400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. 7 сынып. Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзiм: 2.12.2016 №14 сабақ

Тақырып: Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: мәдениеттілік, жауапкершілік, сыйластық.

Мұғалiм: Куандыкова А.К. Класс: 7 В Оқушылар саны: 20

Кәсіби даму мақсат: Жағдаяттарды талдау арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту

Сабақтың мақсаты: жанымызда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достарды, мұғалімдерді) сыйлауға, құрметтеуге үйрету арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

- адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасы туралы түсініктерін кеңейту;

- жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

- жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)И.Крутой «Мелодия для души» mp3

"Ана-әке" мр3

Презентация

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi (3 мин)

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат (Қосымша 1).

Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгімелесу (5 мин)

Мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасу жүргізеді және өзі қорытындылайды:

1. «Аялау, қадіріне жету, қадірін білу» деген сөздерді қалай түсінесіздер?

2. Айналаңдағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезіп, байқап, бағалайсыздар ма? Қалай?

3. Адамдар сіздерге жиі «Рақмет» айтады ма?

4. Айналадағыларға қалай қуаныш сыйлауға болады?

Әңгімелесу сұрақтары арқылы оқушылар бір-бірімен пікір алмасады және жаңа сабаққа бағыттауға мүмкіндік береді

3. Дәйексөз (2 мин)

Сабақтың дәйексөзі ретінде М.Мақатаевтың қанатты сөзі қолданылады.

Өміріме өзімнің таң қаламын.

Қалмаймын деп қатардан қамданамын

Бүгінімді өткізсем қиындықпен,

Ертеңіме үмітпен қамданамын!

Мұғалім оқушыларға дәйексөздің мағынасын түсіндіреді, туындаған сұрақтарға жауап береді

4. Мұғалімнің сыйы (15 мин)

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың өзіндік пікірін дамыту мақсатында мұғалім оқулықта берілген Р.Акдемирдің «Ана махаббаты» атты мәтінін интонациялық кідірістерді ескере отырып, мұғалім өзі оқып береді.



Талдау сұрақтары:

1. Ана неліктен балаларының көңіл күйін бұзғысы келмеді?

2. Балалары саяхатқа жиналған кезде ана қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?

3. Балалар неліктен саяхаттан бас тартты?

4. Балалардың өз шешімдерін құпия ұстауының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

5. Балалардың орнында сіздер болсаңыздар не істер едіңіздер?

Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтарға оқушылардың жауаптарын толықтырып, мұғалім мәтіндегі негізгі құндылықтарды атап өтеді


5. Топтық жұмыс (10 мин)

Оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету, жақындарына құрмет, жанашырлық сезімдерін, сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында жағдаяттарды шешу ұсынылады.


Топтық, ауызша жүргізілетін тапсырма

6. Топпен ән айту (3 мин)

Топпен "Ана-әке" әнін бейнебаянның көмегімен орындау.


7. Үй тапсырмасы (1 мин)

Оқушы дәптеріндегі 1 тест тапсырмасын және "Аялай біл, сен деп соққан жүректі" тақырыбында шығарма жазыңыздар.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке және дәптерлеріне белгілеп алады

8. Соңғы тыныштық сәтi (1 мин) Соңғы тыныштық сәтінде И.Крутойдың «Музыка для души» бейне баянының көмегімен жүргіземіз.




ӘБ жетекшісі: Куандыкова А.К.

Қосымша 1

Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан еркін отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.













Қосымша 2

1-топ. Жағдаят:

Саят өз ата-анасын басқа балалардың ата-аналарымен көп салыстырады. Кейде Саят өз ата-анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.

- Саяттың іс-әрекеті дұрыс па?

- Саятқа қандай кеңес берер едіңдер?

- Жағдаятты шешу жолын беріңіздер?


2-топ.

Қысқы түн. Үйлердің жарықтары сөнген. Барлығы ұйқыда жатыр. Тек қана мектепте жарық сөнген жоқ. Бұл ұйықтамай отырған біздің мұғалім ғой.

Мен терезе алдында отырмын. Мектептің терезесіндегі жарық сөнгенше күткім келеді. Ұйқы да қысып барады. Ал, мұғалімнің ұйқысы келмей ме екен...?

- Жақындарыңның жақсылығы мен қайырымдылығына қалай жауап беріп жүрсіздер?

- Кейіпкерлердің орнына өздеріңізді қойып көріңіздер, қандай сезімде болдыңыздар?

- Жағдаятты қалай аяқтар едіңіздер?


3-топ.

Қарт атай аулаға алма ағашын отырғызып жатыр. Екі немересі аулада асыр салып ойнап жүр. Атай ағашты отырғызып біткенше маңдайынан шүмектептер ағып, шаршап қалды. Атасы демалуға отырғаны сол еді, үлкен немересі жүгіріп келіп, атасының шаршаңқы жүзіне қарап:

- Ата несіне әуре болдыңыз, сізге оның қажеті қанша, - деді.

- Маған қажет болмағанымен, сендерге қажет, ертең-ақ жемісін жейсіңдер, - деді атасы.

- Жағдаятты аяқтаңыздар.

- Немерелері неге атайға көмек бермеді?

- Балалардың жасы қаншада?


4-топ.

Сыныптағы досыңыздың анасы қатты ауырып қалды, ал сендер болсаңдар қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар.

- Не істер едіңіздер?

- Саяхаттан бас тартасыздар ма?

- Досыңызға қалай көмек ұсынасыздар? Жағдаятты аяқтаңыздар.

Ашық сабақтан көріністер






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі