсыз-данып.
– Сауысқан-ау!-
деді сосын. – Көршіміз ғой, сол
алмамды маған үзіп
берші! Сауысқан
тұмсығымен сабағын қиып жіберіп
еді, алма төмен қарай құлдай жөнелді.
Сол кезде қайдан тап болғаны белгісіз,
кірпі жетіп келіп алманы қағып алып,
қаша жөнелді. Оны босқа беріп қоятын
қоян ба, артынан тұра қуды. Сауысқан
алдарынан шықты. Үшеуі таласа кетті.
Сол сәт жерден шыққандай күркіреп
аю келді.
– Ау, бұл не шу, орманның
тынышын кетіріп? Кәне, айтыңдар?-
деді
ақырып. Алысып жатқан үшеуі
жым болды. Қоян тілден айырылып,
сөйлей алмай қалды. Сауысқан «пыр»
етіп ұшып, ағаштың басына қонды. Тек
кірпі ғана шашалып барып:
– А-а-аю
аға! Біз алмаға таласып қалдық,- деді
екі сөздің басын әрең құрап.
–
Алманы кім тапты әуелі?- деді аю.
–
Мен таптым,– деді қоян тақ етіп.
–
Ол бұтақта ілініп тұр екен.
– Ал
алманы кім үзді?
– Мен
үздім, – деді сауысқан саңқ етіп.
–
Кім оны жерге түсірмей қағып алды?
–
Мен қағып алдым, мына инелеріммен,–
деді кірпі арқасындағы инелерін
көрсетіп.
– Алма біреу, ал сендер
үшеусіңдер…– деді аю ойланып.
–
Кірпі,– деді сәлден соң. – Сен алманы
үшке бөл!
Кірпі
аюдың айтқанын орындап, бірақ алманы
төртке бөледі де, бәрін
түгел аюға
береді. Алманы қолына алған аю:
–
Алманы тапқан сенсің, қояным! Ала
ғой, мынау сенің үлесің,– деді
қоянға
бір бөлігін ұсынып.
– Ал, сауысқан,
мынау сенікі – бұтадан үзіп бергенің
үшін,– деді
сауысқанға
бір бӛлігін ұсынып.
– Ал, кірпі,
мынау сенің үлесің, алманы жерге
түсірмей қағып алғаның
үшін,- деді
бір үлесті кірпіге беріп.
Соңында
қолында қалған төртінші үлеске
қарап:
– Бұл кімге? - деді таңырқап.
–
Ол – сенің үлесің! – деді кірпі
айқайлап.
– Маған?
Маған несіне беріп жүрсіңдер, еш
қатысым жоқ қой?
– Жоқ, аю аға, сіз
бізді ұрыстырмай, керісінше,
достастырдыңыз. Жалғыз алманы
бәрімізге теңдей қылып бөліп бердіңіз.
Бұл – соның өтеуі,– деді кірпі.
–
А-а, солай ма? - деді аю қуанғаннан
арсалаңдап. – Онда елеп, ескер-гендеріңе
рақмет! Әр кез бойымызды ашуға
жеңдірмей, осылай ақыл-мен, сабырмен
шешейік. «Ашу – дұшпан, ақыл – дос,
ақылыңа ақыл қос», демей ме бұрынғылар.
Рақмет!
Сыйластық,
татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзара
түсіністік не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
Түйін: Үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсете білу –
асқан
адамгершіліктің белгісі.
Өзіңді сыйлай білсең, өзгені де
сыйлай
аласың.
Өзін-өзі сыйлаған адамның ойы, сөзі,
ісі бірлікте болады.
Өзара
түсіністік, сыйластық татулыққа
жеткізеді.
Шығармашылық
жұмыс
1-тапсырма
Мәтінді оқып, жағдаятты шешіңдер.
Мектепте
қабырға газеттерінен жарыс өтіп
жатты. Талқылау түстен кейін қызып,
газет шығарушылардың пікірлері
тыңдалды. Барлық газет шығарушылар
әдептілік сақтап, өз ойларын айтып
бөлісті. Тек Ерлан ғана өзінің сыныбы
шығарған қабырға газетін мақтап,
басқа сыныптар-дың газеттерінен
қате іздеп, сынап-мінеді. Қазылар
алқасы өзінің әділ
бағасын шығарып,
нәтижені жариялай бастады. Ерлан өз
газетінің аты
аталғанша дегбірі
қашып, тағаттана күтті, бірақ өкінішке
орай, ол еш-қандай орынға ие болмады...
Мұның
себебі неде?
2-тапсырма Сөйлемдерді
аяқтаңдар.
Үлкен
кісіні…………………........
Үлкеннің
тілін……………......….
Үлкендерге…………………..…..
Кішілерді…………………………
Оқу
құралдарын………………...
Автобусқа
мінгенде...................
|
|