Сабақ жоспары 6 сынып Бөлек жазылатын сөздер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 6 сынып Бөлек жазылатын сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Лексикография бөлімі бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі

Бөлім:

1-бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Қадыралиева А.Б.

Күні:


Сынып: 6 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Терек-табиғаттың көркі. Бөлек жазылатын сөздер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 - мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек жəне дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтіннің атауына өз пікірін білдіре алады және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселеге болжам жасай алады. Тақырып бойынша бөлек жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Құндылықтарға баулу

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут








Сабақтың ортасы

35 минут

































































































































































Сабақтың соңы

5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

Ой шақыру

Аяз би, әлінді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл.

Осы мақал-мәтел бойынша өз ойларыңды жеткізе отырып, бүгін тыңдалым мәтініне қандай байланысы болуы мүмкін екендігіне болжам жасаңдар.

1-тапсырма

Үнтаспадан 2-аудиомәтіннің алғашқы бөлігін тыңдаңдар.

Алатаудың бауырында бір тәкаппар терек болыпты. Ол ешкімді менсінбепті. Төңірегіндегі жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектерді де көзге ілмепті. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», – дейді терек. Оның асқақтығы шектен асыпты.

2-тапсырма

Суретті пайдалана отырып, оқиғаның қалай өрбитінін болжаңдар.


3-тапсырма

Үнтаспадан 2-аудиомәтіннің жалғасын тыңдаңдар. Өз болжамдарыңмен салыстырыңдар.

Ол төбесіндегі Күнге қарап: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды-ау», – деп тыжырынады.

Терек суды да жақтырмайды: «Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», – деп налиды. Ал желге де мін тағып: «Жел жапырақтарымды шуылдатып, тыныштық бермеді», – дейді.

Бір күні теректің бұтағына бұлбұл келіп қонады да, тамылжытып сайрай бастайды. Тәкаппар терек біреудің еңбегі мен талантын өзімдікі деп санаудан да аулақ емес еді: Ол бұтағында сайрап отырған бұлбұлды шуылдаған жапырақтарымның бірі деп ойлап:

Естіп тұрсыңдар ма? Қай ағашта осындай жыршы жапырақ бар? – деп мақтанады.

Мұны естіген бұлбұл ренжіп, өз жөніне ұшып кете барады.

Сонда терек желге:

Менің жыршы жапырақтарымды сен үзіп әкеттің, – деп тиіседі.

Бұны естіген жел тына қалады. Терек күн сәулесіне бажырая қарап:

Е, е... кім екен десем, міне, менің жапырағымды құрғатып түсірген сен екенсің ғой, – дейді. Мұны естіген Күн енді қайтып шұғыласын терекке төкпей қояды.

Сыңғырлатып ағып жатқан мөлдір бұлақ теректің бұл сөздерінің орынсыз екенін айта бастағанда, тәкаппар терек:

Сен маған ақыл айтатын кімсің? – деп, оған да тап береді. Бұны естіген бұлақ теректің тамырын нәрлендірмейтін болады. Сөйтіп, күн нұрынсыз, сусыз, желсіз қалған терек қуатынан айрылып, қалжырай бастады. Жапырақтар сарғайып, төгіліп, түсіп қалады. Тамыры солып, бұрынғы көркінен жұрдай болады. Бір күні аздаған қатты дауыл тұрғанда, өзінен басқа ешкімді көзге ілгісі келмеген терек құлап қалады. Ертеңіне бір шаруа оның бұтақтарын шауып, діңін кескілеп, отқа жағуға арбаға тиеп алып кетеді.

А. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ойларыңды дәлелдеңдер.

1. Терек неге өзін тәкаппар ұстайды?

2. Терек Күнге, суға, желге қандай мін тақты?

3.Терек неге әдемі көркінен айырылып қалды?

Ә. Бірінші бағанда ерекшеленіп берілген тіркестерді екінші бағандағы мағыналас сөзбен алмастырып, сөйлемдерді қайта құраңдар.

1. Терек қасындағы жеміс ағаштары мен гүлбәйшешектерді көзге ілмейді.

менсінбеу/ көрмеу

2. Терек суға: «Тамырларымды шірітіп жібердің», - деп мін тағады.

ескерту/ кінәлау

3. Теректің менмендігі шектен шығып кетеді.

тым артық болу/ қарапайым болу

4. Теректің жөнсіз сөзінен кейін Күн оған шуағын шашпады.

көрінбеу/ нұрын төкпеу

5. Теректің тамыры солып, бұрынғы көркінен жұрдай болады.

айырылу/ жоғалта бастау


Б. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырыпты таңдаңдар немесе өздерің ат қойыңдар.

1. Терек табиғаттың көркі.

2. Жер, су, Күн – тіршілік өзі.

3. Менмендік алысқа апармайды.


Тілдік бағдар.

Бөлек жазылатын сөздер.


4 -тапсырма.

«Сөздер банкісі» әдісі

Берілген сөздердің ішінен бөлек жазылатын сөздерді анықтап, банкіге саламыз.

Иіс(сабын), шег(ара,) қара(ала), еш(кім), еш(нәрсе), еш(адам), күні(бойы), он(жеті)., Мәдениет(сарайы), спорт(мектебі), ас(тұзы).

6-тапсырма

Күрделі сөздердің сыңарын табыңдар.

Шарын

үй

мәдениет

жер

жедел

бата

қоғам

жілік

спорт

сарайы

туған

мектебі

киіз

жәрдем

кәрі

шатқалы

үй

жануары

ақ

қайраткері




7 -тапсырма

Әріптерді дұрыс орналастырып, екі бағандағы сөздерді тіркестіріңдер.

Қою қара, жиырма сегіз, күрең төбел, , нағашы ата, ұзын бойлы, қазақ тілі

8-тапсырма

Сұрақтарға тіркесті сөздермен жауап беріңдер

не?

алғы сөз, ..

қандай?

көк сұр...

кім?

тіс дәрігері...

қашан?

күні бойы

қанша?

сексен жеті...

не істеу?

көмек көрсету..


ЕББҚ оқушыға тапсырма

Күрделі сөздердің сыңарын тап


сексен

мектебі

спорт

жеті

жедел

жер

нағашы

жәрдем

туған

әже



Рефлексия

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?





Психологиялық ахуал

«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы

Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға









Үнтаспадан 2-аудиомәтіннің алғашқы бөлігін тыңдайды.


Суретті пайдалана отырып, оқиғаның қалай өрбитінін болжайды.



Үнтаспадан 2-аудиомәтіннің жалғасын тыңдайды. Өз болжамдарымен салыстырады.





















































Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ойларыңды дәлелдейді.

















Бірінші бағанда ерекшеленіп берілген тіркестерді екінші бағандағы мағыналас сөзбен алмастырып, сөйлемдерді қайта құрайды.

















Мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырыпты таңдайды немесе өздері ат қояды.






Берілген сөздердің ішінен бөлек жазылатын сөздерді анықтап, банкіге салады. .



«Сөздер банкісі» әдісі


6-тапсырма

Шарын шатқалы, мәдениет сарайы, жедел жәрдем, қоғам қайраткері, спорт мектебі, туған жер, киіз үй, кәрі жілік, үй жануары, ақ бата




























Сабақтан пайдалы не алғандығы және сабақта не қиын болғандығы, алдағы уақытта не істейтіндігі жөнінде әсерлерімен бөліседі.


Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!










Дескриптор

Білім алушы

- оқиғаның қалай өрбитінін болжайды – 1 балл,

-өз болжамын салыстырады – 1 балл,

-сұрақтарға жауап береді – 1 балл,

-өз ойларын дәлелдейді – 1 балл,

-сөз тіркестерін мағыналас сөзбен салыстырады – 1 балл,

-мәтін мазмұнына сәйкес келетін тақырып таңдайды – 1 балл.










Бағалау

Медальон арқылы бағалау







































































Дескриптор

Білім алушы

-бөлек жазылатын сөздерді анықтайды – 1 балл

















Дескриптор

Білім алушы

-күрделі сөздердің сыңарын анықтайды -1 балл

-бағандағы сөздерді дұрыс тіркестіреді – 1 балл,

-сұрақтарға жауап береді – 1 балл







Оқулық

6-сынып

«Мектеп» баспасы

2018жыл





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі