Сабақ жоспары 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып оқушыларына арналған "Өзгелермен үндесу" тақырыбындағы сабақ жоспары. Оқушылардың жасеркшеліктеріне сай,сүйіспеншілік құндылығына негізделген. Мақсаты: оқушыларды айналасындағы адамдармен жылы қарым-қатынас жасаудың маңызын түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМКК

Shape1 Бекітемін

Колледж оқытушысы әдіскері:

Қайсанова Ж.Қ





Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Өзгелермен үндесу»


Күні: 16.11.2021

Әдіскер: Жакыпова А.К

Өткізген машықкер: Қабасова Е.Н

Бағасы:

Қолы:













Мектеп: «№8 – көркем эстетикалық білім беру және тәпбиелеу жалпы орта білім беретін мектеп – кешені» Мерзімі: 16.11.2021.ж Машықкер: Қабасова Е.Н Сынып: 6 «В» Оқушы: 20

Тақырыбы: «Өзгелермен үндесу»

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Мақсаты:Оқушыларды айналасындағы адамдармен жылы қарым – қатынас жасаудың маңызын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға баулу үйрету.

  • Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

Тәртіп.

Талап.

Тыныштық.

Тазалық.

Татулық.

1.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады.

https://www.youtube.com/

3. Сабақтың дәйексөзі.

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». 
Абай Құнанбаев 
Сұрақтар:

1. Сүйіспеншілік деген не?

2. Айналаңыздағы адамдарға сүйіспеншілігіңізді қа

лай білдіресіз?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Мейірімді және ілтипатты бол! 
Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды. 
- Ол саған не үшін керек ? деп сұрайды ұстаз. 
- Қайратты да қайсарлы болғым келеді. 
- Енді болмайсың ба? Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және ілтипатты бол. Мейірім мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың. Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса, өзгерістерді байқайтын боласың да, көптеген қиындықтарды алдын ала болжай аласың, яғни, ұрыс – қақтығыстарға кірдмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас – тартыстардың алдын көре алатын боласың, ешкім жеңе алмайтын қайратты боласың. 
- Қалай сонда? 
- Иә, ешкім сені жеңе алмайтын болады, өйткені ешкіммен егеспейсің. Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл өтіп, ұстазға қайтып келеді. 
- Не іздедің? – деп сұрайды қария. 
- Сіздің аман – саулығыңызды және қандай да бір көмегім керек пе? – деп сұрайын деп келдім... 
Сол кезде ұстаз жас жігітті шәкірттікке алады. 
Сұрақтар:
1. Ұстаз жас жігітке қандай ақыл- кеңес берді? 
2. Жас жігіттің ұстазға келгендегі мақсаты не деп ойлайсыңдар?

3. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: Постер құрау

1 – топ: «Сүйіспеншілік»

2 – топ: «Шынайылық»

3 – топ: «Жанашырлық»


6. Топпен ән айту.Достар әні

https://www.youtube.com/

7. Үй тапсырмасы.

1. «Достық» жайлы шағын эссе жазып келу.


Сабақтың қорытынды сәті.

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін желім қағаздар арқылы тақтадағы тілек ағашына іледі.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2021
712
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі