400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сабақ жоспары 7 сынып Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға керек. Оқушылардың бойында ақылдылық, парасаттылық, терең ойлай білу және түсінушілік қасиеттерін дамыту. Ақылды адам ерінбейтінін, ешқашанда сүрінбейтінін айтып түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «А. Байтұрсынов атындағы №5 ЖОМ»

Мерзiм: 7. 09.2019ж. Сабақ: №1

Мұғалiм: Абаева Н. Т.

Сынып: 7 «А»

Оқушылар саны: 22

Тақырыбы: Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: білім іздеу, ойдың, сөздің және істің бірлігі, өзіне-өзі адал болу


Мақсаты: Оқушыларға «Ақыл-парасат, ерік-жігер және жүрек ақиқат» туралы түсініктерді ақиқат құндылығы арқылы ұғындыру

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға білім іздеу керектігін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың бойында өзіне-өзі адал болу қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ойы, сөзі және істің бірлігі болуына тәрбиелеу

Ресурстар (құралдар

мәліметтер)

материалдар, дерексөздер, фото суреттер, үнтаспа, маркер, видео

бейне, оқулық, үлестірме қағаздар


Сабақ барысы:

Сабақтағы 5 «Т»-ны сақтау

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады.

Орманға ойша серуен. Мұғалім: Тыныштық сәтінің мәтінін оқиды





2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Өзін-өзі тану пәні нені үйретеді?

2.Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

3. Жақсы қасиеттер іс жүзінде қандай көрініс табады?

4. Өзіңе және өзгеге жасаған ізгі істерің сендерді қандай сезімдерге бөлейді?

5. Өзін-өзі тану пәнінде қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланамыз?

6. Өзін-өзі тану сабағында пайдаланатын қандай құндылықтарды білесіңдер?

7. Жазғы демалыста істеген ізгі істерің туралы айтып беріңдер


Ескерту

3. Дәйексөз.

Ақылды адам ерінбейді,

Білімді адам сүрінбейді.

Ақылды үйренуге құмар,

Ақымақ үйретуге құмар. Халық мақалы

.

Оқушыларға хормен үш рет айтқызу.

Абай Құнанбаев ұлы жазушы, ақын, философ, қазақ халқының әдебиетінің негізін қалаушысы, әрі жаңғыртушысы.

1.Ақылды адам ерінбейді дегенді қалай түсінесің?

2. Білімді адамның бойында қандай қасиеттер басым?

3. Неліктен ақылды үйренуге құмар?

4. Ақымақ неліктен үйретуге құмар болады?

5. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?



4.Оқиғаларды әңгiмелеу (әңгімелесу). Мұғалімнің сыйы

Ата ақылы

Ата, мен сенің жалғыз ұлдан көрген тұңғыш немерең едім.Ұзақ күткеніңнен шығар, мені өте жақсы көрдің. Бірақ, ешқашан есірте еркелетіп, бетіммен жіберген жоқсың. Көбіне қасыңнан тастамайтынсың. Не туралы сөйлессең де, сөз аяғын үнемі сыйластыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, т.б. толып жатқан жақсы қасиеттерге әкеліп тірейтінсің. Әрине, оның бәрін түсіндім, қабылдадым деп айту қиын. Бірақ, жақсылыққа деген ынтызарлық, жамандыққа деген жиіркеніш, адалдыққа, шыншылдыққа ұмтылушылық хылқымыздың кейбір жақсы салт-дәстүрлерін қадірлеушілік сияқты қасиеттер біртіндеп болса да көкірегіме жинала берді.

Ата, жалғыз менімен ғана емес, кез-келген адаммен тіл табысып, ашық-жарқын әңгімелесіп кететінсің. Танысын-танымасын, әйтеуір, кездескен кісілердің бәріне жақсылық жасауға ұмтылатынсың. Бір жанұяның түтіні түзу шықпай, отбасында жанжал өрбісе, болмаса ауыл адамдарының арасында негізсіз кикілжің, қақтығыс етек алса, үнемі сол жерден табылатынсың. Елдің тату-тәттілігі мен отбасы сыйластығы үшін бар күшіңді салатынсың. Сондықтан, жұрттың бәрі сені ардақтайтын, құрметтейтін.

Әсіресе жас балаларды жақсы көретінсің. Қашанда қамқор болып жүретінсің. Әсіресе, жетім-жесір мен тәрбиесі қиын балаларға келгенде көмегіңді аямайтынсың. Бар өмірін ұстаздыққа арнаған өзіңе, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі» деген атақ берілген-ді. Иә, шын мәніндегі нағыз ұстаз едің-ау... Бала, бала деп соққан жүрегің өзгеше болатын.

Ата, өзіңнен әр нәрсені бір сұрай беретінмін. Бәріне де салмақты жауабың дайын. Бар ықыласыңмен түсіндіретінсің.

Тағы да сондай бас қосуда:

– Ата, жақсы деген не? – деймін ғой, баяғы.

– Е, айналайын жақсыны білгісі келетін өзіңнен. Жақсы дегеннің бойында ізгілігі, қайырымдылығы, адалдығы болады.

– Ата, ал жаман деген немене?

– Е – е, жаманның бойында қараулығы, арамдығы, күншілдігі сезіліп тұрады.

– Ата, қашан мен жақсының қатарында боламын?

– Е, айналайыным-ай, үлкейгенде жақсының қасиеттерін игеріп, кездескен қиындыққа көне білсең, бәле-жалаға сабыр етсең, жақсының қатарында болғаным деп есептегін.

Иә, онда бар-жоғы жеті жастағыбалдырған едім ғой. Соданбері қанша жыл өтсе де, осынау сөз жадымнан шыққан емес. Ата, өзің берген тәрбиенің арқасында қанаттанып өстім. Әйтеуір, жаманның қатарында жоқпын деп есептеймін. Ал жақсының қатарын толықтыру мақсатында талмай ізденіп, өзің айтқан сөздерді жадымда сақтап келемін.


  1. Атасының бойындағы басты қасиеттер қандай болған?

  2. Немересінің сұрағына атасының жауабы қалай болды?

  3. Қандай адамды жақсы адам деп білуімізге болады екен?

  4. Ата-әжелерімізден көп нәрсе сұрап білуімізге мүмкіндігіміз мол екенін ұмытпайық.

  5. Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?


5. Шығармашылық іс-әрекеттер,топтық жұмыс.

Оқушыларды түрлі-түсті қағаздар арқылы төрт топқа бөлеміз

Әр топ ақылдылық. Ерік-жігер туралы мақал-мәтелдер айтады.





6.Топпен ән айту.

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.

Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.

Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.











7.Үй тапсырмасы.

1. Дәптердегі берілген тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ №2


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен ойнатылады.

Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтаймыз.







Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Өзін-өзі тану» пәнінің Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандарты. Алматы 2010

2.«Өзін-өзі тану» 7-сынып оқушыларына арналған «Бөбек» Алматы 2010

3.«Өзін-өзі тану» оқулығы 7-сынып «Бөбек» Алматы, 2010 жыл.

4.«Өзін-өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. 7-сынып «Бөбек» Алматы, 2010

5.Аңыз әңгімелер жинағы 27бет

6.«Өзін-өзі тану» оқушыларға арналған дәптері «Бөбек» Алматы 2010

7.Интернет httpS:///yandex. KZ/Search/?text=%D2%9A%DO



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
988
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі