400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аңырақай шайқасының себептері мен тарихи маңызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Аңырақай шайқасы- Ұлт азаттығы жолындағы тарихи

жеңіс.

Пән: Қазақстан тарихы.

Сынып: 7 немесе 8

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Мақсаты:

- Аңырақай шайқасының тарихи маңызын түсіндіру,

- Оқушылардың ұлтжандылық,ерлік туралы ойларын қалыптастыру,

- Тарихи оқиғаларды талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың құрылымы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

  • Сәлемдесу.

  • Сабаққа дайындықты тексеру.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Сұрақ – кіріспе: «Аңырақай шайқасы туралы не білесіздер? Ол Қазақстан тарихындағы қандай оқиғамен байланысты?»

  1. Жаңа сабақты түсіндіру(20 мин)

  1. Аңырақай шайқасының тарихи жағдайы:

  • XVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығы.

  • Қазақ жеріне төнген қауіп және үш жүздің бірлігі қажеттілігі.

  1. Шайқас алдындағы оқиғалар:

- 1726 жылы Ордасыда үш жүздің басын қосу.

- Әбілқайыр ханның басшылығымен қазақ

сарбаздарының біріккен күші.

3. Шайқастың негізгі кезеңдері:

- Аңырақай шайқасының 1729 жылы Балқаш көлінің маңында өткендігі.

- Қазақтардың ұйымдасқан әрекеті және жоңғар әскерінің жеңілісі.

4. Аңырақай шайқасының тарихи маңызы:

- Қазақ халқының жоңғарларға қарсы ең үлкен жеңісі.

- Үш жүздің бірігуінің нәтижелілігі.

- Халықтың өз жерін қорғаудағы ерлігі мен бірлігі.



  1. Практикалық бөлім (15 мин)

  1. Карта жұмысы:

- Оқушылар Аңырақай шайқасы өткен жерді картадан табады.

- Қазақ хандығының аумағын және жоңғарлармен шайқасқан негізгі бағыттарды көрсетеді.

  1. Тапсырма:

Топтық жұмыс:

  • Әр топқа келесі тақырыптар беріледі:

  • Үш жүздің бірлігі

  • Әбілхайыр ханның рөлі

  • Жеңістің себептері

  • Әр топ өз тақырыбын талдап, қысқаша тұжырым жасайды.

  1. Дерекпен жұмыс:

  • Аңырақай щайқасы туралы үзінділерді оқу және талдау.

  • Бұл жеңістің қазіргі Қазақстан үшін маңызы қандай? Деген сұраққа жауап беру.



  1. Қорытынды (5 мин)

  • Сабақтың негізі сұрақтары бойынша пікірталас:

  • «Аңырақай щайқасы қазақ тарихында неліктен маңызды орын алды?»

  • Мұғалімні қорытынды сөзі:

  • «Аңырақай шайқасы – бірлік пен ерліктің шайқасы».

  1. Аңырақай шайқасы туралы Эссе жазу

  • « Бұл шайқастан біз қандай сабақ аламыз?»

  • Қосымша: Аңырақай шайқасы туралы деректерді зерттеп, кесте жасау.

Рефлекция ( 3 мин )

  • Сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңіздер?

  • Сабақтың қай бөлігін қызықты деп таптыңыз?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі